Залаин® (суппозитории вагинальные)

МНН: Сертаконазол
Производитель: Троммсдорфф ГмбХ и Ко по лицензии фирмы Феррер Интернасионал А.О., Испания
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Сертаконазол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005044
Информация о регистрации в РК: 10.05.2017 - 10.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Залаин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Сертаконазол

Дәрілік түрі

300 мг қынаптық суппозиторийлер

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді зат - 300 мг сертаконазол нитраты

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, қатты жартылай синтетикалық глицеридтер – витепсол H 19, суппоцир NAI 50.

Сипаттамасы

Балауыз тәрізді ақ түсті, иіссіз, сопақша пішінді суппозиторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімді қоспағанда). Имидазол туындылары. Сертаконазол.

АТX коды G01AF19

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қынап ішіне қолданғанда қан плазмасындағы белсенді заттың концентрациясы анықталу шегіне жетпейді. Радиоактивті таңбаланған сертаконазолды қынап ішіне қолданғаннан кейін қан плазмасында радиоактивті зат анықталған жоқ.

Фармакодинамикасы

Сертаконазол имидазол және бензотиофеннің туындысы болып табылады. Гинекологиялық жұқпаларды жергілікті емдеуге арналған зеңге қарсы дәрілік препарат болып табылады.

Candida spp. тектес патогенді зеңдерге қатысты іn vitro кең ауқым иеленген, сондай-ақ грамоң бактерияларға (стафилококтар мен стрептококтар) қатысты бактерияға қарсы белсенділік иеленген.

Сертаконазолдың әсер ету механизмі зеңдік жасушалар жарғақшаларының негізгі компоненті мен жасуша кенересінің басқа компоненті триптофанмен бәсекелес антагонизмінде эргостерол синтезін төмендетуіне қатысты болады. Бұл жасуша жарғақшаларының өткізгіштігін арттыруға және ыдырауына, патогенді микроорганизмдердің құрылымының бұзылуына және жойылуына әкеп соғады.

Қолданылуы

- Candida тектес зеңдер туындатқан қынаптың шырышты қабатының жұқпаларында (кандидоздық вульвовагинит).

Қолдану тәсілі және дозалары

Қынап ішіне қолдануға арналған.

Препаратты бір рет тағайындайды. Препаратты қолданар алдында бейтарап немесе сілтілік сабынды пайдалана отырып, сыртқы жыныс мүшесін алдын ала тазалау керек. Қынаптық суппозиториді ұйықтар алдында шалқасынан жатқан қалыпта, қынапқа тереңдетіп енгізеді. Клиникалық белгілері сақталған жағдайда препаратты 7 күннен кейін қайталап қолдануға болады.

Жыныс ернеуі және оның маңындағы терілерде (кандидоздық вульвит) бір мезгілде жұқпалар болған кезде емдеу үшін сыртқы жыныс мүшелері маңына және тік ішек маңайына крем түріндегі Залаин препаратын қосымша тағайындауға болады. Қажет болған жағдайда зеңдік жұқпалармен астасқан басқа да жұқпаларды емдеуді жүргізу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- өздігінен кететін және препаратты тоқтатуды талап етпейтін аллергиялық реакциялар (қынаптағы ашытып-күйдіру сезімі, қышу)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сертаконазолға, имидазол туындыларына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бір мезгілде мүшеқап немесе диафрагманы қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Залаин суппозиторийін жергілікті спермицидті контрацептивті препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені спермицидті әсерді әлсіретуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Кандидоз диагнозы расталған кезде жұқпаның дамуына және сақталуына ықпал ететін тұрмыстық және гигиеналық факторларды табу және жою ұсынылады. Жыныс мүшелері гигиенасы үшін бейтарап сабынды қолдану, синтетикалық киімнің орнына мақтадан тоқылған іш киімді пайдалану және т.б. ұсынылады.

Препаратты қолданған кезде жыныстық қатынастан бас тарту керек. Бөгеттік контрацепция құралдарының (мүшеқап және қынаптық диафрагма) зақымдану қаупі препаратпен бір мезгілде пайдаланылған кезде арта түседі. Жыныстық қатынас кезінде мүшеқап пайдаланылса, қынаптық суппозиторийді жыныстық қатынастан кейін қолдану ұсынылады.

Урогенитальді жұқпа қайталанбауы үшін жыныстық жұптасын да бір мезгілде емдеу ұсынылады.

Емді етеккір кезінде жүргізуге болады.

Ем жергілікті жақпаушылық немесе аллергиялық реакция пайда болған жағдайда тоқтатылуы керек.

Педиатрияда қолданылуы

Қынаптық суппазиторий Залаин препаратын балаларда қолдану үшін сәйкес көрсетілімдер жоқ.

Жүктілік және лактация

Жүктілік пен лактация кезінде сертаконазолды қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Препараттың қолдану тәсілін (бір рет), сондай-ақ препараттың жүйелі әсерінің жоқтығын ескере отырып, Залаин препараты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде, егер ұрық пен бала үшін ықтимал қауіптен емдеудің ана үшін болжанған пайдасы жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПЭ біріктірілген үлбірінен жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 1 суппозиторийден. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Троммсдорфф ГмбХ және Ко, Германия

Троммсдорфф 2-6 көшесі, D-52477 Альсдорф

тел: +492404/553-01, факс: +492404/553-208

e-mail: trommsdorff@trommsdorff.de

Феррер Интернасионал А.О., фирмасының лицензиясы бойынша, Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41

e-mail: egis@egis.kz

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

758672131477977013_ru.doc 59.5 кб
138426861477978192_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники