Жемчужный кальций

Производитель: Нинбонская фармацевтическая компания Да Чан
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019547
Информация о регистрации в РК: 26.07.2018 - 26.07.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Інжу кальцийі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың ішінде

белсенді зат 300 мг табиғи інжу ұнтағы *,

капсула қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, каррагеенан, титанның қостотығы Е171 ( негізгі ерітінді), натрий лаурилсульфаты, твин 80.

*- 300 мг табиғи інжу ұнтағы құрамында: кальций карбонаты – 0.27 г, микроэлементтер (магний, мыс, мырыш,темір) және аминоқышқылдар (аспарагин, триптофан, серин, глютамин, пролин, глицин, аланин, цистеин, валин, метионин, изолейцин, лейцин, тирозин, фенилаланин, лизин, гистидин, триптофан, аргинин) – 0.03 г.

Сипаттамасы

Цилиндр пішінді, ақ түсті корпусы және қақпақшасы бар қатты капсулалар.

Капсула ішіндегісі – ақ түсті, иіссіз және дәмсіз дерлік майда ұсақталған ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Кальций препараттары.

АТХ коды А12А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальций сіңуі он екі елі ішекте, аш және тоқ ішектерде жүреді. Бұл процесс екі механизмнің қатысуымен жүзеге асады: тамақпен бірге түсетін элементтердің 10% азы қатысуымен сіңірілетін белсенді сіңу және пассивті диффузиялар. Белсенді сіңудің негізгі реттегіші ішек энтероциттеріндегі кальций байланыстыратын ақуыздар биосинтезін көтермелейтін - Д витаминінің метаболиті - кальцитриол болып табылады. Сіңгеннен кейін айналым жүйесіне түскен кальций органдарға және жүйелерге тарайды және бәрінен бұрын сүйек тініне түседі.

Физиологиялық жағдайларда бүйректе қайта сіңуге ұшырамаған және несепке түскен кальцийдің организмнен шығарылуы 140 – 180 мг (тәулігіне 250 – 300 мг қабылдағанда), сондай-ақ ішекке өтпен және панкреатикалық сөлініспен экскрецияланатыны 80 – 100 мг құрайды.

Фармакодинамикасы

Кальций – ағзадағы электролиттердің тепе теңдігін ұстап тұру үшін және реттегіш механизмдер талапқа сай қызмет етуі үшін қажетті өмірлік маңызы бар минералды элемент. Кальций карбонаты сүйек тіндерінің қалыптасуына, тістердің минерализациясына қажет, жүйке өткізгіштігін, бұлшықет жиырылуын реттеуге, жүрек қызметінің тұрақтылығын демеуге қатысады, қан ұю жүйесінің компоненті болып табылады. Кальций (иондалған түрде және кешенді түрде) жасушаларды бөлу мен дифференциациялауда, жүйке импульстарын өткізуде және тегіс және көлденең-жолақты бұлшықеттің жиырылу - босаңсу циклында (тропинмен бірге), іріктелген кальций өзекшелері қатысуымен трансжарғақшалық иондық реакцияларда, нейроселективті органдар қызметінде, бірқатар гормондар және ферменттердің, және басқа да ақуыздардың, сондай-ақ ақуызды емес биологиялық белсенді заттардың өндірілуі мен тиімділіктерінде шешуші рөл атқарады.

Осынша әртүрлі үдерістерге кальцийдің қатысуы оның әртүрлі типтегі жасушаларда биологиялық дабылды жүзеге асырып және оны одан әрі тарататын екінші мессенджерлік (таратқыш) ретіндегі әмбебап қызметімен түсіндіріледі.

Қолданылуы

  • кальцийге деген қажеттіліктің жоғарылауымен қатар жүретін жағдайда: жүктілік кезеңінде және бала емізуде

  • шығу тегі әртүрлі остеопорозда

  • алдында және менопаузадан кейінгі сүйек деминерализациясының алдын алуда

  • ұйқысыздықта, тітіркенгіштікпен, үрейленумен, қорқынышпен, шаршаумен бірге жүретін неврастенияның жеңіл түрлерінде

  • құрысу синдромын кешенді емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Ішке күніне 2 рет 1-2 капсуладан, тамақтану уақытында немесе тамақтан соң. Емнің ұзақтығы емделушінің жағдайына байланысты және 1 айдан 6 айға дейін ауытқиды.

Жағымсыз әсерлері

  • жекелеген жағдайларда аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (қышыну, бөртпе,есекжем)

  • іш қатуы, метеоризм, жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея, диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • гиперкальциемия

  • айқын гиперкальциурия

  • бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

  • несеп-тас ауруы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

  • оларды бір уақытта қабылдағанда кальций тетрациклинді антибиотиктердің, фтор препараттарының, хинолондардың сіңуін азайтуы мүмкін

  • кальцийдің үлкен дозаларын пероральді тағайындағанда дигоксиннің аритмогендік әсерін ұлғайтуы мүмкін

  • тиазидті диуретиктермен бір уақытта қолданғанда тиазидті диуретиктер кальцийдің несеппен экскрециялануын азайтатындықтан

гиперкальциемия дамуы мүмкін

  • фуросемид және басқа да ілмекті диуретиктер кальцийдің бүйрекпен шығарылуын ұлғайтады

  • бисфосфонаттарды бір уақытта қолданғанда бифосфанаттарды ең болмағанда інжу кальцийін қабылдардан 1 сағат бұрын тағайындау керек

  • глюкокортикостероидтер кальций сіңуін азайтады

  • інжу кальцийімен бір уақытта қабылдағанда левотироксин сіңуінің төмендеуіне байланысты левотироксин тиімділігі азаюы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда несептегі және қандағы кальций концентрациясын бақылау керек.

Жүрек гликозидтері және/немесе фуросемидті бір уақытта қабылдайтын емделушілерде кальций концентрациясын және қан сарысуы креатининін бақылау керек.

Гиперкальциемия жағдайында немесе бүйрек қызметі бұзылуы белгілерінде емдеу тоқтатылуы тиіс.

Балаларда қолданылуы

Препаратты балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Капсулалар.

30 капсуладан пластик құтыларға салынған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Да Чан» Нинбон фармацевтикалық компаниясы, ҚХР, Чжецзян провинциясы, Синкоу ауылы, Фэнхуа қаласы, Фентонбэй көшесі, 500

Тіркеу куәлігінің иесі

«Да Чан» Нинбон фармацевтикалық компаниясы, ҚХР, Чжецзян провинциясы, Синкоу ауылы, Фэнхуа қаласы, Фентонбэй көшесі, 500

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Му Линь Сэнь» ЖШҚ, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ-сы, Малдыбаев к-сі 1 / 2, телефон/факс: + 996 (312) 56 50 52, е-mail: mulinsen_kg@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

482696271477976939_ru.doc 53.5 кб
775733471477978092_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники