Дусконал Ретард

МНН: Мебеверин
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mebeverine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023024
Информация о регистрации в РК: 16.06.2022 - 16.06.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Дусконал Ретард

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мебеверин

Дәрілік түрі

Модификацияланып босап шығатын капсулалар, 200 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – мебеверин гидрохлориді пеллеттері 70% 285.71 мг (200 мг мебеверин гидрохлоридіне баламалы),

қосымша заттар: қант түйіршіктері, маннит, этилцеллюлоза, гипромеллоза (HP55), микрокристалды целлюлоза, повидон К30, натрий лаурилсульфаты, цетил спирті,

капсула: желатин, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172)

Сипаттамасы

Өлшемі №0 бұлыңғыр ақ түсті мөлдір емес корпусы және қызыл-қоңыр түсті мөлдір емес қақпағы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті сфера пішінді пеллеттер.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ тарапынан болатын функционалдық бұзылыстарды емдеуге арналған препараттар. Ішек функциясының бұзылуы кезінде қолданылатын препараттар. Синтетикалық холиноблокаторлар – эфирлер, үшіншілікті амин тобымен. Мебеверин.

АТХ коды А03АА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Мебеверин ішке қабылданғаннан кейін және толық дерлік сіңіріледі. Осы дәрілік түр күніне 2 рет қабылдау сызбасын қолдануға мүмкіндік береді.

Таралуы

Қайта қабылдау кезінде мебеверин организмде жинақталмайды.

Метаболизмі

Мебеверин гидрохлориді негізінен эстеразалармен метаболизденеді, олар бірінші кезеңде эфирді вератр қышқылына және мебеверин спиртіне ыдыратады. Қан плазмасындағы негізгі метаболит - деметилденген карбон қышқылы (ДМКҚ). ДМКҚ жартылай шығарылу кезеңі тұрақты концентрацияға жеткен кезде 5,77 сағатты құрайды. Көп реттік қабылдау кезінде 200 мг дозаны күніне екі рет қолданғанда ДМКҚ ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) 804 нг/мл құрайды, ең жоғарғы концентрацияға жету уақыты (tmax) шамамен 3 сағат. Модификацияланып босап шығатын капсулаларды қабылдағанда салыстырмалы биожетімділігі 97% құрайды.

Шығарылуы

Мебеверин организмнен онша шығарылмайды, өйткені толығымен метаболизденеді. Вератр қышқылы бүйрекпен шығарылады. Мебеверин спирті сондай-ақ бүйрекпен, ішінара карбон қышқылы Қ) және деметилденген карбон қышқылы (ДМКҚ) түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Дусконал Ретард асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықетіне тікелей әсер көрсететін миотропты әсері бар спазмолитик болып табылады. Ішектің қалыпты перистальтикасына ықпал етпестен түйілуді басады.

Мебеверин жасушалық жарғақшалардың натрий өзекшелерін бөгейді және Na+ иондарының жасушаға кіруін бұзады, сондай-ақ Ca2+ иондарының баяу өзекшелер арқылы кіруін бөгейді, К+ иондарының жасушадан шығуын шектейді, жасушалық жарғақша үдерістерін тежейді және бұлшықет талшықтарының жиырылуына кедергі жасайды. Антихолинергиялық әсер көрсетпейді.

Қолданылуы

  • тітіркенген жуан ішек синдромымен байланысты абдоминальді ауыруды және түйілуді, ішек бұзылыстарын және жайсыздық сезімін симптоматикалық емдеуде

  • ішкі ағзалардың органикалық ауруларымен негізделген асқазан-ішек жолдарының спазмдық күйлерін емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсулаларды ішке, ас қабылдаудан 20 минут бұрын жеткілікті мөлшердегі сумен ішіп қабылдайды. Шайнамай, тұтасымен жұту керек.

Ересектер

Тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 200 мг (1 капсула).

Қолдану ұзақтығы шектелмеген.

Бір дозасын немесе одан артығын жіберіп алған жағдайда келесі капсуланы тағайындауына сәйкес қабылдау керек, жіберіп алған дозаларды қосымша қабылдау керек.

Егде жастағы пациенттерде, бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ.

Жағымсыз әсерлер

  • бас айналуы (жекелеген жағдайлар),

  • диарея

  • іш қатуы

  • аллергиялық реакциялар (қышыну, есекжем, экзантема, беттің ісінуі, Квинке ісінуі)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеді.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты ана үшін күтілетін пайда шаранаға төнетін қауіптен анық басым жағдайда ғана жүктілік кезінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлік жүргізгенде және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметтің аса қауіпті түрімен айналысқанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: Артық дозалану жағдайында орталық жүйке жүйесі қозуының жоғарылауы байқалуы мүмкін. Дусконал Ретард артық дозалануы туралы хабарламалар кезінде сипатталған симптомдар жоқ немесе жылдам қайтымды. Әдетте жүрек-қантамыр немесе жүйке жүйесі тарапынан болатын симптомдар сипатталады.

Емі: Симптоматикалық ем ұсынылады. Спецификалық антидоты белгісіз.

Асқазан шаю көптеген препараттармен уыттану жағдайында ғана ұсынылады, оны дәрілік заттарды қабылдаған сәттен бастап 1 сағат ішінде диагнозы анықталған. Сіңірілуіне кедергі жасайтын шаралар тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилдихлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Тоңазытқышта сақтауға болмайды. Мұздатып қатыруға болмайды.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», ТҮРКИЯ

(Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул, Түркия)

Тіркеу куәлігінің иесі

«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД», ГРУЗИЯ («WORLD MEDICINE LTD», GEORGIA)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«TROKA-S PHARMA» ЖШС (Қазақстан Республикасы)

Қазақстан Республикасы, Алматы, Сүйінбай даңғылы 222-б 

тел: +7 701 786 33 98 (24-сағат бойы қосулы)pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

дусконал_каз.docx 0.03 кб
Дусконал_рус.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники