Дуофилм
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дуофилм
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 15 мл
Құрамы
1 г препараттың құрамында:
белсенді заттар: салицил қышқылы 167 мг,
сүт қышқылы 167 мг,
қосымша зат – тұтқыр коллодий
Сипаттамасы
Өзіне тән эфир иісі бар, сарғыштан сары түске дейінгі мөлдір тұтқыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Мүйізгекті және сүйелді емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды D11AF
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Салицил қышқылы тері арқылы сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары деңгейі жаққаннан кейін 6-12 сағаттан соң анықталады. Құрамында салицил қышқылы бар басқа да дәрілерді сыртқа қолданғанда салицил қышқылының жүйелік сіңірілуі 9-25% құрайды. Сіңірілу деңгейі жанасу ұзақтығы мен жағу тәсіліне байланысты. Тері арқылы сіңірілуіне қарамастан, шағын шектеулі зақымданған беткейіне жергілікті жағылған төменгі дозасын ескере отырып, жүйелік әсер етуі елеусіз.
Сүт қышқылының тері арқылы сіңірілуін анықтау үшін in vitro радиоактивтік анықтау әдісі пайдаланылды. рН 3 деңгейінде радиоктивтік материал мөлшері мүйізгекті қабат, эпидермис және дерма деңгейінде сәйкесінше 6,3%, 6,6% және 13,9 % анықталған.
Тері арқылы сіңірілу нәтижесінде салицил қышқылы жасушадан тыс кеңістікте таралады, бұл ретте шамамен жартысы ақуыздармен байланысады.
Салицилаттар бауырда микросомальді ферменттермен метаболизденеді. Метаболизденбеген бөлігі өзгермеген күйде несеппен шығарылады. Фармакодинамикасы
Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат, оның әсері құрамына кіретін компоненттерінің қасиеттерімен жүзеге асырылады.
Салицил қышқылы – кератолитикалық дәрі. Терінің мүйізгекті қабатының жасушаішілік цементін еріту жолымен эпителийдің десквамациясы мен ыдырауын туындатады.
Сүт қышқылы жоғары концентрацияларда папиллома вирусымен туындаған гиперкератозды төмендете отырып, кератинизация үдерісіне әсер етеді. Сүйелдердің химиялық құрылымының бұзылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ антисептикалық қасиеттері бар.
Тұтқыр коллоид тұтқыр еріткіш болып табылады, бұл белсенді ингредиенттерді сүйелге абайлап жағуға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ сүйел тінінің гидратациялануына мүмкіндік беретін және оның ыдырауын күшейтетін үлбір түзеді.
Қолданылуы
- сүйелдерді емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Ересектер, егде жастағылар және 2 жастан асқан балалар:
Препаратты терінің зақымданған жеріне ғана жағу керек. Балаларға ересектердің бақылауымен қолданылуы тиіс.
Препаратты сүйелдерге және мүйізгектерге күніне бір рет, дұрысы түнде жағу қажет. Жағу тәсілі:
-
Сүйелі бар тері бөлігін жылы суда 5 минут бойы ұстап, таза сүлгімен мұқият құрғату қажет.
-
Сүйелдің беткейін тырнақ егегішпен, пемзамен немесе қатты жөкемен үстін қанатпай егеу керек.
-
Препаратты жұқа қабаттап сүйелге жағу керек. Ерітіндіні айналасындағы сау теріге тигізбей, өте абайлап жағу қажет.
-
Препарат кепкенше теріде қалады. Егер зақымданған аймағы үлкен немесе табанда болса, онда кепкеннен кейін әсер етуші заттың сіңуін жақсарту үшін бұласыр салу қажет.
Сүйелдерді емдеуді 12 апта бойы немесе сүйел толық кеткенше және терінің қалыпты шектері қалыпқа келгенге дейін жалғастыру керек.
Сүйелдерде клиникалық маңызды жазылуы, әдетте, 1-2 апта ішінде басталады, бірақ ең жоғары әсерін 4-8 аптадан кейін күтуге болады.
Егер сүйелдер 12 аптадан артық емдегеннен кейін де сақталатын болса, онда дәрігерге немесе фармацевтке қаралу керек.
Егер сүйелдер терінің ауқымды беткейін жауып жатса (5 см2 астам), онда емдеудің баламалы тәсілдерін қарастырған жөн.
Тері тітіркенуі туындағанда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Ерітіндінің тұтанғыштығы жоғары болуына байланысты пациенттер препаратты жағу кезінде немесе жаққаннан кейін шылым шегуіне немесе ашық отқа жақындауына болмайды.
2 жасқа дейінгі балаларды емдеу ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Клиникалық зерттеулер барысында алынған деректер
Өте жиі (≥1/10)
- жаққан орындағы реакциялар, қышыну, күйдіру сезімі, қызару, қабыршықтану, құрғау
Жиі (≥1/100 <1/10 дейін)
- бөртпе
- тері гипертрофиясы
Маркетингтен кейінгі деректер
Сирек (≥1/10000 <1/1000)
- қабыну реакцияларын қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары
- жаққан орынның ауыруы және тітіркенуі
- тері түсінің өзгеруі (түссізденуі)
- сау теріге тиген жағдайда қабыршықтануы және сулы бөртпенің пайда болуы
- аллергиялық дерматит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- салицил қышқылына, сүт қышқылына немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
- ашық жаралар, тітіркенген немесе қызарған тері, терінің кез келген жұқпа жұқтырған зақымдануы.
- препаратты қалға, талшықты сүйелдерге, беттегі, жыныс мүшелері және артқы өтіс аймағындағы сүйелдерге, көз, мұрын, ауыздың шырышты қабығындағы сүйелдерге, сондай-ақ терінің қызыл шегіне немесе әдеттегіден тыс түсті теріге жағуға болмайды.
- 2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Салицил қышқылы және сүт қышқылы жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік заттардың сіңуін арттыруы мүмкін болғандықтан, Дуофилмді және жергілікті қолдануға арналған басқа да препаратты бір мезгілде қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Препарат көздің тітіркенуін туындатуы мүмкін. Препараттың көзбен және басқа да шырышты қабықтармен жанасуын болдырмау керек. Көзге немесе шырышты қабыққа тигізіп алған жағдайда, дереу мол мөлшердегі сумен 15 минут бойы жуып-шаю керек.
Сау теріге тигізіп алмау керек. Препарат терінің тітіркенуін туындатуы мүмкін. Тітіркену туындаған жағдайда емдеуді тоқтатып, дәрігерге немесе фармацевтке қаралу керек.
Егер сүйелдер дененің үлкен аумағын (5 см2 астам) жауып жатса, емдеудің баламалы тәсілдерін қарастырған жөн, өйткені бұл жағдайда препаратты қолдану салицилаттармен уланудың ықтимал қаупімен байланысты болуы мүмкін.
Қант диабеті, қан айналым жүйесінің аурулары немесе шеткергі нейропатиясы бар пациенттерге препаратты дәрігердің кеңесінсіз қолдану ұсынылмайды.
Салицилаттарды вирустық аурулар кезінде және одан кейін бірден ішке қабылдау және Рей синдромы туындауы арасында өзара байланыс анықталған. Жергілікті қолдануға арналған салицилаттарға қатысты мұндай қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Осыған байланысты желшешек, тұмау және т.б. сияқты вирустық инфекциялар кезінде немесе өткергеннен кейін бірден бұл препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Пациенттерге препараттың буын деммен ішке тартуға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Салицилаттар емшек сүтімен бөлінеді. Лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Дуофилмді емшекпен қоректендіру уақытында пайдаланған жағдайда ана терісінің өңделген беткейімен жанасу жолымен препаратты нәрестенің кездейсоқ қабылдауынан аулақ болған жөн. Лактация кезеңінде сүт бездері мен қол білезіктерінде орналасқан түзілімдерді алып тастауға ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: кездейсоқ жұтып қойған, сондай-ақ артық мөлшерде немесе ұзақ уақыт бойы қолданған жағдайда салицилаттармен улану симптомдары (салицилизм) - шөлдеу, құлақтың шуылдауы немесе естудің нашарлауы, жүрек айнуы, шаршау сезімі, тыныстың жиілеуі, бас айналуы, аяқ пен қолдың ысынуы, психикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты қолданудың ұсынылған ұзақтығы мен жиілігін ұстану аса маңызды.
Емі: препарат қолдануды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралған жөн. Кездейсоқ жұтып қойған жағдайда – емі симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 мл препараттан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ұстағыштағы қара түсті нейлон жаққыш-аппликатор бекітілген полипропиленнен жасалған пластик қақпағы бар янтарь түсті шыны құтыларға салынған.
1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2,5 жыл
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
«Стифель Лабораториз (Ирландия) Лтд., Ирландия
Финисклин Бизнесс Парк, Слайго, Ирландия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Стифель Лабораториз (Ирландия) Лтд., Ирландия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд» ӨК
Алматы қ., Фурманов к-сі, 273. тел. +7 727 258 28 92, 727 244 69 99, факс +7 727 259 09 96 (ішкі тел. 151). kz.safety@gsk.com