Дуба кора
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Емен қабығы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
50 г, 100 г қабық
Құрамы
1 қорапшаның ішінде
белсенді зат – 50 г, 100 г емен қабығы
Сипаттамасы
Тесігінің диаметрі 8 мм елек арқылы өтетін, пішіні әртүрлі қабық кесектері. Түсі ақшыл-қоңыр, ақшыл-сұр, күміс немесе сарғыш-қоңыр. Қабықты сумен дымқылдағанда күшейе түсетін өзіне тән, әлсіз иісі бар. Дәмі өте тұтқыр.
Фармакотерапиялық тобы
Ауыз қуысының ауруларында жергілікті қолдануға арналған өзге препараттар.
АТХ коды А01АD11
Фармакологиялық қасиеттері
Еменнің қабығында катехинді таниндер, бос галл және эллаг қышқылдары, галлотаниндер, кверцетин, флобафен, шайыр және пектин заттары, қант, ақуыздар, эфир майы, шырыш, крахмал, минералдық заттар бар. Препараттың тұтқырлағыш, қабынуға қарсы, іріңдеуге қарсы қасиеттері бар.
Қолданылуы
Тұтқырлайтын және қабынуға қарсы дәрі ретінде:
ауыз қуысының, аңқаның, жұтқыншақтың шырышты қабығының ауруларында – стоматит, гингивит, тонзиллит, фарингит