Драстоп

МНН: Хондроитина сульфат натрия
Производитель: Мефар Илач Санайии А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chondroitin sulfate
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023079
Информация о регистрации в РК: 30.05.2022 - 30.05.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Драстоп

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хондроитин сульфаты

Дәрілік түрі, дозалануы

Инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/ мл, 2 мл

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы стероидты емес препараттар. Басқа қабынуға қарсы стероидты емес және және ревматизмге қарсы препараттар. Хондроитин сульфаты.

ATХ коды M01AX25

Қолданылуы

- талапқа сай диагностикада тізе, жамбас остеоартриті, омыртқа бағанасының остеохондрозы кезінде әсердің біртіндеп дамуы арқылы симптомдарды жеңілдету (жеңілден орташа ауыруға дейін)

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • қан кетуге бейімділік

  • тромбофлебиттер

  • жүктілік және бала емізу кезеңі (емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек)

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

Сақтықпен: қан ұюы бұзылғанда, қант диабетінде, дене салмағы жоғары адамдарда, тұз мөлшері төмен диета ұстанатын пациенттерде, бүйрек функциясы бұзылғанда, жүктілікті жоспарлаған әйелдерде.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Аллергиялық реакциялар немесе қан кетулер болған жағдайда емдеуді тоқтату керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен үйлестіре қолданғанда Драстоп қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер дозасын төмендетуге мүмкіндік береді. Препарат тікелей емес антикоагулянттардың, антиагреганттардың, фибринолитиктердің әсерін күшейтеді, бұл бірге қолданған кезде қан ұю көрсеткіштерін барынша жиі бақылауды қажет етеді.

Арнайы сақтандырулар

Тұрақты клиникалық әсерге жету үшін Драстоп дәрілік затының кем дегенде 25 инъекциясы қажет, алайда әсері емдеу курсы аяқталғаннан кейін көптеген айлар бойы ұзақ уақыт сақталады.

Препарат құрамында бензил спирті бар, ол емшек еметін және 3 жасқа дейінгі балаларда улану және жалған анафилаксиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларда қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезінде қабылдауға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Драстоп препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен егде жастағы пациенттер

Препаратты бұлшықет ішіне 1 мл-ден (100 мг хондроитин натрий сульфаты) күнара тағайындайды. Жағымдылығы жақсы болғанда төртінші инъекциядан бастап дозаны 2 мл-ге дейін (200 мг хондроитин натрий сульфаты) арттырады.

Емдеу курсы 25-30 инъекцияны құрайды. Қажет болғанда емдеу курсын 6 айдан кейін қайталап жүргізуге болады.

Қолдану тәсілі

Драстоп препараты бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Вена ішіне енгізуге болмайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар

Препарат айтарлықтай артық дозалану кезінде де уыттылықты көрсетпейді.

Симптомдары: аллергиялық реакциялар, инъекция орнында геморрагиялар.

Кездейсоқ жедел артық дозаланғанда - симптоматикалық ем. Барлық іс-шаралар Драстоп препаратын тоқтату аясында өткізіледі.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу

ДП стандартты қолдану кезінде көрінетін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Сирек

  • жүрек айну

  • құсу

Өте сирек

  • ангионевроздық ісіну

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)

  • эритема

  • есекжем

  • экзема

  • қышынумен және/немесе ісінумен қатар жүретін немесе жүрмейтін макулопапулезді бөртпе

  • инъекция орнындағы геморрагиялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ

http://www.ndda.kz

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 222 б

Ұялы тел +7 701 786 33 98 (24 сағаттық қол жетімділік).

е-mail: pvpharma@worldmedicine.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір ампуланың iшiнде

белсенді зат - хондроитин натрий сульфаты 200 мг,

қосымша заттар: бензил спирті, натрий гидроксиді 1% ерітіндісі немесе 0.1 М хлорсутек қышқылы ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрін, иісін, дәмін сипаттау

Мөлдір аздап сарғыштау ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл-ден түссіз шыны ампулаға құйылады.

5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Мефар Илач Санайии А.Ш.»

Рамазаноглу Мах. Энсар Джад. № 20, 34906 Курткёй-Пэндик/Стамбул, Түркия

тел.: +90 (212) 474 70 50

факс: +90 (212) 474 09 01

электронды пошта: info@drsertus.com.tr

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД.»

Бербути к-сі, 10/ Алмасиани к-сі, 19-21, 26 кеңсе (корп.II), Тбилиси қ., Грузия

Тел: + 995 32 2 21 28 12

факс: + 995 32 2 21 28 13,

электронды пошта: worldmedicine.llc.geo@gmail.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«РИН Фарм» ЖШС, ҚР, Алматы қ., Сүйінбай даңғ. 222 Б

Тел/факс: 8(7272)529090

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, ҚР, Алматы қ., Сүйінбай даңғ. 222-б

Ұялы тел +7 701 786 33 98.

е-mail: pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

Драстоп_каз.docx 0.04 кб
Драстоп_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники