Доцетаксел-Келун-Казфарм (120 мг/6 мл)

МНН: Доцетаксел
Производитель: Kelun-Kazpharm (Келун-Казфарм) ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Docetaxel
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022895
Информация о регистрации в РК: 05.04.2017 - 05.04.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Доцетаксел-Келун-Казфарм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Доцетаксел

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 120 мг/6 мл, 160 мг/8 мл концентрат

Құрамы

1 мл концентраттың ішінде:

белсенді зат:

сусыз доцетаксел

20.0 мг

қосымша заттар:

сусыз лимон қышқылы

сусыз этанол

полисорбат 80

5.0 мг

395.0 мг

540.0 мг

Сипаттамасы

Түссіз немесе бозғылт-сары түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Өсімдік тектес алкалоидтар. Таксандар. Доцетаксел.

АТХ коды L01CD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Доцетакселдің кинетикалық бейіні дозаға байланысты емес және жартылай шығарылу кезеңі, сәйкесінше, 4 мин., 36 мин. және 11,1 сағатқа тең α, β және γ фазаларындағы үш камералы фармакокинетикалық үлгіге сәйкес келеді. Соңғы фазасы, бір жағынан, доцетакселдің шеткері камерадан біршама баяу шығарылуымен жүзеге асады.

Таралуы

100 мг/м2 дозаны бір сағаттық инфузиямен енгізгеннен кейін плазмада, 4,6 сағ.мкг/мл-ге тең қисық астындағы сәйкес келетін ауданмен (АUС), 3,7 мкг/мл-ге тең орташа шыңдық концентрацияға жетті. Қанығу сатысындағы жалпы клиренстің және таралу көлемінің орташа көрсеткіштері, сәйкесінше, 21 л/сағ./м2 және 113 л болды. Жалпы клиренс көрсеткішінде жекелей аралық ауытқушылық 50%-ға жуықты құрады. Доцетакселдің 95%-дан астамы плазмалық ақуыздармен байланысқа түседі.

Шығарылуы

Р450 цитохромы арқылы терт-бутил-эфир тобының тотығуынан кейін доцетаксел 7 күн ішінде несеппен және нәжіс массаларымен бірге шығарылды, олардан енгізілген радиоактивтіліктің (14С-доцетаксел), сәйкесінше, 6%-ы және 75%-ы табылды. Нәжіс массаларынан табылған радиоактивтіліктің 80%-ы алғашқы 48 сағат ішінде белсенді емес негізгі бір метаболит және қосымша 3 метаболит түрінде, сондай-ақ өзгеріске ұшырамаған дәрілік заттың аз мөлшері түрінде бөлініп шықты.

Ерекше қауым

Жасы мен жынысы

Доцетакселдің фармакокинетикасы пациенттің жасына және жынысына байланысты емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылуын (қалыптың жоғарғы шегі ≥ 2,5 болатын сілтілік фосфатаза деңгейі кезінде АЛТ, АСТ қалыптың жоғарғы шегі ≥ 1,5) көрсететін клиникалық зертханалық талдау көрсеткіштерімен пациенттердің аздаған санында жалпы клиренсі орта есеппен 27%-ға төмендеді («Қолдану тәсілі және дозаларын» қараңыз).

Сұйықтық іркілісі

Доцетакселдің клиренсі ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі сұйықтық іркілісінде өзгерген жоқ, сұйықтық іркілісінің ауыр түрі бар науқастар жөнінде деректер жоқ.

Біріктірілген ем

Доксорубицин Доксорубицинмен біріктіріп тағайындағанда доцетаксел оның клиренсіне және доксорубицинолдың (доксорубициннің метаболиті) плазмалық деңгейіне ықпалын тигізбейді. Доцетакселдің, доксорубициннің және циклофосфамидтің фармакокинетикалық параметрлері оларды бір мезгілде тағайындаған кезде өзгерген жоқ.

Капецитабин

Капецитабин доцетакселдің фармакокинетикасына (Сmах және АUС) әсер еткен жоқ және доцетаксел капецитабиннің маңызды метаболиті 5`-ДФУР (5`-DFUR) фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.

Цисплатин

Цисплатинмен біріктірілімде қолданғанда доцетакселдің клиренсі монотерапияда байқалған клиренске ұқсас болды. Доцетаксел инфузиясынан кейін көп ұзамай енгізілген цисплатиннің фармакокинетикалық бейіні цисплатинмен монотерапияда байқалған бейінге ұқсас болды.

Цисплатин және 5-фторурацил

Ауқымды ісіктері бар науқастарға доцетакселді, цисплатинді және 5-фторурацилді біріктіріп тағайындау осы дәрілік заттардың бірде-біреуінің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Преднизон және дексаметазон

Преднизонның дексаметазонмен стандартты премедикациясымен бірге тағайындалған доцетакселдің фармакокинетикасына әсері зерттелген.

Преднизон

Преднизонның доцетаксел фармакокинетикасына әсері анықталмады.

Фармакодинамикасы

Доцетаксел-Келун-Казфарм тубулиннің тұрақты микротүтікшелерге бірігуіне ықпал ететін ісікке қарсы препарат болып табылады, және олардың ажырауына кедергі жасайды, ол бос тубулин мөлшерінің айқын төмендеуіне әкеледі. Доцетакселдің микротүтікшелерге бірігуі протофиламенттер мөлшерін өзгертпейді. Препарат жасушаларда олардың өмірлік маңызды функциялары: митоз және интерфаза үшін таптырмайтын микротүтікшелік тізбекті үзеді.

Фармакодинамикалық әсері

Доцетаксел ісік жасушаларының әртүрлі желілеріне қатысты, ал клоногенділік тестілерінде адамдағы ісіктің жаңа белсенділенген жасушаларына қатысты цитоуытты. Доцетаксел үшін ішінде ұзақ уақыт болатын жасушаішілік жоғары концентрацияларға қол жеткізу тән. Бұдан басқа, доцетакселдің, дәрілік полирезистенттілік генімен реттелетін шамадан тыс дәрежеде Р-глюкопротеинді экспрессиялайтын жасушалардың жекелеген (бәрінің емес) желілеріне қатысты белсенділік танытатыны анықталды. Доцетаксел in vivo тәуелсіз болып табылады және адамдағы және тышқандардағы өршіген тәжірибелік егілген ісіктерге қарсы кең ауқымда белсенділігі білінеді.

Қолданылуы

- сүт безінің обыры

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктірілімі лимфа түйіндерінің зақымдануымен немесе зақымдануынсыз сүт безінің операция жасауға болатын обыры бар науқастарды адъювантты түрде емдеуге арналған.

Лимфалық түйіндері зақымданбаған, сүт безінің операция жасауға болатын обыры бар пациенттерде адъювантты емді, сүт безі обырының ерте сатысындағы алғашқы емнің анықталған халықаралық критерийлеріне сай, химиотерапия қабылдауға болатын пациенттерге ғана жүргізген жөн.

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының доксорубицинмен біріктірілімі сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар, бұрын осы жағдайға байланысты цитоуыттық ем қабылдамаған науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел-Келун-Казфарм тиімді болмаған цитоуытты емнен кейін сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды монотерапия түрінде емдеуге арналған. Бұның алдындағы химиотерапия антрациклинді немесе алкилдеуші препаратты қамтуы тиіс.

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының трастузумабпен біріктірілімі, бұрын метастазға байланысты химиотерапия қабылдамаған, НЕR-2 экспрессиясы шамадан тыс, сүт безінің метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының капецитабинмен біріктірілімі, цитоуыттық ем тиімсіз болғаннан кейін, сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған. Бұның алдындағы химиотерапия антрациклинді қамтуы тиіс.

  • өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Доцетаксел-Келун-Казфарм бұның алдында тиімсіз болған химиотерапиядан кейін өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының цисплатинмен біріктірілімі өкпенің операция жасауға болмайтын, жергілікті таралған немесе өкпенің ұсақ жасушалы емес метастаздық обыры бар, бұрын осы жағдайға байланысты химиотерапия жүргізілмеген науқастарды емдеуге арналған.

- қуықасты безінің обыры

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының преднизонмен немесе преднизолономен біріктірілімі қуықасты безінің гормон резистентті метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

- асқазан аденокарциномасы

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі асқазанның метастаздық карциномасы, соның ішінде гастро-эзофагеальді бөлігінің аденокарциномасы бар, метастазға байланысты химиотерапия қабылдамаған науқастарды емдеуге арналған.

- бас пен мойын обыры

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі бас пен мойынның жергілікті таралған жалпақ жасушалы обыры бар науқастардың бастапқы еміне арналған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратын пайдалану пациенттерді цитоуытты химиялық емдеумен маманданған, кәсіби білікті дәрігердің бақылауымен ғана мамандандырылған бөлімдерде жүргізілуі тиіс.

Ұсынылатын дозасы

Сүт безінің обырында, өкпенің ұсақ жасушалы обырында, асқазанның обырында, бас пен мойынның обырында премедикация 3 күн бойы күніне 16 мг (күніне 2 рет 8 мг-ден) доза дексаметазон сияқты пероральді кортикостероидты препаратты тағайындау болып табылады. Егер қарсы көрсетілімдері болмаса, премедикацияға доцетаксел енгізуден бір күн бұрын кіріседі. Профилактикалық мақсатта гематологиялық уыттылықтың даму қаупін ең төменге жеткізу үшін гранулоцитарлы колониястимуляциялайтын факторды (Г-КСФ) қолдануға болады.

Қуықасты безінің обырында, преднизонның немесе преднизолонның бір мезгілде қолданылатынын ескерсек, премедикацияның ұсынылатын режимі Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының инфузиясынан 12 сағат, 3 сағат және 1 сағат бұрын 8 мг пероральді дексаметазонан тұрады.

Доцетаксел препаратын әрбір 3 апта сайын бір сағаттық инфузиямен енгізеді.

Сүт безінің обыры

Зақымданған және зақымданбаған лимфа түйіндері бар сүт безінің операция жасауға болатын обырын адъювантты түрде емдеу үшін Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды, 6 цикл бойы әрбір 3 апта сайын (ТАС режимі) 50 мг/м2 доксорубицин мен 500 мг/м2 циклофосфамидтен кейін бір сағаттан соң енгізіледі (сондай-ақ «Емдеу кезінде дозаны түзетуді» қараңыз).

Сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеу үшін Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының монотерапия ретінде ұсынылатын дозасы 100 мг/м2 құрайды. Бірінші желілі емді жүргізуде 75 мг/м2 Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратын доксорубицинмен (50 мг/м2) біріктіріп енгізеді.

Трастузумабпен біріктірілімінде Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын 100 мг/м2 құрайды, мұндайда трастузумаб апта сайын енгізіледі. Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының алғашқы инфузиясы трастузумабтың алғашқы дозасынан кейін келесі күні тағайындалады. Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының кейінгі дозалары, егер бұның алдындағы жағымдылығы жақсы болса, трастузумаб инфузиясын аяқтау бойына енгізеді. Трастузумаб дозасын және енгізу тәсілдерін трастузумабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Капецитабинмен біріктірілімінде Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын 75 мг/м2 құрайды. Біріктірілген емде капецитабин дозасы 1250 мг/м2 (тамақтанудан кейін 30 минут ішінде) күніне екі рет 2 апта бойы, ары қарай апталық үзіліспен. Дене бетінің ауданын ескере отырып, капецитабин дозасын есептеуді капецитабинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Бұрын химиотерапия қабылдамаған, өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры бар науқастарды емдеу үшін Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының ұсынылатын дозалау режимі 75 мг/м2 құрайды. Доцетаксел-Келун-Казфарм енгізуден кейін дереу 30-60 минут ішінде 75 мг/м2 цисплатинді қабылдау керек. Бұған дейінгі платина негізді химиотерапия тиімді болмаған пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде ұсынылатын Доцетаксел-Келун-Казфарм дозасы 75 мг/м2 құрайды.

Қуықасты безінің обыры

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. Преднизон немесе преднизолон пероральді түрде, күніне 2 рет, үздіксіз 5 мг-ден тағайындалады.

Асқазанның аденокарциномасы

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының ұсынылатын дозасы бір сағаттық инфузиямен жасалатын 75 мг/м2, ары қарай 1-3 сағаттық инфузиямен 75 мг/м2 цисплатинді (екі инфузия да тек бірінші күні), содан кейін цисплатинді инфузия аяқталған сәттен бастап, 5 күн бойына үздіксіз 24 сағаттық инфузиямен тәулігіне 750 мг/м2 5-фторурацилді құрайды. Емдеу курсын әрбір 3 апта сайын қайталайды. Цисплатинді енгізумен байланысты антиэметикалық дәрілермен премедикация және тиісінше гидратация жүргізу қажет. Профилактикалық мақсаттарда гематологиялық уыттылықтың дамуын төмендету үшін Г-КСФ қолданған жөн («Емдеу кезінде дозаны түзетуді» де қараңыз).

Бас пен мойын обыры

Антиэметикалық препараттармен премедикация және тиісті гидратация (цисплатинді енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін) жүргізген жөн. Профилактикалық Г-КСФ емді гематологиялық уыттылық қаупін азайту үшін пайдалануға болады. Клиникалық зерттеулерде Доцетаксел-Келун-Казфарм қабылдаған барлық науқастарға антибиотиктермен профилактикалық ем жүргізілген.

  • Бастапқы химиотерапиядан кейін ары қарай сәулемен емдеу:

Операция жасауға болмайтын, жергілікті таралған бас пен мойынның жалпақ жасушалы обырының (БМЖЖО) бастапқы емі үшін Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының ұсынылатын дозасы бір сағаттық инфузиямен 75 мг/м2 құрайды, одан кейін бірінші күні 1 сағат бойы 75 мг/м2 цисплатинді енгізеді, ары қарай үздіксіз инфузиямен 5 күн бойы күніне 750 мг/м2 дозада 5-фторурацил енгізеді. Бұл сызбаны 4 цикл бойы әрбір 3 апта сайын қайталайды. Химиотерапиядан кейін сәулемен емдеу жүргізген жөн.

  • Бастапқы химиотерапиядан кейін ары қарай химия-сәулемен емдеу:

Жергілікті таралған (техникалық тұрғыдан операция жасауға болмайтын, хирургиялық емдеу және ағзаны сақтауға ниеттену мүмкіндігі аз) бас пен мойынның жалпақ жасушалы обырының (БМЖЖО) бастапқы емі үшін Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының ұсынылатын дозасы бірінші күні бір сағаттық инфузиямен 75 мг/м2 құрайды, содан кейін 30 минуттан 3 сағатқа дейін 100 мг/м2 цисплатин енгізеді, ары қарай бірінші күннен бастап төрт күн бойы күніне 1000 мг/м2 дозада 5-фторурацил енгізеді. Бұл сызбаны 3 цикл бойы әрбір 3 апта сайын қайталайды. Химиотерапиядан кейін науқастар химия-сәулемен ем алуы тиіс.

Цисплатин және 5-фторурацил дозаларын өзгертуді препараттарды медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтарынан қараңыз.

Емдеу кезінде дозаны түзету:

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратын нейтрофилдер саны ≥ 1.500 жасуша/мм3 болған кезде қолдану керек.

Доцетакселмен емдеу кезінде ауыр немесе жинақталған тері реакцияларымен немесе ауыр шеткері невропатиямен бірге 1 аптадан астам бойы нейтрофилдер саны < 500 жасуша/мм3 болатын фебрильді нейтропениясы болған науқастарда, Доцетаксел дозасын 100 мг/м2-ден 75 мг/м2-ге және/немесе 75 мг/м2-ден бастап 60 мг/ м2-ге дейін төмендету керек. Егер пациент 60 мг/м2 дозада жоғарыда аталған реакцияларды сезінсе, емдеуді тоқтатқан жөн.

Сүт безі обырының адъювантты емі

Сүт безінің обырына байланысты доцетакселмен, доксорубицинмен және циклофосфамидпен (ТАC) адъювантты ем қабылдаған пациенттерде Г-КСФ көмегімен алғашқы профилактика жүргізу қажеттігі қарастырылады. Фебрильді нетропениясы және/немесе нейтропениялық инфекциясы бар науқастар үшін Доцетаксел Келун-Казфарм дозасын барлық кейінгі циклдерде 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн.

3 немесе 4 дәрежедегі стоматит жағдайында дозаны 60 мг/м2-ге дейін төмендету керек.

Цисплатинмен біріктірілімі

Бастапқыда Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының 75 мг/м2 цисплатинмен біріктірілімін және бұған дейінгі емдеу курсы кезінде тромбоциттер саны 25.000 жасуша/мм3-ден болған пациенттер үшін, сондай-ақ фебрильді нейтропениясы бар немесе гематологиялық емес ауыр уыттылық орын алған науқастар үшін кейінгі циклдерде доцетаксел дозасын 65 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Цисплатин дозасын түзетуді препаратты медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтан қараңыз.

Капецитабинмен біріктірілімі

  • капецитабин дозасын өзгертуді капецитабинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

  • Капецитабин және Доцетаксел-Келун-Казфарм біріктірілімімен келесі емдеу циклы сәтіне дейін созылатын 2 дәрежедегі уыттылықтың алғашқы белгілерінде, емдеуді уыттылық 0-1 дәрежеге дейін төмендегенше тоқтата тұрған жөн. Емдеуді бастапқы дозаны 100% қолдана отырып қайта жаңғырту керек.

  • емдік циклдің кез келген кезеңінде 2 дәрежедегі уыттылық қайталап дамығанда немесе 3 дәрежедегі уыттылық алғаш пайда болғанда, емдеуді уыттылық 0-1 дәрежеге дейін төмендегенше тоқтата тұрған жөн. Доцетакселмен 55 мг/м2 дозада емдеуді қайта жаңғыртады

  • кез келген кейінгі уыттылық көріністерінде немесе 4 дәрежедегі уыттылықта Доцетаксел-Келун-Казфарм тоқтатқан жөн.

Трастузумаб дозасын өзгертуді препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі

Егер Г-КСФ қолдануға қарамастан, фебрильді нейтропения көрінісі, іркілген нейтропения немесе нейтропениямен байланысты инфекциялар орын алса, Доцетаксел-Келун-Казфарм дозасын 75 мг/м2-ден бастап 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Егер асқынған нейтропения көріністері жалғасса, Доцетаксел-Келун-Казфарм дозасын 60-тан 45 мг/м2-ге дейін төмендету керек. 4 дәрежедегі тромбоцитопения жағдайында Доцетаксел-Келун-Казфарм дозасын 75-тен 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратымен емдеудің келесі циклдерін нейтрофилдер саны > 1.500 жасуша/мм3 деңгейіне дейінгі қалпына келгеннен кейін, ал тромбоциттер саны > 100.000 жасуша/мм3 деңгейіне дейінгі қалпына келгеннен кейін ғана жалғастыру керек. Гематологиялық уыттылықтың осы симптомдары сақталса емдеуді тоқтатқан жөн.

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратын цисплатинмен және 5-фторурацилмен (5-ФУ) қабылдап жүрген науқастардағы уыттылық білінуі жағдайында ұсынылатын дозалардың өзгерістері:

Уыттылығы

Дозаны түзету

3 дәрежедегі диарея

Бірінші көрініс: 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: доцетакселдің дозасын 20%-ға төмендету керек.

4 дәрежедегі диарея

Бірінші көрініс: доцетаксел және 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: емдеуді тоқтату керек.

3 дәрежедегі стоматит (мукозит)

Бірінші көрініс: 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: кейінгі барлық циклдерден тек 5-ФУ-ді алып тастау керек.

Үшінші көрініс: доцетаксел дозасын 20%-ға төмендету керек.

4 дәрежедегі стоматит (мукозит)

Бірінші көрініс: кейінгі барлық циклдерден тек 5-ФУ-ді алып тастау керек.

Екінші көрініс: доцетаксел дозасын 20%-ға төмендету керек.

Цисплатиннің және 5-фторурацилдің дозаларын түзетуді препараттардың медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтарынан қараңыз.

БМЖЖО және асқынған нейтропениясы (ұзаққа созылған нейтропенияны, фебрильді нейтропенияны немесе инфекцияны қоса) бар науқастарға келесі циклдерде профилактикалық қорғануды қамтамасыз ету үшін (мысалы, 6-15 күндері) Г-КСФ қолдану ұсынылады.

Ерекше популяциялар:

Бауыр функциясы бұзылған науқастар

100 мг/м2 доцетаксел монотерапиясы кезінде алынған фармакокинетикалық деректер негізінде, трансаминаза [АСТ және/немесе АЛТ] белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 1,5 еседен астамға және сілтілік фосфатаза ҚЖШ-ден 2,5 еседен астамға артқан пациенттер үшін доцетакселдің ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. Билирубиннің сарысудағы деңгейі ҚЖШ-ден жоғары деңгейінде және/немесе АСТ мен АЛТ деңгейі ҚЖШ-ден ден 3,5 еседен астамға жоғары болғанда, сілтілік фосфатазаның ҚЖШ-ден 6 еседен астам болатын деңгейімен біріктіргенде дозаны төмендету ұсынылмайды – қатаң көрсетілімдері жоқ болған жағдайда доцетакселді қолданбаған жөн.

Асқазан карциномасын емдеу үшін цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілген жағдайда, АЛТ және/немесе АСТ ҚЖШ > 1,5 есе асатын, ҚЖШ > 2,5 еседен астам сілтілік фосфатаза деңгейімен және ҚЖШ >1есе жоғары билирубин деңгейімен біріктірілген науқастар үшін дозаны төмендету ұсынылмайды, Доцетаксел-Келун-Казфарм қатаң көрсетілімдері болса ғана қолдану керек. Доцетаксел біріктірілімімен басқа көрсетілім бойынша емделген, бауыр функциясы бұзылған науқастарды емдеу жөнінде деректер жоқ.

Педиатриялық популяция

1 айлықтан < 18 жасқа дейінгі балалардағы назофарингеальді карциномада доцетакселдің қауіпсіздігі және тиімділігі әлі анықталған жоқ.

Педиатриялық популяциядағы, дифференциациялануы төмен назофарингеальді карциноманың ІІ және ІІІ типтерін қоспағанда, сүт безінің обырында, өкпенің ұсақ жасушалы емес обырында, простата обырында, асқазан карциномасында және бас пен мойын обырында доцетаксел қолданудың негізі жоқ.

Егде жастағы науқастар

Популяцияны фармакокинетикалық талдау деректерін негізге алсақ, егде жастағы науқастарға препаратты қолдану жөнінде арнайы нұсқаулар жоқ.

60 жастағы және одан үлкен жастағы науқастар үшін доцетакселді капецитабинмен біріктірген жағдайда капецитабиннің бастапқы дозасын 75% дозаға дейін төмендету ұсынылады (капецитабинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Қолданылуы бойынша ерекше сақтандырулар

Доцетаксел-Келун-Казфарм ісікке қарсы дәрі болып табылады, сондықтан басқа да потенциалды уытты заттардағы сияқты, олармен және доцетаксел ерітінділерін әзірлеу кезінде сақтық танытқан жөн. Қолғап кию ұсынылады.

Теріге Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының концентратын немесе инфузиялық ерітіндісін тигізіп алған жағдайда теріден оларды тездетіп сабынмен және сумен мұқият жуып тастаған жөн. Шырышты қабықтарға Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының концентратын немесе инфузиялық ерітіндісін тигізіп алған жағдайда оларды тездетіп сумен мұқият шаю керек.

Үйлесімсіздігі

Дәрілік препаратты төменде көрсетілгендерді қоспағанда, басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Вена ішіне енгізуге дайындық

Инфузиялық ерітіндіні дайындау

Бұл дәрілік препараттармен (Доцетаксел-Келун-Казфарм 120 мг/6 мл немесе Доцетаксел-Келун-Казфарм 160 мг/8 мл, тек 1 құтыдан тұратын инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат) бірге 2 құтыдан тұратын (концентрат және еріткіш) басқа доцетаксел дәрілік препаратын қолдануға болмайды.

Доцетаксел-Келун-Казфарм 120 мг/6 мл және Доцетаксел-Келун-Казфарм 160 мг/8 мл, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат еріткіш көмегімен алдын ала сұйылтуды талап етпейді, ол бірден инфузиялық ерітіндіге қосуға дайын.

Әр құты бір рет қолдануға арналған және оны дереу пайдалану керек.

Егер Доцетаксел-Келун-Казфарм құтылары тоңазытқышта сақталса, онда пайдалану алдында препараттары бар қораптардың қажетті санын 5 минут бойы қолданғанға дейін 25ºС төмен температурада ұстау керек.

Науқас үшін қажетті дозасын алу үшін инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған Доцетаксел-Келун-Казфарм концентратының бір құтыдан астамы талап етілуі мүмкін. Калибрленген шприц пайдалана отырып, асептика ережелерін сақтаумен инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған Доцетаксел-Келун-Казфарм концентратының қажетті мөлшерін шығарыңыз.

Доцетаксел-Келун-Казфарм 120 мг/6 мл және Доцетаксел-Келун-Казфарм 160 мг/8 мл құтыларында доцетаксел концентрациясы 20 мг/мл құрайды.

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған Доцетаксел-Келун-Казфарм концентратының талап етілетін көлемін ішінде инфузияға арналған глюкозаның 5% ерітіндісі немесе 9 мг/мл (0,9%) натрий хлориді ерітіндісі бар 250 мл инфузиялық қалта немесе инфузия ыдысында бір инъекция (бір бүрку) жолымен енгізу керек.

Егер доцетакселдің талап етілген дозасы 190 мг астам болса инфузия үшін

доцетаксел концентрациясы 0,74 мг/мл аспайтындай үлкен көлемді инфузияға арналған ыдыс пайдаланыңыз.

Инфузиялық қалтаның немесе ыдыстың ішіндегісін қолмен шайқай отырып араластырыңыз.

Препараттың инфузиялық ерітіндісін пациентке вена ішіне инфузия енгізуге қажетті бір сағатты қоса, 25 ºС төмен температурада 4 сағат бойына пайдалану керек.

Құтыны ашқаннан кейін

Әрбір құты тек бір рет қолдануға арналған, және оны ашқан соң дереу пайдалану керек. Егер құтыны дереу пайдаланбаса, қаптаманы ашқаннан кейінгі препараттың сақтау шарттары мен мерзіміне пайдаланушы жауап береді.

Инфузиялық ыдысқа қосқаннан кейін: қалпына келтіру/сұйылтуды микробиологиялық тұрғыдан бақыланатын және асептикалық жағдайларда жүргізу керек, және дәрілік препаратты дереу пайдалану керек. Егер ол дереу пайдаланылмаса, сақтау шарттары мен мерзіміне пайдаланушы жауап береді.

Доцетаксел-Келун-Казфарм концентратын инфузиялық ерітіндіде ұсыныс-тарға сәйкес сұйылтқаннан кейін препараттың дайын ерітіндісін 25 ºС төмен температурада сақтағанда 4 сағат ішінде тұрақты. Оны 4 сағат бойына пайдалану керек (вена ішіне инфузия енгізу үшін қажетті бір сағатты қоса).

Препараттың құрамында ПВХ жоқ материалдан дайындалған инфузиялық ыдыстарда нұсқауларға сәйкес дайындалған дайын ерітіндісінің физикалық және химиялық тұрақтылығы егер ол 2º С және 8º С арасындағы температурасында сақталса 48 сағат бойына сақталады.

Доцетакселдің инфузиялық ерітіндісі аса қаныққан болып табылады, сондықтан уақыт өте келе кристалдануы мүмкін. Егер кристалдар пайда болса, ерітіндіні содан кейін пайдалануға болмайды және жою керек.

Парентеральді түрде қолдануға арналған барлық басқа препараттарға ұқсас, Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратының алдын ала инфузиялық ерітіндісін пайдаланар алдында көзбен тексеріп көру керек. Құрамында шөгіндісі бар ерітінділер жарамсыз деп саналуы тиіс.

Кез келген пайдаланылмаған препарат немесе зататрдың қалдығы жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Доцетакселдің ауыр жағымсыз реакциялары оны басқа химиотерапиялық дәрілермен біріктірілімде тағайындағанда артуы мүмкін. Төменде монотерапия кезінде, сондай-ақ доцетакселдің доксорубицинмен, цисплатинмен, трастузумабпен, капецитабинмен, преднизонмен немесе преднизолонмен, доксорубицинмен және циклофосфамидпен, цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімінде (емге байланысты клиникаға қатысты маңызды жағымсыз әсерлер берілген) бақыланған барлық жағымсыз әсерлер сипатталған. Жеке жағдайлардағыға қарағанда жиірек кездесетін жағымсыз реакциялар келесі жиілікке сәйкес аталған: өте жиі (≥1/10), жиі ( ≥1/100 – ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 – нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1 /10000).

Әр жиілік тобының ішінде жағымсыз реакциялар олардың күрделілігі азаю тәртібімен берілген.

Монотерапия ретінде тағайындалған доцетакселге өте жиі жағымсыз реакциялар нейтропения [(қайтымды және жанақталмаған) 7 күні жасуша саны өте аз, ауыр нейтропенияның (нейтрофилдер саны < 500 жасуша/м3) орташа ұзақтығы 7 күнді құрады], анемия, алопеция, жүректің айнуы, құсу, стоматит, диарея және астения болып табылады. Трастузумабпен біріктіріп тағайындағанда тіркелген (барлық дәрежедегі) жағымсыз реакциялар ≥10% болды. Доцетаксел монотерапиясымен салыстырғанда, оны трастузумабпен біріктіріп тағайындағанда күрделі жағымсыз реакциялар (31%-бен салыстырғанда 40%) және 4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар (23%-бен салыстырғанда 34%) жиілігінің жоғарылағаны байқалды. Капецитабинмен біріктіріліміне қатысты айтар болсақ, антрациклиндермен емдеу сәтсіз (≥ 5%) болған сүт безінің обырын емдеген кезде, емдеумен байланысты өте жиі жағымсыз реакциялар байқалған.

Келесі жағымсыз реакциялар доцетакселді қолданған кезде жиі байқалады:

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Доцетаксел инфузиясын бастағаннан кейін бірнеше минуттан соң туындайтын жоғары сезімталдық реакцияларының әдетте ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болады. Өте жиі симптомдар гиперемия, қышитын немесе онсыз бөртпе, кеуденің қысылу сезімі, арқаның ауыруы, ентігу, жоғары температура немесе қалтырау. Ауыр реакциялар гипотензиямен және/немесе бронхтың түйілуімен немесе жайылған бөртпемен (эритемамен) өтті.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жүйке сезімталдығының парестезиямен, дизестезиямен және ауырумен, соның ішінде күйдіріп ауырумен сипатталатын, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылу белгілері. Нейромоториканың бұзылулары, негізінен, әлсіздікпен білінеді. Ауыр шеткері нейроуыттылық дамыған кезде дозаны төмендету қажет болады

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Әдетте айқындығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі тері реакциялары қайтымды. Реакциялар бөртпемен, соның ішінде негізінен, қол мен аяқтағы және қолдағы (соның ішінде алақан-табан эритродизестезиясы синдромының ауыр түрі), сондай-ақ көбіне қышынумен қатар жүретін білектегі, беттегі және кеудедегі жергілікті бөртпелермен сипатталды. Әдетте, бөртпелер вена ішіне доцетаксел инфузиясынан кейін бір апта ішінде пайда болды. Сирек жағдайларда доцетаксел емінің үзілісін немесе тоқтатылуын талап етуі мүмкін, десквамацияға ұласатын бөртпелер сияқты ауыр тері реакциялары ара-тұра хабарланған. Тырнақтардың ауыр өзгерулері гипопигментациямен немесе гиперпигментациямен, ал кейде ауырумен және онихолизиспен сипатталды.

Жалпы бұзылулар

Препарат енгізілген жердегі реакциялар, әдетте жеңіл түрде болды және гиперпигментациямен, қабынумен, терінің қызаруымен немесе құрғауымен, флебитпен немесе қанталаумен және венаның ісінуімен аяқталды. Сұйықтық іркілісі шеткері ісінулер түрінде және сирек плевралық жалқық, перикардиальді жалқық, асцит және дене салмағының артуы түрінде білінді. Шеткері ісінулер, әдетте, аяқтан басталады, дене салмағының 3 және одан астам кг-ге артуымен жайылған түрде болуы мүмкін. Сұйықтық іркілісінің жиілігі және ауырлық дәрежесі жинақталған сипатта болады. Орташа жинақталған доза емдеуді аяқтаған сәтте 1000 мг/м2-ден асты, ал сұйықтық іркілісі қайтымдылығының орташа уақыты 16,4 аптаны (0-ден 42 аптаға дейін) құрады. Сұйықтық іркілісінің ауырлығы орташа және ауыр дәрежесі, премедикациясыз науқастармен салыстырғанда (жинақталған орташа дозасы: 489,7 мг/м2), премедикация жүргізілген (жинақталған орташа дозасы: 818,9 мг/м2) науқастарда кеш басталды; алайда кейбір науқастарда ол емнің ерте курстарында байқалды.

Доцетаксел 100 мг/м2 монотерапия ретінде

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Өте жиі

- инфекциялар (соның ішінде сепсис және пневмония, 1,7 % өліммен аяқталу)

Жиі

- нейтропениямен байланысты инфекциялар

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, анемия, фебрильді нейтропения

Жиі

- тромбоцитопения

Сирек

- тромбоцитопениямен бірге жүретін қан кету көріністері

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- шеткері сенсорлы және моторлы нейропатия, дисгевзия

Симптомдардың қайтымдылығы туралы деректер монотерапия түріндегі 100 мг/м2 доцетакселмен емдеуден кейін нейроуыттылығы бар науқастардың 35,3%-на қатысты. Симптомдары 3 ай ішінде өздігінен жойылады.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- аритмия

Жиі емес

- жүрек жеткіліксіздігі

Тамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- гипотензия, гипертензия, геморрагия

Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- ентігу

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- стоматит, диарея, жүрек айнуы, құсу

Жиі

- іш қатуы, іштің ауыруы, асқазан-ішек қан кетулері

Жиі емес

- эзофагит

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция, тері реакциялары, тырнақ тарапынан бұзылулар

Өте сирек(<1/10.000)

- қайтымсыз алопеция; тері реакцияларының 73%-ы 21 күн ішінде жойылады.

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- миалгия

Жиі

- артралгия

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- сұйықтық іркілісі, астения, ауыру

Жиі

- инфузия енгізу орнындағы реакциялар

- кеудедегі жүрекке қатыссыз ауырулар

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- қандағы билирубин жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, АСТ және АЛТ жоғарылауы

Доцетаксел 75 мг/м2 монотерапия ретінде

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Өте жиі

- инфекциялар

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

Жиі

- фебрильді нейтропения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- жоғары сезімталдық (ауыр емес)

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- шеткері сенсорлы нейропатия

Жиі

- шеткері моторлы нейропатия

Жүрек-қан тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- аритмия (ауыр емес)

Тамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- гипотензия

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айнуы, стоматит, құсу, диарея

Жиі

- іш қатуы

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция, тері реакциялары

Жиі

- тырнақ тарапынан бұзылулар

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Жиі

- миалгия

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- астения, сұйықтық іркілісі, ауыру

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

- қандағы билирубин жоғарылауы

Доксорубицинмен біріктірілімдегі доцетаксел 75 мг/м2

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Өте жиі

- инфекциялар

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, анемия, фебрильді нейтропения, тромбоцитопения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- шеткері сенсорлы нейропатия

Жиі

- шеткері моторлы нейропатия

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- жүрек жеткіліксіздігі, аритмия (ауыр емес)

Тамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- гипотензия

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айнуы, стоматит, диарея, құсу, іш қатуы

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция, тырнақ тарапынан бұзылулар, тері реакциялары (ауыр емес)

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Жиі

- миалгия

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- астения, сұйықтық іркілісі, ауыру

Жиі

- инфузия енгізу орнындағы реакциялар

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

- қандағы жоғары билирубин, қанда сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- АСТ және АЛТ жоғарылауы

Цисплатинмен біріктірілімдегі доцетаксел 75 мг/м2

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Өте жиі

- инфекциялар

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

Жиі

- фебрильді нейтропения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- шеткері сенсорлы және моторлы нейропатия

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- аритмия

Жиі емес

- жүрек жеткіліксіздігі

Тамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- гипотензия

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айнуы, құсу, диарея, стоматит

Жиі

- іш қатуы

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция, тырнақ тарапынан бұзылулар, тері реакциялары

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- миалгия

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- астения, сұйықтық іркілісі, қызба

Жиі

- инфузия енгізу орнындағы реакциялар, ауыру

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

- қандағы жоғары билирубин, АЛТ жоғарылауы

Жиі емес

- АСТ жоғарылауы, қанда сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

Трастузумабпен біріктірілімдегі доцетаксел 100 мг/м2

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, фебрильді нейтропения (соның ішінде антибиотиктер аясында қызбамен жүретін нейтропения) немесе нейтропениялық сепсис

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Психика тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- ұйқысыздық

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- парестезия, бас ауыруы, дисгевзия, гипоестезия

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- көз жасы бөлінуінің ұлғаюы, конъюнктивит

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- жүрек жеткіліксіздігі

Тамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- лимфа ісінуі

Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- эпистаксис, фаринголарингеальді ауыру, назофарингит, ентігу, жөтел, ринорея

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айнуы, құсу, стоматит, диарея, іш қатуы, іштің ауыруы, диспепсия

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция, эритема, бөртпе, тырнақ тарапынан бұзылулар

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- миалгия, артралгия, аяқ-қол, сүйек және арқаның ауырулары

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- астения, шеткері ісіну, пирексия, қажу, шырышты қабықтың қабынуы, ауыру, тұмауға ұқсас жай-күй, кеуденің ауырулары, қалтырау

- дене салмағының артуы

Жиі

- летаргия

Капецитабинмен біріктірілімдегі доцетаксел 75 мг/м2

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Жиі

- ауыз қуысының кандидозы

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, анемия

Жиі

- тромбоцитопения

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

- тәбеттің төмендеуі

Жиі

- дегидратация

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- дисгевзия, парестезия

Жиі

- бас айналуы, бас ауыруы, шеткері нейропатия

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- көз жасы бөлінуінің ұлғаюы

Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- фаринголарингеальді ауыру

Жиі

- ентігу, жөтел, эпистаксис

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- стоматит, диарея, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы, іштің ауыруы, диспепсия

Жиі

- іштің жоғарғы бөлігінің ауырулары, ауыз құрғауы

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, алопеция, тырнақ тарапынан бұзылулар

Жиі

- дерматит, эритематозды бөртпе, тырнақтың түссізденуі, онихолизис

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- миалгия, артралгия

Жиі

- аяқ-қолдың және арқаның ауырулары

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- астения, пирексия, қажу/әлсіздік, шеткері ісінулер

Жиі

- летаргия, ауыру, дене салмағының азаюы

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

- қандағы жоғары билирубин

Преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімдегі доцетаксел 75 мг/м2

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Жиі

- инфекция

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, анемия

Жиі

- тромбоцитопения, фебрильді нейтропения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- дисгевзия, шеткері сенсорлы нейропатия

Жиі

- шеткері моторлы нейропатия

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- көз жасы бөлінуінің ұлғаюы

Жүрек-қантамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- сол жақ қарыншаның функционалдық қабілетінің төмендеуі

Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі

- эпистаксис, ентігу, жөтел

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- стоматит, диарея, жүрек айнуы, құсу

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция, тырнақ тарапынан бұзылулар (ауыр емес)

Жиі

- экфолиативті бөртпе

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Жиі

- артралгия, миалгия

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- қажу, сұйықтық іркілісі

Лимфа түйіндері зақымдануы бар және зақымдануы жоқ сүт безінің обыры бар науқастарда доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктірілімдегі 75 мг/м2 доцетакселдің адъюванттық емі, жиынтық деректер

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Жиі

- инфекция, оның ішінде нейтропениялық

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анемия, нейтропения, тромбоцитопения, фебрильдік нейтропения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- дисгевзия, шеткері сенсорлы нейропатия

Жиі

- шеткері моторлы нейропатия

Жиі емес

- синкопе, нейроуыттылық, ұйқышылдық

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- конъюнктивит

Жиі

- көз жасы бөлінуінің ұлғаюы

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- аритмия

Сирек

- іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

Тамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- ыстық кернеулер

Жиі

- гипотензия, флебит

Жиі емес

- лимфо ісінуі

Сирек

- жедел лейкемия (миелодисплазиялық синдром)

Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі

- жөтел

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айнуы, құсу, стоматит, диарея, іш қатуы

Жиі

- іштің ауыруы

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция (сақталатын), тері бұзылулары, тырнақ тарапынан бұзылулар

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Жиі

- миалгия, артралгия

Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан бұзылулар және сүт безінің бұзылыстары

Өте жиі

- аменорея

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- астения, пирексия, шеткері ісінулер

Жиі

- дене салмағының артуы, дене салмағының азаюы

Асқазан аденокарциномасындағы цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімдегі доцетаксел 75 мг/м2

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Жиі

- инфекция, оның ішінде нейтропениялық

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анемия, нейтропения, оның ішінде фебрильдік, тромбоцитопения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- шеткері сенсорлы нейропатия

Жиі

- бас айналуы, шеткері моторлы нейропатия

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Жиі

- көз жасы бөлінуінің ұлғаюы

Есту тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар

Жиі

- естудің нашарлауы

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- аритмия

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айнуы, құсу, стоматит, диарея

Жиі

- іш қатуы, асқазан-ішек аурулары, эзофагит/дисфагия/одинофагия

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция

Жиі

- бөртпесі бар қышыну, тырнақ тарапынан бұзылулар, тері қабыршақтануы

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- летаргия, қызба, сұйықтық іркілісі (ауыр/өмір үшін қауіпті 1%)

Бас және мойын обырындағы цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімдегі доцетаксел 75 мг/м2

Соңынан радиотерапиясы бар бастапқы химиотерапия

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Өте жиі

- инфекциялар, оның ішінде нейтропениялық

Қатерлі емес, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар және полиптерді қоса)

Жиі

- обыр аурулары

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

Жиі

- фебрильді нейтропения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- жоғары сезімталдық (ауыр емес)

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- дизгезия/паросмия, шеткері сенсорлы нейропатия

Жиі

- бас айналуы

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Жиі

- көз жасы бөлінуінің ұлғаюы, конъюнктивит

Есту тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар

Жиі

- естудің нашарлауы

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- миокард ишемиясы

Жиі емес

- аритмия

Тамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- вена өзгерістері

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айнуы, стоматит, диарея, құсу

Жиі

- іш қатуы, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іштің ауыруы, диспепсия, асқазан-ішек қан кетулері

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция

Жиі

- қышынатын бөртпе, терінің құрғақтығы, терінің қабыршақтануы

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Жиі

- миалгия

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- летаргия, гипертермия, сұйықтық іркілісі, ісінулер

Жиі

- дене салмағының артуы

Химиорадиотерапияға ұласатын бар бастапқы химиотерапия

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Өте жиі

- инфекциялар

Жиі

- нейтропениялық инфекция

Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар және полиптер)

Жиі

- обыр аурулары

Қан түзілуі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропения, оның ішінде фебрильді, анемия, тромбоцитопения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- дизгезия/паросмия, шеткері сенсорлы нейропатия

Жиі

- бас айналуы, шеткері моторлы нейропатия

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Жиі

- көз жасы бөлінуінің ұлғаюы

Жиі емес

- конъюнктивит

Есту тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар

Өте жиі

- естудің нашарлауы

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- аритмия

Жиі емес

- миокард ишемиясы

Тамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- веналық өзгерістер

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айнуы, стоматит, құсу, диарея, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іш қатуы

Жиі

- диспепсия, асқазан-ішек аурулары, асқазан-ішек қан кетулері

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция, қышынатын бөртпе

Жиі

- терінің құрғақтығы және қабыршақтануы

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Жиі

- миалгия

Жалпы бұзылулар және препарат енгізу орнының жай-күйлері

Өте жиі

- летаргия, пирексия, сұйықтық іркілісі, ісінулер, дене салмағының азаюы, дене салмағының артуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының қандай да болсын біреуіне жоғары сезімталдық

- нейтрофилдердің бастапқы мөлшері < 1.500 жасуша/мм3 болуы

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы, деректер жоқ болуына байланысты

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалық жас

- біріктіріп тағайындаған жағдайда басқа дәрілік препараттардың қарсы көрсетілімдерін ескерген жөн.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іn vitro сынақтар доцетакселдің метаболизмі бір мезгілде қабылданатын Р450-3А цитохромымен индукцияланатын, тежелетін қосылыстардың немесе Р450-3А цитохромы арқылы (және осылайша, бұл ферментті бәсекелес жолмен бәсеңдетуге қабілетті) метаболизденетін циклоспорин, терфенадин, кетоконазол, эритромицин және тролеандомицин сияқты препараттардың әсерімен өзгеруі мүмкін екендігін көрсетті. Осы препараттармен бір мезгілде емдегенде сақтық танытқан жөн, өйткені елеулі өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.

Доцетакселді CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, индинавир, нефазодон, нелфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин және вориконазол) бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Бір мезгілде доцетаксел және кетоконазол қабылдаған 7 пациенттегі фармакокинетикалық зерттеулер негізінде бұл арада болжамды түрде доцетакселдің метаболизмінің негізгі жолы оның CYP3A4 изоферменті көмегімен метаболизмі болып табылатынына байланысты доцетаксел клиренсінің 49 %-ға төмендегенін көрсетті.

Қуықасты безінің метастаздық обыры бар науқастарда преднизонның қатысуымен доцетаксел фармакокинетикасы зерттелді. Доцетаксел СYР3А4 изоферменті арқылы метаболизденуіне, ал преднизон СYР3А4 изоферменті индукторы болуына қарамастан доцетакселдің фармакокинетикасына преднизонның статистикалық нақты әсерлері байқалған жоқ.

Доцетаксел ақуыздармен өте жақсы (> 95%) байланысады. Доцетакселдің бір мезгілде тағайындалатын дәрілік заттармен in vivo өзара әрекеттесуіне, эритромицин, дифенгидрамин, пропранолол, пропафенон, фенитоин, салицилат, сульфаметоксазол және натрий вальпроаты сияқты ақуыздармен мықты байланыс түзетін препараттармен in vitro өзара әрекеттесуіне ресми зерттеулердің жоқтығына қарамастан, доцетакселдің ақуыздармен байланысуына ықпалын тигізген жоқ. Бұдан басқа, дексаметазон доцетакселдің қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуына ықпалын тигізбейді. Доцетаксел қан плазмасындағы ақуыздармен дигитоксиннің байланысуына ықпалын тигізбейді.

Доцетаксел, доксорубициннің және циклофосфамидтің фармакокинетикасы оларды бір мезгілде тағайындағанда өзгерген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Сүт безінің обыры және өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры жағдайында пероральді кортикостероидтық гормонды, мысалы, дексаметазонды күніне 16 мг-ден (яғни күніне екі рет 8 мг-ден), доцетакселді пайдаланудан 1 күн бұрын бастап (егер қарсы көрсетілімдері жоқ болса) 3 күн бойы қолданатын премедикация организмде сұйықтық іркілісінің даму жиілігін және дәрежесін, сондай-ақ жоғары сезімталдық реакцияларының айқындығын төмендетуі мүмкін. Простата обыры жағдайында премедикация доцетакселдің инфузиясынан 12 сағат, 3 сағат және 1 сағат бұрын пероральді дексаметазонды 8 мг дозада қабылдаудан тұрады.

Гематология

Нейтропения доцетакселдің ең жиі жағымсыз реакциясы болып табылады. Нейтрофилдер саны ең төменгі деңгейіне, орта есеппен, 7 күнде жетеді, бірақ осы мерзім емдеудің қайталанатын циклдерінде қысқа болуы мүмкін. Қанның толық талдауын жиі бақылауды доцетаксел препаратымен ем қабылдап жүрген барлық пациенттерге жүргізген жөн. Доцетакселмен емдеуді нейтрофилдер саны ≥ 1.500 жасуша/мм3 деңгейіне дейінгі қалпына келгеннен кейін қайта жаңғыртқан жөн.

Айқын нейтропения (7 және одан көбірек күн бойы < 500 жасуша/мм3) жағдайында доцетакселмен емдеу курсы кезінде, емдеудің келесі циклдарында препарат дозасын төмендету, немесе тиісті симптоматикалық шаралар қолдану ұсынылады.

Доцетакселді цисплатинмен және 5-фторурацилмен (ТCF) біріктірілімімен қабылдаған пациенттерде фебрильді нейтропения және нейтропениялық инфекциялар, егер пациенттер профилактикалық мақсатта Г-КСФ қабылдаса, сирек дамиды. ТCF қабылдап жүрген пациенттерге, асқынған нейтропенияның (фебрильді нейтропения, ұзаққа созылған нейтропения немесе нейтропениялық инфекция) даму қаупін төмендету үшін, Г-КСФ профилактикасын жүргізген жөн. ТCF емделіп жүрген пациенттердің жай-күйіне қатаң бақылау керек.

Доцетакселдің доксорубицинмен және циклофосфамидпен (ТАС) біріктірілімінде емделіп жүрген пациенттерде фебрильді нейтропения және нейтропениялық инфекциялар, науқасқа Г-КСФ көмегімен алғашқы профилактика жүргізген кезде, сирек кездесті. Г-КСФ көмегімен алғашқы профилактиканың қажеттілігін асқынған нейтропения (фебрильді нейтропения, әсері ұзаққа созылған нейтропения немесе нейтропениялық инфекция) даму қаупін төмендету үшін, сүт безі обырының ТАС сызбасы бойынша адъювантты емін қабылдап жүрген пациенттерде қарастырған жөн. ТАС сызбасымен химиотерапия қабылдап жүрген пациенттерге мұқият бақылау жүргізу керек.

Жоғары сезімталдық реакциялары

Жоғары сезімталдық реакцияларын, әсіресе бірінші және екінші инфузия кезінде анықтау үшін пациенттер қатаң бақылау керек. Жоғары сезімталдық реакциялары доцетакселмен инфузияның алғашқы минуттарында туындауы мүмкін, сондықтан артериялық гипотензияны және бронхтың түйілуін емдеу үшін қажетті дәрілік заттар және құрал-жабдықтар дайын тұруы тиіс. Гиперемия немесе оқшауланған тері реакциялары сияқты жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда препаратты енгізуді тоқтатуды қажет етпейді, ауыр гипотензия, бронхтың түйілуі немесе жайылған бөртпе/эритема сияқты ауыр реакциялар доцетакселді енгізуді дереу тоқтатуды және тиісті ем жүргізуді талап етеді. Жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары орын алған пациенттерді Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратымен қайтадан емдеуге болмайды.

Тері реакциялары

Аяқ-қолдарда (қолдың алақаны және табанның өкшесі) орныққан ісіну бар және кейіннен десквамация болатын тері эритемасы байқалды. Кейіннен десквамацияланатын бөртпе сияқты ауыр жағымсыз реакциялар анықталғанда доцетаксел қабылдауды тоқтату қажет.

Сұйықтық іркілісі

Сұйықтықтың айқын іркілісі бар, мысалы, плевралық жалқықты, перикардиальді жалқықты және асциті бар пациенттерге қатаң бақылау жүргізген жөн.

Респираторлық бұзылулар

Өлім жағдайымен аяқталуы мүмкін жедел респираторлық дистресс-синдромы, интерстициальді пневмония/пневмонит, өкпенің интерстициальді ауруы, өкпе фиброзы және тыныс алу жеткіліксіздігі туралы хабарланған. Қатарлас сәулемен емдеу қабылдаған пациенттерде радиациялық пневмония жағдайы тіркелген.

Егер жаңа өкпе симптомдары туындаса немесе науқастың жай-күйі нашарлауы бақыланса науқастардға мұқият бақылау жүргізу және тиісті түрде ем тағайындау керек. Доцетакселмен емді респираторлық синдромдар жойылғанша тоқтату ұсынылады. Доцетакселмен емді жаңғыртудың артықшылығы мұқият талдануы тиіс.

Бауыр функциясы бұзылған науқастар

Доцетакселмен 100 мг/м2 дозада монотерапия алатын және ҚЖШ 2,5 еседен астам асатын сарысудағы сілтілік фосфотаза белсенділігі жоғары болуымен үйлесімдегі ҚЖШ 1,5 еседен астам асатын «бауыр» трансаминазаларының (АЛТ және/немесе АСТ) жоғары белсенділігіне ие пациенттерде өлімммен аяқталуға дейін соқтыратын сепсис және гастроинтестинальді қан кетулер сияқты ауыр жағымсыз әсерлері, сондай-ақ фебрильді нейтропения, инфекциялар, тромбоцитопения, стоматит және астения дамуының қаупі аса жоғары. Осыған байланысты бауыр сынамасының функционалдық көрсеткіштері жоғары (БФС) осындай пациенттерде доцетакселдің ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. Бауырдың функционалдық сынамасы ем басталғанға дейін және Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратымен емнің кейінгі әр циклы алдында жүргізілуі тиіс. Билирубин концентрациясы жоғары және/немесе АЛТ және АСТ белсенділігі жоғарылығы ҚЖШ 3,5 есе жоғары пациенттерде сілтілік фосфотаза белсенділігі жоғарылығы ҚЖШ 6 есе жоғары үйлесімінде доцетаксел қолдану ұсынылмайды.

Асқазан аденокарциномасын емдеу үшін цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі: жетекші клиникалық зерттеулерге АЛТ және/немесе АСТ мәндері ҚЖШ-ден 1,5 есе жоғары болатын және сілтілік фосфатаза ҚЖШ-ден 2,5 есе жоғары болуымен қатар жүретін және билирубин деңгейі ҚЖШ-ден 1 есе жоғары болатын пациенттер қатыстырылмады. Мұндай пациенттер үшін дозаны түзету ұсынылмады. Доцетаксел тек қатаң көрсетілімдері бойынша тағайындалады. Басқа көрсетілімдері бойынша доцетаксел біріктірілімімен емделген, бауыр функциясы төмендеген пациенттер жөнінде деректер жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр болатын пациенттерді доцетакселмен емдеу жөнінде деректер жоқ.

Жүйке жүйесі

Ауыр шеткері нейроуыттылық дамыған жағдайда дозаны төмендету қажет.

Жүректің уыттануы

Доцетакселді трастузумабпен біріктірілімде, әсіресе, құрамында антрациклин (доксорубицинмен немесе эпирубицинмен) бар химиялық емнен кейін алған пациенттерде жүрек жеткіліксіздігінің даму жағдайлары болды. Жеткіліксіздігі орташадан ауыр дәрежеге дейін болуы және өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.

Доцетакселді трастузумабпен біріктірілімде емдеуді жоспарлағанда жүрек қызметінің бастапқы жай-күйін бағалау керек. Жүрек қызметінің бұзылуы дамуы мүмкін пациенттерді анықтау мақсатында емдеу барысында соңынан жүрек функциясын жүйелі бақылау (мысалы, әр 3 ай сайын) қажет. Толығырақ ұсынымдар трастузумабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Доцетакселмен ем алған пациенттерде макулярлық аймақтың кистозды ісінуі (КМІ) дамуы туралы мәлімделген. Көруі нашарлауы туындаған пациенттер дереу толық офтальмологиялық зерттеуден өтуі тиіс. Егер макулярлық аймақтың кистозды ісінуі диагнозы расталса, доцетакселмен ем тоқтатылуы керек және пациентке тиісінше ем бастамалануы тиіс.

Басқалары

Ерлерге және бала туатын жастағы әйелдерге доцетакселмен ем уақытында және ең кемі ем тоқтатылғаннан кейін 6 ай бойы контрацепцияның сенімді әдісін қолдану керек.

Доцетакселді CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, кетоконазолмен, итраконазолмен, кларитромицинмен, индинавирмен, нефазодонмен, нелфинавирмен, ритонавирмен, саквинавирмен, телитромицинмен және вориконазолмен) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Сүт безінің обырын адъювантты түрде емдеген жағдайдағы қосымша сақтандырулар

Асқынған нейтропения

Асқынған нейтропения (ұзаққа созылған нейтропения, фебрильді нейтропения немесе инфекция) жағдайында Г-КСФ қолдану және доцетаксел дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Асқазан-ішек жолы тарапынан реакциялар

Іштің ерте ауыруы сияқты симптомдар және басқан кездегі сезімталдық, қызба, нейтропениялы немесе онсыз диарея ауыр асқазан-ішек уыттылығының ерте көріністері болуы мүмкін, олар тексеруді және дереу емдеуді керек етеді.

Іркілген жүрек жеткіліксіздігі

Емдеу кезінде және одан кейінгі кезеңде іркілген жүрек жеткіліксіздігі симптомдарын анықтау мақсатында бақылау жүргізген жөн.

ТАС сызбасы бойынша емделген, лимфа түйіндері зақымдануы бар сүт безі обырымен пациенттерде іркілісті жүрек жеткіліксіздігі даму қаупі емнен кейінгі бірінші жыл ішінде жоғары болды.

Лейкемия

Баяулаған миелодисплазияның немесе миелоидты лейкемияның даму қаупі салдарынан емделген (ТАС) пациенттерде гематологиялық көрсеткіштерге бақылау жүргізу қажет болады.

4 және одан көп зақымданған лимфа түйіндері бар пациенттер

4 және одан көп зақымданған лимфа түйіндері бар пациенттерде анықталған пайдасы қайталанусыз тірі қалу (ҚТ) және жалпы тірі қалу (ЖТ) көрсеткіштері бойынша статистикалық елеулі болмауынан бұндай пациенттерде ТАС үшін пайда/қаупінің оң арақатынасы қорытынды талдау кезінде толық анықталмады.

Егде жастағы науқастар

70 жастан асқан пациенттерде доцетакселдің доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктірілімде қолдану туралы деректері шектеулі.

ТCF қолданған кезде егде жастағы науқастардың қатаң бақылануын қамтамасыз еткен жөн.

Қосымша заттар

Доцетаксел құрамындағы сусыз этанол алкоголизмнен зардап шегуші адамдар үшін зиянды. Бұл фактіні жүкті немесе бала емізетін әйелдерді, балаларды және бауыр ауруы бар немесе эпилепсиямен ауыратын пациенттер сияқты жоғары қауіп тобындағылар жағдайында осыны ескеру керек. Бұл дәрілік препараттағы алкоголь мөлшері басқа дәрілік препараттардың әсеріне ықпал етуі мүмкін.

Жүктілік және лактация:

Доцетакселді жүкті әйелдердің қолданғаны туралы ақпарат жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер барысында оның эмбриоуыттылық және фетоуыттылық әсер ететіні, сондай-ақ фертильділігін төмендететіні расталды. Басқа да цитоуытты емдік препараттар сияқты доцетакселді жүкті әйелдерге енгізгенде шаранаға зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратын, оны қолданудың анық көрсетілімі болмаса, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер/контрацепция

Доцетаксел-Келун-Казфарм препаратын қабылдайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге жүктіліктен сақтану керек, ал жүктілік басталғанда бұл туралы емдеуші дәрігерді дереу хабардар ету керек.

Лактация кезеңі

Доцетаксел липофильді зат болып табылады, алайда оның емшек сүтіне өтетіні белгісіз. Емшек жасындағы балаларда жағымсыз реакциялар даму мүмкіндігін назарда ұстай отырып, доцетакселмен ем қабылдаудың барлық кезеңі бойына емшек емізуді тоқтату керек.

Фертильділігі

Емдеу кезінде контрацепцияның тиімді тәсілін пайдалану керек.

Клиникалық емес зерттеулер доцетакселдің геноуыттылық әсері барын және еркектердің фертильділігін өзгертуі мүмкіндігін көрсетті. Сондықтан доцетаксел қабылдайтын ерлерге ем уақытында және одан кейін 6 ай бойына ұрықтандырудан бас тарту керек және ем басталғанға дейін шәуһет консервациялау бойынша кеңес алу керек.

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Автомобильді және жұмыс механизмдерін басқару қабілетіне тигізетін ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ.

Осы дәрілік препараттың құрамындағы алкоголь мөлшері пациенттердің автомобильді немесе жұмыс механизмдерін басқару қабілетін төмендетуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: Артық дозалануы жөнінде мәлімдемелер аз болды. Артық дозаланған кезде жағымсыз реакциялар күшеюі мүмкін. Артық дозаланудың болуы мүмкін алғашқы асқынулар сүйек кемігінің, шеткері нейроуыттылықтың бәсеңдеуі және мукозит болып табылады.

Емі: доцетакселдің артық дозалануының антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда науқасты мамандандырылған бөлімде бақылайды және организмнің өмір үшін маңызды функцияларына мұқият мониторинг жүргізеді. Артық дозалану анықталғаннан кейін Г-КСФ мүмкіндігінше ертерек тағайындаған жөн. Қажет болғанда басқа да симптоматикалық шаралар қолданылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көкшіл түсті алмалы-салмалы пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшаның көмегімен бекітілген, резеңке тығыны бар І типті түссіз шыныдан жасалған құтыда концентрат1 құтыдан (120 мг/6 мл доза үшін) немесе 8 мл (160 мг/8 мл доза үшін).

1 құтыдан (120 мг/6 мл доза үшін немесе 160 мг/8 мл доза үшін) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Картон қорапшаларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

2°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сұйытылған ерітінді дайындалғаннан кейін дереу пайдаланылуы тиіс, инфузияға арналған (сағаттық инфузияны қоса) ерітінді 4 сағат ішінде бөлме температурасында және әдеттегідей жарық жағдайында пайдаланылуы тиіс. Пайдаланбаған бөлігін жою керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылы, Көкөзек а.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі жауапты ұйымның мекенжайы:

«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм) ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылы, Көкөзек а., тел/факс: 8 (727) 312-14-01 e-mail: kelun-kazpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

853556811498795322_ru.doc 234 кб
313648411498795869_kz.doc 305 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники