Доспрей®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
ДОСПРЕЙ®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Мұрынға арналған спрей 15 мл
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар – дексаметазон (дексаметазон натрий фосфаты түрінде) 1.0 мг; оксиметазолин гидрохлориді 0.5 мг
қосымша заттар: бор қышқылы 18.0 мг, бензалконий хлориді ерітіндісі 50 % (100% затқа шаққанда), пропиленгликоль, повидон (ПВП), натрий тетрабораты рН 4.8 – 6.8 дейін, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сарғыш сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Мұрынға арналған препараттар.
Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар мен мұрынға арналған басқа препараттар. Глюкокортикостероидтар.
Басқа препараттармен біріктірілген дексаметазон.
АТХ коды R01AD53
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
ЛОР-мүшелері аурулары кезінде жергілікті қолдануға арналған тамыр тарылтатын, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар препарат. Дексаметазон. Мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуы және зақымдануы кезінде дексаметазонның сіңу жылдамдығы артады. Жүйелік қан ағымына түскен дексаметазонның аздаған мөлшері плазма ақуыздарымен байланысады. Құрамындағы цитохром ферменттерінің әсерімен бауырда метаболизденеді, негізінен бүйрекпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) орташа алғанда 3 сағатты құрайды. Абсорбция дексаметазонның мұрын ауруларын жергілікті емдегенде оксиметазолин гидрохлоридінің тамыр тарылтатын әсерінің есебінен жүйелік қан айналымына сіңірілуі елеусіз.
Оксиметазолин. Жергілікті интраназальді қолданған кезде оксиметазолин аздаған дәрежеде жүйелік сіңірілуге ұшырайды, сондықтан қан плазмасында оның концентрациясы елеусіз. Жүйелік әсер етпейді. Сіңірілгеннен кейін оксиметазолин плазма ақуыздарымен байланысады және тіндерге өтеді, ол жерден баяу шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 5-8 сағатты құрайды. Препарат орташа деңгейде ғана метаболизденеді және негізінен өзгермеген күйде несеппен және нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Дексаметазон – синтетикалық глюкокортикостероид, минералокортикоидты белсенділігі жоқ. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және десенсибилизациялаушы әсер береді. Жергілікті қолданғанда қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсері бар. Эозинофилдердің қабыну медиаторларын лықсытуын, жуан жасушалар көшуін бәсеңдетеді және капиллярлар өткізгіштігін азайтады. Гиалуронидаза, коллагеназа және протеазалар белсенділігін тежейді.
Оксиметазолин – альфа-адреномиметик, имидазолин туындысы.
Мұрын қуысы және қосалқы қойнаулар шырышының венозды өріміне жылдам және ұзаққа созылатын тамыр тарылтатын әсерін қамтамасыз етеді. Патологиялық экссудацияны төмендетеді, жыпылықтайтын эпителий функциясын жақсартады. Шырышты қабықтың ісінуі қайтқаннан кейін мұрын қосалқы қойнаулары, есту түтігі аэрациясына арналған шығаратын өзекшелер ашылады және кеңейеді. Бұл мұрын қуысының дренаждық функциясын көтермелейді және бактериялар асқынулары дамуын болдырмайды.
Әсер ету ұзақтығы 10-12 сағат. Шырышты қабықты тітіркендірмейді және гиперемияны тудырмайды.
Дексаметазонмен біріктіру аллергияға қарсы әсерін қамтамасыз етеді. Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль және повидон (ПВП) мұрынның шырышты қабығының шамадан тыс құрғауынан қорғайды. Повидон (ПВП) қосымша қабынуға қарсы және уытсыздандырушы әсерге иеленген.
Қолданылуы
- ринитте (оның ішінде инфекциялық-қабыну, аллергиялық этиологиядағы)
- жедел ринофарингитте
- жедел және созылмалы синуситтерде (оның ішінде аллергиялық этиологиядағы, секрет ағысын жеңілдету үшін)
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолдану ұзақтығы зақымдану типіне және емдік жауабына байланысты болады.
Ересектерге әрбір мұрын қуысына күніне 2 рет 1-2 бүркуден тағайындайды.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥1%-дан <10% дейін):
- мұрын шырышты қабығын күйдіру немесе құрғату сезімі
түшкіру
Жиі емес (≥ 0,01%-дан <1% дейін):
- бас ауыруы
ұйқысыздық
- мұрын бітелуі сезімі
Жиі емес (≥ 0,1%-дан < 1% дейін):
тахикардия, жоғары дозада ұзақ қолданған кезде қан қысымының артуы
Жүйелік жағымсыз әсерлер тек қана адреномиметиктерге жоғары сезімталдығы бар адамдарда болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома
- атрофиялық ринит («құрғақ» ринит - секрет бөлінбестен мұрын жолдары шырышының қабынуы )
- моноаминооксидаза тежегіштерін және артериялық қысымның жоғарылауына ықпал ететін басқа препараттарды қабылдайтын науқастарға қолдануға болмайды
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты басқа тамырды тарылтатын дәрілермен (енгізу тәсіліне қарамастан) бір уақытта қолданған кезде жағымсыз әсерлердің өзара күшеюі мүмкін.
Оксиметазолин жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады және олардың әсерін ұзартады.
Препаратпен елеулі артық дозалану кезінде трициклді антидепрессанттарды қолдану аясында артериялық қысымның жоғарылуы байқалуы мүмкін, МАО тежегіштерімен препараттардың ОЖЖ-ға әсері күшеюі ықтимал.
Дексаметазон фенитоиннің, барбитураттар және варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін. CYP3A4 изоферментіне индукциялаушы әсерінен кальций өзекшелері блокаторлары, хинидин және эритромициннің тиімділігін төмендетеді.
М-холиноблокаторлармен (антигистаминдік препараттарды, трициклді антидепрессанттарды қоса), нитраттармен бір мезгілде тағайындау көзішілік қысым жоғарылауының дамуына ықпал етеді.
Айрықша нұсқаулар
Артериялық гипертензия, жүрек-қантамыр аурулары, айқын атеросклероз, тахикардия, гипертиреоз, қант диабеті, феохромоцитома кезінде препаратты сақтықпен тағайындау керек.
Препаратты ұзақ және жоғары дозада қолданбайды, себебі бұл көзішілік қысымның жоғарылауына, препрат әсерінің әлсіреуіне, ссондай-ақ мұрын шырышты қабығының атрофиясына, дәрілік ринитпен реактивті гиперемияға, мұрын эпителийі функциясының зақымдануына және бұзылуына әкелуі мүмкін.
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде жүкті әйелдер мен бала езізетін аналарға арналмаған.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жайлы деректер жоқ.
Алғаш ашылғаннан кейін 30 күннен асырмай қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дұрыс және ұсынылғаннан асатын дозада препаратты ұзақ қолданғанда жүрек-қантамыр жүйесіне жалпы әсерін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.
Артық дозалануы
Әдеттегі жергілікті қолдану режимінде артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: елеулі артық дозалану немесе ішке қабылдау кезінде көз қарашығының тарылуы, жүрек айну, құсу, цианоз, дене температурасының жоғарылуы, тахикардия, аритмия, тамыр жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, тыныс алу бұзылыстары, өкпенің ісінуі, ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипотензия, тыныс алудың тоқтауы және команың дамуы, жүректің тоқтауы мүмкін. психикалық бұзылыстар.
Кездейсоқ артық дозалану кезінде препарат қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.
Ауыр жағдайларда фентоламин енгізу, интубация және жасанды тыныс алу қажет болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 мл-ден полиэтилен құты-спрейге құйылады. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге алғашқы ашылуы бақыланатын картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақтау мерзімі – 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ЛеКос» ЖШС
050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.
Тіркеу куәлігінің иесі
«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы
050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13.
Қаптаушы
«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы
050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.
e-mail: lecos1@mail.ru; www.lecos.kz
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы
050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.
e-mail: lecos1@mail.ru; www.lecos.kz
5