Дорипрекс® (500 мг)

МНН: Дорипенем
Производитель: Янссен Фармацевтика Н.В.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Doripenem
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013552
Информация о регистрации в РК: 31.10.2014 - 31.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 7 552.18 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Дорипрекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дорипенем

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 500 мг ұнтақ

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – 500 мг дорипенем

Сипаттамасы

Ақ түстен ақ дерлік немесе сәл сарғыш түске дейінгі кристалды ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияларға қарсы препараттар. Бета-лактамды бактерияларға қарсы басқа да препараттар. Карбапенемдер. Дорипенем.

АТХ коды J01DH04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бір дозасын енгізгеннен кейін дорипенемнің қан плазмасындағы орташа концентрациялары:

Дозасы және инфузия ұзақтығы

Инфузия басталғаннан кейінгі уақыты (сағат)

 

Плазмадағы орташа концентрациясы (мг/л)

0,5

1

2

3

4

6

7

8

9

1 сағат бойы 500 мг

20.2

20.9

6.13

2.69

1.41

0.45

--

0.13

--

4 сағат бойы 500 мг

4.01

5.70

7.26

8.12

8.53

1.43

0.78

--

0.28

4 сағат бойы 1 г

7.80

11.6

15.1

16.9

18.3

2.98

1.66

--

0.55

Дорипенемнің фармакокинетикалық параметрлері (Сmах және АUС) 1 немесе 4 сағат бойы көктамырішілік инфузия кезінде 500 мг – 1 г дозалық диапазонда дозаға тәуелді болып табылады.

Дорипенемнің фармакокинетикалық параметрлері оны 1 сағаттық көктамырішілік инфузия 500 мг-ден 2 г дейін және 4 сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде 500 мг-ден 1 г дейін тағайындағанда дозаға тәуелді.

Бүйрек функциясы қалыпты адамдарда 7-10 күн бойы әрбір 8 сағат сайын 500 мг немесе 1 г-нан бірнеше реттік көктамырішілік инфузия жасағаннан кейін дорипенемнің жиналып қалу белгілері болған жоқ.

Дорипенемнің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуының орташа дәрежесі 8.1 құрайды және оның плазмадағы концентрациясына байланысты болған жоқ. Стационарлы жағдайдағы таралу көлемі шамамен 16.8 л-ге тең, бұл адамның жасушадан тыс сұйықтығының көлеміне (18.2 л) жақындау. Дорипенем тіндерге және биологиялық сұйықтықтарға (жатыр тініне, ретроперитонеальді сұйықтыққа, қуық асты безінің тіндеріне, өт қабының тіндеріне және несепке) жақсы өтеді және оларда көптеген бактериялардың өсуін төмендетуге қажеттіден асатын концентрацияларына жетеді.

Дорипенемнің микробиологиялық тұрғыдан белсенді емес ашық сақиналы метаболитке биологиялық айналуы көбінесе дегидропептидаза-І әсері арқылы жүзеге асады. Дорипенемнің СҮР450 жүйесі изоферменттерінің және басқа ферменттердің әсер етуімен, НАДФ қатысуымен де, сондай-ақ қатысуынсыз да, өзгеріске ұшырайтыны байқалды.

Дорипенем, негізінен, бүйрек арқылы өзгермеген күйінде шығарылады. Дорипенемнің қан плазмасынан түпкілікті орташа жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатқа жуықты құрайды, ал плазмадағы клиренсі шамамен сағатына 15.9 л-ге тең. Орташа бүйректік клиренсі сағатына 10.3 л құрайды. Дорипенем шумақтық сүзілуге де, сонымен қатар бүйректік секрецияға да ұшырайды. Дорипенемнің бір дозасын (500 мг) қабылдаған кезде дозаның 71-ы несепте өзгермеген күйінде және 15-ы ашық сақиналы метаболиттер түрінде байқалады. Радиоактивті таңбаланған дорипенемнің бір дозасын (500 мг) қабылдаған кезде нәжісте жалпы радиоактивтіліктің 1-нан азы табылды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Дорипрекс® препаратының бір дозасын (500 мг) енгізгеннен кейін бүйрек функциясының жеңіл (креатинин клиренсі минутына 51-79 мл), орташа айқын (креатинин клиренсі минутына 31-50 мл) және ауыр (креатинин клиренсі минутына  30 мл) жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерде АUС, дені сау (креатинин клиренсі минутына ≥ 80 мл) адамдармен салыстырғанда, тиісінше, 1.6 есе, 2.8 есе және 5.1 есе артады. Дорипрекс® препаратының дозасын бүйрек функциясының бұзылуы орташа айқын және ауыр емделушілерде төмендеткен жөн.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер:

Мұндай деректер жоқ.

Егде ≥ 66 жастағы емделушілер

Жас ересектермен салыстырғанда, егде адамдарда креатинин клиренсінің жасқа байланысты өзгеру салдарынан дорипенемнің АUС 49-ға артты. Бүйрек функциясы (жасқа қарай) қалыпты егде жастағы емделушілерде Дорипрекс® препараты дозасын төмендетудің керегі жоқ.

Жынысы

Әйелдерде дорипенемнің АUС, еркектердегіге қарағанда, 13-ға артық. Еркектер мен әйелдерге Дорипрекс® препаратының бірдей дозасын енгізу керек.

Фармакодинамикасы

Дорипрекс® – құрылымы жағынан басқа бета-лактамды антибиотиктерге жақын, әсер ету өрісі ауқымды синтетикалық карбапенемді антибиотик. Дорипрекстің® аэробты және анаэробты грамтеріс және грамоң бактерияларға белсенділігі күшті. Имипенеммен және меропенеммен салыстырғанда, ол P.aeruginosa-ға қатысты 2-4 есе белсендірек.

Дорипрекс® бактериялық жасуша қабырғасының биосинтезін тежеу арқылы бактерицидті әсер етеді. Ол пенициллинмен байланыстырғыш көптеген маңызды ақуыздарды (ПБА) әсерсіздендіреді, және де бұл бактериялар жасушалық қабырғалары синтезінің тежеуінде және кейін бактериялық жасушалардың өлуіне әкеп соқтырады. Дорипрекстің® S.aureus 1, 2 және 4 ПБА-на қатысты өте жоғары аффинитеті бар. Е.coli және Р.aeruginosa жасушаларында дорипенем бактериялық жасушалардың пішінін демеуге қатысатын 2 ПБА-мен, сондай-ақ 3 және 4 ПБА-мен байланысады.

Дорипенем басқа антибиотиктердің әсерін әлсіз бәсеңдетеді, сондай-ақ басқа антибиотиктер арқылы басылмайды. Р.aeruginosa-ға қатысты амикацинмен және левофлоксацинмен, сондай-ақ грамоң бактерияларға қатысты даптомицинмен, линезолидпен, лефофлоксацинмен және ванкомицинмен аддитивті белсенділігі немесе әлсіз синергизмі болатыны сипатталған.

Төзімділік механизмі

Бактериялардың дорипенемге төзімділігінің механизміне карбепенемді гидролиздейтін ферменттермен, мутантты немесе жүре пайда болған ПБА-мен әсерсізденуі, сыртқы жарғақша өткізгіштігінің төмендеуі және бактериялық жасушалардан дорипенемнің белсенді ағып шығуы жатады. Дорипрекс® көптеген бета-лактамазалардың, грамоң және грамтеріс бактериялар өндіретін пенициллиназаны және цефалоспориназаны қосқанда, гидролизіне төзімді; ерекшелігі дорипенем гидролиздеуге қабілетті сирек бета-лактамазалар құрайды. Дорипенемнің ТТК-тен 4 есе асып түсетін концентрациясына төзімді Р.aeruginosa штамдарын іріктеу дорипенемнің әсеріне ұшыраған сегіз штамның жетеуіне қатысты  2 x 10-9 жиілікте жүзеге асырылады. Бұл көрсеткіш эртапенемге, имипенемге, меропенемге, карбенициллинге, цефтазидимге, ципрофлоксацинге және тобрамицинге төзімді Р.aeruginosa штамдарын іріктеу жиілігінен төмен болды. Айқаспалы төзімділіктің болу мүмкіндігіне қарамастан, басқа карбапенемге төзімді кейбір штаммдар дорипенемге сезімтал.

Грамоң аэробтар

Enterococcus faecalis*, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар)*, Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал штаммдар), Staphylococcus haemolyticus (метициллинге сезімтал штаммдар), Streptococcus agalactiae (макролидтерге төзімді штаммдарды қосқанда), Staphylococcus saprophyticus, Streptococcus intermedius*, Streptococcus constellatus*, Streptococcus pneumoniae (пенициллинге немесе цефтриаксонға төзімді штаммдарды қосқанда), Streptococcus pyogenes

Viridans тобының стрептококктары (пенициллинге төзімділігі және сезімталдығы орташа штаммдарды қосқанда)

Грамтеріс аэробтар

Acinetobacter baumannii*, Acinetobacter calcoaceticus, Aeromonas hydrophila, Citrobacter diversus, Citrobacter freundii (цефтазидимге сезімтал емес штаммдарды қосқанда), Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae* (цефтазидимге сезімтал емес штаммдарды қосқанда), Haemophilus influenzae* (бета-лактамазаны өндіретін штаммдарды, немесе бета-лактамазаны өндірмейтін, ампициллинге төзімді штаммдарды қосқанда), Escherichia coli (левофлоксацинге төзімді штаммдарды* және әсер ету өрісі ауқымды бета-лактамазаны өндіретін штаммдарды қосқанда), Klebsiella pneumoniae* (ESBL-ді өндіретін штаммдарды қосқанда), Klebsiella oxytoca, Morganella morganii, Proteus mirabilis* (ESBL-ді өндіретін штаммдарды қосқанда), Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa* (цефтазидимге төзімді штаммдарды қосқанда), Salmonella, Serratia marcescens тектес түрлері (цефтазидимге сезімтал емес штаммдарды қосқанда), Shigella тектес түрлері

Анаэробтар

Bacteroides fragilis*, Bacteroides caccae*, Bacteroides ovatus, Bacteroides uniformis*, Bacteroides thetaiotaomicron*, Bacteroides vulgatus*, Bilophora wadsworthia, Clostridium, Peptostreptococcus magnus, Peptostreptococcus micros* тектес түрлері, Porphyromonas тектес түрлері, Prevotella, Suterella wadsworthia тектес түрлері

Жүре пайда болған төзімділігі болуы мүмкін түрлер

Burkholderia cepacia

Төзімді микроорганизмдер

Грамоң аэробтар:

Грамтеріс аэробтар:

Метициллинге төзімді стафилококктар

Enterococcus faecium

Stenotrophomonas maltophila

*Клиникалық зерттеулерде дорипенем белсенді болған түрлер

Қолданылуы

Дорипрекс® дорипенемге сезімтал бактерия штаммдарынан туындаған төмендегі жұқпаларды емдеу үшін қолданылады

  • өкпені жасанды желдетуге (ӨЖЖ) байланысты пайда болған пневмонияны қосқанда нозокомиальді (аурухана ішілік) пневмонияда,

  • асқынған интраабдоминальді жұқпаларда

  • несеп жолының асқынған жұқпаларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қолданудың алдында бактериологиялық зерттеу жүргізу керек. Дорипрексті® 1 немесе 4 сағаттық көктамырішілік инфузиясы түрінде енгізеді.

Дорипрекс® препаратын қолданудың тиісті тәсілі және дозалары:

Жұқпалар

Дозасы

Инфузия жиілігі

Инфузия уақыты (сағат)

ӨЖЖ-мен байланыстысын қоса, нозокомиальді пневмония

500 мг немесе 1 г*

Әрбір 8 сағат сайын

1 немесе 4 сағ.*

Асқынған интраабдоминальді жұқпа

500 мг

Әрбір 8 сағат сайын

1 сағ.

Пиелонефритті қоса несеп жолының асқынған жұқпасы

500 мг

Әрбір 8 сағат сайын

1 сағ.

* 4 сағаттық құю ретінде әрбір 8 сағат сайын 1 г бүйрек клиренсі қарқынды (әсіресе креатинин клиренсі ≥ 150 мл/мин құрайтын) емделушілерді емдеу үшін және/немесе ферменттелмеген грамм-теріс патогендер туғызған (көкіріңді сепсис (Pseudomonas spp.) және акинетобактериялар (Acinetobacter spp.) сияқты) жұқпа кезінде қарастырылуы мүмкін.

Дозалаудың мұндай режимі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық деректерге негізделген.

** Негізінен фармакокинетикалық және фармакодинамикалық факторларды ескере отырып, 4 сағаттық құю сезімталдығы аз патогендер жұқпасын емдеу үшін дұрыс келеді (Фармакодинамика бөлімін қара). Дозалаудың мұндай режимі айрықша күрделі жұқпаларды емдеу кезінде қарастырылуы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Дорипенеммен әдетте емдеу ұзақтығы 5-тен 14 күнге дейінді құрайды, оны таңдау оның елеулігіне және жұқпа жұқтырған патогеніне, жұқпа орнына және емделушінің жауабына негізделуі тиіс. Әдетте нозокомиальді пневмониямен, оның ішінде желдетумен астасқан пневмонияны қоса зардап шегетін емделушілерді емдеу ұзақтығы 10-14 күнді құрайды, одан ұзағырақ емдеу ферменттелмеген грамм-теріс патогендер (көкіріңді сепсис (Pseudomonas spp.) және акинетобактериялар (Acinetobacter spp.) сияқты) туғызған жұқпа жұқтырған емделушілер үшін көбіне дұрыс келеді (Фармакодинамика бөлімін қара).

Клиникалық зерттеулер шеңберінде дорипенем 14 күн бойы қолданылды, ұзағырақ қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Дорипенемді көктамыр ішіне қолдануды бастағаннан кейін емдеу курсын аяқтау үшін тиісті пероральді терапияға ауысу клиникалық тұрғыдан жақсару байқалған кезде ғана мүмкін болады.

Егде жастағы емделушілерге арналған доза (≥65 жас)

Бүйрек функциясы өз жасына сәйкес келетін егде жастағы емделушілерге Дорипрекс® дозасын төмендетудің қажеті жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге арналған дозалар

Креатинин клиренсі минутына  50-ден ≤ 80 мл-ге дейінгі емделушілерде дозаны азайту керек емес. Бүйрек функциясының бұзылуы орташа (креатинин клиренсі минутына ≥ 30-дан 50 мл-ге дейін) емделушілерде Допирекс® препаратының дозасы әрбір 8 сағат сайын 250 мг-ды құрауға тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі минутына 30 мл) емделушілерде әрбір 12 сағат сайын 250 мг-ды құрауға тиіс.

4 сағаттық құю түрінде әрбір 8 сағат сайын 1 г көрсетілімдегі емделушілерге доза тиісті тәсілмен өзгертілуі керек (орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі: әрбір 8 сағат сайын 500 мг; ауыр бүйрек жеткіліксіздігі: әрбір 12 сағат сайын 500 мг).

Клиникалық деректердің және дорипенем және оның метаболитінің әсер етуінің күтілетін артуы (дорипенем-М-1) ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде шектеулі болғандықтан, оларды емдеу үшін Дорипрекс® препаратын абайлап қолдану керек (Фармакокинетика бөлімін қара).

Диализдегі емделушілерге арналған дозалар

Үздіксіз орнын басатын бүйректік ем алатын емделушілерді емдеу үшін Дорипрекс® препаратын қолдану және дозалау бойынша ұсыным төменде көрсетілген кестеде келтірілген:

БҰОБЕ

Шумақтық сүзілу жылдамдығы

Дозасы

Жиілігі

Енгізу уақытыа, b

Мақсаттық мәні (ЕТБК)

ККҰГ

≤ 30 мл/мин

250 мг

Әр 12 сағат сайын

4 сағат

≤ 1 мг/л

ККГҰДФ

< 5 мл/мин

250 мг

Әр 12 сағат сайын

4 сағат

≤ 1 мг/л

ККГҰДФ

5-30 мл/мин

500 мг

Әр 12 сағат сайын

4 сағат

≤ 1 мг/л

БҰОБЕ - бүйректік ұзақ орнын басу емі;

ККҰГ - көктамыр-көктамырлық ұзақ гемофильтрация;

ККГҰДФ - көктамыр-көктамырлық ұзақ гемодиафильтрация;

ЕТБК: ең төмен бәсеңдеткіш концентрация

a БҰОБЕ алып жүрген жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін, мұндай емделушілерде карбапенемнің бүйректен тыс клиренсінің арту мүмкіндігін назарға ала отырып 4 сағаттық енгізу уақыты талап етіледі.

b БҰОБЕ алып жүрген созылмалы бүйрек жеткілксіздігі бар емделушілерді емдеу үшін, 1 немесе 4 сағаттық енгізу уақыты қолданылуы мүмкін. Фармакокинетика/фармакодинамика факторларын негізге ала отырып, 4 сағаттық құю дорипенемнің плазмалық концентрациясы ең төмен бәсеңдеткіш концентрациядан асатын дозалау аралығының проценттік уақытын максимизациялау үшін сәйкес келуі мүмкін (%T > ЕТБК) (5.1 бөлімін қара).

ЕТБК > 1 мг/л болатын патогендер үшін дозалау бойынша ұсыным дорипенем және дорипенем-М-1 метаболиті жинақталуының потенциалына байланысты үздіксіз орнын басатын бүйректік ем үшін анықталмаған (Фармакокинетика және Айрықша нұсқаулар бөлімін қара). Клиникалық деректердің және дорипенемнің және оның метаболиті әсер етуінің күтілетін артуы үздіксіз орнын басатын бүйректік емде жүрген емделушілерге шектеулі болғандықтан оларды емдеу кезінде қауіпсіздігін мұқият мониторингілеу ұсынылады (Айрықша нұсқаулар бөлімін қара).

Диализдің басқа түрінде жүрген емделушілерді емдеу кезінде дозаны өзгерту бойынша ұсыным жасау үшін жеткілікті ақпарат жоқ (Фармакокинетика бөлімін қара).

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерге арналған дозалар

Мұндай емделушілерде Дорипрекс® препаратының дозасын төмендетудің қажеті жоқ.

18 жастан кіші емделушілер

18 жасқа дейінгі балаларды емдеу кезінде Дорипрекс® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қажетті деректер жоқ.

1-4 сағат ішінде көктамыр ішіне құю түрінде қолданардың алдында Дорипрекс® препаратын бөліп алып, одан кейін сұйылту керек.

Ерітіндіні дайындау және препараттармен жұмыс жасау тәртібі

Препаратты «Дайын ерітіндіні сақтау шарттары» бөлімінде көрсетілген нұсқауларды қоспағанда басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Инфузияға арналған 500 мг дозадағы ерітіндіні дайындау:

Дорипенем ұнтағын инъекцияға арналған 10 мл стерильді суда немесе 9 мг/мл (0,9) натрий хлоридінің ерітіндісінде (физиологиялық ерітіндіде) ерітеді.

Суспензияның ішінде бөгде бөлшектердің болмауын көзбен қарап тексереді (бұл дайын суспензия тікелей енгізу үшін қолданылмайды).

Дайын суспензияны ішінде 100 мл физиологиялық ерітінді немесе 50 мг/мл (5) глюкоза ерітіндісі бар инфузиялық пакетке еккіш пен ине көмегімен қосады және толық ерігенше абайлап араластырады.

Бүйрек функциясы орташа немесе ауыр бұзылған емделушілер үшін инфузияға арналған 250 мг дозадағы ерітіндіні дайындау:

Дорипенемнің ұнтағын инъекцияға арналған 10 мл стерильді суда немесе 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлоридінің ерітіндісінде (физиологиялық ерітіндіде) ерітеді.

Суспензияның ішінде бөгде бөлшектердің болмауын көзбен қарап тексереді (бұл дайын суспензия тікелей енгізу үшін қолданылмайды).

Дайын суспензияны ішінде 100 мл физиологиялық ерітінді немесе 50 мг/мл (5) глюкоза ерітіндісі бар инфузиялық пакетке еккіш пен ине көмегімен қосады және толық ерігенше абайлап араластырады.

Инфузиялық пакеттен 55 мл ерітіндіні сорғызып алады және қалғанын (ерітіндінің 250 мг дорипенем бар артылған көлемін) тастай салады.

Инфузия

Инфузиялық ерітіндіні енгізер алдында онда механикалық бөгде заттардың бар-жоқтығын көзбен тексеріп шығады және ол табылатындай болса, оны бүлінген деп есептейді.

Дорипенемнің пайдаланылмаған ерітіндісін және басқа қалдықтарды жергілікті ережеге сәйкес утилизациялау қажет.

Дайын ерітіндіні сақтау шарттары:

Дорипенемнің ұнтағына инъекцияға арналған стерильді суды немесе 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлоридінің ерітіндісін (физиологиялық ерітіндіні) қосқаннан кейін оны инфузиялық ерітіндімен сұйылтудың алдында суспензияны құтыда 30º С температурада 1 сағат бойы сақтауға болады.

Төмендегі кестеде физиологиялық ерітіндіде немесе 50 мг/мл (5%) глюкоза ерітіндісінде сұйылтылған дорипенемді бөлме температурасында немесе тоңазытқышта ұстау жағдайындағы сақтау мерзімдері көрсетілген.

Физиологиялық ерітіндіде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде дайындалған инфузиялық ерітінділерді сақтау:

Сұйылтқыш

Тұрақтылық уақыты (сағат)

 

Бөлме температурасы

2-8°С (тоңазытқыш)

Физиологиялық ерітінді

12

72*

5% глюкоза ерітіндісі

4

24*

*Тоңазытқыштан алғаннан кейін инфузиялық ерітінді бөлме температурасында сақтауға рұқсат етілген уақыт өткенде ғана емделушіге енгізілуі тиіс. Бұл орайда ерітіндіні тоңазытқышта сақтаудың, ерітіндіні бөлме температурасына дейін жылытудың және ерітіндіні емделушіге енгізудің жиынтық уақыты тоңазытқышта сақтаудың жалпы уақытынан асып кетпеуге тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі ≥ 1/10

  • бас ауыруы

  • жүрек айнуы, диарея

Жиі ≥ 1/100 - 1/10

  • ауыз қуысының кандидозы, қынап ернеуінің зеңді жұқпасы

  • флебит

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

  • қышыну, бөртпе

Жиі емес ≥ 1/1000 - 1/100

- тромбоцитопения, нейтропения

- аллергиялық реакциялар

- С.difficile-ден болған жалған жарғақшалы колит

Жиілігі белгісіз

  • анафилаксия

  • Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

  • құрысулар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • дорипенемге немесе басқа карбапенемдерге асқын сезімталдық

  • бета-лактамды антибиотиктерге анафилактикалық реакциялар болған емделушілер

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пробенецид дорипенемнің бүйрек клиренсін төмендетеді. Пробенецид пен Дорипрексті® бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дорипрекс® сарысудағы вальпрой қышқылының деңгейін төмендетеді. Дорипрекс® және вальпрой қышқылын бір мезгілде қолданған кезде соңғысының концентрациясына мониторинг жүргізген жөн. Сондай-ақ баламалы бактерияларға қарсы ем немесе құрысуға қарсы қосымша ем қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Дорипрекс® Р450 цитохромы жүйесінің негізгі изоферменттерін тежемейді, сондықтан, осы ферменттермен өзгеріске ұшырайтын препараттармен өзара әрекеттеспейді. Дорипрекстің® ферменттерді индукциялау қабілеті жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Нақты емделушіні емдеу үшін дорипенемді таңдау кезінде, елеулі жұқпа мен басқа да бактерияларға қарсы сәйкес препараттарға төзімділігінің артық және карбапенем-резистентті бактериялар үшін таңдау қауіпті болуы сияқты факторларға сүйене отырып, бактерияларға қарсы препарат карбапенемді қолдану мақсатқа сай болуын назарға алу керек.

Кеш басталған (> ауруханаға жатудың 5 күні) желдеткіш-астасқан пневмониясы бар емделушілерді емдеуге арналған антибиотикті және дозаны таңдау кезінде және нозокомиальді пневмонияның басқа да жағдайларында, көкіріңдік сепсис (Pseudomonas spp.) және акинетобактериялар (Acinetobacter spp.) сияқты, сезімталдығы төмен патоген анықталған немесе күдіктенгенде абай болу керек.

Егер көкіріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) жұқпалары анықталған немесе күдіктенген жағдайда аминогликозидпен бірге қолданылуы көрсетілуі мүмкін.

Асқын сезімталдық реакциялары

Бета-лактамды антибиотиктер қабылдап жүрген емделушілерде күрделі, ал кейде өлім жағдайын туындататын асқын сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар) пайда болуы мүмкін. Емделушіні Дорипрекс® препаратымен емдер алдында бұдан бұрын басқа карбапенемдерге немесе бета-лактамды антибиотиктерге асқын сезімталдық реакцияларының болған-болмағанын мұқият сұрау қажет. Бұрын осындай реакциялар болған емделушілерде Дорипрексті® аса сақтықпен қолданған жөн. Дорипрекске® асқын сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда оны бірден тоқтату және тиісті ем жүргізу қажет. Асқын сезімталдықтың ауыр жедел реакциялары (анафилаксия) адреналинмен шұғыл ем жүргізуді және оксигенотерапияны, сұйықтықты, сондай-ақ антигистаминдерді, кортикостероидтарды, прессорлы аминдерді көктамыр ішіне енгізуді қамтитын басқа шұғыл шараларды қабылдауды және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін демеуді қажет етеді.

Құрысулар

Дорипенемді қоса карбепенемдермен емдеу кезінде құрысулар пайда болуы ықтимал. Құрысулар көбіне орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапының бұзылуы (мысалы, инсульт немесе сыртартқысында құрысудың болуы) бұрыннан болған емделушілерде, бүйрек функциясының бұзылуында және 500 мг-ден артық дозасы кезінде кездескен.

Жалған жарғақшалы колит

Бактерияларға қарсы барлық дерлік препараттармен емдеген кезде С.difficile-ден болған жалған жарғақшалы колит пайда болуы және жеңілден өмірге қауіп төндіруге дейінгі ауырлыққа дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан да, егер Дорипрекс® қабылдап жүрген емделушіде диарея пайда болса, осы асқыну туралы ескеру қажет.

Сезімтал емес бактериялардың шамадан тыс өсуі

Төзімді микроорганизмдердің шамадан тыс көбейіп кетуін болдырмау үшін Дорипрекс® препаратымен ұзақ уақыт емдемеген жөн.

Вальпрой қышқылымен өзара байланысуы

Дорипрекс® препаратын вальпрой қышқылымен/натрий вальпроатымен бірге қолдану ұсынылмайды.

Ингаляциялық енгізу кезіндегі пневмонит

Дорипрекс® препаратын ингаляциялық жолмен енгізген кезде пневмонит пайда болуы мүмкін, сондықтан оны ингаляциялық жолмен енгізбеген жөн.

Бүйректік ұзақ орын басу емі

Үздіксіз бүйректік орын басу емін алып жүрген емделушілерге дорипенем-М-1 метаболитінің әсер етуі, қазіргі таңда қауіпсіздігі жөнінде зертханалық деректер жоқ деңгейге дейін артуы мүмкін. Метаболитте мақсаттық фармакологиялық белсенділік жоқ, алайда болуы ықтимал фармакологиялық әсерлері белгісіз. Қауіпсіздігін мұқият бақылау ұсынылады.

Балаларға арналған дозалар

Қазіргі таңда Дорипрекс® препаратын балаларға қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация

Дорипрекс® препаратын жүкті әйелдердің аздаған бөлігіне қолдану жөнінде деректер осы препараттың жүктілікке, ұрық пен жаңа туған нәрестенің денсаулығына жағымсыз ықпал етпейтіндігін айғақтайды. Қазіргі таңда басқа релевантты эпидемиологиялық деректер жоқ. Дорипрексті® жүкті әйелдерге қолдану ұсынылмайды. Препарат өте қажет жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін.

Дорипенемнің әйелдердің емшек сүтінің құрамына енетін-енбейтіндігі белгісіз.

Дәрігер, нәресте үшін емшек сүтінің пайдасын және Дорипрекс® препаратымен емдеудің әйелдің өзі үшін пайдасын ескере отырып, бала емізуді жалғастыру немесе тоқтату жөнінде, немесе Дорипрекс® препаратымен емдеуді жалғастыру немесе тоқтау жөнінде шешім қабылдауға тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: дорипенемнің 10-14 күн бойы әр 8 сағат сайын 2 г дозадағы 1сағаттық инфузияларын алған дені сау тұлғаларда 1 фазалы зерттеулерден бөртпе дамуының жоғары жиілігі білінді (8 адамның 5-еуінде). Түйіндік және эритематоздық элементтер түріндегі бөртпелер дорипенеммен емдеуді тоқтатқаннан кейін 10 күн ішінде басылды.

Емі: Дорипрексті® енгізуді тоқтату және ол бүйрекпен толық шығарылғанға дейін демеуші ем жүргізу керек. Дорипенем ағзадан гемодиализ арқылы жойылады, дегенмен қазіргі кезде дорипенемнің артық дозалануы кезінде гемодиализ қолданылған бірде-бір жағдай сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 20 мл құтыда (500 мг сусыз дорипенемге баламалы). 10 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Янссен Фармацевтика Н.В., Бельгия

Мекенжайы: Турнхоутсевег 30, B-2340 Беерсе, Бельгия.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы:

«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей

121614, Мәскеу, Крылатская к-сі, 17/2

Тел.: (495) 755-83-57 Факс: (495) 755-83-58

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Джонсон & Джонсон» ЖШҚ филиалы

050040, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, павильон № 23 «А»

Тел.: +7 (727) 356 88 11

е-mail: DrugSafetyKZ@its.jnj.com

Прикрепленные файлы

645846781477976627_ru.doc 120 кб
474747521477977769_kz.doc 134.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники