Дорипенем - Элеас
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дорипенем-Элеас
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дорипенем
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 500 мг ұнтақ
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 500 мг дорипенем моногидраты (дорипенемге баламалы)
Сипаттамасы
Ақтан сары түске дейінгі ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияларға қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар.
Бактерияларға қарсы басқа да бета-лактамды препараттар. Карбапенемдер. Дорипенем.
АТХ коды J01DH04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дорипенемнің фармакокинетикалық параметрлері оны 500 мг-ден 2 г-ге дейінгі дозаларда 1 сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде және 500 мг-ден 1 г-ге дейінгі дозаларда 4 сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде тағайындағанда дозаға байланысты болады.
Бүйрек функциясы қалыпты адамдарда 7 – 10 күн бойы әрбір 8 сағат сайын 500 мг немесе 1 г көп реттік көктамырішілік инфузиядан кейін дорипенемнің жиналып қалу белгілері байқалған жоқ.
Дорипенемнің қан плазмасы ақуыздарымен орташа байланысу дәрежесі 8.1% құрайды және оның плазмадағы концентрациясына байланысты емес. Стационарлы жағдайда таралу көлемі шамамен 16.8 л-ге тең. Дорипенем тіндерге және биологиялық сұйықтықтарға жақсы өтеді және көптеген бактериялардың өсуін басу үшін қажетті концентрацияларға жетеді.
Дорипенемнің ашық сақиналы микробиологиялық тұрғыдан белсенді емес метаболитіне биоайналуы көбіне дегидропептидаза-I әсерімен жүреді. Дорипенемнің метаболизмі CYP450 жүйесінің изоферменттерінің және басқа ферменттердің әсерімен, НАДФ қатысуымен де және қатысуынсыз да, байқалды.
Дорипенем негізінен бүйрек арқылы өзгермеген күйінде элиминацияланады. Қан плазмасынан жартылай шығарылуының орташа ақырғы кезеңі 1 сағатқа жуықты құрайды. Орташа бүйректік клиренсі сағатына 10.3 л құрайды. Дорипенемнің 500 мг бір дозасын қабылдаған кезде, дозаның 71%-ы несептен өзгермеген күйінде және 15%-ы ашық сақиналы метаболит түрінде табылады. Радиобелсенді түрде таңбаланған дорипенемнің 500 мг бір дозасын қабылдағанда нәжістен жалпы радиобелсенділіктің 1%-дан азы табылды.
Фармакодинамикасы
Дорипенем-Элеас – құрылымы жағынан басқа бета-лактамды антибиотиктерге ұқсас, әсер ету ауқымы кең синтетикалық карбапенемді антибиотик. Аэробтық және анаэробтық грамоң және грамтеріс бактерияларға қарсы белсенділігі күшті. Имипенеммен және меропенеммен салыстырғанда, ол P. аeruginosa-ға қатысты 2-4 есе белсендірек. Бактериялық жасуша қабырғалары биосинтезінің тежеу жолымен бактерицидтік әсер береді. Дорипенем-Элеас көптеген маңызды пенициллинмен байланыстыратын ақуыздардың (ПБА) белсенділігін төмендетеді, ол бактериялардың жасушалық қабырғалары синтезінің тежелуіне және әрі қарай бактериялар жасушаларының қырылуына әкеледі. Дорипенем-Элеастің 1, 2 және 4 S. аureus ПБА-ға қатысты өте үлкен аффинитеті бар. E. coli және P. aeruginosa жасушаларында дорипенем бактериялық жасушалардың формасын сақтауға қатысатын 2 ПБА-мен, сондай-ақ 3 және 4 ПБА-мен тығыз байланысады.
Дорипенем-Элеас басқа антибиотиктердің әсерін әлсіз бәсеңдетеді, сондай-ақ басқа антибиотиктермен бәсеңдетілмейді. P. аeruginosa-ға қатысты аддитивті белсенділігі немесе амикацинмен және левофлоксацинмен, сондай-ақ грамоң бактерияларға қатысты даптомицинмен, линезолидпен, левофлоксацинмен және ванкомицинмен әлсіз синергизм танытатыны сипатталған.
Төзімділік механизмдері
Бактериялардың дорипенемге төзімділік механизмдеріне оның карбапенемді гидролиздейтін ферменттермен, мутантты немесе жүре келе пайда болған ПБА-мен белсенділігінің жойылуы, сыртқы жарғақша өткізгіштігінің және дорипенемнің бактериялық жасушалардан белсенді ағынының нашарлауы жатады. Дорипенем-Элеас бета-лактамазалардың көбісімен, грамоң және грамтеріс бактериялар өндіретін пенициллиназаны және цефалоспориназаны қоса, гидролизге төзімді; бұл арада дорипенемді гидролиздеуге қабілетті салыстырмалы түрде сирек бета-лактамазалар есептелмейді. Микробиологиялық зерттеулер нәтижелері дорипенемнің басқа карбапенемдермен салыстырғанда P. Aeruginosa төзімді штамдарын қалыптастыру ықтималдығы анағұрлым төмен екендігін көрсеткен. Іn vitro деректері дорипенемнің басқа карбапенемдермен салыстырғанда эртапенем, имипенем, меропенем, карбенициллин, цефтазидим, ципрофлоксацин және тобрамицинге төзімді P. Aeruginosa қатысты ең төмен аз бәсеңдететін концентрациясы (ЕТБК) болатынын көрсетіп отыр. Айқаспалы төзімділіктің болу мүмкіндігіне қарамастан, басқа карбапенемдерге төзімді кейбір штамдар дорипенемге сезімтал келеді.
Грамоң аэробтар: Enterococcus faecalis*, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар)*, Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал штаммдар), Staphylococcus haemolyticus (метициллинге сезімтал штаммдар), Streptococcus agalactiae (макролидтерге сезімтал штаммдарды қоса), Staphylococcus saprophyticus, Streptococcus intermedius*, Streptococcus constellatus*, Streptococcus pneumoniae (пенициллинге немесе цефтриаксонға төзімді штаммдарды қоса), Streptococcus pyogenes
Viridans тобының стрептококктері (пенициллинге орташа сезімтал немесе төзімді штаммдарды қоса)
Грамтеріс аэробтар: Acinetobacter baumannii*, Acinetobacter calcoaceticus, Aeromonas hydrophila, Citrobacter diversus, Citrobacter freundii (цефтазидимге сезімтал емес штаммдарды қоса), Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae* (цефтазидимге сезімтал емес штаммдарды қоса), Haemophilus influenzae* (бета-лактамазаны өндіретін штаммдарды, немесе ампициллинге төзімді, бета-лактамазаны өндірмейтін штаммдарды қоса), Escherichia coli (левофлоксацинге* төзімді штаммдарды және ауқымы кең бета-лактамазаларды өндіретін штаммдарды қоса), Klebsiella pneumoniae* (ESBL өндіретін штаммдарды қоса - ауқымы кең b-лактамазаны қоса), Klebsiella oxytoca, Morganella morganii, Proteus mirabilis* (ESBL өндіретін штаммдарды қоса), Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa* (цефтазидимге төзімді штаммдарды қоса), Salmonella тегінің түрлері, Serratia marcescens (цефтазидимге сезімтал емес штаммдарды қоса), Shigella тегінің түрлері
Анаэробтар: Bacteroides fragilis*, Bacteroides caccae*, Bacteroides ovatus, Bacteroides uniformis*, Bacteroides thetaiotaomicron*, Bacteroides vulgarus*, Bilophora wadsworthia, Clostridium, Peptostreptococcus magnus, Peptostreptococcus micros* тегінің түрлері, Porphyromonas тегінің түрлері, Prevotella, Suterella wadsworthia тегінің түрлері
Төзімділігі жүре келе пайда болуы мүмкін түрлер: Burkholderia cepacia.
Төзімді микроорганизмдер:
грамоң аэробтар - метициллинге төзімді стафилококктар; Enterococcus faecium;
грамтеріс аэробтар - Stenotrophomonas maltophila
*Клиникалық зерттеулерде дорипенемге қатысты белсенді болған түрлер.
Қолданылуы
Дорипенем - Элеас дорипенемге сезімтал бактериялардың штаммдарынан болған инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген
- нозокомиальді пневмонияда, өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) нәтижесінде пайда болған пневмонияны қоса
- асқынған интраабдоминальді инфекцияларда
- несеп жолының асқынған инфекцияларында, асқынған және асқынбаған пиелонефритті және бактериемиямен қатарласқан жағдайларды қоса
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты қолданар алдында бактериологиялық зерттеулер жүргізу керек. Дорипенем-Элеасті 1 немесе 4 сағаттық көктамырішілік инфузиялар түрінде енгізеді.
Нозокомиальді пневмонияда, ӨЖЖ байланысты болғанды қоса есептегенде, әрбір 8 сағат сайын, 7-14 күн бойына 1 немесе 4 сағаттық инфузиялар түрінде 500 мг-ден енгізеді. Нозокомиальді пневмониямен пациенттерді емдеу үшін 1 сағаттық инфузия ұсынылады. Сезімталдығы төмен патогендермен инфекция жұқтыру қаупі болғанда 4 сағаттық инфузия ұсынылады. Асқынған интраабдоминальді инфекцияларда 500 мг-ден, әрбір 8 сағат сайын 1 сағаттық инфузия 5-14 күн бойы. Пиелонефритті қоса, несеп жолының асқынған инфекцияларында 500 мг-ден, әрбір 8 сағат сайын, емдеу ұзақтығы 10 күн.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозалар
Креатинин клиренсі >50 мл/мин пациенттерде дозаны азайтудың қажеті жоқ. Бүйрек функциясының орташа бұзылуымен (креатинин клиренсі ≥30 ≤50 мл/мин дейін) пациенттерде Дорипенем-Элеас дозасы әрбір 8 сағат сайын 250 мг болуы тиіс. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен (креатинин клиренсі >10-нан <30 мл/мин дейін) пациенттерде доза әрбір 12 сағат сайын 250 мг тең болуы тиіс.
Диализде жүрген пациенттер үшін дозалар
Дорипенем-Элеас гемодиализ кезінде қаннан шығарылады; сонымен қоса, қазіргі кезде гемодиализде жүрген пациенттерге қатысты ұсынымдарды тұжырымдауға ақпараттар жетіспейді.
Егде пациенттер үшін дозалар
Бүйрек функциясы өздерінің жасына сәйкес келетін егде пациенттерде Дорипенем-Элеас дозасын төмендету қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін дозалар
Мұндай пациенттерде Дорипенем-Элеас дозасын төмендету керек емес.
Ерітінді даярлау тәсілі
Дорипенем препаратын инъекцияға арналған 10 мл стерильді суда немесе 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Суспензияда көзге көрінетін бөгде бөлшектердің бар-жоқтығын көзбен қарап тексереді. Дайын суспензияны еккіштің жәрдемімен ішінде 100 мл физиологиялық ерітіндісі немесе 5% глюкоза ерітіндісі бар инфузиялық пакетке құяды және толық ерігенше мұқият араластырады.
Бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылуымен пациенттерге инфузияға арналған ерітіндінің 250 мг дозасын даярлау:
Дорипенем ұнтағын 10 мл стерильді инъекцияға арналған суда немесе
0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде (физиологиялық) ерітеді.
Суспензияны онда көрінетін бөгде бөлшектердің бар-жоғын қарап, көзбен шолып тексереді (бұл дайын суспензия тікелей енгізуге пайдаланылмайды).
Дайын суспензияны еккіш пен иненің көмегімен құрамында 100 мл физиологиялық ерітінді немесе 5% глюкоза ерітіндісі бар инфузиялық пакетке қосады да, толық ерігенше абайлап араластырады. Инфузиялық пакеттен 55 мл ерітіндіні алады және тастайды (ерітіндінің қалған көлемінің құрамында 250 мг дорипенем болады).
Инфузия
Инфузиялық ерітіндіні қолданар алдында механикалық қосылыстардың болмауын көзбен шолып тексереді және соңғылар анықталғанда қолдануға жарамсыз деп шығарып тастайды.
Пайдаланылмаған дорипенем ерітіндісін және басқа да қалдықтарды жергілікті ережелерге сәйкес утилизациялау қажет.
Дайын ерітіндіні сақтау талаптары
Физиологиялық ерітіндіде дайындалған инфузиялық ерітінділерді сақтау мерзімі бөлме температурасында – 12 сағат, 2-8°С-де – 72 сағат. 5% глюкоза ерітіндісінде бөлме температурасында 4 сағат, тоңазытқышта 48 сағат. Тоңазытқыштан алғаннан кейін инфузиялық ерітінді пациентке бөлме температурасында сақтаудың рұқсат етілген уақыты ішінде енгізілуі тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлердің жиілігі төмендегідей жіктелген:
өте жиі >1/10
жиі >1/100 - <1/10
жиі емес >1/1000 - <1/100
сирек >1/10 000 - <1/1000
өте сирек >1/100 000 - <1/10 000
Өте жиі:
- бас ауыруы
Жиі:
- флебит
- жүрек айнуы, диарея; жиі емес: жалған жарғақшалы колит (Clostridium difficile туындатқан)
- қышыну, бөртпе
- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы
Басқалары: жиі: ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы, қынаптық кандидоз.
Жиі емес:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар)
- нейтропения, тромбоцитопения.
Өте сирек:
- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
дорипенемге немесе басқа да карбапенемдерге аса жоғары сезімталдық
-
анамнездағы бета-лактамдық антибиотиктерге анафилаксиялық реакциялар
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дорипенем-Элеас және пробенецидті бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені соңғысы дорипенемнің бүйректік клиренсін төмендетеді.
Дорипенем сарысуда вальпрой қышқылының деңгейін төмендетеді, сондықтан оларды бір мезгілде қолданғанда вальпрой қышқылының концентрациясына мониторинг жүргізген жөн. Дорипенем-Элеас цитохром Р450 жүйесінің негізгі изоферменттерін тежемейді, сондықтан көрсетілген ферменттермен метаболизденетін препараттармен өзара әрекеттеспейтінге ұқсайды. Дорипенем-Элеас препаратының ферменттерді индукциялау қабілеті жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Дорипенем-Элеас препаратын қолдануды бастар алдында пациенттің анамнезінде басқа карбапенемдерге немесе бета-лактамдық антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоқтығын анықтау қажет. Мұндай пациенттерде Дорипенем-Элеас препаратын үлкен сақтықпен қолданған жөн. Аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда препаратты тоқтатқан және тиісті ем жүргізген жөн. Күрделі жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксия) адреналинмен шұғыл ем жүргізуді және оттегімен емдеу, сұйықтықты, сондай-ақ антигистаминдерді, кортикостероидтарды, прессорлық аминдерді көктамырішілік енгізу мен тыныс жолдары өткізгіштігін демеуді қамтитын басқа да төтенше шаралар қабылдауды қажет етеді.
C. difficile туындатқан жалған жарғақшалы колит бактерияларға қарсы барлық дерлік препараттармен емдеген кезде пайда болуы және жеңілден өмірге қатер төндіруге дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Нақ сондықтан, егер Дорипенем-Элеас қабылдап жүрген пациентте диарея пайда болса, бұл асқынуды ескеру қажет.
Резистентті микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне жол бермеу үшін Дорипенем-Элеас препаратымен ұзақ емдеуден аулақ болу керек. Дорипенем-Элеас препаратын ингаляциялық енгізу кезінде пневмонит туындауы мүмкін, сондықтан оны ингаляциялық жолмен енгізуге болмайды.
Балаларға арналған дозалар
Қазіргі кезде Дорипенем-Элеас препаратын балаларға қолдану тәжірибесі жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңі
Дорипенем-Элеасты жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болу қажет. Препаратты ана үшін пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайларда ғана тағайындаған жөн.
Дорипенем-Элеаспен емдегенде дәрігер бала емізуді жалғастыру немесе тоқтату туралы туралы шешім қабылдауы тиіс, өйткені дорипенемнің емшек сүтіне өтуі туралы деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: түйінді және эритематозды бөртпе.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық және демеуші ем тағайындау ұсынылады. Препарат гемодиализ жүргізген кезде шығарылады, алайда препарат артық дозаланған кездегі осы емшараның тиімділігі белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Резеңке тығынмен герметикалық тығындалған, қорғағыш пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған немесе қорғаныш пластмасса қақпақсыз алюминий қалпақшамен қаусырылған, түссіз шыны құтыға препарат 500 мг-ден салынған. Әрбір құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылған.
Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
40 құтыдан топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ӨФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Тіркеу куәлігінің иесі
«ӨФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ӨФК Элеас» ЖШС
040707, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,
Іле ауданы, Боролдай а,
тел. 8(727)3980430, факс. 8(727)3711900,
e-mail: pfkeleas@gmail.com