Допегит® (Methyldopa (levorotatory))

МНН: Метилдопа
Производитель: ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАВОД ЭГИС ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Метилдопа (левовращающая)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015863
Информация о регистрации в РК: 07.02.2020 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 10256/14/19
Информация о регистрации в РБ: 19.09.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 28.53 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Допегит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Метилдопа

Дәрілік түрі

250 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - сусыз метилдопа 250 мг (метилдопа сесквигидратына баламалы 282 мг),

қосымша заттар: жүгері крахмалы, этилцеллюлоза, тальк, натрий крахмалы гликоляты (Атипі), стеарин қышқылы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақ немесе сұрғылт ақ, жайпақ, ойығы бар, бір жағы тегіс, келесі жағында DOPEGYT ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гипотензивті препараттар. Орталықтық адреностимуляторлар. Метилдопа (солға айналатын).

АТХ коды C02A B01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Метилдопаның асқазан-ішек жолында сіңуі тұрақты емес. Ішке қабылдағаннан кейін биожетімділігі 25% құрайды. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына 2-3 сағаттан кейін жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 20% кем. Метилдопаның негізгі және қарқынды метаболизмінің орны - бауыр. Препараттың белсенді метаболиті - альфа-метилнорадреналин - орталықтық адренергиялық нейрондардан туындайды. Одан басқа, несеппен экскрецияланатын көптеген басқа метаболиттер белгілі.

Шамамен метилдопаның 2/3 метилдопа немесе сульфатты конъюгат түрінде несеппен шығарылады, ал қалған мөлшері нәжіспен өзгермеген түрінде шығарылады. Шығарылуы қос фазалы сипат иеленген. Бүйректің қалыпты функциясында жартылай шығарылу кезеңі 1,8 ± 0.2 сағатқа тең. Препараттың белсенді компоненті организмнен 36 сағат ішінде толық шығарылады.

Метилдопа гемодиализде шығарылады. Алтысағаттық гемодиализ айналымдағы қаннан метилдопаның сіңген 60% дозасын шығаруы мүмкін, ал перитонеальді диализ 20 - 30 сағат ішінде шамамен 22 - 39% шығарады.

Метилдопа плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтіне бөлінеді.

Бір дозасын ішке қабылдағаннан кейін артериялық қысымның ең жоғары төмендеуі 4-6 сағаттан кейін болады және 12-24 сағатқа созылады.

Қайталап қабылдағаннан кейін ең жоғары гипотензивті әсері 2 – 3 күн ішінде дамиды. Препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін АҚ 1 - 2 күн ішінде бастапқы деңгейіне қайтады.

Бүйрек жеткіліксіздігінде метилдопаның шығарылуы бүйрек функциясының төмендеу дәрежесіне қарай баяулайды. Ауыр бұзылуда (гемодиализсіз) метилдопаның жартылай шығарылу кезеңі 10 есе ұзарады.

Фармакодинамикасы

Препараттың белсенді заты - метилдопа – орталықтық әсерімен гипертензияға қарсы дәрі болып табылады. Оның әсер ету механизмі қазіргі кезеңде толық белгісіз. Орталық жүйке жүйесінде түзілетін белсенді метаболит (α–метилнорадреналин) симпатикалық тонусты төмендетіп, орталықтық тежейтін пресинапстық α2-адренорецеторларды стимуляциялайды; допаминергиялық жүйке ұштарында жалған нейромедиатор ретінде эндогенді допаминнің орнын басады; плазма ренинінің белсенділігін төмендетеді және шеткергі қантамырларының кедергісін азайтады; допа-декарбоксилаза ферментін басады, осылайша норадреналин, дофамин, серотониннің синтезін және норадреналин мен адреналиннің тіндердегі концентрациясын төмендетеді.

Допегит жүрек функциясына тікелей әсер білдірмейді, қанның минуттық көлемін төмендетпейді, рефлекторлы тахикардияны туындатпайды, сондай-ақ шумақтық сүзіліс жылдамдығын, бүйректік қан ағымын, сүзілетін фракцияны төмендетпейді. Кейбір жағдайларда жүректің жиырылу жиілігі төмендейді. Препарат емделушінің жатқан қалпында, сондай-ақ тұрған қалпында да артериялық қысымды төмендетеді және тек сирек жағдайларда ортостатикалық гипотензияны туындатады.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған таблеткалар. Таблетканы ас қабылдауға дейін немесе кейін қабылдауға болады.

Ұсынылатын бастапқы доза - 250 мг тәулігіне 2-3 рет алғашқы екі күн ішінде. Содан кейін тәуліктік доза артериялық қысымның төмендеу дәрежесіне қарай, екі күндік аралықпен жоғарылатуы немесе төмендетілуі мүмкін. Емдеу курсының басында болуы мүмкін седативті әсерінің айқындығын төмендету үшін және дозаны жоғарылатуда алдымен кешкі дозаны жоғарылатады. Демеуші доза - 500-2000мг тәулігіне 2-4 рет.

Тәулігіне 2 г дозада препараттың тиімділігі жеткіліксіз болғанда басқа гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімін қолдану ұсынылады.

1 - 3 ай емдегеннен кейін төзімділік дамуы мүмкін. Артериялық қысымды тиімді бақылауды диуретикті қосу арқылы немесе метилдопаның дозасын жоғарылатумен қалпына келтіруге болады.

Допегитті қабылдауды тоқтатқаннан кейін артериялық қысым кері әсер құбылысынсыз 48 сағаттан кейін бастапқы деңгейіне оралады.

Допегитті басқа гипертензияға қарсы препараттарды қабылдайтын емделушілерге алдыңғы препаратты біртіндеп тоқтата отырып қолдануға болады. Осындай жағдайларда ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 500 мг құрайды. Керек емдік әсерге қол жеткізу үшін дозаны кем дегенде екі күндік аралықпен жоғарылатуға болады.

Егер Допегит басталған гипертензияға қарсы емге қосымша ем ретінде қолданылатын болса, біріктірілген емге ауысу асқынусыз өту үшін, гипертензияға қарсы препараттың дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін.

Егде жастағы емделушілерде бастапқы доза төмен болуы тиіс және тәулігіне 500мг аспауы керек. Қажет болғанда дозаны біртіндеп тәулігіне 2 г ең жоғары дозаға дейін, одан асырмай әрбір 2 тәулікте біртіндеп жоғарылатуға болады.

Егде жастағы емделушілердегі жоғары сезімталдықпен және қантамырлары қуысының айқын тарылуымен байланысты болуы мүмкін, егде жастағы емделушілерде жиі байқалатын синкопальді жағдайдан (естен тану) төмен дозаларды пайдаланып сақтануға болады.

Бүйрек функциясының бұзылуында төмен дозаларды қолдану керек. Жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы бүйрек жеткіліксіздігінде (шумақтық сүзіліс жылдамдығы ШСЖ > 50 мл/мин) қабылдау арасындағы 8 сағаттық интервалды, орташа дәрежедегі ауырлықтағы бүйрек жеткіліксіздігінде (ШСЖ = 10-50 мл/мин) 8-12 сағат интервалды, ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінде (ШСЖ < 10 мл/мин) 12- 24 сағат интервалды сақтау керек.

Метилдопа гемодиализ кезінде шығарылатын болғандықтан, осы емшарадан кейін артериялық қысымның жоғарылауынан сақтану үшін емделушіге 250 мг қосымша дозаны тағайындау керек.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Балалардағы ұсынылатын бастапқы доза 2-4 қабылдауға дене салмағына тәулігіне 10 мг/кг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны кем дегенде екі күн интервалмен біртіндеп жоғарылатуға (дене салмағына 65 мг/кг дейін) болады. Тәуліктік доза 3000 мг аспауы керек.

Препарат дозасы және емдеу ұзақтығы емделушінің клиникалық жағдайына байланысты жекелей дәрігермен анықталады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10)

- Кумбстің оң тесті

Сирек (≥ 1/10 000 и <1/1000)

-гемолитикалық анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения

Өте сирек (<1/10 000)

-миокардит, перикардит

-паркинсонизм

-стенокардияның күшеюі

-панкреатит

-гепатит, бауыр некрозы

Белгісіз (бар деректер негізінде жиілігін бағалау мүмкін емес)

-сүйек кемігінің бәсеңдеуі, антиядерлік антиденелерге оң тест, LE-жасушалар, ревматоидты фактор

-гиперпролактинемия, гинекомастия, галакторея, аменорея

- әдетте айқын емес қорқынышты түстер көру, өтпелі психоз немесе депрессия, либидоның төмендеуі

- бет жүйкесінің шеткергі парезі, сылбырлық, ырықсыз хореоатетозды қимыл, ми қанайналымы жеткіліксіздігінің симптомдары (мүмкін, гипотензиямен байланысты), бас ауыруы, седация (әдетте өтпелі), апатия, әлсіздік, бас айналуы, парестезия

- іркілген жүрек жеткіліксіздігі, синусты брадикардия, ісінулер, дене самағының артуы. Ісінулер және дене салмағының артуы әдетте диуретиктермен емдеуге жауап береді. Егер ісінулер айқынырақ байқалса, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары пайда болса, препаратпен емдеуді тоқтату керек

- каротидті синус сезімталдығының жоғарылауы, ортостатикалық гипотензия (бұл кезде дозаны төмендету ұсынылады)

- мұрынның бітелуі

- колит, құсу, сілекей бездерінің қабынуы, тілдің ауыруы немесе қараюы, жүрек айнуы, іш қату, метеоризм, ауыздың құрғауы

- холестаз, сарғаю, бауырдың функциональді сынамаларының бұзылуы

- уытты эпидермальді некролиз, экзема, лихеноидты бөртулер

- импотенция, эякуляцияның бұзылуы

- қанның қалдық азотының жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді немесе басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- метилдопаны бұрын қолданумен байланысты бауыр функциясының бұзылуы

- бауыр ауруының белсенді сатысы (белсенді гепатит немесе белсенді цирроз)

- моноаминооксидаза тежегіштерімен қатар емдеу

- депрессия

- феохромоцитома

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Допегитті моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Келесі препараттармен бір мезгілде қолдану айрықша сақтықты талап етеді:

  • Допегит препаратының гипотензивті әсерін төмендететін препараттар:

- симпатомиметиктер

- үшциклді антидепрессанттар

- фенотиазиндер (сонымен қатар аддитивті гипотензивті әсер мүмкін)

- темірдің пероральді препараттары (сульфат және темір глюконаты/II) (метилдопаның биожетімділігін төмендетуі мүмкін)

- стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

- эстрогенді препараттар

  • Допегит препаратының гипотензивті әсерін күшейтетін препараттар:

- басқа да гипертензияға қарсы препараттар (гипотензивті әсері жинақталуы мүмкін)

- анестетиктер

Допегит және келесі препараттар бір бірінің әсерін өзгертуі мүмкін:

- литий препараттары (литиймен уыттану дамуы мүмкін)

- леводопа (паркинсонға қарсы әсері төмендеуі және орталық жүйке жүйесіне жағымсыз әсері күшеюі мүмкін)

- этанол және орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін басқа препараттар (орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуінің күшеюі)

- антикоагулянттар (антикоагулянттық әсерінің күшеюі, қан кету қаупі)

- бромокриптин (пролактин концентрациясына жағымсыз әсері мүмкін)

- галоперидол (когнитивті функциясы бұзылуы мүмкін – бағдарсыздық және сананың шатасуы).

Айрықша нұсқаулар

Құрамында метилдопа бар препараттармен емдеу үдерісінде сирек жағдайларда гемолитикалық анемия дамуы мүмкін. Гемолитикалық анемияға нұсқайтын симптомдар дамыған жағдайда гематокрит пен гемоглобин деңгейін анықтау керек. Анемия расталған жағдайда, ары қарай гемолизді дәлелдейтін зерттеулер жүргізу керек. Егер гемолитикалық анемия расталса, метилдопаны қабылдауды дереу тоқтату керек. Препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін гемолитикалық анемия кортикостероидтармен емдеу көмегімен немесе онсыз тез қайтады. Сирек жағдайларда өліммен аяқталатын жағдайлар байқалды. Егер гемолитикалық анемия метилдопа қабылдаумен туындаса, емделушіге ары қарай осы препаратты қабылдауына болмайды. Допегитті ұзақ уақыт қабылдағанда кейбір емделушілерде Кумбстің оң тестісі байқалуы мүмкін. Кумбстің оң тестісі әдеби деректер бойынша осы препаратты қабылдайтын 10 - 20% емделушілерде болуы мүмкін. Кумбстің оң тестісі емдеудің алғашқы 6 айының ішінде сирек кездеседі. Егер ол 12 ай ішінде дамымаса, осы препаратты ары қарай қабылдағанда оның даму мүмкіндігі төмен. Кумбстің оң тестісі дозаға байланысты, тәулігіне 1 г аз дозада оның даму мүмкіндігі төмен. Допегитпен емдеу аясында дамыған Кумбстің оң тестісі препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін тек бірнеше аптадан немесе айдан кейін теріс болуы мүмкін.

Емдеу курсын бастар алдында, сондай-ақ Допегитпен емдеудің 6 және 12 айында қанның формалық элементтерінің санын тексеру және Кумбстің оң тестісін жасау керек.

Өздігінен бұрын Кумбстің оң тестісінің болуы немесе оның емдеу аясында емделушіде дамуы Допегитпен емдеу үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды. Егер Кумбс тестісі Допегитпен емдеу аясында оң болса, гемолитикалық анемияның барын және Кумбстің оң тестісінің клиникалық мәнін тексеру керек.

Кумбстің оң тестісінің бары туралы ақпарат қанның сыйымдылығына айқаспалы сынаманы бағалауда көмектеседі. Допегит қабылдайтын емделушіге қан құю керек болғанда Кумбстің тікелей және тікелей емес тестісін жасау керек. Гемолитикалық анемия болмаған жағдайда әдетте тек Кумбстің тікелей тестісі оң болады. Өздігінен Кумбстің оң тестісі қанның айқаспалы сыйымдылығына немесе типтелуіне әсер етпейді. Егер Кумбстің тікелей емес тестісі оң болса, гематолог немесе трансфузиолог маманның кеңесі керек.

Емдеу кезінде лейкопения, гранулоцитопения және тромбоцитопенияның сирек жағдайлары болуы мүмкін. Әдетте гранулоциттер саны метилдопаны қабылдауды тоқтатқаннан кейін қалпына келеді. Тромбоцитопения да өтпелі сипат иеленген.

Кейбір жағдайларда эозинофилия және бауыр функциясының бұзылуымен қатар жүретін қызба дамуы мүмкін. Сондай-ақ температураның жоғарылауымен немесе онсыз сарғаю дамуы мүмкін. Осы симптомдар әдетте емнің 2-ші – 3-ші айларында дамиды. Кейбір жағдайларда симптомдардың холестазбен байланысты болғаны анықталды.

Бауыр функциясының бұзылуымен кейбір емделушілерде биопсия алынды. Гистологиялық зерттеулер аса жоғары сезімталдық реакциясына сипатты фокальді некрозды анықтады.

Допегитпен емді бастар алдында және емдеу курсының алғашқы 6–12 аптасы бойы, сондай-ақ этиологиясы белгісіз қызба дамығанда кез келген уақытта бауыр функциясын анықтауға тестілер, сондай-ақ қанның сапалы және сандық талдауын жасау ұсынылады.

Сондықтан қызба пайда болған жағдайда, бауыр ферменттерінің белсенділігі өзгергенде немесе сарғаюда Допегитпен емдеу курсын дереу тоқтату керек. Егер осы жағдай аса жоғары сезімталдық реакциясымен туындаса, температураның жоғарылауы және зертханалық параметрлерінің өзгеруі препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады. Осындай емделушілерге кейіннен Допегитті тағайындауға болмайды.

Сыртартқысында бауыр ауруымен немесе функциясының бұзылуымен емделушілерге аталған препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Допегит қабылдайтын емделушілерге, анестетиктердің дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Егер анестезия кезінде возникает гипотензия дамыса, оны түзету үшін қантамырларын тарылтатын препараттарды енгізуге болады. Адренергиялық рецепторлар метилдопаны қолданғанда сезімталдықты сақтайды.

Кейбір емделушілерде Допегитті қабылдау кезінде ісінулер немесе дене салмағының артуы пайда болуы мүмкін; осындай жағдайларда диуретиктер тағайындау керек. Допегитпен емдеуді ісінулер күшейгенде немесе жүрек жеткіліксіздігі симптомдары дамыған жағдайларда жалғастыруға болмайды.

Метилдопа диализ кезінде шығарылады. Сондықтан осы емшарадан кейін гемодиализдегі емделушілерде артериялық қысым жоғарылауы мүмкін.

Ми қантамырларының ауыр екі жақты зақымдануымен емделушілерде сирек жағдайда ырықсыз хореоатетозды қимыл пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайларда емді тоқтату керек.

Допегитті бауыр порфириясымен емделушілерге немесе олардың жақын туыстарына тағайындау жоғары сақтықты талап етеді.

Допегитті фосфовольфрамқышқылды әдіспен несептегі несеп қышқылының құрамын, сілтілі-пикратты әдіспен сарысу креатининін анықтау және АСТ ферментін колориметриялық анықтаудың талдауларының нәтижелерін өзгертуі мүмкін. Қазіргі уақытқа дейін метилдопаның АСТ анықтаудың спектрофотометриялық нәтижесін өзгерткені туралы деректер жоқ.

Метилдопа катехоламиндердегідей толқын ұзындығында флуоресценция иеленгендіктен, Допегитті қолдану жалғанпозитивті нәтижелер беруі мүмкін, несепте катехоламиндердің жоғары концентрациясы анықталуы мүмкін болғандықтан, ол феохромоцитоманы диагностикалауға кедергі етеді. Әйтсе де метилдопа несепте ВМҚ (ванилилминдаль қышқылы) өлшеу нәтижесіне әсер етпейді.

Емдеу кезінде алкоголь қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Артериялық гипертензияда жүктілерде препаратты мұқият медициналық бақылаудан кейін тағайындау керек. Бар деректер ұрық немесе жаңа туғандарда зақымдану белгілерін анықтаған жоқ.

Препаратты жүкті әйелдерге, жүктілікті жоспарлаған әйелдерге және жүкті болу мүмкіндігі бар әйелдерге, тек емнің күтілген пайдасы болуы мүмкін қауіптен артық болған жағдайда ғана тағайындауға болады. Метилдопа плацента арқылы өтеді және кіндікбау қанында және емшек сүтінде анықталады. Допегитті бала емізетін аналарға тек емнің күтілген пайдасы мен болуы мүмкін қаупін мұқият салыстырғаннан кейін тағайындауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын басқару және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Допегит седативті әсер иеленуі мүмкін, ол әдетте өтпелі болады және емнің басында немесе дозаны жоғарылатқанда байқалуы мүмкін. Егер емделушіде седативті әсерінің дамуына сілтейтін симптомдар дамыса, онда оларға көлік құралдарын басқаруға және зейінді жұмылдыруды қажет ететін жұмыстарды жасауға тыйым салынады.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын артериялық гипотензия, брадикардия, ұйқышылдық, әлсіздік, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, ішек атониясы, метеоризм, іш қату, диарея.

Емі: симптоматикалық ем – асқазанды шаю, құсық шақыру (егер препарат жуық арада қабылданса). Препарат сіңгеннен кейін оның бүйректермен шығарылуын сұйықтықтар енгізумен стимуляциялауға болады. Жүректің жиырылу жиілігін, қанның минуттық көлемін және қан көлемін, электролиттік теңгерім, ішек пен бүйрек функцияларын, сондай-ақ мидың функциясын бақылау талап етіледі. Көрсетілімдеріне қарай, симпатомиметиктер тағайындалады (мысалы, адреналин). Созылмалы артық дозалануға күдіктенгенде, Допегит препаратын қабылдауды тоқтату керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 таблеткадан амортизатор-қатпармен жабдықталған және алғашқы ашылуы бақыланатын полиэтилен қақпағымен, қоңыр шыныдан жасалған құтыларға салынған. Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия

Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41

e-mail: egis@egis.kz

 

Прикрепленные файлы

422596711477976488_ru.doc 91.5 кб
518031251477977648_kz.doc 116 кб
10256_14_19_p.pdf 0.45 кб
10256_14_19_s.pdf 0.62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ