Дона®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Римантадин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Римантадин
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 50 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – римантадин гидрохлориді - 50.0 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций (магний) стеараты
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, ойығы бар, ақ түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Вирустарға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Циклдік аминдер. Римантадин.
АТХ коды J05AC02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін ішекте толық дерлік сіңеді. Сіңуі – баяу. TCmax – 1-4 сағат. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 40%-ға жуық. Мұрын секретіндегі концентрациясы плазмадағыдан 50%-ға жоғары. Тәулігіне 1 рет 100 мг қабылдаған кездегі ең жоғары концентрация шамасы Cmax - 181 нг/мл, тәулігіне 2 рет 100 мг-ден – 416 нг/мл.
Бауырда метаболизденеді. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі – 24-36 сағат; 90%-дан астамы бүйрек арқылы 72 сағат ішінде, негізінен метаболиттер түрінде, 15%-ы өзгермеген күйінде шығарылады.
Бүйрек жеткіліксіздігінде жартылай шығарылу кезеңі 2 есе артады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда және егде жастағы адамдарда, егер доза креатинин клиренсінің азаюына пропорционалды түрде түзетілмесе, уытты концентрацияларда жиналып қалуы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Римантадин - вирусқа қарсы дәрі, адамантан туындысы; А тұмауы вирусының әр түрлі штамдарына қатысты тиімді. Уыттануға қарсы және иммунитет модуляциялаушы әсері бар.
Полимерлі құрылымы организмде римантадиннің ұзақ айналымда болуын қамтамасыз етеді, бұл оны тек емдік мақсатта ғана емес, аурудың алдын алу мақсатында да қолдануға мүмкіндік береді. Спецификалық репродукцияның ерте сатысын басады (вирус жасушаға енгеннен кейін және РНҚ-ның бастапқы транскрипциясына дейін), жасушадан вирустық бөлшектердің шығуын бәсеңдетеді, яғни вирустық геном транскрипциясын үзеді; альфа және гамма интерферондары өндірілуін индукциялайды, лимфоциттер – табиғи киллерлер (NK-жасушалар), T- және B-лимфоциттер функционалдық белсенділігін арттырады.
Қолданылуы
-
ересектерде және 7 жастан асқан балаларда тұмауды ерте сатысында
емдеуде және алдын алуда
- эпидемия кезеңінде ересектерде тұмаудың алдын алу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтан соң сумен ішіп қабылдау керек.
Препарат қолдануды тұмаудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін бірден бастау қажет. Емдік әсері егер оны қолдану алғашқы 48 сағат ішінде басталған болса, барынша айқын болады.
Тұмауды емдеу
Ересектер және 15 жастан асқан балаларға 1-ші күні тәулігіне 300 мг (6 таблеток) 2-3 қабылдауға;
2-ші және 3-ші күндері 100 мг (2 таблетка) тәулігіне 2 рет;
4-ші және 5-ші күндері 100 мг (2 таблетка) тәулігіне 1 рет.
7-10 жастағы балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет, 11–14 жас –
1 таблеткадан күніне 3 рет. Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Тұмаудың алдын алуда: ересектерге 1 таблеткадан күніне бір рет 10-15 күн ұзақтықпен.
Жағымсыз әсерлері
-
бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық, үрей, зейін шоғырландырудың нашарлауы, тремор, шамадан тыс қажу, атаксия, қатты қозғыштық, депрессия, эйфория, гиперкинез
-
ауыздың құрғауы, анорексия, жүрек айнуы, құсу, гастралгия, метеоризм
-
гипербилирубинемия
-
аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну, есекжем)
Болуы мүмкін
-
созылмалы қатар жүретін аурулардың асқынуы (емдеу кезеңінде)
-
геморрагиялық инсульт дамуы (артериялық гипертензиясы бар егде жастағы емделушілерде)
-
тері жабындарының бозаруы, тахикардия
-
ентігу, жөтел, бронх түйілуі
-
құлақтың шуылдауы, дәм және иіс сезінудің өзгеруі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
адамантан тобының туындыларына және препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
жедел бауыр жеткіліксіздігі
-
бүйрек жеткіліксіздігі
-
тиреотоксикоз
-
жүктілік, лактация кезеңі
-
7 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен
- артериялық гипертензия
- эпилепсия (оның ішінде сыртарқыда)
- ми қантамырлары атеросклерозы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы қан плазмасында Римантадиннің концентрациясын төмендетеді және оның тиімділігін азайтады. Циметидин римантадиннің клиренсін 18%-ға төмендетеді.
Римантадин эпилепсияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді. Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелейтін дәрілер Римантадиннің сіңуін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Асқазан-ішек жолы аурулары, бауыр функциясы бұзылулары, ауыр жүрек аурулары және жүрек ырғағының бұзылулары бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу керек. Бұл жағдайларда препарат дозасын төмендету ұсынылады. Римантадинмен емдеу кезеңінде алкоголь сусындарын қабылдаудан бас тартқан жөн.
Сыртартқысында эпилепсия және Римантадинді қолдану аясында құрысуға қарсы ем жүргізілгені көрсетілген жағдайда эпилепсиялық ұстаманың пайда болу қаупі жоғарылайды. Мұндай жағдайларда препарат дозасын күніне 100 мг дейін (2 таблетка) төмендетеді. Егер ұстама дамыса, Римантадин қабылдауды тоқтатады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Римантадин көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді, бірақ бас айналу, бас ауыру немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа да жағымсыз әсерлер туындайтын адамдар сақ болғандары жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: қозу, елестеулер, аритмия.
Емі: уланған кезде тіршілікті қамтамасыз ету функцияларын демеу қажет. Орталық жүйке жүйесі тарапынан симптомдары бар артық дозалану кезінде физостигминді көктамыр ішіне енгізу тиімді. Римантадин гемодиализде ішінара шығарылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан екі жағынан полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада немесе 20 таблеткадан полиэтиленнен жасалған банкіде. 250 пішінді қаптамадан немесе 20 банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптамаға) салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.
Өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Алматы қ., Нүсіпбеков к-сі, 32
тел: 397 64 29, факс: 250 71 78
e-mail: pharm@eikos.kz