Доктор Тайсс Эхинацеи настойка
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Доктор Тайсс Эхинацея тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Тұндырма 50 мл
Құрамы
100 г тұндырманың құрамында
белсенді зат –эхинацея тұндырмасы 33,3 г,
қосымша заттар: этанол 70 %, тазартылған су.
Сипаттамасы
Сары-жасыл түсті хош иісті және өзіне тән күйдіретін дәмі бар мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар.
Басқа да иммуностимуляторлар.
АТX коды L03АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Иммунитет стимуляциялайтын және қабынуға қарсы әсер көрсететін өсімдік текті препарат. Лейкоциттер санын ұлғайта және гранулоциттердің фагоцитоздық белсенділігін арттыра отырып, көбіне жасушалық иммунитетті белсенділендіреді.
Қолданылуы
Жұқпалы аурулардың алдын алуда организмнің қорғаныс күшін белсенділендіру үшін қолданады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке.
Ересектер:
- алдын алу мақсатында 20-30 тамшыдан күніне 3 рет (ауызда жұтпай, аз уақыт ұстау керек)
- жұғу ықтималдығы жоғары болғанда бір рет 50 тамшы, содан соң 10-20 тамшыдан әрбір бір-екі сағатта.
Емдеу курсы 8 аптадан аспауы керек. Емнің қайталау курстарын жүргізу үшін дәрігердің кеңесі керек.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар: бет гиперемиясы, бет ісінуі, ентігу
- бас айналуы
- артериялық қысымның төмендеуі.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- онкологиялық аурулар
- препарат компоненттеріне өте жоғары сезімталдық (оның ішінде күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге)
- үдемелі жүйелік аурулар (туберкулез, лейкемия және лейкоз, жайылған склероз)
- жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы және адамның иммунитет тапшылығы вирусы (ЖИТС және АИВ-жұқпасы)
- аутоиммундық ауру
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- созылмалы алкоголизм
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Құрамындағы спирт басқа дәрілік препараттар тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Бұлыңғырлануы және шөгуі препараттың сапасы мен тиімділігіне әсер етпейді. Тұндырманы қолданар алдында шайқау керек.
Препарат құрамында 50% алкоголь бар. Емделуші әр қабылдағанда 0,25-
1 г алкоголь қабылдайды. Қауіп тобын эпилепсиямен, алкоголизммен, бауыр қызметі бұзылуы, ми зақымдануы бар науқастар құрайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Әйелдерге жүктілік уақытында және лактация кезеңінде тағайындау ұсынылмайды, өйткені бұл жағдайлардағы препарат қауіпсіздігі зерттелмеген.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препарат құрамында этанол бар, сондықтан көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш- қақпақпен жабдықталған, бұралып жабылатын пластмасса қақпақпен тығындалған қоңыр шыны бөтелкелерге 50 мл препараттан құяды.
Бөтелкелер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Мишелинштрассе 10, D-66424 Хомбург, Германия
Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Гайдар к-сі, 198
Тел./факс: 8 (727) 268-31-66