Доктор Тайсс сироп с подорожником
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Жолжелкен қосылған Доктор Тайсс шәрбаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
100 мл немесе 250 мл шәрбат
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – ланцет тәрізді жолжелкеннің сұйық сығындысы (1:1) экстрагент – 20 % этанол - 5,0 г,
қосымша заттар: бұрыш жалбызының майы, инвертті қантты шәрбат (сахароза, декстроза, фруктоза), қант қызылшасының шәрбаты, бал, калий сорбаты, су.
Сипаттамасы
Хош иісті және өзіне тән тәтті дәмі бар қара-қоңыр түсті тұтқыр сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию мен жөтелдің симптомдарын қайтаруға арналған препараттар. Суық тию белгілерін қайтаруға арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.
АТХ коды R05Х
Фармакологиялық қасиеттері
Ланцет түріндегі жолжелкен шөбі сығындысының құрамында қабынуға қарсы, спазмолитикалық, биоадгезивті, антибактериялық және иммунитетті көтермелейтін қасиеттерімен заттар бар. Айқын муколитикалық әсер етеді, бронхтардан шырыштың эвакуациялануын жеңілдетеді. Bacillus subtilis, B. Cereus, Klebsilla pneumonia, Mucobacterium phlei, Pseudomonas aerugenosa, Proteus vulgare, Staphylococcus aureus, Streptococcus P-haemolyticus және S. Pyocyaneus сияқты микроорганизмдерге және кейбір Salmonella және Shigella штаммдарының микробтарына қарсы белсенділік көрсетеді. Ланцет түріндегі жолжелкен жапырақтарының полисахаридтері фагоцитозды және гранулоциттердің хемилюминесценциясын күшейтеді. Plantago lanceolata және/немесе оның компоненттерінің гепатопротекторлық, ісіктер өсуін тежейтін және фотоқорғағыш қасиеттері белгілі. Ланцет түріндегі жолжелкен шөбінің сығындысы ортаңғы құлақтың қабынуында тиімді. Бездер секрециясын күшейтеді, ас қорытуды қалыпқа келтіреді, шырышты қабықтардың және терінің регенерациясын жақсартады, құрамында 10-ға дейін иіткіш заттар бар, сондықтан құрғақ шикізат іріңді жараларда, баздануда, қатты тершеңдікте сеппе түрінде қолданылады.
Қолданылуы
-
қақырығы қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін тыныс жолдарының қабыну ауруларында (кешенді ем құрамында).
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішуге, судың аздаған мөлшерімен іше отырып:
-
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр 3-4 сағат сайын ½ шай қасықтан (2,5 мл), бірақ тәулігіне 4 реттен асырмай қабылдау керек;
-
6 жастан асқан балалар және жасөспірімдерге әр 2-3 сағат сайын 1 шай қасықтан (5 мл), бірақ тәулігіне 4 реттен асырмай;
-
ересектерге әр 2-3 сағат сайын 1 ас қасықтан (15 мл).
Емдеу курсының ұзақтығы 2-3 апта. Емнің ұзақтығын және қайталау курсын тағайындау дәрігермен кеңесуден кейін белгіленеді.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне (оның ішінде ара шаруашылығы өнімдеріне) жекелей жоғары сезімталдық
-
1 жасқа дейінгі балалар
-
сахароза/изомальтоза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жөтелге қарсы препараттармен және сұйылтылған қақырықтың жөтелмен шығуын қиындататындықтан қақырық түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбаған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Шәрбат құрамында көмірсутек бар, осыны қант диабетімен зардап шегетін емделушілер, сондай-ақ гипокалориялық емдәм кезінде ескеру қажет.
1 шай қасық шәрбаттың (5 мл) құрамында 1,81 г көмірсутек бар. Емделуші 0,9 г бастап (1/2 шай қасық) (0,075 нан бірлігіне сәйкес келеді) 5,43 г көмірсутекке дейін (1 ас қасық немесе 3 шай қасық) (0,45 нан бірлігіне сәйкес келеді) қабылдайды.
Жүктілік кезеңі мен бала емізу кезеңінде қолдану
Препарат жүктілік кезеңі мен бала емізу кезеңінде емдеуші дәрігермен келісе отырып қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін (оның ішінде көлік құралдарын жүргізу, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу) атқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емдеу: препаратты тоқтату.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл немесе 250 мл препараттан бұрандалы пластик қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған шыны құтыларға құйылған.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Қақпақпен тығыз жабылған қаптамада 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Мишелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия
Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
Доктор Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Гайдар к-сі, 198
Тел./факс: 8 (727) 270-50-25, 270-50-26