Доктор Тайсс Геровитал

МНН: Аскорбиновая кислота, Боярышника листьев и цветков экстракт, Боярышника плоды, Декспантенол, Железа лактат, Колекальциферол, Никотинамид, Пиридоксин, Пустырника трава, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин, Токоферол, Цианокобаламин
Производитель: Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005430
Информация о регистрации в РК: 11.12.2013 - 11.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Доктор Тайсс Геровитал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді 200 мл

Құрамы

15 мл препараттың ішінде

белсенді заттар: 3,74 мг темір (II) лактаты, 216,7 мкг (216,7 ХБ) 1000 ХБ/мг ретинол пальмитаты (А вит.), 74,7 мкг (74,7 ХБ) холекальциферол (Д3 вит.), 8,96 мг токоферилацетат (Е вит.), 0,90 мг тиамин гидрохлориді (В1вит.), 1,35 мг рибофлавин натрий фосфаты ( В2 вит.), 1,35 мг пиридоксин гидрохлориді (В6 вит.), 0,75 мкг цианокобаламин (В12 вит. цианокомплекс түрінде), 11,2 мг никотинамид, 67,3 мг аскорбин қышқылы (С вит.), 5,98 мг декспантенол, 12,0 мг долана жемісінің сығындысы, 3,0 мг долана жапырақтары және гүлдерінің сығындысы, 7,5 мг сасықшөп шөбінің сығындысы,

қосымша заттар: кремофор EL, глицерин, пропиленгликоль, бояғыш Е 160е (β-апо-8-каротинді альдегид (с 30)), сусыз лимон қышқылы, этил спирті 96%, ВНА (бета-гидроксидті салицил қышқылы ), калий сорбаты, апельсин хош иістендіргіші, натрий сахарині, метил-4-гидроксибензоат, су.

Сипаттамасы

Апельсин дәмі бар сары түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер. Басқа біріктірілімдегі поливитаминдер

АТХ коды A11AB

Фармакологиялық қасиеттері

Витаминдердің және темірдің тапшылығының орнын толтырады, жалпы нығайтатын әсерге ие.

Темір:

Асқазан-ішек жолынан сіңеді. Көкбауырда, бауырда және сүйек кемігінде жинақталады. Темірдің 2/3 асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады, қалған үштен бірі несеппен шығарылады. Эритроциттердегі және гемоглобин құрамына кіретін темір оттегіні байланыстырады және тасымалдайды. Қалған бөлігі тіндік депода (сүйек кемігінде, бауырда, көкбауырда) болады, миоглобин және бірқатар ферменттер құрамына кіреді. Эритропоэз стимуляторы болып табылады.

А витамині

Асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңеді. Ретинолдың сіңуі ыдырау немесе май сіңуінің бұзылуында және бауырдың функционалдық бұзылуында төмендеген. Витамин негізінен бауырда пальмитин қышқылының эфирі түрінде жиналады және глюкурон қышқылымен бірігуі түзілгеннен кейін бүйрекпен және бауырмен шығарылады. А витамині көз көруінің жақсаруына ықпал етеді.

В1 витамині (тиамин)

Асқазан-ішек жолынан Na-тәуелді белсенді тасымалдау есебінен сіңеді. Тиаминді пайдалануды ұлғайтқанда артығы несеппен шығарылады. Кофермент бола отырып, тиамин көмірсу, аминоқышқылдары метаболизміне, РНҚ/ДНҚ (дезоксирибонуклеин және рибонуклеин қышқылдары), өт қышқылы, нейромедиаторлар синтезіне қатысады.

В2 витамині (рибофлавин)Фосфорлануды қоса спецификалық тасымал механизмі болуына байланысты асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңеді. Барлық тіндерге таралады. Артығы несеппен шығарылады. Рибофлавин АТФ қатысуымен фосфорланады және дегидрогеназалар және оксидазалар құрамындағы тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысатын коферментті түрлерге айналады (ФМН және ФАД). Рибофлафин жасушалық тыныс алу және көріп қабылдау үдерістерінің маңызды катализаторы болып табылады.Вб витамині (пиридоксин)Асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңеді және бауырмен шығарылады. Аминқышқылы метаболизмі және ақуыз құрылысы үшін қажетті компонент болып табылады. Эритроциттер түзілуінде және жүйке жүйесінің қызмет етуінде маңызды рөл атқарады.В12 витамині (цианокобаламин)

Ішкі факторлар қатысуымен ішекте сіңеді. Сарысуда ақуыздармен байланысқан түрде болады. В12 витамині трансметилдеу үдерісі және сутегі тасымалы арқылы ақуыздар мен нуклеин қышқылдары алмасуына әсер етеді. Сондай-ақ ол қан түзу үдерісі үшін, эпителиальдық жасушалардың түзілуіне, жүйке жүйесі (миелин түзілуіне қатысады) қызмет етуі, өсуі және регенерация үдерісі үшін қажет.

С витамині

Аскорбин қышқылы плазмада және организмнің барлық жасушаларында болады. Темірдің сіңуіне әсер етеді. Несеппен шығарылады. Жараның тез жазылуына ықпал етіп, қан түзу үдерісіне қатысады.

D витамині

Асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңеді. Май сіңуі бұзылған жағдайда D витаминінің сіңірілуі төмендеуі мүмкін. D витаминінің қоры бауырда және май тіндерінде жинақталады. Бауырда метаболизденеді және шығарылады. Сүйектер мен тістердің нығаюына әсер етеді және кальций мен фосфордың құрамын реттейді.

Е витамині

Асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңеді. Май сіңуі бұзылған жағдайда Е витаминінің сіңірілуі төмендеуі мүмкін. Бауырда метаболизденеді және шығарылады. Тотығу үдерістерін реттеуге қатысады, антиоксидантты әсер етеді және жасушалық тыныс алуға әсер етеді.

Никотинамид

Асқазанның төменгі бөлігінен және он екі елі ішектің жоғарғы бөліктерінен жақсы сіңеді. Биотрансформация бауырда жүреді. Никотинамид триптофан аминқышқылдарынан эритроциттерімен, міндетті түрде В2 және В6 қатысуымен бауырда синтезделуі мүмкін. Өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Тыныс алудың белгілі бір сатысында сутегі (протондар) және электрондар акцепторлары бола отырып, тотығу үдерістерінде болатын НАД (I когидраза) және НАДФ (II когидраза) коферменттері түзілуіне қатысады.

Долана жемісінің, жапырақтарының, гүлдерінің сығындысы

Долана коронарлық тамырларды және ми тамырларын таңдап кеңейтеді, жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, жүректің және мидың оттегімен қамтамасыз етілуін күшейтеді, зат алмасуын жақсартады, жүрек ырғағын және ұйқыны, жалпы жай-күйді қалыпқа келтіреді, жүрек аумағында жағымсыз сезімдерді жояды, ауыр аурулардан соң жылдам сауығуға ықпал етіп және қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

Сасықшөп шөбінің сығындысы

Сасықшөп тыныштандыратын қасиетке ие, артериялық қысымды төмендетеді.

Қолданылуы

- темір тапшылығы анемиясы және гиповитаминоздың алдын алуда

- витаминдерге жоғары қажеттілікте, физиологиялық және психикалық стресте, аурудан, операциядан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде (әсіресе егде жаста)

- астено-невротикалық жай-күйде (біріктірілген ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

1 ас қасықтан немесе өлшегіш стақанмен (15 мл) күніне 2 рет ас қабылдауға дейін немесе ас қабылдау кезінде.

Емдеу ұзақтығы 6 аптадан кем емес уақытты құрауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Препаратты ұсынылған дозаларда қабылдағанда жағымсыз әсерлер пайда болуы күтілмейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- организмде темір жинақталуымен қатар жүретін аурулар (талассемия, гемосидероз, гемохроматоз)

- темір қорытылуының бұзылуы (сидероахрестикалық анемия, қорғасын анемиясы, пернициозды анемия/ В12 витамині жетіспеушілігі)

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- темір жинақталуы

- темірге толеранттылық бұзылуы

- эпилепсия

- бауыр ауруы

- алкоголизм

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

А витамині

Неомицин А витаминінің сіңуіне кедергі келтіреді.

Бір уақытта қабылданғанда А витамині бетаметазонның емдік әсерін төмендетеді.

В1 витамині

Басқа витаминдердің әсері, ішінара цианокобаламиннің, В1витаминдерінің ыдырау өнімдерінің қатысуында әлсіреуі мүмкін.

В6-гидрохлорид витамині

В6 витамині әсерінің төмендеуі емделушілер D-пенициламин, D-циклосерин және изоникотингидразид сияқты препараттарды қатар қабылдаған уақытта байқалуы мүмкін. Леводопа және В6 витаминінің (метаболизмнің жоғары жылдамдығына орай ) тиімділігінің өзара төмендеуі байқалды.

В12 витамині (цианокобаламин)

Цианокобаламиннің сіңуі колхицин, неомицинді, бигуанидтер класының оральді диабетке қарсы препараттарын, п-аминосалицилді қышқылдарды, хлорамфениколды және фолий қышқылын параллельді түрде қабылдауда төмендейді.

С витамині

Ацетилсалицил қышқылы және индометацин С витаминінің тиімділігін әлсіретуі мүмкін. С витамині антикоагулянттардың, үшциклды антидепрессанттардың, изопреналиннің, флуфеназин және нитрофуратоиннің әсерінің айқындығын азайтады. С витамині салицилаттардың және остеопенияны емдеуге арналған препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Е витамині

Е витамині К витаминімен қан ұю факторының синтезінде өзара әрекеттеседі. Темір препараттары (III) Е витаминінің әсерін әлсіретуі мүмкін.

Холестирамин және парафин майы майда еритін витаминдердің сіңуін төмендетеді.

Темір

Темірді шамадан тыс қолдану, әсіресе үлкен мөлшерде С витаминімен үйлестіре қабылдау организмнің темірмен қатты қанығуына, және сол арқылы іркілісті жүрек жеткіліксіздігіне, бауыр циррозы және диабетке алып келуі мүмкін.

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмады.

Артық дозалануды болдырмас үшін поливитаминді препараттарды бір уақытта қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Құрамында темір бар, препарат артық дозаланғанда жағымсыз әсерлер дамуын туындатады. Сондай-ақ темір қабылдау салдарынан нәжіс және тіс қара түске боялады. Ұсынылған тәуліктік дозаны арттыруға болмайды.

Майда еритін витаминдердің артық дозалану қаупін атап айту керек.

Қант диабеті бар науқастарда сақтықпен қолдану керек.

Препарат құрамында этил спирті бар болғандықтан препаратты эпилепсиясы бар немесе бауыр аурулары бар және алкоголизмнен зардап шегуші адамдарға қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат балалар тәжірибесінде пайдаланылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Ақпарат жоқ, дегенмен препарат құрамында этил спирті бар екенін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: А витаминімен артық дозалану бас ауыруымен, құсумен және бас айналуымен қатар жүретін ми-жұлын сұйықтығының қысымының күрт артуын туындатуы мүмкін. Никотинамидпен артық дозалану тахикардиямен, тремормен, жүрек айнуымен, құсумен, кенеттен өте қатты терлеумен, жөтелумен, тыныс алудың қиындауымен, тері бөртпесімен, жүрек қағуы жиілеуімен сипатталады. Геровитал препаратының құрамына кіретін басқа витаминдерден уыттану мүмкін емес.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем, өмірлік маңызы бар органдар қызметін бағалау, қажет болғанда жалпы клиникалық зертханалық және басқа да зерттеулер.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл препараттан бұралып бекітілетін пластмасса қақпақпен тығындалған қоңыр шыны бөтелкелерге құйылады.

Бөтелке медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ

Мишелинштрассе 10, D-66424 Хомбург, Германия

Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Гайдар к-сі, 198

Тел./факс: 8 (727) 268-31-66

 

Прикрепленные файлы

093837441477976836_ru.doc 73 кб
309171731477977995_kz.doc 74.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники