Доктор Тайсс Анги Септ

МНН: Анетол, Дихлорбензиловый спирт, Левоментол, Мяты перечной масло
Производитель: Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013479
Информация о регистрации в РК: 27.07.2020 - 27.07.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Доктор Тайсс Анги Септ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Лимон дәмі бар соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - 1,200 мг 2,4-дихлорбензил спирті, 5,4 мг ментол, 2,4 мг анетол, 0,600 мг бұрыш жалбызы майы,

қосымша заттар: сахароза, глюкоза шәрбаты, лимон қышқылы, лимон майы, лимон хошиістендіргіші, лайм хошиістендіргіші, қанды апельсин хошиістендіргіші, 1 % -каротині, тазартылған су.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, сәл иілген тегіс беткейлі, жеміске тән иісі бар, сары түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар. Тағы да басқалары.

АТХ коды А01АВ11

Фармакологиялық қасиеттері

Доктор Тайсс Анги Септ ауыз қуысында және жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы біріктірілген препарат. Антисептикалық әсері бар, грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді.

2, 4-дихлорбензил спирті антисептикалық дәрі болып табылады, анетолдың қақырықты түсіретін әсері бар.

Ментол жалбыз майының флавоноидтарымен біріктірілгенде микробқа қарсы, зеңге қарсы, қақырық түсіретін, муколитикалық әсерлерді қамтамасыз етеді және жоғарғы тыныс жолдарының жыпылықтайтын эпителий функциясының қалпына келуіне ықпал етеді. Ментол және жалбыз майын шырышты қабыққа жаққан кезде жүйке ұштарын тітіркендіреді, жергілікті ауыруды басатын жеңіл әсер береді.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы және тамақтың жұқпалы-қабыну үдерістерінің (баспа, көмей мен жұтқыншақтың қабынуы) алдын алуда және емдеуде

  • ауыз қуысы және тамақтың шырышты қабығының ауруларында (афтозды стоматит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 6 жастан үлкен балалар: әрбір 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан сору керек. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдамау керек. Емдеу мерзімі 7 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • 6 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар науқастарға сақтықпен қолдану керек, өйткені препараттың құрамына глюкоза кіреді.

Препаратты ауыз қуысында және тамақта қан ағып тұрған жаралар бар болса, қабылдамаған дұрыс.

Препаратты қабылдағаннан кейін бірден тамақтанудан және сұйықтық қабылдаудан тартына тұрған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болмайды, өйткені жеткілікті клиникалық зерттеулер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диспепсиялық бұзылыстар

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 таблеткадан алюминий фольгамен қапталған ПВХ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Бір немесе екі пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ

Мишелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия

Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Гайдар к-сі, 198

Тел./факс: 8 (727) 268-31-66

 

 

Прикрепленные файлы

938537661477976390_ru.doc 45 кб
561317931477977590_kz.doc 43.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники