Доктор Кашель
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Доктор Кашель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Шәрбат, 100 мл
Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу жүйесі. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Суық тию аурулары кезінде қолданылатын басқа препараттар.
АТХ коды R05X
Қолданылуы
Дәрілік препарат тыныс алу жолдарының инфекциясына байланысты ауруларды, бронхит, астма және аллергиялық респираторлық аурулармен байланысты жөтелді симптоматикалық емдеуге арналған.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылуы (сонымен қатар гепатит)
- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (сонымен қатар нефрит)
- артериалдық гипертензия
- гипокалиемия
- семіздік
- 2 жасқа дейінгі балалар
-тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Асқазан-өңеш рефлюксі (қыжылы) бар пациенттер препаратты қолданудан аулақ болу керек, өйткені препарат құрамындағы бұрыш жалбызы қыжылды күшейтуі мүмкін.
Өттас ауруы бар пациенттерге абайлап қолдану керек.
Егер пациентте жағымсыз реакциялар байқалса, препаратты қабылдауды тоқтатып, оны әрі қарай қабылдау маңыздылығы жөнінде дәрігерден кеңес алу керек.
Қосымша заттар
Натрий метилпарабені/натрий пропилпарабені
5 мл препараттың құрамында 10.0 мг және 1.0 мг мөлшерде натрий метилпарабені және натрий пропилпарабені бар, соған байланысты баяу типті аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Сахароза/глюкоза
5 мл препараттың құрамында 2500.0 мг және 750.0 мг мөлшерінде сахароза және глюкоза бар, препаратты қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.
Препаратты тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Сорбитол
5 мл препараттың құрамында 500.0 мг мөлшерде сорбитол бар, орташа іш жүргізетін әсер болуы мүмкін.
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға тыйым салынады.
Пропиленгликоль
5 мл препараттың құрамында 500.0 мг мөлшерде пропиленгликоль бар, алкогольге ұқсас әсер етуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Антибиотиктермен бір мезгілде қолдану препараттың әсерін күшейтеді. Басқа да жөтелге қарсы дәрілік заттармен (оның ішінде құрамында кодеин, декстрометорфан бар дәрілік заттармен), қақырықтың түзілуін азайтатын препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Жүрек гликозидтерімен, аритмияға қарсы препараттармен (хинидин), тиазидті және ілмектік диуретиктермен, адренокортикостероидтармен және іш жүргізетін дәрілермен бір мезгілде қолдану гипокалиемияны күшейтуі мүмкін.
Препарат сульфагуанидиннің сіңуін кідіртуі мүмкін.
Алкогольдік сусындары бар препараттармен немесе құрамында этанол бар препараттармен қабылдау ішектің жиырылуын күшейтуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
2 жасқа дейінгі балаларға қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Жүкті әйелдерде қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Жүктілік кезеңінде әйелдерге қолдану ұсынылмайды. Препаратты лактация кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы шарана немесе бала үшін әлеуетті қауіптен асқан жағдайларда ғана мүмкін болады.
Әйелдерде лактация кезеңінде қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Лактация кезеңінде әйелдерге қолдану ұсынылмайды. Препаратты лактация кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы шарана немесе бала үшін әлеуетті қауіптен асқан жағдайларда ғана мүмкін болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препараттың көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті зерттелмеген. Жағымсыз реакциялар (бас айналуы, ұйқышылдық) пайда болған жағдайда көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқармаған жөн.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға
1/2 шәй қасықтан (2,5 мл) күніне 3 рет.
5 жастан асқан балаларға
1 шәй қасықтан (5,0 мл) күніне 3 рет.
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға
2 шәй қасықтан (10,0 мл) күніне 3 рет.
Балалар
2 жасқа дейінгі балаларға қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр қызметінің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кезінде қолдануға тыйым салынады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек қызметінің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде қолдануға тыйым салынады.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы ауру дәрежесіне байланысты. Егер 4-5 күннің ішінде жағдай жақсармаса немесе нашарласа дәрігерге қаралыңыз.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайы туралы ақпарат болмады, жағымсыз реакциялар пайда болуы күшеюі мүмкін.
Симптомдары
Құрамында мия бар препараттарды шамадан тыс дозада ұзақ уақыт бойы қолданғанда ісінудің түзілуіне, гипокалиемияның дамуына, артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Емі
Асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек болатын шаралар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте сирек
- диспепсия, қыжыл, іштің ауыруы, жүрек айнуы, кекірік, диарея.
- бас айналуы, ұйқышылдық.
- жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде бөртпе, есекжем, гиперемия, терінің ісінуі, қышу, дерматит
- гипокалиемия, ісінулер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар:
Жалаң мия (Glycyrrhiza glabra) (Mulehti) сулы экстрактісі 48.0 мг
Тамырлы адхатода (Adgatoda vasica) (Vasaka) сулы экстрактісі 26.0 мг
Қасиетті насыбайгүл (Ocimum sanctum) (Tulasi) сулы экстрактісі 15.0 мг
Дәрілік зімбір (Zingiber officinale) (Sunthi) сулы экстрактісі 4.8 мг
Ұзын бұрыш (Piper longum) (Pippali) сулы экстрактісі 9.8 мг
Бұрыш жалбызы (Mentha piperatta) (Pudina) сулы экстрактісі 5.0 мг
Ленкоран мамыргүл (Albizzia lebbeck) (Shirish) сулы экстрактісі 15.0 мг
Ұзын куркума (Curcuma longa) (Haridra) сулы экстрактісі 10.0 мг
Бұтақты андыз (Inula racemosa) (Pushkarmool) сулы экстрактісі 15.0 мг
қосымша заттар: натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, сахароза, сұйық глюкоза, сорбитол ерітіндісі (70 %), лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, пропиленгликоль, зімбір хош иістендіргіші (AF140393), лимон хош иістендіргіші, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән дәмі мен иісі бар күңгірт-қоңыр түсті шәрбат.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұралып жабылатын металл қақпақпен жабылатын, күңгірт түсті полиэтилен құтыға құйылған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолдану мерзімінің ұзақтығы 45 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
Люпин Лимитед, Үндістан
A-28/1, M.I.D.C. CHIKALTHANA,
Аурангабад 431210, Махараштра, Үндістан
Телефон: +912266402070
Электронды пошта: sandeepchonkar@lupin.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Концепт Фармасьютикалс Лимитед», Үндістан
Business Center, 119, Sahar Road, Andheri (East),
Мумбай, Үндістан
Тел./факс: 26545003-5006, 26545010-5020
Электронды пошта:
www.conceptpharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Концепт Фармасьютикалс Лимитед» компаниясының Алматы қаласындағы өкілдігі,
Алматы қ, Назарбаев даңғылы, 174Б
Тел./факс: +77073696502
Электронды пошта: salimalmaty123@yahoo.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
ConsultAsia ЖШС, Алматы қ.
Шевченко к-сі 165 Б
Тел./факс: +7727-379-42-58, +77051708825
Электронды пошта: pv@consultingasia.kz