Доксопэг

МНН: Доксорубицин
Производитель: Фармацевтика Парагвая С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Doxorubicin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018989
Информация о регистрации в РК: 07.06.2012 - 07.06.2017
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Доксопэг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Доксорубицин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 2 мг/мл 10 мл концентрат

Құрамы

1 мл концентраттың құрамында

белсенді зат – 2,0 мг доксорубицин гидрохлориді

(пегилирленген липосомальді)

қосымша заттар: МПЭГ 2000 – ДСФЭ (N-(карбамоил-O-метил-полиэтиленгликоль 2000) - 1,2-дистеарил-sn-глицеро-3-фосфатидил-этаноламин натрий тұзы), сояның гидрогенизделген фосфатидилхолині (ГСФХ), холестерол, аммоний сульфаты, сахароза, гистидин, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қызыл түсті жартылай мөлдір суспензия

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы антибиотиктер. Антрациклиндер. Доксорубицин.

АТХ коды L01DB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Доксорубициннің таралу көлемі дене бетінің м2-не шаққанда 20 мг және 10 мг дозалар үшін, тиісінше, дене бетінің м2-не шаққанда 2,7 және 23,8 л құрайды. Қан ағысында болған барлық уақыт ішінде доксорубициннің 90%-ға жуығы липосомальді түрде сақталады.

Липосомальді доксорубициннің фармакокинетикасы экспозициясының жоғарылығымен сипатталады: «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) көрсеткіштері дене бетінің м2-не шаққанда 10 мг және 20 мг дозалар үшін 277 және 590 мкг*сағ/мл құрайды.

Липосомальді доксорубицинді 10-20 мг/м2 дозаларда енгізгеннен кейін доксорубициннің негізгі метаболиті доксорубицинол плазмада өте аз мөлшерде (0,8-26,2 нг/мл) табылды. Доксорубициннің метаболиттері, сульфатталған туындыларын және глюкурон қышқылымен бірге 7-дезоксиагликон конъюгаттарын қоса есептегенде, аздаған мөлшерде несептен табылды.

Метаболизмінің алғашқы кезеңінің орташа ұзақтығы дене бетінің м2-не шаққанда 10 мг және 20 мг дозалар үшін, тиісінше, 4,7 және 5,2 сағатты құрады; ал екінші кезеңде – 52,3 және 55 сағат. Препараттың ең жоғары концентрациялары дене бетінің м2-не шаққанда 10 мг және 20 мг дозалар үшін, тиісінше, 4,1 және 8,3 мкг/мл құрады.

Препарат бүйректер арқылы шығарылады; липосомальді доксорубициннің клиренсі бос доксорубицинмен салыстырғанда төмен болды: дене бетінің м2-не шаққанда 10 мг және 20 мг дозалар үшін бұл көрсеткіш, тиісінше, дене бетінің м2-не шаққанда 0,041 және 0,056 л*сағ. құрады.

Липосомальді доксорубицин бос түрмен салыстырғанда баяуырақ утилизацияланады: доксорубициннің парентеральді түрде енгізілген дозасының 11%-ы 24 сағат ішінде шығарылса, ал липосомальді доксорубициннің парентеральді түрде енгізілген дозасының 5,5%-ы 72 сағат ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Доксопэг препаратының белсенді ингредиенті доксорубицин гидрохлориді болып табылады. Доксорубицин Капоши саркомасын, сүт безінің обырын, аналық бездердің обырын және т.б. қоса есептегенде, әртүрлі жаңа түзілімдерге әсер ететін антрациклинді қатардың ісікке қарсы цитостатикалық антибиотигі болып табылады.

Доксопэг қанда ұзақ уақыт айналымда болатын және қалыпты тіндерге қарағанда, ісік тіндерінде доксорубициннің өте жоғары концентрациясын қамтамасыз ететін пегилирленген липосомальді түрі болып табылады. Липосомдарда метоксиполиэтиленгликольдың (MПЭГ) беткейлік-байланысқан гидрофильді полимерлері бар. Бұл MПЭГ-тің желілік топтары липидтік екі қабатты жарғақша мен плазма компоненттері арасында өзара әрекеттесу мүмкіндігін азайтатын липосомалардың үстін қоршайтын қорғаныш қабық түзеді, бұл липосоманы фагоцитарлы жүйеден айырып танудан қорғайды және қан ағысында Доксопэг липосомасының айналымда болу уақытының ұзаруына мүмкіндік береді. Пегилирленген липосомалардың сондай-ақ өткізгіштігі төмен липидтік матрицасы және ішкі сулы буферлі жүйесі болады, бұл комбинацияда доксорубицин гидрохлоридін қан ағысындағы айналымы кезінде, липосома ішінде ұстап қалуға мүмкіндік береді. Пегилирленген липосомалар өлшемінің барынша аздығы (орташа диаметрі шамамен 100 нм) олардың ісіктегі қан тамырлардың ақаулары арқылы еніп кетуіне мүмкіндік береді.

Қолданылуы

- сүт безінің метастазданған обырында антрациклиндермен емдеуге көрсетілімдері бар болғанда, соның ішінде кардиологиялық асқынулар қаупі артқан жағдайда және таксандармен емдеу тиімсіз болған кезде

- аналық бездердің жайылған обырында платина препараттарымен химиялық емдеу тиімсіз болған кезде

- үдеген көптеген миеломада (бортезомибпен біріктіріп), кем дегенде, химиялық емдеудің бір желісін қабылдаған және сүйек кемігі трансплантациясы (СКТ) жасалған немесе СКТ кандидат болып табылмайтын емделушілерге

- ЖИТС-пен астасқан Капоши саркомасында (КС) СD4 деңгейі төмен (< 200 СD4 лимфоциттер/мм3) және аурудың жайылған шырышты-тері немесе висцеральді түрі бар емделушілерге.

Қолдану тәсілі және дозалары

Доксопэгті цитоуытты агенттерді енгізу тәжірибесі бар кәсіби онкологтың бақылауымен ғана енгізген жөн.

Көктамыр ішіне тамшылатып. Препаратты сорғалатып немесе сұйылтылмаған күйінде енгізуге болмайды.

Сүт безінің/аналық бездің обыры

Доксопэг 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылтылғаннан кейін көктамыр ішіне – 4 аптада бір рет дене бетінің м2-не шаққанда 50 мг-ден тамшылатып енгізіледі.

Есептік дозада концентраттың 90 мг-ден азын 250 мл инфузияға арналған 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылтады; 90 мг және одан астам доза – 500 мл-де.

Емдеуді емделушінің оны көтерімділігінің қалыпты болғанға дейін және аурудың өршуі басылғанша жалғастырады.

Алғашқы енгізуді, инфузиялық реакциялардың пайда болу қаупін төмендету үшін, минутына 1 мг-ден аспайтын жылдамдықпен жүзеге асырады. Реакциялар болмаған жағдайда кейінгі инфузияларды 60 минут бойы жүргізуге болады.

Препаратты мұның алдындағы енгізу кезінде инфузиялық реакциялар білінген науқастарда былайша модификациялаған жөн: 5% есептік дозаны 15 минут ішінде баяу енгізеді. Енгізген кезде реакция жоқ болса, тағы да 15 минут бойы екі еселенген жылдамдықпен жалғастырады. Жағымдылығы жақсы болған жағдайда инфузияны кейінгі сағат бойы жалғастырады (жалпы енгізу уақыты 90 минут).

ЖИТС-пен астасқан Капоши саркомасы

Доксопэг әрбір екі-үш апта сайын көктамыр ішіне емделушінің дене бетінің м2-не шаққанда 20 мг дозада енгізіледі. Аралықтарын 10 күннен кем болмауы тиіс, өйткені мұндай жағдайларда дәрілік заттың жиналып қалуын және уыттылықтың жоғарылауын жоққа шығаруға болмайды. Емдік әсерге қол жеткізу үшін емделушілерді екі-үш ай бойы емдеу курсы ұсынылады. Емдеу емдік әсерді демеу қажет болған кезде жалғастырылады.

Доксопэг дозасын инфузияға арналған 250 мл 5 % глюкоза ерітіндісімен сұйылтады және көктамырішілік инфузия арқылы 30 минут бойы енгізеді.

Көптеген миелома

Бортезомибпен емдеудің 3 апталық циклінің 4-ші күнінде бортезомиб инфузиясынан кейін бірден Доксопэг 1 сағаттық инфузия түрінде, емделушінің дене бетінің м2-не шаққанда 30 мг дозада қолданылады. Бортезомиб әрбір 3 апталық циклдің 1, 4, 8 және 11-ші күндері емделушінің дене ауданының м2-не шаққанда 1,3 мг/м2 дозада қолданылады. Емдеуді ол тиімді және емделушіге жағымды болғанша жүргізген жөн.

90 мг-ден аз есептік дозада концентратты инфузияға арналған 5% глюкоза ерітіндісінің 250 мл-де сұйылтады; 90 мг және одан астам дозада – 500 мл-де.

Дәрілік заттардың екеуін енгізу арасында көктамырішілік катетерді және жүйені инфузияға арналған 5% глюкоза ерітіндісімен жуып-шайған жөн. Медициналық көрсетілімдер бойынша циклдің 4-ші күнінде екі дәрі-дәрмекті енгізу 48 сағатқа дейін тоқтатылуы мүмкін. Бортезомибті енгізуді кем дегенде 72 сағаттық аралықпен жүзеге асырған жөн. Доксопэгті алғашқы енгізу 90 минутқа созылуы тиіс:

  • 10 мл алғашқы 10 минут ішінде

  • 20 мл кейінгі 10 минут ішінде

  • 40 мл кейінгі 10 минут ішінде

  • Енгізуді, инфузияның жалпы ұзақтығы 90 минутты құрайтындай етіп, аяқтайды.

Жағымды болған жағдайда Доксопэгті әрі қарай енгізу 1 сағат бойы жүзеге асырылады. Доксопэгті енгізуге реакциялар пайда болған кезде инфузияны тоқтатады және симптомдар жоғалғаннан кейін препараттың қалдығын енгізуді төменде көрсетілгендей, 90 мин ішінде қайталайды:

  • 10 мл алғашқы 10 минут ішінде

  • 20 мл кейінгі 10 минут ішінде

  • 40 мл кейінгі 10 минут ішінде

  • енгізуді, инфузияның жалпы ұзақтығы 90 минутты құрайтындай етіп, аяқтайды.

Енгізу шеткергі көктамырға немесе орталық катетерге жасалуы мүмкін.

Дозалау режимінің модификациясы

Жағымсыз, мысалы, АТЭ, стоматит немесе гематологиялық уыттылық сияқты құбылыстармен күресу үшін, доза азайтылуы немесе оны енгізу кейінгі қалдырылуы мүмкін. Доксопэг дозасын модификациялауға қатысты нұсқаулар, ал осы жағымсыз әсерлердің салдары әрі қарай кестелерде көрсетілген. Кестелерде көрсетілген уыттылық дәрежелері Ұлттық обыр институты (NCI-CTC) нұсқауларына сай жалпы уыттылық критерийлеріне негізделеді.

АТЭ (1-кесте) және стоматитке (2-кесте) арналған кестелерде сүт безінің немесе аналық бездің обырын емдеген кездегі дозаны модификациялауға арналған үлгі (4 апталық емдеу циклінде ұсынылған модификация) бар; егер осы уыттылық ЖИТС-пен астасқан КС бар емделушілерде пайда болса, ұсынылған 2-3 апталық емдеу циклі осыған ұқсас тәсілмен модификациялануы мүмкін.

Гематологиялық уыттылық кестесінде (3-кесте) сүт безінің немесе аналық бездің обыры бар емделушілерді ғана емдеген кездегі дозаларды модификациялауға арналған сызба бар.

1 кесте Алақан-табан эритродизэстезиясы

Мұның алдында Доксопэгті енгізгеннен кейінгі уыттылық дәрежесі

Мұның алдындағы дозаны енгізгеннен кейін өткен апталар саны

4 апта

5 апта 

6 апта 

I дәреже (орташа эритема, ісіну, немесе күнделікті іске ықпалын тигізбейтін десквамация)

Бұрын 3-4 дәреже білінген емделушілерден басқасында келесі дозаны енгізу керек (мұндай жағдайда қосымша аптаны күткен жөн).

Бұрын 3-4 дәреже білінген емделушілерден басқасында келесі дозаны енгізу керек (мұндай жағдайда қосымша аптаны күткен жөн).

Дозаны 25%-ға азайту керек; енгізу арасындағы 4 апталық аралыққа оралу керек

II дәреже (күнделікті іске ықпалын тигізетін, бірақ қалыпты дене белсенділігіне кедергі жасамайтын эритема, десквамация, ісіну; кішкентай күлдіреуіктер немесе жаралар)

Қосымша аптаны күту керек

Қосымша аптаны күту керек

Дозаны 25%-ға азайту керек; енгізу арасындағы 4 апталық аралыққа оралу керек

III дәреже (жүруге немесе күнделікті белсенділікке кедергі жасайтын күлдіреуіктер, жаралар, ісінулер, емделуші әдеттегі киімін кие алмайды)

Қосымша аптаны күту керек

Қосымша аптаны күту керек

Препаратты тоқтату керек

IV дәреже (инфекциялық асқынуларға, төсек тартып жатуға немесе госпитализацияға әкеп соғатын диффузды немесе жергілікті үдерістер)

Қосымша аптаны күту керек

Қосымша аптаны күту керек

Препаратты тоқтату керек

№2 кесте. Стоматит

Уыттылық дәрежесі

Доксопэгтің алдыңғы дозасын енгізгеннен кейінгі өткен апталар саны

4 апта

5 апта

6 апта

I (ауырмайтын ойық жаралар, эритема немесе әлсіз айқын аурушаңдық)

Бұрын 3-4 дәреже білінген емделушілерден басқасында келесі дозаны енгізу керек. Мұндай жағдайда қосымша аптаны күті керек

Бұрын 3-4 дәреже білінген емделушілерден басқасында келесі дозаны енгізу керек. Мұндай жағдайда қосымша аптаны күткен жөн.

Дозаны 25%-ға азайту керек; енгізу арасындағы 4 апталық аралыққа оралу керек немесе препаратты, дәрігердің әр адамға жекелей жасаған қорытындысына қарай, тоқтату керек

II (ауыртатын ойық жаралар, эритема, ісінулер, бірақ емделуші тамақтана алады)

Қосымша аптаны күту керек

Қосымша аптаны күту керек

Дозаны 25%-ға азайту керек; енгізу арасындағы 4 апталық аралыққа оралу керек немесе препаратты, дәрігердің әр адамға жекелей жасаған қорытындысына қарай, тоқтату керек

III (ауыртатын ойық жаралар, эритема, ісінулер – емделуші тамақтана алмайды)

Қосымша аптаны күту керек

Қосымша аптаны күту керек

Препаратты тоқтату керек

IV (жағдай парентеральді немесе энтеральді түрде тамақтануды қажет етеді)

Қосымша аптаны күту керек

Қосымша аптаны күту керек

Препаратты тоқтату керек

Гематологиялық уыттылықтың пайда болуына байланысты дозалау режимін модификациялауға арналған кесте

3 кесте. Гематологиялық уыттылық

Дәрежесі

Нейтрофилдердің абсолюттік саны (ANC) (1 мм3)

Тромбоциттер

( 1 мм3)

Дозалау режимін өзгерту

I

1,500-1,900

75,000 – 15,0000

Дозаны азайтпай емдеуді жалғастыру

II

1,000 – <1,500

50,000 – < 75,000

ANC көрсеткіші 1,500 және одан астамға және тромбоциттер 75,000 және одан астамға жоғарылағанша күту керек, содан кейін емдеуді дозаны азайтпай-ақ жалғастырады.

III

500 – <1,000

25,000 – < 50,000

ANC көрсеткіші 1,500 және одан астамға және тромбоциттер 75000 және одан астамға жоғарылағанша күту керек, содан кейін емдеуді дозаны азайтпай-ақ жалғастырады.

IY

500-ден кем

25,000 -тен кем

ANC көрсеткіші 1500 және одан астамға және тромбоциттер 75,000 және одан астамға жоғарылағанша күту керек, содан кейін емдеуді дозаны 25%-ға азайта отырып, жалғастырады немесе емдеуді сол дозаны өсу факторының демеуші емімен біріктіре отырып, жалғастырады.

Көптеген миеломасы бар, Доксопэгті бортезомибпен біріктіріп қолданып жүрген емделушілерде АТЭ немесе стоматит пайда болған кезде Доксопэг дозасын 1 және 2 кестелерде көрсетілгендей етіп өзгертеді.

4 кесте. Көптеген миеломасы бар емделушілерде Доксопэг + бортезомибті біріктіріп емдеу үшін дозаны модификациялау

Емделушінің жағдайы

Доксопэг

Бортезомиб

Қызба ≥ 38ºС және нейтрофилдер саны <1,000/мм3

Егер жағдай циклдің 4-ші күніне дейін басталса, енгізбеу керек; егер 4-ші күннен кейін басталса – келесі дозаны 25%-ға азайту керек.

Келесі дозаны 25%-ға азайту керек

Әрбір циклдің 1-ші күнінен кейін қандай да болсын бір күні:

тромбоциттер < 25000/мм3

гемоглобин < 8 г/дл

нейтрофилдер < 500/мм3

Егер жағдай емдеу циклінің 4-ші күніне дейін басталса, енгізбеу керек; егер 4-ші күнінен кейін басталса, кейінгі циклдерде, егер бортезомиб дозасы гематологиялық уыттылыққа байланысты* төмендетілсе, келесі дозаны 25%-ға азайту керек

Егер цикл ішінде 2 немесе одан да көп доза енгізілмесе, енгізбеу керек, келесі циклдерде дозаны 25%-ға азайту керек.

Емдеуге байланысты 3-ші немесе 4-ші дәрежелі гематологиялық емес уытты біліністер

Жағдай < 2 дәрежесіне дейін қалпына келгенше енгізбеу керек және барлық кейінгі енгізулерде дозаны 25%-ға азайтқан жөн.

Біліністердің айқындылығы ең болмағанда 2-ші дәрежеге азаймайынша, енгізбеген жөн және кейінгі енгізулердің барлығында да дозаны 25%-ға азайту керек.

Невропатиялық ауыру немесе шеткергі невропатия

Дозаны модификациялау керек емес.

Бортезомибтің медициналық қолдану жөнінде нұсқаулықты қараңыз.

* Бортезомибті дозалау жөнінде өте нақты ақпарат алу және дозаны түзету үшін бортезомибті қолдану жөніндегі нұсқауларға жүгініңіз.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Билирубин деңгейі 1,2 - 3 мг/дл болғанда бастапқы дозаны 25%-ға төмендетеді. Егер билирубин деңгейі 3,0 мг/дл мәнінен асып кетсе, бастапқы дозаны 50%-ға төмендетеді. Егер емделуші осы дозаны (гипербилирубинемиясыз немесе қан сарысуында бауыр ферменттері белсенділігінің артуынсыз) жақсы көтерсе, онда келесі дозаны мұның алдындағы деңгейге дейін арттырады (яғни дозаны 25%-ға дейін төмендеткен кезде, оны толық дозаға дейін арттырады, дозаны 50%-ға дейін төмендеткен кезде, оны 75% толық дозаға дейін арттырады). Жағымдылығы жақсы болған жағдайда келесі циклдерде дозаны 100%-ға дейін арттыруға болады. Доксопэгті билирубин және бауыр ферменттері деңгейлерінің норманың жоғарғы шегінен 4 есеге дейін артуымен қатар жүретін бауырында метастаздары бар емделушілерге тағайындауға болады. Доксопэгті енгізер алдында бауыр функциясына, АЛТ/АСТ, сілтілік фосфатаза, билирубин белсенділіктерін анықтауды қоса есептегенде, клиникалық-зертханалық зерттеулер жүргізген жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау, енгізу және сақтау тәртібі

Доксопэг бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізуге арналмаған.

Доксопэгті сорғалатып немесе сұйылтылмаған түрде енгізуге болмайды.

Қалдықтар немесе қандай да болсын қатты бөлшектер бар болған жағдайда пайдалануға болмайды.

БАСҚА ПРЕПАРАТТАРМЕН АРАЛАСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ.

Препаратпен жұмыс жасаған кезде ісікке қарсы препараттармен жұмыс жасау тәртібін сақтау қажет. Қолғаптарды қолдану қажет. Доксопэг теріге немесе шырышты қабықтарға тиіп кеткен жағдайда осы жерді сабынды сумен дереу жуып-шайыңыз.

Енгізуге қажетті Доксопэг дозасын (ұсынылған режимге және емделушінің дене бетінің ауданына сай) анықтап алыңыз. Препараттың қажетті дозасын стерильді еккішке құйып алыңыз. Препаратпен жасалатын барлық манипуляцияларды асептиканың ережелерін қатаң сақтай отырып, жүргізген жөн, өйткені препаратта консерванттар немесе бактериостатикалық қоспалар жоқ. Енгізер алдында Доксопэгтің тиісті дозасын инфузияға арналған 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтқан жөн – есептік дозада 90 мг-ден аз дозадағы концентратты 250 мл-де сұйылтады, 90 мг және одан астам дозада – 500 мл-де. Доксопэгті инфузияға арналған 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылтқаннан кейін дереу енгізу керек. Бұл мүмкін болмаған жағдайларда дайындалған ерітіндіні +2оС-ден +8°C-ге дейінгі температурада сақтаған және 24 сағат ішінде пайдаланған жөн.

Жартылай пайдаланылған құтылар әрі қарай қолдануға жарамайды, оларды белгіленген тәртіп бойынша жойған жөн.

Инфузиялық реакциялардың пайда болу қаупін барынша азайту үшін инфузияның бастапқы жылдамдығы минутына 1 мг құрауы тиіс. Реакция белгілері жоқ болған кезде инфузияны ұсынылған уақыт ішінде жалғастырған жөн. Егер емделушіде инфузиялық реакциялар симптомдары пайда болса, инфузияны дереу тоқтатып, қажетті премедикацияны жүргізген (антигистаминді препараттар және/немесе әсер етуі қысқа глюкокортикостероидтармен) және инфузияны өте баяу жылдамдықпен қайта бастаған жөн.

Доксопэгті инфузиялық жүйенің бүйір порты арқылы енгізу керек, ол арқылы көп сұйылтылуы және тромбоз бен экстравазация қаупін барынша азайту үшін 5% глюкоза ерітіндісін енгізеді. Инфузияны шеткергі көктамырға жүргізуге болады.

ДОКСОПЭГТІ ЕНГІЗУ ҮШІН СҮЗГІ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН ИНФУЗИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ.

Жағымсыз әсерлері

Сүт безінің/аналық бездердің обырын Доксопэгпен (әрбір 4 апта сайын 50 мг/м2) емдеген кезде өте көп таралған жағымсыз әсер алақан-табан эритродизестезиясы (АТЭ) болып табылады. АТЭ жағдайларының жалпы анықталу жиілігі 48% құрайды. Көптеген жағдайларда бұл жағымсыз әсерлер әлсіз болды, ауыр жағдайлардың 17 – 19,5% болғаны айтылды. Өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың жиілігі  1% құрады. Кейде АТЭ емдеу курсын толық тоқтатуға себеп болуы мүмкін (3,7 – 7,0%).

АТЭ Доксопэгпен және бортезомибпен біріктірілген ем қолданған, көптеген миеломасы бар емделушілердің 16%-да пайда болды, соның ішінде емделушілердің 5%-да ауыр жағдайлар кездесті. Біріктіріп емдеу кезінде (Доксопэг+бортезомиб) емдеуді дереу тоқтатуды қажет ететін өте жиі жағымсыз реакциялар жүректің айнуы (40%), диарея (35%), нейтропения (33%), тромбоцитопения (29%), құсу (28%), қажу (27%), іш қату (22%) болды.

Сүт безінің обыры бар емделушілер

Жағымсыз әсерлердің жиілігі >5 %

- қан кернеулер, жүректің айнуы, құсу, алопеция, анемия, шырышты қабықтың қабынуы, астения, эритема, шаршау сезімі, қызба, әлсіздік, салмақтың азаюы, іштің ауыруы, анорексия, іш қату, диарея, диспепсия, ауыз қуысындағы ойық жаралар, мұрын қуысы мукозиті, стоматит, ентігу, терінің құрғауы, алақан-табан эритродизестезиясы (АТЭ), аномальді пигментация, тері бөртпесі, терінің түссізденуі, қышыну.

Жағымсыз әсерлердің жиілігі 1 – 5%

- анемия, лейкопения, тромбоцитопения, сепсис, кеуденің ауыруы, аяқтардың құрысуы, ісіну, аяқтардың ісінуі, шеткергі нейропатия, ауыз ішінің ауыруы, қарыншалық аритмия, фолликулит, сүйектердің ауыруы, бұлшықет-қаңқа ауыруы, тромбоцитоз, терінің ашық жарақаты (герпестік емес), зеңді инфекция, мұрыннан қан кету, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, буллезді бөртпе, дерматит, эритематозды бөртпе, тырнақ ақаулары, терінің қабыршақтануы, көзден жас ағу және көрудің анық болмауы, жалпы билирубин, аспартатаминотрансфераза деңгейлерінің жоғарылауы.

Жағымсыз әсерлердің жиілігі  1%.

Аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

Аналық бездің обыры бар емделушілер

Жағымсыз әсерлердің жиілігі >5 %

- жүректің айнуы, құсу, алопеция, анемия, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, шырышты қабықтың қабынуы, астения, қызба, іштің ауыруы, анорексия, іш қату, диарея, диспепсия, ауыз қуысының ойық жарасы, стоматит, парестезия, ұйқышылдық, фарингит, алақан-табан эритродизестезиясы (АТЭ), тері бөртпесі, терінің түссізденуі.

Жағымсыз әсерлердің жиілігі 1-5%

- ауыз қуысы шырышының инфекциясы, кандидозы, белдеулі теміреткі, несеп шығару жолдарының инфекциясы, гипохромды анемия, аллергиялық реакция, дегидратация, кахексия, үрейлену, депрессия, инсомния, бас ауыру, бас айналу, нейропатия, гипертонус, конъюнктивит, жүрек-қантамыр ауруы, вазодилятация, ентігу, жөтелдің күшеюі, ауыз қуысының ойық жарасы, эзофагит, жүректің айнуы және құсу, гастрит, дисфагия, ауыз ішінің құрғауы, метеоризм, гингивит, дәмнің бұзылуы, везикуло-буллезді бөртпе, қышыну, эксфолиативті дерматит, тері ауруы, макулопаппулярлы бөртпе, тершеңдік, акне, терінің ойық жарасы, арқаның ауыруы, миалгия, дизурия, вагинит, қалтыраулар, кеуденің ауыруы, қажу, шеткергі ісіну

Көптеген миелома

Жағымсыз әсерлердің жиілігі <1 %

- нейтропения, тромбоцитопения, анемия, лейкопения (Доксопэгпен және бортезомибпен біріктіріп емдегенде де, сондай-ақ бортезомибпен монотерапияда да), стоматит (монотерапияға (3%) қарағанда, көбіне біріктіріп емдегенде (16%)), жүректің айнуы, құсу (монотерапияға (32% және 15%) қарағанда, біріктіріп емдеген кезде жиі (40% және 28%)), АТЭ, невралгия, шаршау, невропатия, Herpes simplex, Herpes zoster, анорексия, тәбеттің төмендеуі, бас айналу, бас ауыру, дәмнің бұзылуы, парестезия, шеткергі нейропатия, шеткергі сенсорлы нейропатия, қан лықсыту фракциясының төмендеуі, полинейропатия, синкопе, дизэстезия, гипестезия, летаргия, іш қату, диарея, аяқ-қолдардың ауыруы, дене салмағының төмендеуі, назофарингит, ауыз қуысы шырышының кандидозы, пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, фебрильді нейтропения, лимфопения, дегидратация, гиперкалиемия, гипокальцинемия, гипокалиемия, гипомагнезиемия, гипонатриемия, үрейлену, ұйқысыздық, конъюнктивит, қызару, гипертензия, гипотензия, ортостатикалық гипотензия, флебит, жөтел, ентігу, мұрыннан қан кету, жүктеме кезінде ентігу, іштің ауыруы, афтозды стоматит, ауыз ішінің құрғауы, диспепсия, дисфагия, ауыз шырышының жара болуы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, аллергиялық дерматит, алопеция, дәрілік бөртпе, терінің құрғауы, эритема, папулезді бөртпе, нүктелі қанталаулар, қышу, бөртпе, терінің гиперпигментациясы, артралгия, бұлшықет түйілуі, бұлшықет әлсіздігі, кеуде қаңқасы бұлшықеттерінің ауыруы, қаңқа бұлшықеттерінің ауыруы, миалгия, сүт безінің, ұрпақ өрбіту жүйесінің ауруы, ен қалтасының эритемасы, астения, қалтырау, қажу, гипертермия, тұмауға ұқсас жағдай, шеткергі Пирексия ісінуі, АЛТ және АСТ жоғарылауы, қан креатининінің жоғарылауы.

ЖИТС-пен астасқан Капоши саркомасы бар емделушілер (ЖИТСС)

Жағымсыз әсерлердің жиілігі >5 %

- сүйек кемігі функциясының тежелуі, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, анемия, жүректің айнуы, астения, алопеция, қызба, диарея, жедел инфузиялық реакциялар, стоматит, оппортунистік инфекциялар: кандидоз, цитомегаловирус, қарапайым герпес, Pneumocystis carinii пневмониясы және аvium complex микобактериялары.

Жағымсыз әсерлердің жиілігі <5 %

- алақан-табан эритродизестезиясы, ауыздың шырышты қабығының кандидозы, жүректің айнуы және құсу, дене салмағының төмендеуі, бөртпе, ауыз қуысының ойық жарасы, ентігу, іштің ауыруы, аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилактикалық реакцияларды қоса есептегенде, вазодилатация, бас айналу, анорексия, глоссит, іш қату, парестезия, ретинит және сананың шатасуы.

Барлық емделушілер

Жиі

- аллергиялық реакциялар, анафилактикалық реакция, демікпе, беттің ісінуі, гипотензия, гипертензия, вазодилатация, есекжем, бөртпе, қышыну, арқаның ауыруы, кеуденің ауыруы, қалтырау, қызба, тахикардия, диспепсия, жүректің айнуы, бас айналу, ентігу, фарингит, тершеңдік, инъекция жасалған жердегі реакция және басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Жиі емес

- тромбофлебит, көктамырлық тромбоз

Сирек

- өкпе артерияларының эмболиясы, фебрильді нейтропения

Өте сирек

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, инфузиялық реакциялармен байланысты құрысулар, анемиямен, тромбоцитопениямен, лейкопениямен байланысты миелосупрессия.

Обырмен ауыратын емделушілерде тромбоэмболиялық ауру қаупі жоғары. Барлық емделушілерде дерлік Доксопэгпен емдеу курсы барлық симптомдар қайталанбайтындай жоғалғаннан кейін қайта басталуы мүмкін. Инфузияға реакциялардың Доксопэгпен емдеудің алғашқы циклінен кейін қайтадан пайда болуы сирек болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да болсын компонентіне жоғары сезімталдық

- жүктілік, емшек емізу

- 18 жасқа дейінгі балалар

- Доксопэгті ЖИТС-ке шалдыққан емделушілерде Капоши саркомасын емдеу үшін пайдаланбаған жөн, оларды жергілікті еммен немесе альфа-интерферонмен жүйелік ем арқылы тиімді емдеуге болады.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Липосомальді доксорубицинді циклофосфамидпен немесе таксандармен біріктіріп қолданған кезде ауқымды ісіктері (аналық бездің обырын және сүт безінің обырын қоса есептегенде) бар емделушілерде уыттылықтың ұлғаюы білінген жоқ. Дегенмен, липосомальді доксорубицин, доксорубицин гидрохлоридінің басқа да препараттары сияқты, ісікке қарсы басқа да препараттардың уытты әсерін күшейтуі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Гепатоуытты дәрілік заттар, бауыр функциясын нашарлата отырып, доксорубициннің уыттылығының артуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Вирус вакциналарымен бір мезгілде қабылдаған кезде вакциналық вирустың репликациялану үдерісінің интенсификациясы, оның жағымсыз/қолайсыз әсерлерінің күшеюі және/немесе науқастың организмінде вакцинаны енгізуге антидененің түзілуі төмендеуі мүмкін, сондықтан препаратты қолдануды тоқтату мен вакцинацияның арасындағы аралық 3 айдан 1 жылға дейін ауытқып отырады.

Айрықша нұсқаулар

Доксопэг цитостатикалық ем жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен қолданылуы тиіс. Доксопэгтің ерекше фармакокинетикалық қасиеттері бар болғандықтан, Доксопэгмен және дәстүрлі доксорубинмен емдеу циклдерін алма-кезек жүргізбеген жөн.

Фармакокинетикалық бейіндерін және дозалау режимдерінің айырмашылықтарын ескеріп, Доксопэгті доксорубицин гидрохлоридінің басқа да дәрілік түрлерімен өзара алмастыра отырып пайдаланбаған жөн.

Кардиоуыттылық. Доксопэг қабылдап жүрген барлық емделушілер ЭКГ-бақылаудан жиі, жүйелі өтіп отыруы керек. ЭКГ-нің транзиторлы түрде, Т-тісшесінің тегістелуі, ST сегментінің депрессиясы және қатерсіз аритмия сияқты өзгеруі Доксопэгпен емдеуді тоқтату үшін міндетті көрсетілімдер болып табылмайды. Алайда QRS кешені вольтажының төмендеуі кардиоуыттылықтың өте көрнекі белгісі болып есептеледі. Осы өзгерулер пайда болған кезде, миокардтың антрациклинді зақымдануына спецификалық тест ретінде эндомиокардиальді биопсияны жүргізу жөніндегі мәселені қарастыру қажет.

Жүрек функциясын бағалау және бақылаудың ЭКГ-мен салыстырғанда спецификалық әдістері электрокардиография (ЭхоКГ) немесе көбірек енетін ангиография (Multigated Angiography – MUGA) әдістерімен сол жақ қарыншадан қан лықсыту фракциясын өлшеу болып табылады. Бұл әдістер Доксопэгпен емдеуді бастар алдында жоспарлы түрде қолданылуы және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл қайталануы тиіс. Сол жақ қарынша функциясына баға беру Доксопэгті әрбір қосымша енгізу алдында міндетті деп есептеледі, ол өмір бойы антрациклиннің жиынтық 450 мг/м2 дозасынан артық болады.

Жоғарыда айтылған бағалау тесттері және антрациклинмен емдеу кезінде жүрек функциясын бақылау әдістері былайша ретпен қолданылуы тиіс: ЭКГ-ні бақылау, сол жақ қарыншадан қан лықсыту фракциясын өлшеу, эндомиокардиальді биопсия. Егер тест нәтижесі Доксопэгпен емдеу курсымен байланысты жүректің мүмкін болатын зақымын көрсетсе, Доксопэгті қолдануды жалғастыру және кардиоуыттылықтың пайда болу қаупінің арақатынасына мұқият баға берген жөн.

Емдеуді қажет ететін, жүрек аурулары бар емделушілерде Доксопэгті емделуші үшін пайдасы қаупінен басым болған кезде ғана қолданған жөн.

Доксопэг қабылдап жүрген, жүрек функциясын бұзылған емделушілерді бақылауға алу қажет.

Кардиомиопатияға күдіктену бар болған кезде, яғни егер сол жақ қарыншадан қан лықсыту фракциясы, емдеуді бастағанға дейінгі тиісті мәнімен салыстырғанда елеулі азайған және/немесе сол жақ қарыншадан қан айдау фракциясы болжамды релевантты мәнінен аз (мысалы, 45%) болғанда, эндомиокардиальді биопсия жүргізу жөніндегі мәселе қарастырылуы мүмкін, ал емдеуді жалғастырудың пайдалы әсері жүректің қайтымсыз зақымдануының пайда болу қаупімен мұқият салыстырылуы тиіс.

Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі кардиомиопатия салдарынан, алдын-ала ЭКГ-де өзгеріс тудырмай-ақ, кенеттен пайда болуы мүмкін, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше аптадан соң білінуі мүмкін.

Басқа антрациклиндерді қабылдап жүрген емделушілерді мұқият бақылауға алған жөн. Доксорубицин гидрохлоридінің жиынтық дозасында, сондай-ақ мұның алдында (немесе қатарластыра) қандай да болсын басқа да антрациклиндер/антрахинондар (5-фторурацил) сияқты кардиоуытты қосылыстармен емделгені ескерілуі тиіс. Кардиоуыттылық антрациклиннің жиынтық дозалары 450 мг/м2-ден төмен болғанда көкірек ортасы аймағына сәуле емін қабылдаған немесе циклофосфамидпен қатарластыра ем қабылдап жүрген емделушілерде пайда болуы мүмкін.

Сүт безінің де, сондай-ақ аналық без обырында ұсынылатын дозалау сызбасындағы (50 мг/м2) жүрекке қауіпсіздік бейіні ЖИТС-КС (20 мг/м2) бар емделушілердегі осындайға ұқсас болып табылады.

Миелосупрессия. Доксопэгпен емделу курсын қабылдап жүрген көптеген емделушілерде, АИТВ жұқтыру, немесе қатарластыра немесе мұның алдында дәрі-дәрмекпен емдеудің бірнеше курсы, немесе сүйек кемігінің ісікпен зақымдануы сияқты факторлар салдарынан, бастапқы миелосупрессия бар. Сүйек кемігі функциясының тежелуі ЖИТС-КС бар емделушілерде дозаны шектейтін жағымсыз әсер болып табылады. Доксопэгпен ем жүргізу кезінде сүйек кемігінің тежелуі мүмкін болғандықтан, кем дегенде, препаратты әрбір енгізу алдында, шеткергі қан көрінісін жиі бақылап отыру қажет. Сүйек кемігі функциясының тұрақты ауыр тежелуі асқын инфекцияға және қан кетуге себеп болуы мүмкін.

Клиникалық сынақтар кезінде ЖИТС-КС бар емделушілерде блеомицинмен/винкристинмен емдеу сызбасымен салыстырғанда, оппортунистік инфекциялар Доксопэгпен емдеу кезінде жиі пайда болды. Емделушілер және дәрігерлер олардың пайда болу жиілігінің жоғары екендігін білуі және тиісті шараларды қолдануы тиіс.

ДНҚ-ны зақымдайтын ісікке қарсы агенттермен емдеген кезде де, доксорубицинмен біріктірілген ем қабылдап жүрген емделушілерде, салдарлық жедел миелоидты лейкемиялар және миелодисплазиялар байқалуы мүмкін. Сондықтан доксорубицинмен ем қабылдап жүрген кез келген емделуші гематологиялық бақылауда болуы тиіс.

Доксопэг препаратын қолданып жүргізілетін біріктірілген химиялық емдеу. Доксопэг препаратын сүт безінің немесе аналық бездің әріге кеткен обырын емдеген кезде жиі пайдаланылатын химиялық емдеу препараттарының стандартты дозаларымен біріктіріп қолдану қауіпсіз болды; алайда мұндай біріктірілген емнің тиімділігі анықталған жоқ.

Қатарласқан диабеті бар емделушілер. Доксопэг препаратының әрбір құтысында сахароза бар екендігі және, доза инфузияға арналған 5% (50 мг/мл) глюкоза ерітіндісінде енгізілуі керектігін ескерген жөн.

Инфузиялық реакциялар. Ауыр және кейде өмірге қауіп төндіретін инфузиямен астасқан реакциялар Доксопэг инфузиясын бастағаннан кейін бірнеше минуттың ішінде пайда болуы мүмкін («Жағымсыз әсері» бөлімін қараңыз). Инфузияны уақытша тоқтату әдетте осы симптомдарды қосымша емдеусіз жояды. Алайда осы симптомдарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер (мысалы, антигистаминдік препараттар, кортикостероидтар, адреналин және құрысуға қарсы дәрілер), сондай-ақ шұғыл араласымға арналған құрал-жабдықтарды дереу қолдану үшін, олар дайын болуы тиіс. Көптеген емделушілер үшін емдеу курсы барлық симптомдарды қайтадан пайда болмайтындай жойғаннан кейін қалпына келуі мүмкін. Инфузияға реакциялар алғашқы емдеу циклінен кейін сирек қайталанады. Инфузияға реакция қаупін барынша азайту үшін, бастапқы доза минутына 1 мг-ден асырылмай енгізілуі тиіс.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер. Жалпы билирубин деңгейі жоғары емделушілердің аздаған бөлігі үшін анықталған Доксопэг препаратының фармакокинетикасының жалпы билирубиннің деңгейі қалыпты болатын емделушілердегі фармакокинетикадан айырмашылығы жоқ; алайда қосымша деректер алғанға дейін бауыр функциясы бұзылған емделушілер үшін Доксопэг дозасы былайша азайтылуы тиіс: емдеу курсының басында, егер билирубин көрсеткіші 1,2 – 3,0 мг/дл аралығында болса, онда алғашқы дозаны 25%-ға азайтады. Егер билирубин мәні >3,0 мг/дл болса, онда алғашқы дозаны 50%-ға азайтады. Егер емделушіге алғашқы доза сарысудағы билирубин деңгейін немесе бауыр ферменттерін арттырмай-ақ жағымды болса, онда 2 циклде доза келесі деңгейге дейін арттырылуы мүмкін, яғни алғашқы дозаны 25%-ға азайтқан кезде, 2 циклде дозаны толық дозаға арттырады; алғашқы дозаны 50%-ға азайтқан кезде 2 циклде 75%-ға арттырады. Егер препараттың жағымдылығы жақсы болса, онда кейінгі циклдерде доза толық дозаға дейін арттырылуы мүмкін. Билирубин және бауыр ферменттерінің деңгейлері норманың жоғарғы шегінен 4 есе жоғарылауымен қатарласқан бауырында метастаздары бар емделушілерге Доксопэг енгізілуі мүмкін. Препаратты енгізер алдында бауыр функциясына АЛТ/АСТ, сілтілік фосфатаза және билирубин деңгейлерін анықтау сияқты стандартты клиникалық зертханалық тесттердің жәрдемімен бауыр функциясына баға берген жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер. Доксорубицин бауырда метаболизденетін және өтпен бірге шығарылатын болғандықтан, дозаны модификациялаудың қажеті жоқ. Популяция үшін фармакокинетикалық деректер (зерттеу аралықтарында креатинин клиренсі 30 – 156 мл/мин) Доксопэг клиренсінің бүйрек функциясына байланысты еместігін көрсетеді. Креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден төмен емделушілер үшін фармакокинетикалық деректер жоқ.

ЖИТС-СК бар емделушілер спленэктомия кезінде. Доксопэгті қолдану тәжірибесі жоқ болғандықтан, спленэктомияны бастан кешкен емделушілерді препаратпен емдеуге болмайды.

Обыр ісіктері бар емделушілерде тромбоэмболияның пайда болуының жоғары қаупі бар. Доксопэгпен ем қабылдаған емделушілерде тромбофлебит және көктамырлық тромбоз жағдайлары, өкпе эмболиясының сирек жағдайларын қоса есептегенде, жиі байқалған жоқ.

Қартаң жастағы емделушілер. Жасқа қатысты факторлар (21–75 жас) зерттеулер диапазонында Доксопэг препаратының фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Жүктілік және лактация

Бала көтере алатын жастағы әйелдер, әзір олар немесе олардың еркек-жұптастары Доксопэг қабылдап жүрген кезде, сондай-ақ Доксопэгпен емделу курсын аяқтағаннан кейін алты ай ішінде, жүктілікке жол бермегені жөн.

Доксопэгтің ана сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз, сондықтан емшектегі балаларда ауыр жағымсыз реакциялардың пайда болуына байланысты, Доксопэгпен емдеуді бастағанға дейін емшек емізуді тоқтата тұру қажет.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Доксопэг автомобильді басқаруға немесе күрделі механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді немесе елеусіз ықпалын тигізеді. Доксопэгті қолданған кезде анда-санда (< 5 %) бас айналу және ұйқышылдық байқалуы мүмкін. Емделушілер осы симптомдар пайда болған кезде автомобильді басқаруды және күрделі техниканы пайдалануды тоқтата тұруы тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: ауыр миелосупрессия (көбіне лейкопения және тромбоцитопения), асқазан-ішек жолы тарапынан уытты әсерлер (мукозит).

Ауыр миелосупрессиясы бар емделушілерде жедел артық дозалануды емдеу стационарда жүргізілуі және өзіне антибиотиктерді, гранулоциттер мен тромбоциттерді құюды және мукозиттің симптоматикалық емін қамтуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен тығындалған және пластмасса қақпақшасы бар алюминий қалпақшамен көмкерілген, сыйымдылығы 15 мл, І типті мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларда 10 мл-ден.

1 құты пластик тұғырда қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

2оС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды. 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылтылған ашылған құтыны 2оС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек және 24 сағат ішінде пайдалану керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Парагвай фармацевтикасы С.А.», Парагвай

Вальдино Рамон Ловера Е/Дел Кармен және Дон Боско, Фернандо Де Ла Мора, Парагвай

Қалталаушы

 «Парагвай фармацевтикасы С.А.», Парагвай

Вальдино Рамон Ловера Е/Дел Кармен және Дон Боско, Фернандо Де Ла Мора, Парагвай

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Толмар Корп.», Панама

50 к-сі, P.H. Глобал Плаза – 6-қабат, 0834-01843, Панама, Панама Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ЖК Тлеубергенова Г.С., Қазақстан Республикасы , 010000 , Ақмола облысы.

Астана қ., Бозінген к-сі 8 үй aldokinakbar@mail.ru

Прикрепленные файлы

538768711477977100_ru.doc 134.5 кб
638135041477978260_kz.doc 172 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники