Доксолек (2 мг/мл)

МНН: Доксорубицин
Производитель: Фармстандарт-Биолек ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Doxorubicin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013795
Информация о регистрации в РК: 18.06.2014 - 18.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Доксолек

Халықаралық патенттелмеген атауы

Доксорубицин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 2 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 2 мг доксорубицин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий хлориді, 0,1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қызғылт-сары қызыл түсті мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы антибиотиктер. Антрациклиндер. Доксорубицин

АТХ коды L01D B01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін доксорубицин плазма мен тіндерге тез таралады. 30 секундтан кейін препарат бауырдан, өкпеден, жүректен және бүйректен табылады. Ол гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді және орталық жүйке жүйесінде өлшенетін концентрациясына жетпейді.

Доксорубицин мен оның метаболиттерінің концентрациялары қан плазмасында үш фазалы тәсілмен төмендейді. Бірінші фазада ол бауырда алғашқы пассаж әсері арқылы тез метаболизденеді. Доксорубициннің бастапқы жартылай шығарылу кезеңі 10 минутты, екінші кезеңі 1-3 сағатты құрайды. Қалған кезеңі 30-40 сағатты құрайды және препараттың қисық астындағы ауданының (AreaUnder the Curve) 70-ынан астамын қамтиды. Доксорубицин мен оның белсенді метаболиттерінің шамамен 40-50-ы өтпен бірге және 5-10-ы несеппен бірге шығарылады. Енгізгеннен кейін алғашқы 24-48 сағат ішінде шығарылатын препараттың көп бөлігі доксорубицин немесе доксорубицинол түрінде табылып, 48 сағаттан соң, несепте негізінен, оның метаболиттері табылады.

Фармакодинамикасы

Препарат ісікке қарсы және лейкозға қарсы жоғары әсер байқатады. Доксорубициннің ісікке қарсы нақты әсер ету механизмі анықталмай қалып отыр. Тәжірибелік деректер доксорубициннің азотты негіз жұптарының арасындағы интеркаляцияның жәрдемімен ДНҚ-мен кешен түзетінін айғақтайды, ол жасушалардағы ДНҚ мен РНҚ синтезінің басылуына әкеп соғады. Доксорубицин ферментативті қайта түзілуге жатады, соның салдарынан жасушада бос радикалдар босап шығады; бұл ДНҚ тізбегінің үзілуін туғызуы мүмкін, осылайша, митозға кедергі жасайды. Сондай-ақ антрациклиндер де мыс, мырыш және темір сияқты әртүрлі металдармен хелат түзу қабілетіне ие. Осындай хелатты қосылыстардың кейбірі цитоуытты болып табылады. Сондай-ақ доксорубицин де ақуыздардың синтезін басады, интерфазаны қоса, барлық жасушалық цикл кезеңінде белсенді болып қалады.

Қолданылуы

  • жұмсақ тіндердің саркомасында

  • остеогенді саркомада

  • сүт безі обырында

  • өкпе обырында (әсіресе ұсақ жасушалы обырда)

  • қалқанша без обырында

  • асқазан обырында

  • бауыр обырында

  • ұйқы безінің обырында

  • қуық обырында

  • аталық бездер обырында

  • аналық бездер обырында

  • Вильмс ісігінде

  • нейробластомада

  • эндометрий обырында, жатыр мойнының обырында

  • қуық асты безінің обырында

  • жедел лимфобластты лейкозда

  • жедел миелобластты лейкозда

  • лимфогранулематозда (Ходжкин ауруында), ходжкиндік емес лимфомада

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу мамандандырылған стационар жағдайында ісікке қарсы ем жүргізу тәжірибесі бар маманның бақылауымен жүргізіледі. Әрбір жекелей жағдайда Доксолекті енгізу тәртібі мен дозаны таңдаған кезде арнайы оқулыққа жүгінген жөн. Курстың ұзақтығын маман әр науқасқа жекелей белгілейді және науқастың сыртартқысына, организмінің жалпы жағдайына, препараттың енгізілуіне реакциясына (бірінші кезекте гематологиялық мониторинг нәтижелері ескеріледі), ісіктің регресіне және басқаларына байланысты болады. Доксолек ұзақтығы 2-5 минуттық көктамырішілік инъекция жолымен немесе натрий хлоридінің 0,9 ерітіндісімен, 5 глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9 натрий хлориді ерітіндісінің және 5  глюкоза ерітіндісінің қоспасымен сұйылтқаннан кейін ұзақ уақыт құю жолымен енгізілуі мүмкін. Препаратты инъекция арқылы енгізген кезде қан плазмасында доксорубициннің жоғары концентрациясы байқалады, бұл кардиоуытты әсерлер қаупін барынша арттыруы мүмкін. Доксолекті енгізген кезде паравенозды инфильтрацияға жол бермеу керек, ол шектелген некроз бен тромбофлебитті туындатуы мүмкін. Доксолекті интратекальді, бұлшықет ішіне немесе тері астына қолдануға болмайды. Доксолекті басқа дәрілік препараттармен араластырмаған жөн.

Ересектерге арналған дозалар. Доксолектің дозаларын ісіктің түрін, бауыр функциясын және қатар жүргізілетін химиотерапияны есепке ала отырып, белгілейді. Монотерапияда үш аптада бір рет көктамырішілік инъекция жолымен енгізгенде Доксолектің ұсынылатын дозасы дене беткейіне 60-75 мг/м2 құрайды. Сондай-ақ үш аптадан кейін курстарды қайталай отырып, Доксолекті көктамыр ішіне үш күн қатарынан 20 мг/м2 дозада енгізуге болады. Монотерапияда жинақталатын ең жоғары дозасы дене беткейіне 500 мг/м2 құрайды. Зерттеулер препаратты апта сайын енгізген кездегі емдеу тиімділігі Доксолекті әрбір үш апта сайын енгізген кездегідей болатындығын көрсетеді, алайда кардиоуытты әсер сирек байқалады. Объективті тиімділік дене беткейіне 6-12 мг/м2 дозаларында көрініс берсе де, емдеудің осындай сызбасында ұсынылатын доза 20 мг/м2 құрайды. Доксолекті уыттылық бейіні осы сияқты басқа цитоуытты препараттармен біріктіріп қолданған кезде дозаны азайтқан жөн. Медиастинальді аймақты сәулемен емдеуден кейін кардиоуытты антрациклинді емес ісікке қарсы басқа препараттармен емдегенде, сондай-ақ емделушінің жүрек аурулары болғанда ең жоғары жинақталатын дене беткейінің 400-450 мг/м2 дозасын арттыру ұсынылмайды.

Емделушілердің спецификалық топтарын емдегенде дозаны түзету. Бауыр функциясы бұзылған науқастарды емдеген кезде Доксолектің дозасын төмендету керек. Қан сарысуындағы билирубин деңгейі 12-30 мг-ға дейін жоғарылағанда дозаны екі есе, ал билирубин деңгейі 30 мг-нан жоғары болған кезде 4 есе азайтады. Емделушіде бүйрек функциясы бұзылулары болғанда әдетте дозасын түзету қажет етілмейді.

Кардиологиялық қаупі жоғары топқа жататын емделушілер. Кардиоуытты зақымдану ықтималдығы жоғары болуы жағдайында Доксолекті, инъекциямен емес, 24 сағаттық үздіксіз инфузиялау жолымен енгізген жөн. Енгізудің осындай тәсілінде кардиоуытты әсерлер сирек байқалады, ал емдеу тиімділігі азаймайды. Мұндай емделушілерде емдеудің әрбір курсын бастар алдында сол жақ қарыншаның қанды лықсыту фракциясын өлшеген жөн. Кардиомиопатияның даму қаупі жалпы дозаның артуымен өседі. Жинақталатын дозаны 450 мг/м2-нан арттырмау керек. Доксолекпен емдеу кезінде ЭКГ, ЭхоКГ және күре тамыр артериясының соғуына жүйелі мониторинг жасау қажет. QRS кешені тісшелерінің амплитудалары 30-ға азайғанда немесе қанды лықсыту фракциясы 5-ға азайғанда емдеуді тоқтату ұсынылады. Жүрек аурулары бар болғанда немесе бұдан бұрын жүрек аймағына сәуле емі жүргізілген жағдайда Доксолектің дене беткейіне 400 мг/м2 жинақталатын дозасын арттырмау керек. Доксолекті ісікке қарсы басқа препараттармен бірге қолданған кезде Доксолектің дозасын дене беткейіне 50-75 мг/м2 дейін азайтады. Үйлестірілген химиотерапия жағдайында аддитивті әсерлердің салдарынан миелосупрессия өте ауыр болуы мүмкін.

Емделушілердің басқа да арнайы топтары: бұрын ісікке қарсы қомақты дозалар алған емделушілерде; балалар мен егде жастағы емделушілерде, семіздігі бар емделушілерде (егер дене салмағы дұрыс салмағының 130 астамын құраса, доксорубициннің жүйелі клиренсі төмендейді), сондай-ақ сүйек кемігінің ісіктік инфильтрациясы бар емделушілерде едәуір төмен дозалар тағайындау немесе циклдар аралығын арттыру ұсынылады.

Қуықтың беткейлік обыры және in situ карциномасы. Қуық ішіне қолданған кезде Доксолектің ұсынылатын дозасы 0,9% натрий хлориді ерітіндісінің 30-50 мл-дегі 30-50 мг құрайды. Препарат стерильді катетер арқылы алдымен апта сайын, ал содан кейін ай сайын енгізіледі. Емдеудің ұтымды ұзақтығы әлі анықталған жоқ, ол 6-12 ай шегінде болуы мүмкін. Инстилляциялау аяқталғаннан кейін препараттың қуық шырышына біркелкі әсер етуін қамтамсыз ету үшін, емделушілер әр он бес минут сайын бір қырынан бір қырына аунап жатулары тиіс. Әдетте препарат қуықта 1-2 сағат бойы болуы тиіс. Инстилляциялау соңында емделушілер қуығын босатуы тиіс. Препараттың несеппен шамадан тыс араласуын болғызбау үшін емделушілерге инстилляциялаудың алдында 12 сағат бойы сұйықтық қабылдаудан іркіле тұру қажеттілігі ескертілуі тиіс. Қуық ішіне қолданған кезде (көктамыр ішіне енгізуден айырмашылығы) ең жоғары жинақталып қалатын дозаcына қатысты шектеулер жоқ, өйткені мұндай жағдайда доксорубициннің жүйелік сіңуі өте мардымсыз болады.

 

Жағымсыз әсерлері

  • тромбоцитопения және лейкопения. Лейкопения шыңына препаратты енгізгеннен кейін 10-15 күннен соң жетеді, қан көрінісі дозаны енгізгеннен кейін 21- күні қалпына келеді.

  • жедел жүрекшелік және қарыншалық аритмиялар. Аритмия негізінен препаратты енгізгеннен кейін алғашқы сағат ішінде байқалады

  • уытты миокардит, перикардит-миокардит синдромы (тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі және перикардит) енгізгеннен кейін бірнеше күн немесе апта ішінде байқалады және сирек болады.

  • жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (енгізгеннен кейін бірнеше апта немесе ай ішінде байқалады және препарат дозасына және миокард жасушасының зақымдануына байланысты жинақталатын әсерден тұрады), өлімге әкеп соғуы мүмкін кардиомиопатия (кардиомиопатияның дамуы Доксолектің жинақталып қалған дозасына және оның 450 мг/м2-ден асатын жиынтық дозасына байланысты). Балалар препараттың кардиоуытты әсеріне өте сезімтал болады деп есептеледі.

  • қайтымды толық алопеция. Шаш өсуінің қалпына келуі әдетте препаратты енгізуді тоқтатқаннан кейін 2-3 айдан соң басталады. Тырнақ түбі мен тері қатпарларының пигментациясы күшейетіндігі жөнінде деректер бар

  • ісіну, қатты ауыру, ылғалды эпидермит, сәулелендіру аймағына сәйкес келетін жерлерде күлдіреуіктер түзіле отырып эритеманың пайда болуы (бұрын сәулемен ем жасалған кейбір науқастарда, Доксолекті енгізгеннен кейін (әдетте 4-7 күннен кейін)). Бұл орайда кортикостероидтармен жергілікті емдеу тиімді болып табылады

  • жүрек айнуының және құсудың жедел ұстамалары, олар ауыр болуы мүмкін. Оларды құсуға қарсы емнің көмегімен бақылайды. Шырышты қабықтардың қабынуы (стоматит пен эзофагит) препаратты енгізгеннен кейін 5-10 күннен өткен соң дамуы мүмкін. Стоматит ауыз қуысында ойық жараның пайда болуымен өршуі мүмкін, ол кейде ауыр жұқпалардың пайда болуына әкеп соқтырады. Доксолекті келесі үш күн бойы енгізу мукозиттердің жиілігін және ауырлығын арттырады. Анорексия мен диареяның пайда болуы жөнінде мәліметтер сирек кездеседі

  • препаратты ұсақ көктамырларға енгізген кезде немесе қайталап енгізу үшін бір көктамырды қайта пайдаланғанда болатын флебосклероз. Препаратты өте тез енгізген кезде бетке қан тебу және көктамыр бойымен гиперемия жолақтары байқалуы мүмкін

  • айқын целлюлит, күлдіреуік және тіндердің некрозы (инфузиялау кезінде Доксолектің айналасындағы тіндерге түсуі)

  • қызба, қалтырау

  • есекжем, анафилактикалық шок

Анда-санда

  • конъюнктивит және көзден жас ағу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • доксорубицинге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа антрациклиндер мен антрацендиондарға жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

- айқын миелосупрессияда, айқын бүйрек жеткіліксіздігінде, жүректің ауыр жеткіліксіздігі мен аритмияларда, жуырда өткерген миокард инфарктісінде, осының алдында басқа антрациклиндермен және басқа антрацендиондармен жиынтық дозалар шегінде емдегенде, желшешекте, белдемелі теміреткіде көктамыр ішіне енгізуге болмайды.

- қуық қабырғасына пенетрациялануы бар инвазиялық ісіктерде, несеп жолдарының жұқпаларында, қуықтың қабынуында қуыққа енгізу қарсы көрсетілімде.

- балалар жасында және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қолданудың тиімділігі мен қауіптілігі анықталмаған)

Сақтықпен:

  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы,

гипербилирубинемия

  • бұрын жүргізілген сәулемен емдеу немесе химиотерапия, уратты нефролитиаз (соның ішінде сыртартқыдағы),

  • бауыр жеткіліксіздігі

  • сүйек кемігінің ісік жасушаларымен инфильтрациялануы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Доксолекпен блеомицин, винбластин, винкристин, тиофосфамид, метотрексат, этопозид, преднизолон, фторурацимл және цисплатин үйлесімді. Доксолекті гепарин және фторурацилі бар бір еккішпен енгізбеу керек. Ол эуфиллинмен, цефалотоксиннің натрий тұзымен, дексаметазонмен және гидрокортизонмен үйлеспейді. Доксолекті циклофосфанмен, митомицинмен немесе көкірек ортасы радиотерапиясымен бір мезгілде қолдану кардиоуытты әсер қаупін арттырады.

Доксолек ісікке қарсы басқа дәрілердің уыттылығын күшейте алады. Циклофосфамид туындатқан геморрагиялық циститтің өршігені және 6-меркаптопуриннің гепатоуытты ықпалының күшейгені сипатталған. Доксолек миокардқа, шырышты қабықтарға, теріге және бауырға сәулеленуден туындаған уытты әсерді күшейтеді.

Доксолекті цитарабинмен біріктіріп қолданған кезде некроздық колит және ауыр жұқпалы асқынулар дамуы мүмкін. Циклоспоринмен бір мезгілде қолданған кезде кома және/немесе құрысулар дамуы мүмкін; циклофосфамидпен, фторурацилмен, С митомицинмен немесе жүрек препараттарымен (кальций өзекшелерінің блокаторларымен) біріктірген кезде - кардиоуыттылықтың күшеюі мүмкін.

Стрептозотоцин мен метотрексат доксорубициннің жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Клиндамицинмен бірге қолданған кезде айқаспалы сезімталдық дамуы мүмкін. Урикозуриялық препараттармен біріктіріп қолданған кезде нефропатияның даму қаупі артады.

Препаратты гепаринмен және кез келген басқа препараттармен бір еккіште араластырмау керек. Сілтілік ерітінділермен жанасу Доксолектің гидролизіне әкеп соғуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

  • Доксолек цитоуытты препарат болып табылады, сондықтан онымен жұмыс істеген кезде препараттардың осы типіне арналған ережелерді ұстану қажет. Доксолек ісікке қарсы химиотерапиялық дәрілермен жұмыс істеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен енгізілуге тиіс.

  • Препаратқа тән кардиоуытты әсердің дамуына жол бермеу үшін аса сақ болу қажет. Доксолектің үзіліспен енгізілетін жалпы жиынтық дозасы 450мг/м2-ден аспауы тиіс. Гипертензия және жүректің ауыр органикалық зақымдануы науқаста жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттырады және жинақталу дозасының азайтылуын қажет етеді. Медиастинальді аймақта сәулемен ем жүргізген кезде жүректің антрациклиндерге сезімталдығы артады. Сондықтан доксорубицинді енгізу салдарынан кардиоуыттылықтың даму қаупі оның ең жоғары концентрациясына байланысты болады, бір реттік дозадан апталық дозаларға немесе ұзақ уақыттық құюға ауысу кардиоуыттылық жиілігінің елеулі түрде төмендеуін туындатады.

    Доксолектің жалпы дозасын жекелей таңдағанда ұқсас қосылыстармен осының алдындағы немесе қатар жүргізілген емдеуді назарға алған жөн. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі Доксолекпен емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше апта өткенде дамуы мүмкін. Емдеуді бастар алдында және одан кейінгі әрбір курс алдында ЭКГ бақылауын жүргізу қажет.

  • Сүйек кемігі функциясын бәсеңдету жиілігінің жоғары болуына байланысты гематологиялық көрсеткіштерді үздіксіз бақылап отыру қажет. Енгізудің ұсынылған сызбасын қолданған кезде лейкопения әдетте өтпелі болады және лейкоциттердің саны 21-күні қалпына келеді. Сондай-ақ эритроциттер мен тромбоциттердің мөлшерін бақылап отырған жөн. Сүйек кемігі функциясының басылу дәрежесіне байланысты дозаны төмендету немесе тоқтату немесе емдеуді уақытша тоқтату жөніндегі мәселе шешіледі. Емдеуді бастағанға дейін және әрбір кейінгі курс алдында шеткергі қан құрамын тексеру қажет.

  • Бауыр функциясының жеткіліксіздігінде Доксолектің уыттылығы күшейеді, сондықтан оны науқасқа тағайындар алдында бауыр функциясын зерттеу керек.

  • Доксалекті көктамыр ішіне енгізген кезде (күйдіріп ашыту сезімімен қатар немесе онсыз жүретін) экстравазацияға қандайда бір күмән пайда болғанда инъекцияны дереу тоқтату және инъекция үшін басқа көктамырды таңдау керек. Препарат маңайдағы тіндерге тигенде инфильтратты аспирациялауға әрекет жасаған жөн. Зақымданған аймақты, оған 2-3 күн бойы мұз қойып, кортикостероидты препараттармен инъекциялау керек. Жара пайда болған кезде зақымданған аймақты кесіп тастау ұсынылады.

  • Доксолек енгізілгеннен кейін 1-2 күн ішінде несепті қызыл түске бояйды; науқастарға белсенді емдеу кезеңінде осы құбылыс туралы ескерткен жөн.

  • Әйелдер мен еркектер доксолекпен емделу кезінде контрацепцияның сенімді тәсілдерін пайдаланулары керек.

  • Доксорубицинмен жұмыс істегенде циоуытты заттармен жұмыс істеу ережелерін ұстану керек. Препаратпен ластанған беткейді натрий гипохлоритінің (құрамында 1 хлор бар) сұйылтылған ерітіндісімен өңдеу керек. Препарат теріге тиген кезде – теріні дереу сабынды сумен немесе натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен молынан жуу керек; көзге тигенде – қабақты тарту және екі көзді (көзді) мол мөлшердегі сумен 15 минуттан кем емес уақыт бойы жуу керек.

    Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Доксолек препаратымен емделген кезде автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуі жөніндегі деректер келтірілмеген.

Артық дозалануы

Симптомдары: шырышты қабықтардың қабынуы, лейкопения, тромбоцитопения.

Емі: сүйек кемігі функциясы бәсеңдегені айқын болатын науқастарды ауруханаға жатқызады, антибиотиктермен ем жүргізеді және гранулоцитарлы масса құяды, симптоматикалық ем жүргізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден немесе 25 мл-ден алюминий қалпақшалары немесе алюминий мен пластмассадан біріктіріп жасалған қалпақшалары бар резеңке тығындармен тығындалған 1- класты гидролитикалық шыны құтыларда.

5 мл-лік 1 немесе 10 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге пәшкеге қапталған.

25 мл-лік 1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге пәшкеге қапталған.

5 мл-лік №1 құты бар 10 пәшкеден немесе 25 мл-лік құтысы бар 1 пәшкеден үлбірге қаптауға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2о С-ден 8о С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармстандарт-Биолек» ЖАҚ

Померки, Харьков қ., Украина, 61070

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармстандарт-Биолек» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармстандарт-Биолек» ЖАҚ, Украина

61070, Украина, Харьков қ., Померки

Тел.: +38(057) 700-34-65; e-mail: office@biolik.com.ua

 

Прикрепленные файлы

725427301477976724_ru.doc 80.5 кб
109438911477977880_kz.doc 76.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники