Док-1 Макс (сироп)

МНН: Гвайфенезин, Парацетамол, Фенилэфрин
Производитель: Марион Биотек Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019989
Информация о регистрации в РК: 28.06.2013 - 28.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

ДОК-1 Макс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 100 мл

Құрамы

10 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: парацетамол 500 мг

гвайфенезин 200 мг

фенилэфрин гидрохлориді 10 мг,

қосымша заттар: сорбитол (70% ерітінді түрінде), натрий сахарині, пропиленгликоль, лимон қышқылы моногидраты, глицерин, ментол, лимон хошиістендіргіші, карамель бояғыш, тазартылған су

Сипаттамасы

Ашық қоңырдан қоңыр түске дейінгі, өзіне тән иісі мен тәтті дәмі бар сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Басқа препараттармен (психолептиктерден басқа) біріктірілген парацетамол.

АТХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол ішке қабылдағаннан кейін 10 - 60 минуттан соң шыңдық плазмалық концентрацияларымен АІЖ-нан сіңеді.

Парацетамол организм тіндерінің көпшілігіне таралады, плацента арқылы өтеді және емшек сүтінің құрамында болады. Плазмада ақуыздармен байланысуы әдеттегі емдік концентрацияларында елеусіз, бірақ дозасын арттырғанда, концентрациясы артады. Парацетамолдың жартылай шығарылу кезеңі 1-ден 3 сағатқа дейін өзгеріп тұрады.

Парацетамол глюкуронидпен және сульфатпен коньюгациялану жолымен көбінесе бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 1-3 сағатты құрайды. Негізінен несеппен глюкуронидтік және сульфаттық коньюгаттар түрінде шығарылады. Парацетамолдың 5%-дан азы өзгермеген парацетамол түрінде шығарылады.

Гвайфенезин АІЖ-нан тез сіңіріледі (ішке қабылдағаннан кейін 25-30 минуттан соң). Құрамында қышқыл мукополисахаридтер бар тіндерге өтеді. Бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 1 сағат. Белсенді емес метаболиттер түрінде несеппен шығарылады.

Фенилэфрин гидрохлориді ішке қабылдағаннан кейін нашар сіңеді. Биожетімділігі - 40%-дан аспайды. Моноаминооксидаза (МАО) қатысуымен ішек қабырғасында және бауыр арқылы «бірінші өтуі» кезінде метаболизденеді. Қабылданған дозасының азғантай бөлігі өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген құрамды анальгетик-антипиретик, әсері препарат құрамына кіретін компоненттерінің қасиеттеріне негізделген.

Парацетамол – есірткілік емес анальгетик және антипиретик. Ауыруды басатын, ыстық түсіретін және әлсіз қабынуға қарсы әсері бар. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезін тежеуіне және гипоталамустағы жылуды реттеу және ауыру орталығына әсері басым ОЖЖ-дегі циклооксигеназа ферментінің (ЦОГ-1, ЦОГ-2) бөгеуімен байланысты.

Гвайфенезин – қақырық түсіретін дәрі. Қақырықтың беткейлік тартылуы мен адгезиялық қасиетін азайтады, бұл оның тұтқырлығын төмендетеді және тыныс алу жолдарынан шығарылуын жеңілдетеді.

Фенилэфрин гидрохлориді тамыр тарылтатын әсер береді, тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінің шырышты қабықтарының және қосалқы қойнауларының ісінуі мен гиперемиясын азайтады.

Қолданылуы

- мұрынның бітелуімен, жөтелмен, бас ауыруымен және баспамен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жоғарғы бөліктерінің жедел, жұқпалы- қабыну ауруларында (тұмауда)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге: 10 мл-ден тәулігіне 3 рет.

Емдеу курсының орташа ұзақтығы 3-5 күн.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- бас ауыруы, бас айналуы, күйгелектік, ашушаңдық

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

- жүрек айнуы, құсу, эпигастрийдегі ауыру, ауыздың құрғауы

Сирек

- жедел панкреатит

- мидриаз, жедел жабық бұрышты глаукома

- депрессия, ұйқысыздық

- шаршау сезімі, ұйқышылдық

- тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз

- анемия, соның ішінде гемолитикалық анемия

- сульфгемоглобинемия, метгемоглобинемия

- артериялық гипертензия, брадикардия, тахикардия, жүректің қағуы

- гипогликемия, ентігу

- дизурия, несептің іркілуі (қуық асты безі гиперплазиясы кезінде)

- Квинке ісінуі, Стивенс-Джонсон синдромы, анафилактикалық реакциялар

Жоғары дозаларында болуы мүмкін

- диарея, асқазаннан қан кету

- гепатоуытты әсері, гепатонекроз

- психомоторлық қозу, бағдар бұзылуы

- гипогликемиялық кома

- нефроуытты әсері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау

- гипертиреоз

- артериялық гипертензия

- ишемиялық жүрек ауруы

- окклюзивтік қантамыр аурулары (мысалы Рейно синдромы)

- MAO тежегіштерімен ем қабылдайтын емделушілер, сондай-ақ MAO тежегіштерімен емді тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде

- басқа да симпатомиметиктер қабылдайтын емделушілер

- қуықасты безінің гиперплазиясы

- эпилепсия

- бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- бронх демікпесі

- гепатит, панкреатит

- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жаралы ауруы

- қант диабеті

- жабық бұрышты глаукома, феохромоцитома

- тромбоцитопениялық пурпура, тромбоцитопатия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ДОК-1-ді барбитураттармен, үшциклды антидепрессанттармен, бета-адреноблокаторлармен, құрысуға қарсы дәрілермен, рифампицинмен, алкогольмен бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың гепатоуытты әсерлері едәуір артады.

Парацетамол тікелей емес коагулянттардың (кумарин туындыларының), салицил қышқылының, кофеиннің, кодеиннің әсерін күшейтеді.

Фенобарбиталмен үйлестіре қолданғанда метгемоглобинемия күшейеді.

МАО тежегіштерімен фенилэфрин әсерінің үдеуі байқалады.

Фенилэфринді бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолданғанда кардиостимуляциялаушы белсенділігі азаяды; резерпин аясында артериялық гипертензия (катехоламиндер қорының жұтаңдауы салдарынан адренергиялық нейрондарда симпатомиметиктерге сезімталдық жоғарылайды) болуы мүмкін. Окситоцин, қастауыш алкалоидтары, үшциклді антидепрессанттар, фуразолидон, прокарбазин, селегилин, симпатомиметиктер прессорлық әсерін, ал соңғылары – аритмогенділігін де күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуларында, сондай-ақ басқа гепатоуытты әсері бар дәрілік препараттарды қабылдап жүрген емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Артық дозалануын және жағымсыз әсерлерінің даму қаупін болдырмас үшін, құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде тағайындалмайды. Физостигминді гвайфенезинмен қолдануға болмайды.

70 жастан асқан емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат ұйқышылдық пен бас айналуын тудыруы мүмкін; сондықтан емдеу кезеңінде автокөлік және зейін шоғырландыруды қажет ететін қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: тері жабындарының бозаруы, тәбеттің нашарлауы, жүрек айнуы, құсу, гепатонекроз (уыттану салдарынан болатын некроз айқындығы қабылданған дозасына тікелей тәуелді). 10-15 г астам парацетамолды қабылдағаннан кейін ересектерде уытты әсері болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау.

Симптоматикалық ем. Қосымша емдеу шараларын жүргізу қажеттілігі (ары қарай метионин енгізу, N-ацетилцистеинді к/і енгізу) парацетамолдың қандағы концентрациясына және оны қабылдағаннан кейінгі өткен уақытқа байланысты.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

100 мл-ден бұралатын алюминий қақпағы бар және бірінші ашылуы бақыланатын, полиэтилентерефталаттан жасалған янтарь түстес құтыларда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен және дозалағыш-қалпақшасымен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Марион Биотек Пвт.Лтд.»

Б-49, Сектор-67, Нойда, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марион Биотек Пвт.Лтд.», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Spectramax» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин д-лы 458-460/95, 312 кеңсе

Телефон/факс нөмірі +7(727) 344-94-37 (8)

Электронды поштасы vikaskaushik@quramax.com

 

Прикрепленные файлы

695284971477976920_ru.doc 56.5 кб
816406591477978096_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники