Дицетел® (50 мг)

МНН: Пинаверия бромид
Производитель: Эбботт Хелскеа САС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pinaverium
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№007672
Информация о регистрации в РК: 28.06.2018 - 28.06.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Дицетел®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пинаверий бромиді

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг, 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 50 немесе 100 мг пинаверий бромиді,

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты, желатинделген крахмал, лактоза моногидраты,

таблетка қабығының құрамында: бутилметилакрилат негізгі сополимері, натрий лаурилсульфаты, стеарин қышқылы, тальк, Sepisperse® Dry 3202 (гидроксиметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, титанның қостотығы (Е171), сансет сары (Е110).

Сипаттамасы

Бір жағында «50» өрнегі бар, үлбірлі қабықпен қапталған қызыл-сары түсті таблеткалар, таблеткалардың диаметрі 8 мм жуық (50 мг доза үшін).

Бір жағында «100» және екінші жағында «∆» белгісінің үстінде «S» өрнегі бар, үлбірлі қабықпен қапталған қызыл-сары түсті таблеткалар, таблеткалардың диаметрі 11 мм жуық (100 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функциялық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішек функциялық бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар. Пинаверий.

АТХ коды А03АХ04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде пинаверий бромиді тез сіңеді. Ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) 1 сағат аралығында жетеді. Толығымен метаболизденеді және бауыр арқылы шығарылады. Жартылай шығару кезеңі 1,5 сағатты құрайды. Абсолюттік биожетімділігі ішке қабылдаған кезде өте төмен (1% азырақ). Плазманың протеиндерімен байланысы – 95-97%. Басты шығарылу жолы – ішек арқылы.

Фармакодинамикасы

Пинаверий бромиді асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықеттеріне селективті ықпал жасайтын спазмолитик болып табылады. Ішектің тегіс бұлшықеттерінің жасушаларына кальций иондарының енуін тоқтататын кальций антагонисі болып табылады. Пинавериум сезімтал өткізгіш жолдарының көтермелену әсерін төмендетеді. Антихолинергиялық әсері және жүрек-қантамыр жүйесіне ықпалы жоқ.

Қолданылуы

  • жіңішке ішектің функциялық бұзылуынан болған ауыру, эвакуаторлық бұзылыс және жайсыздықты симптоматикалық емдеуде

  • өт шығару жолдарының функциялық бұзылуынан болған ауыруды

симптоматикалық емдеуде

  • барий негізінде контрасты препараттарды пайдаланып, асқазан-ішек жолы ағзаларын рентгенологиялық тексеруге дайындауда

Қолдану тәсілі және дозалары

Дицетелдің өңеш шырышты қабығымен жанасуын болдырмау үшін таблеткаларды тамақтану кезінде ішке қабылдайды. Таблеткаларды тұтас жұтып, шайнамастан және сындырмай, жеткілікті мөлшердегі сумен ішке қабылдау керек.

50 мг таблеткалар

Ересектер: 1 таблеткадан күніне 3-4 рет. Қажет болғанда тәуліктік дозасын күніне 3 рет 2 таблеткаға дейін көбейтуге болады.

Рентгенологиялық тексеріске дайындық кезінде 2 таблеткадан күніне 2 рет 3 күн бойы емшара жүргізер алдында қабылдау керек.

100 мг таблеткалар

Ересектер: 1 таблеткадан күніне 2 рет. Қажет болғанда тәуліктік дозаны күніне 3 рет 1 таблеткаға дейін көбейтуге болады.

Рентгенологиялық тексеріске дайындық кезінде 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет 3 күн бойы емшара жүргізер алдында қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Маркетингтен кейінгі қолдану кезінде төменде көрсетілген жағымсыз реакциялар туралы өздігінен хабарланған. Қолда бар деректерді қарай отырып, жағымсыз реакциялар туындауының нақты жиілігін бағалау мүмкін емес (жиілігі белгісіз).

  • іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу, дисфагия, өңештің ошақтық зақымдануы (қабылдау ережелерін сақтамаған кезде)

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде: бөрту, қышыну, есекжем, эритема, беттің ісінуі, Квинке ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді ингредиентіне немесе кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клиникалық зерттеулерде пинаверий бромиді және жүрек гликозидтері, қант төмендететін дәрілер, инсулин, ауыз арқылы қабылданатын антикоагулянттар мен гепарин арасындағы өзара әрекеттестік байқалмаған.

Антихолинергиялық дәрілермен бір мезгілде қабылдау спазмолитикалық әсерін күшейтуі мүмкін. Зертханалық тестілер нәтижелеріне әсері байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Өңеште патологиялық өзгерістердің дамуын болдырмас үшін Дицетелді қабылдау жөніндегі ұсынымдарды мұқият ұстану керек. Өңеште зақымданулары және диафрагманың өңеш қуысы жарықтары бар емделушілер Дицетелді қабылдауда мұқият бақылау мен түзетуді қажет етеді.

Галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек кездесетін, туа біткен бұзылыстары бар адамдарға препараттың құрамында лактоза болғандықтан Дицетелді қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дицетелді жүктілік және бала емізу кезінде тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде автокөлік жүргізгенде және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқан кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан болатын симптомдар, оның ішінде метеоризм және диарея.

Емі: арнайы у қайтарғысы белгісіз. Асқазанды шаю және симптоматикалық ем ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 таблеткадан (50 мг доза үшін) немесе 15 таблеткадан (100 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 (50 мг доза үшін) немесе 2 (100 мг доза үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Эбботт Хелскеа САС

Рут де Бельвилль, Майар 01400, Шатийон-сюр-Шаларон, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Эбботт Хелскеа САС, Франция

Рут де Бельвилль, Майар 01400, Шатийон-сюр-Шаларон, Франция

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ЖШС «Абботт Казахстан»

050059 Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Достық даңғылы 117/6, «Хан Тәңірі-2» бизнес орталығы,

тел.: +7 727 2447544, +7 727 2447644.

Е-mail: pv.kazakhstan@abbott.com

Прикрепленные файлы

679237691477976847_ru.doc 55.5 кб
336188981477978005_kz.doc 73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники