Диффалон (10мг)

МНН: Монтелукаст
Производитель: Лабораториос Лесви С.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121993
Информация о регистрации в РК: 02.02.2016 - 02.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Диффалон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді зат – натрий монтелукасты 10.38 мг

(монтелукастқа баламалы) 10.00 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты

қабығы: Опадрай AMB Rosa 80W34307 (поливинилді спирт, титанның қостотығы (E171), тальк, лецитин (соялық), ксантанды шайыр, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (E172)).

Сипаттамасы

Ақшыл қызыл-сары түсті, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «10» таңбаланған, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі пайдалануға арналған басқа да препараттар. Лейкотриен рецепторларының антагонистері. Монтелукаст

АТХ коды RO3DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Монтелукаст ішу арқылы қолданғаннан кейін тез сіңіріледі. Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрацияға (Cmax) ересектер препаратты ашқарынға қолданғаннан кейін 3 сағаттан соң (Tmax) жетеді. Ішу арқылы қолданғанда орташа биожетімділігі 64% құрайды. Әдеттегіше тамақтану ішу арқылы қолданғанда биожетімділігі мен Cmax мәніне ықпал етпеген. Қауіпсіздігі мен тиімділігі, ас ішуге байланыссыз, үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар қолданылған клиникалық зерттеулерде расталған.

Шайнайтын 5 мг таблеткалар үшін Cmax мәніне ересектерде ашқарынға қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң жетеді. Ішу арқылы қолданғанда орташа биожетімділігі 73% құраған және стандартты тағаммен қабылдағанда 63% дейін төмендеген.

Таралуы Монтелукаст қан плазмасы ақуыздарымен 99%-дан астам байланысады. Тепе-тең жағдайда монтелукаст таралу көлемі, орта есеппен, 8-11 литр құрайды. Радиоактивті таңбаланған монтелукаст қолданумен жүргізілген зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өткенде тым аз таралуын көрсетеді. Бұдан бөлек, радиоактивті таңбаланған зат концентрациялары доза қабылдаудан кейін 24 сағаттан соң басқа тіндердің бәрінде аса төмен болды.

Метаболизмі.

Натрий монтелукасты P450 цитохромы жүйесі арқылы CYP3A4, CYP2A6 және CYP2C9 изоэнзимдерімен бауырда белсенді метаболизденеді.

Натрий монтелукасттың плазмадағы емдік концентрациялары 3A4, 2С9, 1А2, 2А6, 2С19 және 2D6 ферменттерін тежемейді.

Шығарылуы

Дені сау ересектерде монтелукаст плазмалық клиренсі, орта есеппен, минутына 45 мл құрайды. Ішу арқылы қолданудан кейін радиоактивті таңбаланған монтелукасттың 86% радиоактивтілігі 5 күн бойы нәжіспен және <0.2% несеппен шығарылады. Ішу арқылы қолданудан кейінгі монтелукаст биожетімділігін ескерсек, бұл монтелукаст пен оның метаболиттерінің толық дерлік өтпен шығарылуын көрсетеді.

Балалар, егде жастағы пациенттер және бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер дені сау ересектермен ұқсас фармакокинетикалық параметрлер иеленген.

Орташа бауыр жеткіліксіздігімен және цирроздың клиникалық біліністерімен пациенттерде монтелукасттың метаболизмі баяулайды және жартылай шығарылу кезеңі ұзарады: AUC (плазмалық концентрациясының қисығы астындағы аудан) 10 мг дозаны қабылдағаннан кейін 41%-ға артады.

Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Фармакодинамикасы

Диффалон – бронх демікпесінде бронхтардың гиперреактивтілігін демеп тұратын созылмалы персистирленген қабынудың ең күшті медиаторлары цистеинді лейкотриендер CysLT1-рецепторларының (ЛТ C4, D4 және E4) селективті антагонистері.

Монтелукасттың бронхтарды кеңейтетін әсерін лейкотриенді D4-рецепторларды тыныс жолдарында бөгеумен және лейкотриендердің - бронхтардың реактивтілігінің реттелу үдерісінде, бронхоконстрикцияның дамуында, бронхтардың шырышты қабатының ісінуінде, бронхиалды гиперсекрецияда маңызды роль атқаратын эндогенді биологиялық белсенді заттардың әсерін азайтумен байланыстырады.

Диффалонның емдік әсері препарпатты қабылдағаннан кейін бірінші күні-ақ байқала бастайды.

Осылайша, монтелукаст агонистік әсерсіз ЦисЛТ1-рецепторлар деңгейінде LTD4 лейкотриендердің әсерін бөгейді.

Қолданылуы

–бронх демікпесінің базалық еміне қосымша (ингаляциялық кортикостероидтар және қысқа әсер ететін β-агонистер тиімділігі жеткіліксіз болғанда) ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар 15 жастан бастап пациенттер үшін

– бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеуде және дене жүктемесінен болатын бронх түйілуінің алдын алуда

– бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық риниттерді емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Демікпесі немесе маусымдық аллергиялық ринитпен қатар жүретін демікпесі бар 15 жастағы және одан үлкен пациенттерге доза тәулігіне 1 рет кешкілік 10 мг (1 таблетка) құрайды.

Жалпы нұсқаулар. Бронх демікпесі ағымы көрсеткіштерінің өзгеруімен Диффалон препаратының емдік әсері 1 күн ішінде дамиды. Пациенттерге, демікпенің бақылануына жеткеннің өзінде де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңдерінде Диффалон қабылдауды жалғастыру керектігін хабарлаған жөн. Диффалонды құрамында дәл осындай әсер етуші зат – монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейін бауыр функциясы бұзылған немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түріне шалдыққан пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ұлдар мен қыздар үшін дозалануы бірдей.

Демікпені кешенді емдеуде бір мезгілде Диффалонды тағайындау.

Диффалонды бронх кеңейткіштер мен ингаляциялық глюкокортикостероидтар қабылдайтын пациенттерді емдеуге қосуға болады ("Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі" бөлімін қара).

Диффалон орташа дәрежедегі ауырлықтағы персистирленген демікпемен пациенттерге монотерапия ретінде ұсынылмайды. Монтелукастты жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы персистирленген демікпемен балаларда төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде қолдануды пероральді кортикостероидтарды қолдануды талап ететін демікпенің елеулі ұстамалары болмаған және ингаляциялық кортикостероидтарды қолдана алмайтын пациенттер үшін ғана қарастыру керек.

Жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы персистирленген демікпе симптомдарының пайда болуы аптасына 1 реттен жиі, бірақ күніне 1 реттен сирек, түнгі симптомдарының пайда болуы айына 2 реттен жиі, бірақ аптасына 1 реттен сирек, эпизодтар аралығындағы кезеңде өкпе функциясы қалыпты болуымен анықталды

Егер дәрігерге қаралғанда демікпені жеткілікті бақылауға қол жетпесе (әдетте 1 ай ішінде), демікпені емдеудің бірізді жүйесіне сүйене отырып қосымша немесе басқа қабынуға қарсы ем қажеттігін анықтау керек. Демікпені бақылауға қатысты пациенттердің жағдайын мезгіл-мезгіл анықтау керек.

Егер бронх кеңейткіштерді жеке қолданудың клиникалық әсері жеткіліксіз болса, Диффалон бронх түйілуімен пациенттерге тағайындалады.

Баламалы клиникалық әсерге қол жеткен жағдайда (әдетте бірінші дозаны қабылдағаннан кейін) қабылданатын бронх кеңейткіштер дозасы азайтылуы мүмкін.

Кортикостероидты ингаляторлар

Егер Диффалон препаратын ингаляциялық кортикостероидтармен емдеуде қосымша ем ретінде қолданса, Диффалон препаратымен ингаляциялық кортикостероидтарды күрт алмастыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері олардың пайда болуының келесі жиілігі бойынша топтарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10), жиі емес (≥1/1000 <1/100), сирек (≥1/10000 <1/1000), өте сирек (<1/10 000)

Жиі (≥1/100 <1/10)

- бас ауыру

- абдоминальді ауыру

Постмаркетингтік деректер

Өте жиі (<1/10)

- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100 <1/10)

- диарея*, жүрек айнуы*, құсу*

- бөртпе**

- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (АЛТ және АСТ)

- пирексия*

Жиі емес (≥1/1000 <1/100)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксияны қоса

- патологиялық түстер, шым-шытырық түстер көруді қоса, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, ажитация, озбырлық пен жауығуды қоса, депрессия, психомоторлық аса жоғары белсенділік, ашушаңдық, мазасыздық, треморды қоса***

- бас айналу, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

- мұрыннан қан кету

- ауыздың құрғауы, диспепсия

- қанталаулар, есекжем, қышыну

- артралгия, миалгия, бұлшықеттердің құрысуын қоса

- астения/шаршау, ісіну

- балалардағы энурез

Сирек (≥1/10 000 <1/1 000)

- қанағыштыққа бейімділік

- зейін шоғырландырудың бұзылуы, есте сақтау бұзылыстары

- пальпитация

- ангионевроздық ісіну

Өте сирек (<1/10 000)

- бауырдағы эозинофильді инфильтраттар

- елестеулер, бағдардан жаңылу, суицидтік ниеттер және мінез-құлық (суицид әрекеттерін қоса)

- Чердж-Стросс синдромы

- гепатит, холестатикалық, гепатоцеллюлярлы түрлерін қоса және шығу тегі аралас бауыр зақымданулары

- мультиформалы эритема, түйінді эритема

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, Лапп лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукастты, әдетте, демікпенің алдын алу және оны ұзақ емдеу үшін пайдаланылатын басқа препараттармен қолдануға болады. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде ұсынылған монтелукаст клиникалық дозасы мынадай дәрілік заттардың: теофиллин, преднизон, преднизолон, ішуге арналған контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин фармакокинетикасына клиникалық тұрғыда елеулі әсерін тигізбеген.

Қан плазмасындағы монтелукаст концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) бір мезгілде фенобарбитал қолданған пациенттерде шамамен 40% төмендеген. Монтелукаст CYP 3A4, 2С8 және 2С9 арқылы метаболизденетіндіктен, әсіресе балаларға фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2С8 және 2С9 индукторларымен бір мезгілде абайлап тағайындау керек.

Іn vitro зерттеулері монтелукасттың CYP 2C8 күшті тежегіші екенін көрсетті. Алайда монтелукаст пен росиглитазон (маркерлі субстрат, көбінесе CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттар өкілі) қолдану зерттелген препараттармен өзара әрекеттесуін клиникалық зерттеудің деректері in vivo монтелукасттың CYP 2C8 тежемейтінін көріністеген. Сондықтан монтелукаст осы фермент арқылы метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айқын ықпал етеді деп күтілмейді.

Зертханалық зерттеулер монтелукасттың CYP 2C8 үшін де және аз дәрежеде 2C9 және 3A4 үшін де субстрат болып табылатынын көрсетті.

Монтелукаст пен гемфиброзилдің (әрі CYP 2C8, әрі 2C9 тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеу деректері гемфиброзилдің монтелукаст жүйелік сенсибилизациясын 4,4 есе арттыратынын көрсетті. Монтелукаст үшін дозаны түзету оны гемфиброзилмен немесе басқа да CYP 2C8 әлеуетті тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қажет емес, бірақ дәрігерлер жағымсыз реакциялардың артуы мүмкін екенін ескеру керек. Басқа CYP 2C8 белгілі тежегіштерімен (мысалы, триметоприм) клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесуі болжанбайды. Бұдан басқа, CYP3А4 күшті тежегіші болып табылатын итраконазолмен ғана бір мезгілде монтелукаст қолдану монтелукаст жүйелік сенсибилизациясының елеулі жоғарылауына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттер ішу арқылы қолдануға арналған монтелукасттың ешқашан жедел демікпе ұстамаларын емдеуге пайдаланылмайтынын, сондай-ақ олардың тиісті жедел жәрдем препаратын үнемі өзімен алып жүру керектігін білуі тиіс. Жедел ұстамада қысқа әсер ететін ингаляциялық β‑агонистерді пайдалану керек. Егер олар қысқа әсерлі β‑агонисін әдеттегіден көп мөлшерде қажет етсе, пациенттер дәрігермен мүмкіндігінше тезірек кеңесуі тиіс.

Емдеу режимін қатаң сақтау керек.

Монтелукастты демікпенің жедел ұстамаларын басу үшін қолдануға болмайды (ингаляциялық бронх кеңейткіштерді алмастырмайды); емдік әсер пайда болған жағдайда (әдетте бірінші дозадан кейін) бронх кеңейткіштердің ингаляциясы саны тәулік ішінде азайтылуы мүмкін.

Монтелукаст ингаляциялық немесе ішуге арналған кортикостероидтарды күрт алмастырмауы тиіс. Әйтсе де ингаляциялық кортикостероидтардың дозасы медициналық бақылаумен біртіндеп азайтылуы мүмкін.

Монтелукаст дене жүктемесінде пайда болатын демікпені емдеу және бақылау үшін монотерапия ретінде қолданылмауы керек.

Дене жүктемесінен кейін демікпенің күшеюі байқалатын пациенттер оларды әдеттегі режимде қолдануды жалғастыруы профилактика үшін ß-агонистер ингаляциясымен және қажет болған жағдайда өзімен ингалятор болуы керек.

Монтелукаст препаратын қоса, демікпеге қарсы препараттармен ем алып жүрген пациенттерде жүйелі эозинофилия, кейде Чердж-Стросс синдромына (жүйелік кортикостероидтармен жиі ем жүргізілетін жағдай) тән васкулиттің клиникалық көріністерімен туындауы мүмкін. Бұл жағдайлар әдетте ішуге арналған кортикостероидтар дозасын тоқтату немесе азайтумен әрдайым байланысты емес. Лейкотриен рецепторлары антагонистерімен емдеу мен Чердж-Стросс синдромының туындауы арасындағы байланысты жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Дәрігерлер пациенттерде эозинофилия, васкулярлы бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатияның пайда болу мүмкіндігін ескеруі керек. Осы симптомдар пайда болған пациенттерді, қайта тексеру және емдеу сызбасын қайта қарау қажет.

Монтелукаст аспиринге сезімтал демікпемен пациенттерде аспиринге немесе ҚҚСП бронх түйілу жауабын бөгемейді. Осындай пациенттер аспирин және әртүрлі ҚҚСП қабылдаудан аулақ болуы керек. Монтелукастты бронх кеңейтетін еммен бірге қолданғанда да сақтық шараларын сақтау керек. Клиникалық жауап айқын байқалған жағдайда бронх кеңейтетін ем азайтылуы керек.

Галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты туа біткен сирек аурулары бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы тиіс.

Жүйке-психикалық бұзылыстар

Психика тарапынан болатын бұзылуларға қозу, озбыр мінез-құлық, жауығу, үрейлену, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін шоғырландырудың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеу, ұйқысыздық, ашушаңдық, есте сақтаудың нашарлауы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса) және тремор сияқты жағымсыз әсерлер жатады. Пациенттер мен медицина қызметкерлері жағымсыз құбылыстардың пайда болуы мүмкін екенін білу керек. Пациенттерге осы жағымсыз әсерлер туындағанда өз емдеуші дәрігерін хабарландыруға кеңес беріледі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: жүктілікке қатысты қолда бар деректер базасынан алынған шектеулі ақпарат монтелукаст қолдану мен бүкіләлемдік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында сирек хабарланған мальформацияның (аяқ-қол кемістіктері сияқты) туындауы арасында өзара себеп-салдарлы байланыс барын көрсетпейді.

Лактация кезеңі: монтелукасттың емшек сүтіне өтуі белгісіз.

Педиатриялық тәжірибеде қолданылуы

Аталған дәрілік түр 15 жасқа дейінгі балаларға тағайындалмайды.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Диффалон пациенттің автокөлікті жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді. Алайда сирек жағдайларда ұйқышылдық жөнінде хабарланған, осыған орай, осы аталған қызметтермен айналысқанда сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: іштің ауыруы, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыру, құсу және психомоторлық аса жоғары белсенділік болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Перитонеальді диализде немесе гемодиализ жолымен монтелукасттың шығарылу мүмкіндігі туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Лабораториос Лесви С.Л., Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Гранд Медикал Групп АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гранд Медикал Групп АГ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Мамыр-4, 297а үй, 3 кеңсе

Тел: 8 (727) 225-69-90, 225-27-28

Тел/факс: 8 (727) 228-17-83

Прикрепленные файлы

098941791477976321_ru.doc 35.05 кб
849035921477977511_kz.doc 108 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники