Дифлюкан® (150 мг)

МНН: Флуконазол
Производитель: Фарева Амбуаз
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012048
Информация о регистрации в РК: 04.06.2018 - 04.06.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 741.64 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Дифлюкан®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі

50 мг, 150 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 50 мг және 150 мг флуконазол,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты.

Капсула қабығының құрамы:

Қақпағы: титанның қостотығы (Е171), патенттелген көк V (Е 131), желатин,

Корпусы: титанның қостотығы (Е171), патенттелген көк V (Е 131), желатин,

сияның құрамы: шеллак, темірдің қара тотығы (E172), бутил спирті, өндірістік метилденген спирт, тазартылған су, пропиленгликоль, изопропил спирті.

Сипаттамасы

«Pfizer» логотипі және «FLU-50» жазуы бар, корпусы ақ түсті және қақпағы көгілдір түсті №7 капсулалар (50 мг доза үшін).

«Pfizer» логотипі және «FLU-150» жазуы бар, корпусы және қақпағы көгілдір түсті №1 капсулалар (150 мг доза үшін).

Капсуланың ішіндегісі - ақ түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар.

Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02АС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Ішке қабылдағанннан кейін флуконазол жақсы сіңіріледі, жалпы жүйелік биожетімділігі 90 %-дан астамды құрайды. Бір мезгілде ас ішу препараттың ішке қабылдағандағы сіңірілуіне әсер етпейді. Флуконазолдың қан плазмасындағы концентрациясы қабылдағаннан кейін 0,5 - 1,5 сағаттан соң ең жоғарғы шыңына жетеді және қабылданған дозасына пропорциональді.

Тепе-теңдік концентрациясының 90%-ға тең деңгейіне емдеуді бастағаннан кейінгі 4 – 5 күнге қарай жетеді (препаратты тәулігіне бір рет бірнеше күн қабылдаған кезде).

Әдеттегі тәуліктік дозасынан асатын жүктемелік дозасын 1-ші күні 2 бөліп қабылдау 2-ші күнге қарай 90 % концентрациясына жетуге мүмкіндік береді.

Таралуы

Таралуының болжамды көлемі организмдегі судың жалпы мөлшеріне жуықтайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы төмен (11 - 12 %).

Флуконазолдың организмнің барлық сұйықтықтарында таралу дәрежесі жоғары. Флуконазолдың сілекей мен қақырықтағы деңгейлері оның қан плазмасындағы концентрациясымен ұқсас. Зеңдік менингиті бар пациенттерде флуконазолдың жұлын сұйықтығындағы деңгейі оның қан плазмасындағы деңгейлерінің 80 %-ға жуығын құрайды.

Мүйізгекті қабатта, эпидермисте, дерма мен тер сұйықтығында сарысудағысынан асатын жоғары концентрацияларына жетеді. Флуконазолды 50 мг дозада тәулігіне 1 рет қабылдағанда оның мүйізгекті қабаттағы концентрациясы 12 күннен соң 73 мкг/г, ал емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күннен соң - тек 5,8 мкг/г құрайды. 150 мг дозада аптасына 1 рет қабылдағанда концентрациясы 7-ші күні 23,4 мкг/г, ал екінші дозасын қабылдағаннан кейін 7 күннен соң - 7,1 мкг/г құрайды.

Флуконазолдың 150 мг дозада аптасына 1 рет 4 ай бойы қолданғаннан кейінгі тырнақтардағы концентрациясы сау тырнақтарда 4,05 мкг/г және зақымданған тырнақтарда 1,8 мкг/г құрады; емдеу аяқталғаннан кейін 6 айдан соң флуконазол тырнақтарда анықталған.

Метаболизмі

Флуконазол тек екіншілік метаболиттеріне дейін ғана метаболизденеді. Радиоактивті дозасының бар болғаны 11 %-ы несеппен өзгеріссіз күйде шығарылған. Флуконазол CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерін селективті тежейді. Сонымен қатар Флуконазол CYP2C19 изоферментін де тежейді.

Шығарылуы

Флуконазол, негізінен бүйрекпен шығарылады; қабылдаған дозасының шамамен 80 %-ы несепте өзгеріссіз күйде анықталады. Флуконазолдың клиренсі креатинин клиренсіне пропорциональді. Айналымдағы метаболиттері анықталмаған.

Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, 30 сағатқа жуық. Бұл флуконазолды қынаптық кандидоз кезінде бір рет және басқа көрсетілімдер кезінде тәулігіне 1 рет немесе аптасына 1 рет қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүйрек функциясының бұзылуы кезіндегі фармакокинетикасы

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ< 20 мл/мин) пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі 30 сағаттан 98 сағатқа дейін артқан. Осының салдарынан препараттың дозасын төмендету қажет. Флуконазол гемодиализ үдерісінде және азғантай дәрежеде перитонеальді диализдің көмегімен шығарылады. Үш сағаттық гемодиализ сеансынан кейін қаннан 50 %-ға жуық флуконазол шығарылады.

Балалардағы фармакокинетикасы \

Флуконазолды 9 айдан 15 жасқа дейінгі балаларда 2 - 8 мг/кг дозада қолданғаннан кейін, олардағы AUC 1 мг/кг дозалау бірлігіне 38 мкгсағ/мл құрады. Препаратты бірнеше рет қабылдағаннан кейін флуконазолдың қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің орташа ұзақтығы 15 және 18 сағат арасында ауытқып тұрды, ал таралу көлемі шамамен 880 мл/кг құрады. Препаратты бір рет қабылдағаннан кейін қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің ұзағырақ болғаны байқалды, ол шамамен 24 сағатты құрады. Бұл деректер флуконазолды 11 күннен 11 айға дейінгі балаларға 3 мг/кг дозада көктамыр ішіне бір рет енгізгеннен кейінгі оның плазмадағы жартылай шығарылу кезеңімен салыстырмалы. Аталған жас тобындағы пациенттердегі таралу көлемі шамамен 950 мл/кг құрады.

Флуконазолды жаңа туған нәрестелерде қолдану тәжірибесі шала туған нәрестелерде фармакокинетикасын зерттеумен шектелген. Алғашқы дозасын қолданған сәттегі пациенттердің орташа жасы орташа жетілу кезеңі 28 апталық шала туған нәрестелер арасында 24 сағатты (9-дан 36 сағатқа дейінгі ауқымда), ал туған кездегі орташа дене салмағы - 0,9 кг (0,75-тен 1,10 кг дейінгі ауқымда) құрады. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі 1-ші (сағат) күні 74 құрады (44 – 185 ауқымында), содан соң 7-ші күні орташа алғанда 53-ке дейін (30 – 131 ауқымында) және 13-ші күні 47-ге дейін (27 – 68 ауқымында) қысқарды. Фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы (мкгсағ/мл) 1-ші күні 271 құрады (173 – 385 ауқымында), содан соң 7-ші күні орташа алғанда 490-ға (292 – 734 ауқымында) дейін артты және 13-ші күні орташа алғанда 360-қа дейін (167 - 566 ауқымында) қысқарды. Таралу көлемі (мл/кг) 1-ші күні 1183 құрады (1070 – 1470 ауқымында), содан соң уақыт өте келе 7-ші күні орташа алғанда 1184-ке дейін (510 - 2130 ауқымында) және 13- ші күні 1328-ке дейін артты (1040 – 1680 ауқымында).

Егде жастағы пациенттердегі фармакокинетикасы

65 жас шамасындағы және одан үлкен, флуконазолдың бір реттік 50 мг дозасын ішу арқылы қабылдаған пациенттердің қатысуымен фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Ол пациенттердің кейбіреулері бір мезгілде диуретиктерді қабылдап жүрген. Препараттың дозасын қабылдағаннан кейін 1,3 сағаттан соң Cmax мәні 1,54 мкг/мл құрады. AUC орташа мәні 76,4 ± 20,3 мкгсағ/мл, ал терминальді жартылай шығарылу кезеңінің орташа ұзақтығы - 46,2 сағатты құрады. Фармакокинетикасының бұл параметрлері дені сау жас ерікті ерлер үшін осыған ұқсас мәндерден жоғары. Диуретиктерді қатарлас қабылдау AUC және Cmax мәндерінің өзгеруіне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Бұдан өзге, креатинин клиренсі (74 мл/мин), өзгермеген дәрілік препараттың несептегі пайызы (0 - 24 сағат, 22 %) және флуконазолдың бүйректік клиренсі (0,124 мл/мин/кг) тұтас алғанда, егде жастағы адамдарда жастау еріктілердегі осыған ұқсас көрсеткіштерге қарағанда төмен. Осылайша, егде жастағы пациенттерде флуконазол фармакокинетикасының өзгеруіне аталған топ үшін бүйрек функциясы сипаттамаларының төмендеуі түрткі болды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Дифлюкан® - зеңге қарсы триазолдық дәрі. Оның негізгі әсер ету механизмі зеңдік Р - 450 цитохромы негіз болған зеңдердегі эргостерол биосинтезінің шешуші сатысы болып табылатын 14 - альфа - ланостеролдың деметилдену реакциясын тежеуінен негізделеді. 14 - альфа – метилстеролдардың жинақталуы зеңдердің жасуша жарғақшасы құрамына кіретін эргостеролдың келесі жоғалуымен өзара байланысты; бұл үдеріс флуконазолдың зеңге қарсы әсеріне негізделеді.

Дифлюкан® препаратының Р - 450 цитохромына тәуелді зең ферменттеріне қатысты спецификалылығы жоғары. Дифлюкан® препараты, түрлі сүтқоректілердің P - 450 цитохромы тұқымдас ферменттеріне қатысты алғандағыға қарағанда, зеңдердің Р - 450 цитохромы тұқымдас ферменттеріне қатысты едәуір селективті екендігі анықталды.

Дифлюкан® клиникалық тәжірибеде анағұрлым көп таралған зең түрлері Candida-ға қатысты (C. albicans, C. parapsilosis, C. tropicalis қоса) in vitro зеңге қарсы белсенділік танытады. C. glabrata флуконазолдың әсеріне кең ауқымды сезімталдық танытады, ал C. krusei төзімді.

Сонымен қатар Дифлюкан® Cryptococcus neoformans және Cryptococcus. gattii -ге қатысты, сондай-ақ эндемиялық Blastomyces dermatiditis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis зең саңырауқұлақтарына қарсы in vitro белсенділік танытты.

Тәулігіне 50 мг Дифлюкан® препаратымен 28 тәулікке дейінгі уақыт бойы емдеу ерлердің плазмасындағы тестостерон концентрациясына немесе бала туатын жастағы әйелдерде стероидтар концентрациясына әсер еткен жоқ. Дифлюкан® тәулігіне 200 - 400 мг дозада эндогендік стероидтардың деңгейіне және дені сау ерікті ерлердегі АКТГ стимуляциялаған реакцияға клиникалық маңызды әсер етпейді. Антипиринмен өзара әрекеттесуін зерттеулер, Дифлюкан® препаратын 50 мг дозада бір рет қабылдау да, бірнеше рет қабылдау да оның метаболизміне әсер етпейтінін көрсетті.

Резистенттілігінің даму механизмі

Candida тектес зеңдерден азолдар тобының микозға қарсы дәрілерінің әсеріне қарсы бірқатар қорғаныс механизмдері анықталды. Мұндай резистенттілік механизмдерінің біреуін немесе бірнешеуін өндіретін штаммдар үшін флуконазолдың ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы (ЕТБК) жоғары, бұл in vivo зерттеулер мен клиникалық тәжірибеде препараттың тиімділігіне теріс әсер етеді.

Табиғаты жағынан көбінесе флуконазолға сезімтал емес C. albicans-тен басқа, Candida тектес зеңдерден (мысалы, Candida krusei) туындаған асқын инфекциялар дамыған жағдайлар тіркелді. Мұндай жағдайларда зеңге қарсы баламалы емді қолдану қажет болады.

Қолданылуы

Дифлюкан® ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін көрсетілген:

  • криптококтық менингитте

  • кокцидиоидомикоз

- инвазивтік кандидозда

- шырышты қабықтардың кандидозында, соның ішінде орофарингеальді кандидозда, өңеш кандидозында, кандидурия мен созылмалы тері- шырышты қабық кандидозында

- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда

- жедел немесе қайталанған қынап кандидозында (жергілікті ем қолданылмаса)

- кандидоздық баланитте (жергілікті ем қолданылмаса)

- дерматомикоздарда, соның ішінде табан дерматофитиясында, арқа дерматофитиясында, шап дерматофитиясында, түрлі-түсті теміреткі мен терінің кандидоздық инфекцияларында (жүйелі емдеу көрсетілсе); тырнақтардың дерматофитиясында (онихомикозда) (басқа препараттармен емдеу қолайлы болмаса)

Дифлюкан® ересектердегі келесі аурулардың профилактикасы үшін көрсетілген:

- қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі криптококтық менингиттің қайталануларында

- АИТВ инфекциясы бар, қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі орофарингеальді кандидоз бен өңеш кандидозының қайталануларында

- қынаптық кандидоздың қайталануларының жиілігін (жылына 4 немесе одан көп көрінісінің болуы) азайту үшін

- ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттердегі (гемобластоздары бар, химиотерапия қабылдап жүрген пациенттер, немесе, гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жүргізіліп жатқан пациенттер) кандидоздық инфекциялардың профилактикасы үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Дифлюкан® ішу арқылы қабылданады. Капсулаларды тұтастай және ас ішуге байланыссыз жұту қажет.

Дозасын таңдау зең инфекциясының типі мен ауырлығына байланысты жүзеге асырылады. Бірнеше реттік дозаларын қолдануды қажет ететін инфекциялардың түрлерін емдеуді, клиникалық көрпрсеткіштері немесе зертханалық көрсеткіштері, белсенді зең инфекциясының басылғанын көрсеткенше жалғастыру керек. Емдеу курсының жеткіліксіздігі белсенді инфекцияның қайталануына алып келуі мүмкін.

Емдеуді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін бастауға болады, алайда бұл нәтижелер алынғаннан кейін емдеуші дәрігер инфекцияға қарсы емді түзетуі тиіс.

Ересектерде қолданылуы

Криптококкоз:

  • Криптококтық менингитті емдеу: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 400 мг, келесі дозасы - 6-дан 8 аптаға дейін тәулігіне 200 - 400 мг құрайды. Өмірге қауіп төндіретін инфекцяларды емдеген жағдайда тәуліктік дозасын 800 мг дейін арттыруға болады .

  • Қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі криптококтық менингиттің қайталануларын болдырмайтын демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне 200 мг.

    Кокцидиоидомикоз: пациенттің жағдайына байланысты 11 - 24 ай немесе одан да ұзағырақ уақыт бойы 200 - 400 мг. Кейбір, әсіресе ми қабықтарының зақымдануымен жүретін инфекциялар үшін тәулігіне 800 мг дозасы қарастырылуы мүмкін.

    Инвазивтік кандидоз: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 800 мг, келесі дозасы - тәулігіне 400 мг құрайды. Кандидемияны емдеу ұзақтығына байланысты жалпы ұсыным - пациент қанында кандидемияның бар екендігіне алғашқы теріс нәтиже алынғаннан және кандидемия симптомдары толық жойылғаннан кейін 2 апта.

    Шырышты қабықтың кандидозын емдеу:

  • Орофарингеальді кандидоз: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 200 - 400 мг, келесі дозасы – 7 - 21 күн бойы (орофарингеальді кандидоздың ремиссиясына жеткенше) тәулігіне 100 - 200 мг құрайды. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады.

  • Өңеш кандидозы: қанықтырғыш дозасы алғашқы күні 200 - 400 мг, келесі дозасы - 14 - 30 күн бойы (өңеш кандидозының ремиссиясына жеткенше) тәулігіне 100 - 200 мг құрады. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады.

  • Кандидурия: 7 - 21 күн бойы тәулігіне 200 - 400 мг. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады.

  • Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне 50 мг.

  • Созылмалы терішырышты қабық кандидозы: 28 күн бойы тәулігіне 50 - 100 мг. Инфекцияның ауырлығына немесе иммундық функция бұзылуы мен инфекцияның қатарлас болуына байланысты ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады.

    Қайталану қаупі жоғары, АИТВ инфекциясы бар пациенттерде шырышты қабық кандидозының қайталануларын болдырмау

  • Орофарингеальді кандидоз: созылмалы иммунитет төмендеуі бар пациентерде емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне 100 - 200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг.

  • Өңеш кандидозы: созылмалы иммунитет төмендеуі бар пациентерде емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне 100 - 200 мг в немесе аптасына 3 рет 200 мг

    Гениталий кандидозы

  • Жедел қынап кандидозы: бір рет 150 мг.

  • Кандидоздық баланит: бір рет 150 мг.

  • Қынап кандидозының қайталануын (жылына 4 немесе одан да көп көірініс беретін) емдеу және профилактикасы: әр үш күн сайын 150 мг - 3 дозасының жиынтығы (1 - ші, 4 – ші және 7 – ші күндері), содан соң демеуші дозасы 6 ай бойы аптасына бір рет 150 мг.

    Дерматомикоз

  • Табан дерматофитиясы, арқа дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, кандидоздар: аптасына бір рет 150 мг немесе 2 - 4 апта бойы күніне бір рет 50 мг, бірақ табан дерматофитиясын емдеу үшін 6 аптаға дейін созылатын ем қажет болуы мүмкін.

  • Түрлі-түсті теміреткі: 1 - 3 апта бойына аптасына бір рет 300 - 400 мг немесе немесе 2 - 4 апта бойына күніне бір рет 50 мг.

  • Тырнақтардың дерматофитиясы (онихомикоз): аптасына бір рет 150 мг. Емдеуді инфекциясы бар тырнақ жаңарғанша (инфекциясыз тырнақ өсіп шыққанша) жалғастыру керек. Қол мен аяқтың тырнақтарын қалпына келтіру үшін әдетте 3 айдан 6 айға дейін және сәйкесінше 6 айдан 12 айға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Дегенмен, өсу жылдамдығы жас шамасына байланысты және әртүрлі адамдарда айтарлықтай өзгешеліктері болуы мүмкін. Кей жағдайларда тырнақтың ұзаққа созылған созылмалы инфекциясын емдеу сәтті аяқталғаннан кейін тырнақтар деформацияланған күйі қалып қоюы мүмкін.

    Ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялардың профилактикасы: 200 - 400 мг. Емдеуді нейтропенияның туындауы күтілген күнге дейін бірнеше күн бұрын бастау және, нейтрофилдер мөлшері 1000 мм3 жасушадан асқаннан кейін 7 күн бойы жалғастыру керек.

    Егде жастағы пациенттер

    Бүйрек функциясының бұзылу белгілері жоқ болса, препаратты әдеттегі дозада тағайындайды.

    Бүйрек функциясының бұзылуы

    Бір рет қабылдаған кезде дозасын өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге (бала жастағы пациенттерді қоса) препаратты бірнеше рет қолданғанда алдымен 50 мг-ден 400 мг дейінгі екпінді дозасын енгізіп (көрсетіліміне сәйкес ұсынылған тәуліктік дозасының негізінде), содан кейін тәуліктік дозасын (көрсетілімге байланысты) келесі кестеге сәйкес белгілейді:

    Креатинин клиренсі (мл/мин)

    Ұсынылған дозасының пайызы

    >50

    100 %

    ≤50 (диализсіз)

    50 %

    Жүйелі диализ

    Әр диализден соң 100 %

    Жүйелі түрде диализ жүргізіліп жүрген пациенттер әр диализден соң ұсынылған дозасының 100%-ын қабылдауы тиіс; диализ жоқ күндері пациенттер өздерінің креатинин клиренсіне сәйкес азайтылған дозасын қабылдауы тиіс.

    Бауыр функциясының бұзылуы

    Дифлюкан® препаратын бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі, сондықтан мұндай пациенттерде бұл препаратты сақтықпен қолдану керек.

    Бала жастағы пациенттер

    Бала жастағы пациенттерде тәулігіне ең жоғарғы 400 мг дозасын арттырмау керек.

    Ересектердегі осыған ұқсас инфекциялар кезіндегідей, емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық жауапқа байланысты анықталады.

    Дифлюкан® препаратын күнделікті бір реттік дозасы түрінде тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Барлық жағымсыз әсерлері туындау жиілігіне сәйкес атап келтірілген: жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 - < 1/1000 дейін).

Жиі

- бас ауыруы

  • Іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея

  • аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің артуы, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

  • бөртпе

Жиі емес

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

  • ұйқышылдық, ұйқысыздық

  • құрысулар, парестезия, бас айналуы, дәм сезудің өзгеруі

  • вертиго

  • іштің қатуы, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы

  • холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

  • қышыну, дәрілік бөртпе (тұрақты дәрі-дәрмектік бөртпені қоса), есекжем, қатты терлеу

  • миалгия

  • қатты қажу, дімкәстану, астения, қызба

Сирек

  • агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

  • анафилаксия

  • гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

  • тремор

  • көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия, QT аралығының ұзаруы

  • бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымданулар

  • уытты эпидермальді некролиз, Стивенс - Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематоздық пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция (шаштың түсуі)

Бала жастағы пациенттер

Бала жастағы пациенттерде клиникалық зерттеулер кезінде анықталған жағымсыз реакциялардың сипаты мен жиілігі, сондай-ақ зертханалық көрсеткіштердің нормадан ауытқулары, гениталий кандидозынан басқасы, ересек пациенттердегі осындаймен салыстырмалы.

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркеуден кейін жағымсыз әсерлері туралы деректерді хабарлаудың препаратты қолданудың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізу үшін маңызы зор. Барлық медицина қызметкерлері мен пациенттер кез келген жағымсыз реакциялар туралы осы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға және телефондар бойынша хабарлауы керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, флуконазолға құрылымы ұқсас азолдық заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- Дифлюкан® препаратын тәулігіне 400 мг және одан асатын дозада бірнеше рет қолдану кезінде бір мезгілде терфенадинді қабылдау

- QT аралығын ұзартатын және Р - 450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, амиодарон және эритромицин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабыдау

- Дифлюкан® капсулаларының құрамында лактоза бар болғандықтан, сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (капсула қабығының құрамында балаларда қолдануға тыйым салынған бояғыш бар!)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді

Цизаприд: Дифлюкан® препараты мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар жағдайлары, соның ішінде көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия жағдайлары тіркелді. Күніне бір рет 200 мг Дифлюкан® препараты мен күніне төрт рет 20 мг цизапридті бір мезгілде қолдану цизапридтің қан плазмасындағы деңгейлерінің елеулі артуына және QT аралығынң ұзаруына алып келеді. Оларды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Терфенадин: өзара әрекеттесуін зерттеулер зеңге қарсы азолдық препараттарды терфенадинмен бірге қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы себепті дамыған күрделі жүрек аритмиясының туындауы себепті жүргізілді. Зерттеу деректері бойынша, флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қолданғанда QT аралығының ұзаруы байқалған жоқ. Флуконазол тәулігіне 400 мг және 800 мг-ден қабылдаған басқа зерттеу, флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан артық дозаларда қабылдау терфенадиннің плазмалық деңгейлерінің елеулі артуына алып келетінін көрсетті. 400 мг және одан артық дозалардағы Дифлюкан® препараты мен терфенадинді бір мезгілде қолдануға болмайды. Тәулігіне 400 мг аз дозалардағы Дифлюкан® препараты мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.

Астемизол: Дифлюкан® препараты мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Астемизолдың плазмадағы жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның туындауына алып келуі мүмкін. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Пимозид: Дифлюкан® препараты мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Пимозидтің плазмалық концентрацияларының жоғарылығы QT аралығының ұзаруына, және сирек жағдайларда көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның туындауына алып келуі мүмкін. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Хинидин: Дифлюкан® препараты мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Хинидинді қолданғанда QT аралығының ұзаруы және көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның сирек жағдайлары байқалды. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Эритромицин: Дифлюкан® препараты мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылығының потенциальды қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия) және соның салдары ретінде, кенеттен жүректен болатын өлім қаупін арттырады. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Амиодарон: флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану амиодарон метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Амиодаронды қолдану QT аралығының ұзаруымен қатар жүрді. Оларды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Галофантрин: Дифлюкан® CYP3A4 ферментіне тежегіштік әсеріне байланысты, галофантриннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылығының потенциальды қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия) және соның салдары ретінде, кенеттен жүректен болатын өлім қаупін арттырады. Мұндай біріктірілімін болдырмау керек.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты және олардың дозасын түзетуді қажет етеді

Басқа дәрілік препараттардың флуконазолға әсері

Рифампицин: Дифлюкан® препараты мен рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың AUC мәндерінің 25 %-ға төмендеуіне және жартылай шығарылу кезеңінің 20 %-ға қысқаруына алып келеді. Рифампицинді бірге қабылдап жүрген пациенттерге флуконазолдың дозасын арттыру керек.

Өзара әрекеттесулерін зерттеулер, флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен немесе сүйек кемігін ауыстырып салғаннан кейінгі организмнің жаппай сәулеленуімен бірге ішу арқылы қабылдау флуконазолдың сіңірілуінің клиникалық тұрғыдан елеулі нашарлауына алып келмейтінін көрсетті.

Гидрохлортиазид: фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеуде флуконазолды қабылдап жүрген дені сау еріктілерде гидрохлортиазидтің бірнеше дозасын бір мезгілде қолдану флуконазолдың қан плазмасындағы концентрациясын 40 %-ға арттырды. Мұндай әсері кезінде, диуретиктерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде флуконазолды қабылдау режимін өзгерту қажет емес.

Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға әсері

Дифлюкан® P - 450 цитохромының CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші, және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ Дифлюкан® CYP2C19 изоферментін де тежейді. Сонымен қатар, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 ферменттерімен метаболизденетін және Дифлюкан® препаратымен бір мезгілде қолданылатын басқа құрамдастарының плазмалық концентрациясының арту қаупі бар. Сондықтан бұл препараттарды сақтықпен үйлестіру керек, және пациенттер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Дифлюкан® препаратының ферменттерге тежегіштік әсері, оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты, аталған препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 4 - 5 күн бойы жалғасады.

Алфентанил: Дифлюкан® препараты (400 мг) мен көктамырішілік алфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолдану барысында дені сау еріктілерде алфентанилдің AUC10 мәні 2 есе артады, бұл CYP3A4 ферментінің тежелуінен болуы мүмкін. Алфентанилдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: Дифлюкан® амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5 – нортриптилиннің және (немесе) S - амитриптилиннің концентрациясын қатарлас емдеуді бастар алдында және одан кейін бір аптадан соң өлшеуге болады. Қажет болған жағдайда, амитриптилиннің немесе нортриптилиннің дозасына түзету жүргізу керек.

Амфотерицин В: Дифлюкан® препараты мен амфотерицин B бір мезгілде қолдану келесі нәтижелерді көрсетеді: C. albicans-тен туындаған жүйелі инфекциялар кезіндегі зеңге қарсы әлсіз аддитивтік әсері, Cryptococcus neoformans-тен туындаған бассүйекішілік инфекция кезінде ешқандай өзара әерекеттестігі жоқ, Aspergillus fumigatus-тен туындаған жүйелі инфекция кезіндегі екі препараттың антагонизмі.

Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолданылуы барысында, Дифлюкан® препаратын варфаринмен бірге қабылдап жүрген пациенттерде, протромбиндік уақыттың ұзаруымен қатар жүретін қан кетулер (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) анықталды. Дифлюкан® препаратымен және варфаринмен қатарлас емдеу кезінде протромбиндік уақыт 2 есе артады, бұл варфарин метаболизмінің CYP2C9 изоферменті арқылы тежелуіне байланысты болуы мүмкін. Кумариндік немесе индандиондық антикоагулянттарды Дифлюкан® препаратымен бірге қабылдап жүрген пациенттерде протромбиндік уақытты бақылау керек. Антикоагулянттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бензодиазепиндер (әсер қысқа) (мидазолам, триазолам): мидазоламды ішу арқылы қабылдағаннан кейін Дифлюкан® мидазолам концентрацияларының елеулі жоғарылауына және психомоторлық әсерлерге алып келеді. 200 мг Дифлюкан® препараты мен 7,5 мг мидазоламды бір мезгілде ішу арқылы қабылдау мидазоламның AUC мәнінің артуына және жартылай шығарылу кезеңінің 3,7 және 2,2 есе ұзаруына алып келеді. 200 мг Дифлюкан® препаратын күн сайын 0,25 мг триазоламмен бірге ішу арқылы қабылдау мидазоламның AUC мәні мен жартылай шығарылу кезеңінің 4,4 және 2,3 есе артуына алып келеді. Дифлюкан® препараты мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда триазоламның әсерінің күшейгені мен ұзарғаны байқалады. Дифлюкан® препаратын қабылдап жүрген пациенттерді бензодиазепинмен қатарлас емдеу қажет болған жағдайда, бензодиазепиннің дозасын азайту және пациенттерге тиісінше қадағалау жүргізу керек.

Карбамазепин: Дифлюкан® карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының қан сарысуындағы концентрациясын 30 %-ға арттырады. Карбамазепиндік уыттылықтың даму қаупі бар. Карбамазепиннің дозасын концентрациясы көрсеткіштеріне немесе әсеріне байланысты түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденеді. Дифлюкан® кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Препараттардың жағымсыз әсерлерін жиі бақылау ұсынылады.

Целекоксиб: Дифлюкан® препаратымен (тәулігіне 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатарлас емдеу кезінде, целекоксибтің Cmax және AUC 68 % және 134 %-ға артады. Целекоксиб дозасының Дифлюкан® препаратымен үйлестірілген кезде жартысы қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамид пен Дифлюкан® препаратын біріктіріп емдеу қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің артуына алып келеді. Біріктірілімін қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің арту қаупі пайда болғанға дейін пайдалануға болады.

Фентанил: өлімге соқтырған, фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен туындауы мүмкін бір жағдай тіркелді. Бұдан өзге, дені сау еріктілерде, Дифлюкан® фентанилдің элиминациясын едәуір кідіртетіні көрсетілді. Фентанилдің жоғары концентрациялары тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Пациенттерге тыныстың тарылу қаупінің болуы мүмкіндігіне байланысты мұқият қадағалау жүргізу керек. Фентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Гидроксиметилглутарил - кофермента A - редуктаза (ГМГ – КоA - редуктаза) тежегіштері: Дифлюкан® аторвастатин және симвастатин сияқты CYP3A4 арқылы, немесе флувастатин сияқты CYP2C9 арқылы метаболизденетін ГМГ - КоA – редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалғанда, миопатия мен қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады. Қатарлас емдеу қажет болған жағдайда, пациент миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына қатысты дәрігердің қадағалауында болуы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. Егер креатинкиназа деңгейінің елеулі артуы немесе миопатия немесе рабдомиолиз диагнозы қойылса немесе дамуына күдік болса, ГМГ - КоA – редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.

Иммунодепрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус)

Циклоспорин: Дифлюкан® циклоспориннің концентрациясы мен AUC мәнін едәуір арттырады. Дифлюкан® препаратымен (тәулігіне 200 мг дозада) және циклоспоринмен (тәулігіне 2,7 мг/кг дозада) бір мезгілде емдеген кезде циклоспориннің AUC мәнінің 1,8 есе артқаны байқалды. Препараттардың бұл біріктірілімін циклоспориннің дозасын концентрациясына байланысты төмендете отырып пайдалануға болады.

Эверолимус: CYP3A4 ферментінің тежеуіне байланысты, Дифлюкан® эверолимустың қан сарысуындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: Дифлюкан® сиролимустың плазмалық концентрациясын, шамасы, сиролимус метаболизмін CYP3A4 арқылы және Р – гликопротеинді тежеуі арқылы арттырады. Бұл біріктірілімін сиролимустың дозасын әсері мен концентрациясының көрсеткіштеріне байланысты түзеткен кезде пайдалануға болады.

Такролимус: Дифлюкан® ішу арқылы қолданғанда такролимустың қан сарысуындағы концентрациясын CYP3A4 ферментінің ішекте тежелуі салдарынан такролимус метаболизмінің тежелуі себепті 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты көктамыр ішіне қолданғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерістері байқалған жоқ. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуытылықтың дамуына алып келді. Ішу арқылы қолданған кезде такролимустың дозасын оның концентрациясыа байланысты азайту керек.

Лозартан: Дифлюкан® лозартанның өзінің, лозартанмен емдеу кезінде орын алатын ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің көп бөлігіне жауап беретін белсенді метаболитіне (Е - 3174) метаболизмін тежейді. Пациенттер артериялық қысымды үнемі бақылап отыруы тиіс.

Метадон: Дифлюкан® қан сарысуындағы метадон концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): флурбипрофенмен монотерапияны салыстырғанда, флурбипрофеннің Cmax және AUC Дифлюкан® препаратымен бір мезгілде тағайындағанда 23% және 81%-ға артады. Осы сияқты, Дифлюкан® ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен бір мезгілде тағайындалғанда (400 мг), соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомерінің (S - (+) - ибупрофен) Cmax және AUC 15 % және 82 %-ға артады.

Дифлюкан®, CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерін арттыруы мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсері мен уыттылығына жиі мониторинг жүргізу ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Пероральді контрацептивтер: Дифлюкан® 50 мг дозасының гормондар деңгейіне ешқандай елеулі әсері байқалған жоқ, ал тәуліктік 200 мг дозасы кезінде, этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC (концентрация – уақыт қисығы астындағы ауданы) 40% және 24%-ға артты. Осылайша, Дифлюкан® препаратын жоғарыда көрсетілген дозаларда бірнеше рет қолдану ұрықтануға қарсы ішілетін біріктірілген препараттардың тиімділігіне әсер етпейді.

Ивакафтор: муковисцидоз кезінде трансжарғақшалық өткізгіштік реттегіші генінің стимуляторы (CFTR) ивакафтормен бір мезгілде қолдану, ивакафтордың әсер ету деңгейін 3 есе, ал гидроксиметил - ивакафтордың (M1) әсер ету деңгейін - 1,9 есе арттырады. Ивакафтордың дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету, флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге ұсынылады.

Фенитоин: Дифлюкан® фенитоиннің бауырлық метаболизмін тежейді. Дифлюкан® препаратын 200 мг дозада және фенитоинді 250 мг дозада көктамыр ішіне бір мезгілде бірнеше рет қолдану фенитоиннің AUC24 мәнінің 75 %-ға және Cmin мәнінің 128 %-ға жоғарылауына алып келді. Бір мезгілде қолданғанда фенитоиннің уыттылық көріністерін болдырмау үшін, фенитоин концентрациясының қан сарысуындағы деңгейлері тексерілуі тиіс.

Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін преднизонмен ем қабылдаған пациентте, флуконазолмен үш айлық емді тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай анықталды. Дифлюкан® препаратын тоқтату CYP3A4 ферменті белсенділігінің жоғарылауына алып келді, бұл өз кезегінде преднизон метаболизмінің күшеюін туғызды деп шамаланады. Дифлюкан® препаратымен және преднизонмен ұзақ уақыт ем қабылдаған пациенттерді Дифлюкан® препаратын тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігінің дамуына қатысты қадағалау керек.

Рифабутин: Дифлюкан® препаратымен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы рифабутиннің AUC шамасының 80%-ға дейін артуына алып келеді. Дифлюкан® мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған пациенттерде увеит дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Рифабутин мен Дифлюкан® препаратын бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын, рифабутин уыттылығының біліну симптомдарына қатысты мұқият қадағалау қажет.

Саквинавир: CYP3A4 ферментінің қатысуымен саквинавирдің бауырлық метаболизмін тежеуіне, сондай-ақ P-гликопротеинді тежеуіне байланысты, Дифлюкан® ферменттердің қатысуымен саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін сәйкесінше 50 % және 55 %-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ және анағұрлым айқын болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: сульфонилмочевина препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда Дифлюкан® қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қандағы глюкозаны жиі бақылау және сульфонилмочевинаның дозасын тиісінше азайту ұсынылады.

Теофиллин: Дифлюкан® препаратын 14 күн бойы 200 мг қабылдау теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18 %-ға төмендеуіне алып келеді. Дифлюкан® препараты мен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдап жүрген пациенттерді немесе теофиллиннің уытты әсерінің қаупі жоғары пациенттерді, теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында мұқият қадағалау қажет; олар пайда болған жағдайда, емдеуді тиісінше өзгерту керек.

Қабыршөп алкалоидтары: Дифлюкан® қабыршөп алкалоидының плазмалық деңгейлерін арттыруы (мысалы, винкристин және винбластин) және CYP3A4-ке тежегіштік әсеріне байланысты, нейроуыттылыққа алып келуі мүмкін.

А дәрумені: толықтай транс - ретиной қышқылымен (A дәруменінің қышқыл түрі) және Дифлюкан® препаратымен біріктіріп емдеуден өткен пациенттің бір клиникалық жағдайының сипаттамасында ОЖЖ тарапынан Дифлюкан® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылған идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия түріндегі жағымсыз әсерлердің дамығаны анықталды. Бұл біріктірілімін пайдалануға болады, бірақ ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерін анықтау мақсатында пациенттерді қадағалау керек.

Зидовудин: Ішу арқылы қабылдағанда зидовудин клиренсінің шамамен 45 %-ға төмендейтіндігіне байланысты, Дифлюкан® зидовудиннің Cmax және AUC на 84 % және 74 %-ға арттырады. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі Дифлюкан® препаратымен біріктіріп емдеуден кейін шамамен 128 %-ға ұзарады. Бұл біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер зидовудинді қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында қадағалауда болуы тиіс. Зидовудиннің дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: зерттеу деректері бойынша, флуконазол мен азитромициннің арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): пероральді вориконазол (1-ші күні әр 12 сағат сайын 400 мг, содан соң 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг) мен пероральді Дифлюкан® препаратын (1-ші күні 400 мг, содан соң 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану вориконазолдың концентрациясы мен AUC орташа алғанда сәйкесінше 57 % (90 % C1: 20 %, 107 %) және 79 %-ға (90 % CI: 40 %, 128 %) артуына алып келді. Вориконазол мен Дифлюкан® препаратын кез келген дозада бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Вориконазолды Дифлюкан® препаратынан кейін бірден қолданған жағдайда, вориконазолды қолданумен байланысты жағымсыз құбылыстарға мониторинг жүргізу ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Бастың шашты бөлігінің дерматофитиясы

Дифлюкан® препаратының балаларда бастың шашты бөлігін емдеуде қолданылуы зерттелді. Бұл препараттың тиімділігі жағынан гризеофульвиннен асып түспейтіндігі көрсетілді; емдеудің жалпы сәттілігі 20 % құрады. Осылайша, Дифлюкан® препаратын бастың шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін пайдаланбау керек.

Криптококкоз

Дифлюкан® препаратының басқа аумақтардағы криптококкозды (мысалы, өкпе мен терінің криптококкозы) емдеудегі тиімділігі туралы дәлелді мәліметтер жеткіліксіз, сондықтан, препаратты дозалауға қатысты қандай-да бір ұсынымдар беру мүмкін емес.

Терең эндемиялық микоздар

Дифлюкан® препаратының эндемиялық микоздардың паракокцидиоидомикоз, тері – лимфа споротрихозы және гистоплазмоз сияқты басқа формаларын емдеудегі тиімділігі туралы дәлелді деректер шектеулі, соның салдарынан, дозалауға қатысты қандай-да бір ұсынымдар беру мүмкін емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Дифлюкан® препаратын бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі

Кетоконазолдың бүйрекүсті безі жеткіліксіздігіні туғызатыны белгілі және бұл сирек болса да, флуконазолды қолданған кезде байқалуы мүмкін.

Бауыр және өт шығару жолдары функциясының бұзылуы

Дифлюкан® препаратын бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану, негізінен күрделі қатарлас аурулары бар пациенттерде ауыр, соның ішінде өлімге соқтыратын гепатоуыттылықпен қатар жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозасымен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен немесе жас шамасымен қандай-да бір өзара байланыстылығы байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеуді тоқтатқаннан кейін басылып отырды.

Бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер флуконазолмен емдеу кезінде бауырдың ауырырақ зақымданулары дамуының алдын алу мақсатында тұрақты қадағалауда болуы тиіс.

Емдеуші дәрігер пациенттерді бауырға тән ауыр салдарларының симптомдары (астения, анорексия, тұрақты түрде жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы хабардар етуі тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтату, ал пациент дәрігерге қаралуы керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдарды, соның ішінде флуконазолды қолданғанда, электрокардиограммада QT аралығы ұзарған жағдайлары орын алған. Тіркеуден кейінгі қадағалау барысында Дифлюкан® препаратын қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы мен полиморфты қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары тіркелген. Аталған жағдайлардың ішінен, осы жағдайға әсер етуі мүмкін жүректің құрылымдық аурулары, электролиттік бұзылулар және қатарлас препараттар сияқты көптеген қатарлас қауіп факторлары бар ауыр науқасқа шалдыққан пациенттер туралы хабарламалар болды.

Дифлюкан® препаратын мұндай проаритмиялық жағдайлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. QT аралығын ұзартатыны және P - 450 CYP3A4 цитохромының көмегімен метаболизденетіні белгілі басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылған емдік дозасында QT аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Сирек жағдайларда флуконазолмен емдеу кезінде пациенттерде Стивенс - Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамиды. ЖИТС-ке шалдыққан пациенттер көптеген дәрілік препараттарға білінетін ауыр тері реакцияларының дамуына бейімірек келеді. Егер беткейлік зең инфекциясынан емделіп жүрген пациентте флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатындай бөртпе пайда болса, аталған дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазивтік /жүйелі зең инфекциялары бар пациенттерде бөртпе туындаса, оларды мұқият қадағалау және буллездік зақымданулар немесе көп формалы эритема дамыған жағдайда, флуконазолды тоқтату керек.

Аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары анықталды.

P - 450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің де тежегіші болып табылады. Дифлюкан® препаратын емдік ауқымы тар, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері арқылы метаболизденетін дәрілік препараттармен бір мезіглде қабылдап жүрген пациенттерге қадағалау жүргізу керек.

Терфенадин

Тәулігіне 400 мг аз дозадағы флуконазолды терфенадинмен бір мезгілде қолдану емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізілуі тиіс.

Қосымша заттар

Дифлюкан® капсулаларының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты қабылдамау керек.

Жүктілік

Флуконазолдың стандартты дозаларын (тәулігіне < 200 мг) алғашқы триместрде бір рет немесе қайталап қабылдаған жүкті әйелдерден алынған деректер, препараттың шаранаға жағымсыз әсерінің жоқтығын көрсетті.

Аналары үш ай немесе одан көп уақыт бойы кокцидиоидомикозға байланысты флуконазолдың жоғары дозаларымен (тәулігіне 400 - 800 мг) ем қабылдаған жаңа туған нәрестелерде көптеген туа біткен аномалиялар (соның ішінде брахицефалия, құлақ дисплазиясы, алып маңдай еңбегі, ортан жіліктің қисаюы және тоқпан-кәрі жілік синостозы) тіркелді. Флуконазолды қолдану мен аталған жағдайлар арасындағы өзара байланыстылық белгісіз.

Егер анық қажеттілігі болмаса, стандартты дозалардағы Дифлюкан® препараты мен қысқа мерзімді емдеуді жүктілік кезінде қолданбау керек.

Өмірге қауіпті инфекция жағдайларынан басқа кезде, жоғары дозалардағы Дифлюкан® препаратын және (немесе) ұзақ емдеуді жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.

Лактация кезеңі

Дифлюкан® препаратының емшек сүтіндегі концентрациялары оның қан плазмасындағы концентрацияларынан төмен. Флуконазолдың 200 мг немесе одан аз стандартты дозасын бір рет қабылдағаннан кейін бала емізуді жалғастыра беруге болады.

Бірақ флуконазолды бірнеше рет қолданғаннан немесе жоғары дозасын қабылдағаннан кейін бала емізу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дифлюкан® препаратының көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ. Дифлюкан® препаратын қабылдау кезінде пациенттер бас айналуын немесе құрысу ұстамаларын бастан өткеруі мүмкін, сондықтан осы симптомдардың кез келгені туындаған жағдайда автокөлік құралдарын басқарудан және механизмдермен жұмыс жасаудан аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Елестеулермен және параноидтық мінез-құлықпен қатар жүретін Дифлюкан® препаратымен артық дозаланған жағдайлар тіркелді..

Емі – симптоматикалық (соның ішінде демеуші шаралар және асқазанды шаю).

Дифлюкан® негізінен, несеппен шығарылады, сондықтан қарқынды диурез препараттың шығарылуын жеделдетуі мүмкін.

3 сағатқа созылатын гемодиализ сеансы Дифлюкан® препаратының плазмадағы деңгейін шамамен 50 %-ға төмендетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 капсуладан (50 мг дозасы үшін) немесе 1 капсуладан (150 мг дозасы үшін) мөлдір поливинилхлоридтен немесе ақ түсті мөлдір емес поливинилхлоридтен/поливинилдихлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірген картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

Фарева Амбуаз, Франция

Зона Индустриале - 29 роут дес Индастриес

37530 Поце Сур Циссе, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн, Нью-Йорк, АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компаниясының өкілдігі,

Алматы қ., Фурманов к-сі, 100/4

тел.: (727) 250-09-16

факс: (727) 250-42-09

электронды поштасы: PfizerKazakhstan@pfizer.com

Прикрепленные файлы

223889321477976862_ru.doc 94.95 кб
941065341477978023_kz.doc 253 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники