Дифлюзол® (150 мг)

МНН: Флуконазол
Производитель: ПАО Киевмедпрепарат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№003466
Информация о регистрации в РК: 23.12.2016 - 23.12.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 519.15 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Дифлюзол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі

Капсулалар, 50 мг, 100 мг және 150 мг

Құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат - 50 мг, 100 мг, 150 мг - флуконазол (100 % затқа шаққанда),

қосымша заттар: кальций стеараты, натрий крахмалгликоляты (А типі)

капсула корпусының құрамы: патенттелген көк V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), желатин,

капсула қақпақшасының құрамы: азорубин, кармоизин (Е 122), титанның қостотығы (Е 171), желатин – 50 мг г дозалау үшін;

азорубин, кармоизин (Е 122), индигокармин FD&C көк 2, титанның қостотығы (Е 171), желатин – 100 мг дозалау үшін;

патенттелген көк V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), желатин – 150 мг дозалау үшін.

Сипаттамасы

№ 1 қатты желатинді капсулалар, корпусы көгілдір ақық түсті, 50 мг дозаның қақпағы – қызғылт түсті; корпусы көгілдір ақық түсті, 100 мг дозаның қақпағы – көк түсті; корпусы көгілдір ақық түсті, 150 мг дозаның қақпағы – жасыл түсті болады. Капсуланың ішіндегі зат – иісі жоқ, ақ немесе ақ түсті дерлік ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02АС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы.

Флуконазолдың фармакокинетикасы вена ішіне енгізгенде және ішке қабылдағанда ұқсас.

Сіңірілуі

Ішке қабылдағаннан кейін флуконазол жақсы сіңіріледі және оның қан плазмасындағы концентрациясы (және жалпы биожетімділігі) вена ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасындағы оның концентрациясының 90% астамын құрайды. Бір уақытта ас қабылдау оны пероральді қолдану кезінде препараттың сіңірілуіне ықпал етпейді. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына препаратты аш қарынға қабылдаудан кейін 0,5-1,5 сағаттан соң жетеді. Қан плазмасындағы флуконазол концентрациясы препараттың қабылданған дозасына пропорционалды. Тепе-тең концентрацияға (90% деңгейінде) препаратты тәулігіне 1 рет көп рет қабылдау арқылы емнің 4-5 күнінде жетеді. Препаратты 1-күні орташа тәуліктік дозадан екі есе артық жүктеме дозада қабылдау тепе-тең (90 % деңгейінде) концентрацияға емдеудің 2-күнінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Таралуы.

Таралудың жуық көлемі организмдегі жалпы су мөлшеріне жақындайды. Флуконазолдың қан плазмасының ақуыздарымен байланысы төмен (11 – 12%).

Флуконазол организмнің барлық зерттелетін сұйықтықтарына жақсы өтеді. Флуконазолдың сілекей мен қақырықтағы концентрациялары оның

қан плазмасындағы концентрацияларына ұқсас. Зеңдік менингиті бар пациенттерде ми жұлын сұйықтығындағы флуконазол деңгейлері оның қан плазмасындағы деңгейлерінен шамамен 80 % құрайды.

Биотрансформациясы

Флуконазол аздаған дәрежеде метаболизмге ұшырайды. Радиоактивті изотоптармен таңбаланған дозаны енгізгенде тек 11% флуконазол өзгермеген күйде несеппен шығарылады. Флуконазол СYР2С9 және СYРЗА4 изоферменттерінің селективті тежегіші («Басқа дәрілік заттармен әрекеттесуі және әрекеттесудің басқа түрлері» бөлімін қараңыз), сондай-ақ СYР2С19 изоферментінің тежегіші болып табылады.

Шығарылуы

Флуконазолдың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 30 сағатты құрайды. Препараттың негізгі шығарылу жолы өкпе экскрециясы болып табылады, оған қоса қабылданған дозаның шамамен 80% өзгермеген күйде неесепте анықталады. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне пропорционалды. Айналымдағы метаболиттер анықталмады.

Препараттың қан плазмасынан ұзақ жартылай шығарылу кезеңі флуконазолды қынаптық кандидозды емдеу үшін бір рет және басқа аураларды емдеу үшін тәулігіне бір рет немесе аптасына бір рет қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүйрек функциясы бұзылғандағы фармакокинетикасы

Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (СКФ <20 мл/мин) бар пациенттерде препараттың жартылай шығарылу кезеңі 30-дан 98 сағатқа дейін ұлғайды. Осыған байланысты, пациенттердің бұл санатына препарат дозасын төмендету қажет. Флуконазол гемодиализ арқылы және төмен дәрежеде - перитонеальді диализ арқылы шығарылады. Гемодиализдің ұзақтығы 3 сағат сеансы қан плазмасындағы флуконазол деңгейі шамамен 50% төмендетеді.

Айрықша клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Балаларда флуконазолдың келесі фармакокинетикалық параметрлері анықталған:

Балалар

Доза (мг/кг)

Жартылай шығарылу кезеңі (сағат)

AUC (мкг. сағ/мл)

11 күн –

11 ай

Бір реттік доза - 3 мг/кг

23

110.1

9 ай –

13 жыл

Бір реттік доза - ішке 2 мг/кг

25.0

94.7

9 ай –

13 жыл

Бір реттік доза - ішке 8 мг/кг

19.5

362.5

5 жыл -15 жыл

Көп реттік доза - 2 мг/кг

17.4

67.4

5 жыл -15 жыл

Көп реттік доза - 4 мг/кг

15.2

139.1

5 жыл -15 жыл

Көп реттік доза - 8 мг/кг

17.6

196.7

Орташа жас 7 жас

Көп реттік доза - ішке 3 мг/кг

15.5

41.6

Егде жастағы (65 жас және одан үлкен ) пациенттерде

Егде жастағы пациенттерде фармакокинетикалық параметрлердің мәндері жас пациенттерге қарағанда жоғары. Диуретиктермен бірге қабылдау AUC немесе Cmax аздап өзгертеді. Оған қоса креатинин клиренсінің мәндері (74 мл/минут), несепте өзгермеген күйде қалпына келген дәрінің пайызы (0-24 сағат, 22%) және флуконазолдың бүйректік клиренсінің мәні (0.124 мл/мин/кг) егде жастағы науқастар үшін жастарға қарағанда әдетте төмен. Флуконазол қабылдайтын егде пациенттердегі фармакокинетикалық параметрлердің жоғарырақ мәндері егде жастағыларға тән бүйрек функциясының төмендеуімен байланысты болуы ықтимал.

Фармакодинамикасы.

Әсер ету механизмі

Флуконазол – бұл триазолдар тобындағы зеңге қарсы препарат. Флуконазолдың негізгі әсер ету механизмі Р450 цитохромымен байланысты 14α-ланостерол-деметилдену реакциясын (зеңдік эргостерол биосинтезінің негізгі кезеңі) тежеуде жатыр. 14α-метилстеролдар аккумуляциясы эргостеролдың зеңдік жасуша жарғақшасымен артынша жойылуымен байланыстырылады және флуконазолдың зеңге қарсы әсерінің негізінде жатуы мүмкін. Флуконазол сүт қоректілердің Р450 цитохромының түрлі ферменттер жүйесіне қарағанда Р450 цитохромының зеңдік ферментеріне үлкен селективтілікті иеленетіні анықталған.

Флуконазолды 28 күн бойы тәулігіне 50 мг дозада қолдану еркектердің қан плазмасындағы тестостерон деңгейіне немесе ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің қан плазмасындағы стероидтар деңгейіне ықпал етпеді. Флуконазол тәулігіне 200-400 мг дозада эндогенді стероидтар деңгейіне немесе еркек жынысты дені сау еріктілерде АКТГ стимуляциясына жауапқа клиникалық тұрғыдан маңызды ықпал етпейді. Антипиринмен әрекеттесу бойынша зерттеулер флуконазолды 50 мг дозада бір немесе көп рет қолдану антипирин метаболизміне ықпал етпейтінін көрсетті.

in vitro сезімталдығы:

Флуконазол in vitro клиникалық практикада ең кең таралған Candida тұқымдасының зең түрлеріне (С. albicans, С. parapsilosis, C. tropicalis қоса) қатысты зеңге қарсы белсенділік танытады, C. glabrata флуконазолға сезімталдықтың кең диапазонын танытады, ал C. krusei оған төзімді болып табылады.

Флуконазол in vitro Cryptococcus neoformans және Cryptococcus gattii, сондай-ақ Blastomyces dermatiditis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis эндемиялық өңездік зеңдеріне қатысты белсенілік танытады.

Фармакокинетика және фармакодинамика параметрлерінің тәуелділігі

Жаруарларға жүргізілген эксперименттік зерттеу нәтижелеріне сәйкес МТК мәндері мен Candida тұқымдас зеңдерден туныдаған микоздың эксперименттік модельдеріне қатысты тиімділік арасында байланыс бар. Клиникалық зерттеу деректері бойынша флуконазол AUC мен дозасы арасында іс жүзінде дозаға тәуелділік (іс жүзінде 1:1) бар. Сондай-ақ AUC немесе доза мен оральді кандидозды және аз дәрежеде кандидемия емдеуге қатысты оң клиникалық жауап арасында тікелей, бірақ жеткіліксіз байланыс бар. Осы сияқты, флуконазол жоғары МТК көрсететін штаммдардан туындаған инфекцияларды емдеу тиімділігі төмен.

Резистенттілікті дамыту механизмдері

Candida тұқымдасының зеңдері азолдар тобының зеңге қарсы дәрілеріне резистенттілікті дамытудың көптеген механизмдері жүзеге асырады. Резистенттілікті дамытудың 1 немесе көп механизмдерін пайдаланатын зең штаммдары флуконазолдың жоғары минималды тежегіш концентрациясын (МТК) көрсететіні белгілі, бұл препараттың тиімділігіне in vivo және клиникалық практикада жағымсыз ықпал етеді.

Табиғаты көбінесе флуконазолға сезімтал емес С. albicans қоспағанда, Candida тұқымдастығының зеңдері туындатқан суперинфекцияның даму жағдайлары туралы хабарланды (мысалы, Candida krusei). Мұндай жағдайларда баламалы зеңге қарсы ем жүргізу талап етіледі.

Қолданылуы

Ересектердегі мынадай ауруларды емдеуге:

  • криптококкті менингит;

  • кокцидиоидомикоз;

  • инвазиялық кандидоздар;

  • шырышты қабықтардың кандидозы, ауыз-жұтқыншақ кандидозын және өңеш кандидозын қоса, кандидурия, терінің және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы;

  • ауыз қуысы гигиенасының немесе жергілікті емнің тиімділігі жеткіліксіз болғанда ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін пайдаланудан туындайтын кандидоз);

  • жедел немесе қайталанған қынаптық кандидоз, жергілікті ем қолайсыз болған кезде;

  • кандидоздық баланит, жергілікті ем қолайсыз болған кезде;

  • дерматомикоздар, табан микозын, тегіс тері микозын, шап дерматомикозын қоса, түрлі түсті теміреткі және терінің кандидоздық инфекциялары, жүйелі ем қолайсыз болған кезде;

  • дерматофиттік онихомикоз, басқа дәрілік заттарды қолдану қолайсыз болған кезде.

Ересектердегі мынадай аурулардың профилактикасы:

  • аурудың даму қаупі жоғары пациенттерде криптококты менингиттің қайталануы;

  • аурудың даму қаупі жоғары АИТВ бар пациенттерде жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы;

  • қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету (жылына 4 немесе одан көп жағдайлар);

  • ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде кандидоздық инфекциялардың профилактикасы (мысалы, химиялық ем алатын қатерлі қан аурулары бар пациенттер немесе гемопоэздік діңдік жасушалары трансплантацияланған пациенттер).

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсулалар ішке қабылдауға арналған. Капсулалар тұтастай жұтылады.

емді екпенің және басқа да зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін бастауға болады. Алайда инфекцияға қарсы емді бұл зерттеулердің нәтижелері белгісіз болғанда тиісті түрде өзгерту қажет.

Флуконазолдың дәрілік түрін таңдау науқастың клиникалық күйіне байланысты. Пациентті венаішілік емнен препаратты пероральді қабылдауға ауыстырғанда тәуліктік дозаны өзгерту талап етілмейді.

Дифлюзолдың тәуліктік дозасы зеңдік инфекцияның сипатына және ауырлығына байланысты.

Көп реттік дозамен емдеуді қажет ететін инфекция түрлері үшін зертханалық тесттердің клиникалық нәтижелері белсенді зеңдік инфекция жоқ екенін көрсеткенге дейін жалғасуы тиіс. Емнің талапқа сай емес кезеңі белсенді инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін.

Флуконазолдың күнделікті дозасы зеңдік инфекцияның сипатына және ауырлық деңгейіне негізделуі тиіс.

Ересектерде қолдану

Криптококкоз.

- Криптококты менингитті емдеу: жүктеме доза бірінші күні 400 мг құрайды. Демеуші доза – 200-400 мг/тәулік. Емдеу ұзақтығы әдетте 6-8 аптадан кем болмайды. Өмірге қауіпті инфекцияларда тәуліктік дозаны 800 мг дейін ұлғайтуға болады.

- Аурудың даму қаупі жоғары пациенттерде криптококты менингиттің қайталануының алдын алу үшін демеуші ем: ұсынылатын доза емдеуші дәрігер белгілеген уақыт бойы тәулігіне 200 мг құрайды.

Кокцидиоидомикоз. Ұсынылатын доза тәулігіне 200-400 мг. Емдеу ұзақтығы 11-24 ай немесе пациенттің жай-күйіне байланысты одан да ұзақ. Инфекциялардың кейбір түрлерін, әсіресе менингитті емдеу үшін, тәулігіне 800 мг дозаны қолдану орынды болуы мүмкін.

Инвазиялық кандидоздар

Жүктеме доза бірінші күні 800 мг құрайды. Демеуші доза – 400 мг/тәулік. Әдетте кандидемияны емдеудің ұсынылатын ұзақтығы қан өсіріндісінің және кандидемия симптомдарының алғашқы теріс нәтижелерінен кейін 2 аптаны құрайды.

Шырышты қабықтардың кандидозы

  • Орофарингеальді кандидоз: жүктеме доза бірінші күні 200-400 мг құрайды, демеуші доза – 100-200 мг/тәулік. Емдеу ұзақтығы 7-21 күн (ремиссияға жеткенге дейін), бірақ ауыр иммунитет тапшылығы бар пациенттерге ұлғайтылуы мүмкін.

  • Өңеш кандидозы: жүктеме доза бірінші күні 200-400 мг құрайды, демеуші доза – 100-200 мг/тәулік. Емдеу ұзақтығы 14-30 күн (ремиссияға жеткенге дейін), бірақ ауыр иммунитет тапшылығы бар пациенттерге ұлғайтылуы мүмкін.

  • Кандидурия: ұсынылатын доза 7-21 күн бойы тәулігіне 200-400 мг құрайды. Ауыр иммунитет тапшылығы бар пациенттерге емдеу ұзақтығын арттыруға болады.

  • Созылмалы атрофиялық кандидоз: ұсынылатын доза 14 күн бойы тәулігіне 50 мг құрайды.

  • Терінің және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы: ұсынылатын доза тәулігіне 50-100 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 28 күнге дейін, бірақ инфекция түрінің ауырлығына немесе иммунитеттің төмендеуіне байланысты ұлғайтылуы мүмкін.

Аурудың даму қаупі жоғары АИТВ бар пациенттерде шырышты қабықтар кандидозының қайталануының алдын алу

  • Жұтқыншақ кандидозы (Орофарингеальді кандидоз), өңеш кандидозы: ұсынылатын доза тәулігіне 100-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы иммунитеті бәсеңдеген пациенттер үшін емдеуші дәрігер белгілеген кезең.

Ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялардың профилактикасы

Ұсынылатын доза 200-400 мг құрайды. Емдеуді нейтропенияның болжамды дамуынан бірнеше күн бұрын бастап, нейтрофилдер саны 1000/мм3 астамға жоғарылағаннан кейін 7 күн бойы жалғастыру керек.

Генитальді кандидоздар

  • Жедел қынаптық кандидоз, кандидоздық баланит: ұсынылатын доза бір рет 150 мг құрайды.

  • Қайталанатын қынаптық кандидоздарды емдеу және профилактикасы (жылына 4 және одан көп жағдайлары): ұсынылатын доза 3 күнде 1 рет 150 мг құрайды. Барлығы 3 дозаны қабылдау керек (1-күн, 4-күн және 7-күн). Осыдан кейін 6 ай бойы аптасына 1 рет 150 мг демеуші дозаны қолдану керек.

Дерматомикоздар

  • Табан микозы, тегіс терінің микозы, шап дерматомикозы, терінің кандидоздық инфекциялары: ұсынылатын доза аптасына 1 рет 150 мг немесе тәулігіне 1 рет 50 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 2-4 апта. Табан микозын емдеу 6 аптаға дейін созылуы мүмкін.

  • Түрлі-түсті теміреткі: ұсынылатын доза 1-3 апта бойы аптасына 1 рет 300-400 мг құрайды.

  • Дерматофиттік онихомикоз: ұсынылатын доза аптасына 1 рет 150 мг құрайды. Инфекцияланған тырнақтың орнына сау тырнаққа өскенге дейін емдеуді жалғастыру керек. Қолға және аяқтың үлкен бақайларына сау тырнақтар өсіп шығуы үшін әдетте тиісінше 3-6 ай және 6-12 ай қажет. Алайда пациенттерде тырнақтардың өсу жылдамдығы әртүрлі болуы және жасқа байланысты болуы мүмкін.Ұзаққа созылған созылмалы инфекцияны сәтті емдегеннен кейін тырнақтардың пішіні кейде өзгермеген күйде қалады.

Егде пациенттар

Дозаны бүйрек функциясының күйіне байланысты таңдау қажет (төменде қар.).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бір рет қолданған кезде флуконазол дозасын түзету керек емес.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты көп рет қолдану қажет болған кезде емдеудің бірінші күні көрсеткіштерге байланысты 50-400 мг бастапқы дозаны қолдану керек. Осыдан кейін тәуліктік дозаны (көрсеткіштерге байланысты) келесі кестеге сәйкес есептеу керек:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Ұсынылған дозаның пайызы

> 50

100%

< 50 (диализсіз)

50%

Тұрақты диализдегі науқастар

100% әрбір диализ сеансынан кейін

Тұрақты диализдегі пациенттер әрбір диализден кейін 100% ұсынылған дозаны алуы тиіс. Диализ жүргізілмеген күні, пациент креатинин клиренсіне байланысты түзетілген дозаны алуы тиіс.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге

Флуконазолды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені флуконазолды пациенттердің бұл санатына қолдану туралы ақпарат жеткіліксіз.

Жағымсыз әсерлері

Көбінесе (< 1/10) мынадай жағымсыз реакциялар туралы хабарланды: бас ауыруы, іш ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, бөртпе, аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) және қандағы сілітілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы.

Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін бағалау үшін келесі жіктемені пайдаланады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан.

Жиі емес: анемия.

Сирек: агранулоцитоз, лекопения, нейтропения, тромбоцитопения.

Иммундық жүйе тарапынан.

Сирек: анафилаксия.

Зат алмасы және тамақтану тарапынан.

Жиі емес: тәбеттің төмендеуі.

Сирек: гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия.

Психикалық бұзылыстар.

Жиі емес: ұйқысыздық, ұйқышылдық.

Жүйке жүйесі тарапынан.

Жиі: бас ауыруы.

Жиі емес: құрысулар, бас айналуы, парестезиялар, дәм сезудің бұзылуы.

Сирек: тремор.

Есту органдары және вестибулярлық аппарат тарапынан.

Жиі емес: вертиго.

Жүрек тарапынан болатын бұзылыстар.

Сирек: «пируэт» типті пароксизмальлі қарыншалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы.

Асқазан-ішек жолы тарапынан.

Жиі: іш ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу.

Жиі емес: іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан.

Жиі: аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) және қандағы сілітілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы.

Жиі емес: холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы.

Сирек: бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық некроз, гепатиттер, гепатоцеллюлярлық зақымдану.

Тері және тері асты тіні тарапынан.

Жиі: бөртпе.

Жиі емес: қышыну, дәрілік бөртпе, есекжем, қатты тершеңдік.

Сирек: уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантемалық пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция.

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан.

Жиі емес: миалгия.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар.

Жиі емес: қатты қажығыштық, дімкәстану, астения, қызба.

ЖИТС немесе обыры бар науқастарда Дифлюзолмен, құрылымы флуконазолға ұқсас препараттармен емдеу кезінде қан көрсеткіштерінің, бүйрек және бауыр функциясының өзгерістері байқалды, алайда бұл өзгерістердің клиникалық мәні және олардың еммен байланысы анықталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, препараттың басқа компонентеріне немесе құрылымы флуконазолға ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық;

- дифлюзолды тәулігіне 400 мг және одан жоғары дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір уақытта қабылдау;

- QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид және хинидин сияқты CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір уақытта қабылдау;

- жүктілік және лактация кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар;

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Флуконазолды төменде көрсетілген дәрілік заттармен бірге қолдануға болмайды

Цизаприд: жүрек тарапынан жағымсыз реакциялардың, оның ішінде флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның дамуы туралы хабарланған. Зерттеулер 200 мг флуконазолды тәулігіне 1 рет және 20 мг цизапридті тәулігіне 4 рет бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы цизаприд деңгейінің елеулі жоғарылауына және QТс аралығының ұзаруына әкелетінін көрсетті. Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Терфенадин: азольдік зеңге қарсы дәрілік заттарды терфенадинмен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде QТс аралығының ұзаруынан туындаған ауыр жүрек аритмиясының даму жағдайларына байланысты осы препараттардың әрекеттесуі бойынша зерттеулер жүргізілді. Флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қолданған бір зерттеу барысында QТс аралығының ұзаруы анықталған жоқ. Флуконазолды тәулігіне 400 мг және 800 мг дозаларда қолданған екінші зерттеу көрсеткендей, флуконазолды 400 мг және одан жоғары дозада қолдану осы препарттарды бір мезгілде қолданған кезде қан плазмасындағы терфенадин деңгейін елеулі түрде жоғарылатады. Флуконазолды 400 мг одан жоғары дозада терфенадинмен бірге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Флуконазолды 400 мг-ден төмен дозада терфенадинмен бір мезгілде қолданған кезде пациенттің жай-күйіне мұқият мониторинг жүргізу керек.

Астемизол. Флуконазолды және астемизолды бірге қолдану астемизолдың клиренсін төмендетуі мүмкін. Осыдан туындайтын қан плазмасындағы астемизол концентрациясының жоғарылауы QТ аралығының ұзаруына және сирек – «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияға әкеліп соғуы мүмкін. Флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пимозид және хинидин: флуконазол мен пимозидті немесе хинидинді бірге қолдану пимозидтің немесе хинидиннің метаболизмін бәсеңдетуі мүмкін, алайда тиісті in vitro және in vivo зерттеулер жүргізілмеді. Пимозидтің немесе хинидиннің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы QТ аралығының ұзаруына және сирек «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияға әкеліп соғуы мүмкін. Флуконазол мен пимозидті немесе хинидинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Эритромицин: эритромицин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың даму қаупінің жоғарылауына (QТ аралығының ұзаруы, «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия), соның салдарынан – кенет жүректен өлуге әкелуі мүмкін әлеуетті қаупі бар. Бұл дәрілік заттардың біріктірілімін қолдануға болмайды.

Флуконазолды және төменде келтірілген дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Галофантрин: флуконазол СYР3А4 бәсеңдету есебінен галофантриннің қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолданудың кардиоуыттылықтың даму қаупінің жоғарылауына (QТ аралығының ұзаруы, «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия), соның салдарынан, – кенет жүректен өлуге әкелуі мүмкін әлеуетті қаупі бар. Бұл дәрілік заттардың біріктірілімін қолданудан аулақ болу керек.

Флуконазол мен төмендегі дәрілік заттарды бірге қолдану сақ болуды және дозаны түзетуді талап етеді.

Гидрохлортиазид: гидрохлортиазид пен флуконазолды бір уақытта қолдану плазмадағы флуконазол концентрациясын 40 % арттырады. Бұл ұлғаюдың әсері қатарлас диуретиктер қабылдайтын пациенттерде флуконазол дозасын өзгертуді керек етпейді.

Өзара әрекеттесулерді зерттеулер бір мезгілде ас ішу, циметидинді, антацидтерді қолдану немесе сүйек кемігін ауыстырып салу үшін бүкіл денені әрі қарай сәулелендіру флуконазолды ішу арқылы қабылдаған кезде оның сіңуіне клиникалық елеулі ықпал етпейтінін көрсетті.

Рифампицин. Флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың АUС 25% азаюына және жартылай шығарылу кезеңінің 20% қысқаруына әкелді. Сондықтан рифампицинді қабылдайтын пациенттер үшін флуконазолдың дозасын жоғарылатудың мақсатқа сәйкестігін қарастыру керек.

Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға ықпалы

Флуконазол Р450 (СYР) цитохромының 2С9 изоферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол СYР2С19 тежегішіне де жатады. Төменде сипатталған байқалған/құжаттармен расталған өзара әрекеттесулерге қоса, флуконазолмен бір мезгілде қолданған кезде СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 метаболизденетін басқа қосылыстардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан препараттардың мұндай біріктірілімдерін сақтықпен қолдану керек; мұндайда пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау қажет. Флуконазолдың ферменттерді бәсеңдетуші әсері оны қолданғаннан кейін жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты 4-5 тәулік бойы сақталады.

Альфентанил: альфентанилді 20 мкг/кг дозада және флуконазолды 400 мг дозада бір мезгілде қолданған кезде дені сау еріктілерде АUС10 екі есе ұлғаюы байқалған, бұл СYР3А4 тежелуінен болуы ықтимал. Альфентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилиннің және нортриптилиннің әсерін күшейтеді. S -нортриптилиннің және/немесе S-амитриптилиннің біріктірілген емнің басындағы және 1 апта өткеннен кейінгі концентрацияларын өлшеу ұсынылады. Қажет болса амитриптилиннің/нортриптилиннің дозасын түзету керек.

Амфотерицин В: флуконазол мен амфотерицин В-ны иммунитеті қалыпты инфекция жұқтырған тышқандарға және иммунитеті төмендеген инфекция жұқтырған тышқандарға бір мезгілде қолдану мынадай нәтижелерге әкелді: С. Аlbiсаns жүйелі инфекциясы кезінде аздаған аддитивтік зеңге қарсы әсер, Сryрtососсus пеоfоrтаns бассүйекішілік инфекциясы кезінде өзара әрекеттесудің болмауы және Aspergillus fumigatus жүйелі инфекциясы кезінде екі препараттың антагонизмі. Бұл зерттеулердің барысында алынған нәтижелердің клиникалық мәні белгісіз.

Антикоагулянттар: басқа да зеңге қарсы азольдік дәрілерді қолдану кезіндегідей, флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қабылдаған кезде протормбин уақытының ұлғаюымен ұштасқан қан кетулер жағдайы дамуы туралы (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) хабарланған. Флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданған кезде протромбин уақытының екі есе ұлғаюы байқалған, бұл СYР2С9 арқылы варфариннің метаболизмінің бәсеңдеуі салдарынан болуы ықтимал. Кумариндік антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытын мұқият бақылау керек. Қажет жағдайда варфариннің дозасын түзету керек.

Қысқа мерзімдік әсер ететін бензодиазепиндер, мысалы, мидазолам, триазолам: мидазоламды ішу арқылы қабылдағаннан кейін флуконазолды тағайындау мидазолам концентрациясының елеулі түрде жоғарылауына және психомоторлық әсерлердің күшеюіне әкелді. Флуконазолды 200 мг дозада және мидазоламды 7,5 мг дозада ішу арқылы бір мезгілде қолданғанда АUС және жартылай шығарылу кезеңі тиісінше 3,7 және 2,2 есе ұлғайды. Флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада және 0,25 мг триазоламды ішу арқылы қолдану АUС және жартылай шығарылу кезеңін тиісінше 4,4 және 2,3 есе ұлғайтты. Флуконазол мен триазоламды бір мезгілде қолданған кезде триазоламның әсерін көтермелегені және ұзартқаны байқалды.

Егер флуконазолмен емдеу курсынан өтіп жүрген пациентке бензодиазепиндермен емді бір мезгілде тағайындау қажет болса, соңғыларының дозасын төмендету және пациенттің жай-күйін тиісті бақылау керек.

Карбамазепин: флуконазол карбамазепиннің метаболизмін бәсеңдетеді және қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін 30% ұлғайтады. Карбамазепин тарапынан уыттылық көріністерінің даму қаупі бар. Карбамазепиннің концентрация деңгейіне және препараттың әсеріне байланысты оның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальцийдің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин және фелодипин) СYР3А4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелерінің блокаторларының жүйелі экспозициясын әлеуетті жоғарылатуы мүмкін. Жағымсыз реакциялардың дамуына қатысты мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Целекоксиб: флуконазолды (тәулігіне 200 мг) және целекоксибті (200 мг) бір мезгілде қолданған кезде целекоксибтің Сmах және АUС тиісінше 68% және 134% ұлғайды. Целекоксиб пен флуконазолды бір мезгілде қолданған кезде целекоксиб дозасын екі есе азайту қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамид пен флуконазолды бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы билирубин және креатинин деңгейін жоғарылатады. Біріктірілімді қан сарысуындағы билирубин және креатинин деңгейін тұрақты бақылау кезінде, билирубин мен креатининнің ұлғаюы болмаған жағдайда пайдалануға болады.

Фентанил: фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуі салдарынан болуы мүмкін фентанилмен уланудан бір өлім жағдайы туралы хабарланған. Зерттеулер флуконазол фентанилдің элиминациясын елеулі түрде баяулатқаны көрсеткен. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныс алуды бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан пациенттің жай-күйін мұқият бақылау керек. Фентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: флуконазолды және СYР3А4 метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (аторвастатин және симвастатин) немесе СYР2С9 метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (флувастатин) бір мезгілде қолдану миопатия және рабдомиолиздің даму қаупін жоғарылатады. Бұл препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болғанда пациентті миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына қатысты мұқият бақылау және креатинкиназа деңгейіне мониторинг жүргізу керек. Креатинкиаза деңгейі едәуір жоғарылаған жағдайда, сондай-ақ миопатия/рабдомиолиз диагностикаланғанда немесе күдік туғанда ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдануды тоқтату керек.

Иммуносупрессорлар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус).

Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің концентрациясы мен АUС елеулі түрде жоғарылатады. Флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада және циклоспоринді тәулігіне 2,7 мг/кг дозада бір мезгілде қолданған кезде циклоспориннің АUС 1,8 есе ұлғайғаны тіркелген. Бұл препараттарды циклоспориннің дозасын оның концентрациясына байланысты азайтқан жағдайда ғана бір мезгілде қолдануға болады.

Эверолимус: in vitro және in vivo зерттеулері жүргізілмегенмен флуконазол қан сарысуындағы эверолимустың концентрациясын CYP3А4 бәсеңдету арқылы жоғарылатуы мүмкін.

Сиролимус: флуконазол сиролимус метаболизмін СYР3А4 ферментімен және Р-гликопротеинмен бәсеңдету арқылы қан плазмасындағы сиролимустың концентрациясын жоғарылатуы ықтимал. Бұл препараттарды сиролимустың дозасын концентрация деңгейіне және препараттың әсерлеріне байланысты түзеткен жағдайда ғана бір мезгілде қолдануға болады.

Такролимус: флуконазол такролимусты ішу арқылы қабылдаған кезде такролимустың метаболизмін СYР3А4 ферментімен ішекте бәсеңдету арқылы оның қан сарысуындағы концентрациясын 5 есе жоғарылатуы мүмкін. Такролимусты вена ішіне қолданған кезде фармакокинетиканың мардымды өзгерістері байқалған жоқ. Такролимус деңгейлерінің жоғарылығы нефроуыттылықпен астасады. Ішуге арналған такролимус дозасын такролимустың концентрациясына байланысты төмендету керек.

Лозартан: флуконазол лозартанның метаболизмін оның белсенді метаболитіне дейін (Е-31 74) бәсеңдетеді, бұл лозартанды қолданған кездегі ангиотензин II рецепторларына антагонизмнің үлкен бөлігінен туындайды. Пациенттердің артериялық қысымына ұдайы мониторинг жүргізу ұсынылады.

Метадон: флуконазол метадонның қан сарысуындағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадон мен флуконазолды бір мезгілде қолданған кезде метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар: тек қана флурбипрофенді қолданғандағы осындай көрсеткіштермен салыстырғанда, флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда флурбипрофеннің Сmах және АUС тиісінше 23% және 81% жоғарылады. Флуконазолды рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде қолданған кезде, тек қана рацемиялық ибупрофенді қолданғандағы осындай көрсеткіштермен салыстырғанда фармакологиялық белсенді изомер S-(+)-ибупрофеннің Сmах және АUС тиісінше 15% және 82% жоғарылады.

Флуконазолдың СYР2С9 метаболизденетін басқа СҚҚП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі экспозициясын жоғарылатуға әлеуетті қабілеті бар. СҚҚП байланысты жағымсыз реакцияларға және уыттылық көріністеріне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізіп отыру ұсынылады. СҚҚП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: флуконазол фенитоиннің бауырдағы метаболизмін бәсеңдетеді. 200 мг флуконазолды және 250 мг фенитоинді вена ішіне бір мезгілде көп рет қолдану фенитоиннің АUС24 75% және Сmin –128% ұлғаюына әкеледі. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолданған кезде фенитоиннің уытты әсерінің дамуын болдырмау үшін қан сарысуындағы фенитоин концентрациясына мониторинг жүргізу керек.

Преднизон: пациентке бауырды ауыстырып салғаннан кейін преднизонды қолдану аясында флуконазолмен емнің үш айлық курсын тоқтатқаннан кейін туындаған бүйрекүсті бездерінің жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдайы туралы хабарланған. Флуконазолды қолдануды тоқтату СYР3А4 белсенділігін жоғарылатуы, ал бұл преднизонның метаболизмінің жылдамдауына әкелуі ықтимал. Флуконазолды қолдануды тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі дамуының алдын алу мақсатында, Флуконазол мен преднизонды ұзақ уақыт бойы бір мезгілде қолданатын пациенттерді мұқият бақылау керек.

Рифабутин: флуконазол рифабутиннің қан сарысуындағы концентрациясын жоғарылатады, бұл рифабутиннің АUС 80% дейін ұлғаюына әкеледі. Флуконазолды және рифабутинді бір мезгілде қолданған кезде увеиттің дамыған жағдайлары туралы хабарланған. Дәрілік заттардың мұндай біріктірілімін қолданған кезде рифабутиннің уыттылық әсерінің симптомдарын ескеру керек.

Саквинавир: флуконазол саквинавирдің бауырдағы метаболизмін СYР3А4 ферментімен бәсеңдету жолымен және Р-гликопротеинді тежеу арқылы саквинавирдің АUС және Сmах тиісінше шамамен 50% және 55% жоғарылатады. Флуконазол және саквинавир/ритонавир арасындағы өзара әрекеттесулер зерттелмеген, сондықтан олар біршама айқын болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: бір мезгілде дені сау еріктілерде қолдану кезінде флуконазол ішілетін сульфонилмочевина туындыларының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид және тольбутамид) жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Флуконазолмен бір мезгілде қолданған кезде қандағы қантты тұрақты бақылау және сульфонилмочевина туындыларының дозасын тиісті түрде төмендету ұсынылады.

Теофиллин: препараттардың өзар әрекеттесулерін зерттеу кезінде флуконазолды 200 мг-ден 14 күн бойы қолдану теофиллиннің қан плазмасындағы орташа клиренсін 18% төмендетті. Теофиллинді жоғары дозаларда қолданатын немесе басқа себептер бойынша теофиллиннің уыттылық көріністерінің даму қаупі жоғары пациенттерді теофиллиннің уытты әсерінің даму белгілерін анықтау үшін бақылауға алу керек. Уыттылық белгілері байқалған кезде емді өзгерту керек.

Қабіршөп алкалоидтары: арнайы зерттеулер жүргізілмегенмен флуконазол СYР3А4 тежегендіктен қабіршөп алкалоидтарының қан плазмасындағы концентрациясының (мысалы, винкристиннің және винбластиннің) жоғарылауын тудыруы ықтимал, бұл нейроуытты әсерлердің дамуына әкеліп соғады.

А дәрумені: трансретиной қышқылын (А дәруменінің қышқылдық түрі) және флуконазолды бір мезгілде қолданған пациентте ОЖЖ тарапынан мидың жалған туморы түріндегі жағымсыз реакциялар байқалғаны хабарланған, аталған әсер флуконазолды тоқтатқаннан кейін жойылған. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болады, бірақ ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін есте ұстау керек.

Вориконазол (СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 тежегіші): вориконазолды ішу арқылы (1-ші күні әр 12 сағат сайын 400 мг-ден, содан соң 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг-ден) және флуконазолды ішу арқылы (бірінші күні 400 мг, содан соң 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг-ден) еркек жынысты 8 дені сау еріктілер бір мезгілде қолданғанда вориконазолдың Сmax және АUСτ тиісінше орта есеппен 57 % (90 % СА: 20 %, 107 %) және 79 % (90 % СА: 40 %, 128 %) жоғарылауына әкелді. Вориконазолды немесе флуконазолды қолдану дозасын және/немесе жиілігін азайту мұндай әсердің жойылуына әкеле ме, жоқ па белгісіз. Вориконазолды флуконазолдан кейін қолданғанда вориконазолмен астасқан жағымсыз әсерлердің дамуы бойынша бақылау жүргізу керек.

Зидовудин: флуконазол зидовудиннің Сmax және АUС тиісінше 84% және 74% жоғарылатады, бұл зидовудинді ішу арқылы қабылдаған кезде оның клиренсінің шамамен 45% төмендеуіне байланысты. Флуконазол мен зидовудиннің біріктірілімін қолданғаннан кейін зидовудиннің жартылай шығару кезеңі де шамамен 128% ұзарды. Дәрілік заттардың мұндай біріктірілімін қолданатын пациенттерді зидовудинді қолдануға байланысты жағымсыз құбылыстардың дамуы бойынша бақылау керек. Қажет болғанда зидовудиннің дозасын төмендетуге болады.

Азитромицин: азитромицин мен флуконазолдың бір-бірінің фармакокинетикасына ықпалын бағалау бойынша оларды тиісінше 1200 мг және 800 мг дозаларда бір уақытта бір рет пероральді қолданған зерттеулерде ешқандай маңызды фармакокинетикалық әрекеттесулер анықталмады.

Пероральді контрацептивтер: флуконазолды 50 мг дозада қолданған кезде гормондар деңгейіне ықпалы байқалған жоқ, ал флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қолданған кезде этинилэстрадиолдың АUС 40% және левоноргестрелдікі – 24% ұлғайғаны байқалған. Бұл флуконазолды көрсетілген дозаларда көп рет қолдану біріктірілген ішілетін контрацептивтің тиімділігіне ықпал ете қоймайтынын айғақтайды.

Ивакафтор: жарғақша арқылы өткізгіштіктің муковисцидозды реттеушісі (CFTR) ивакафтормен қатар қолдану ивакафтордың экспозициясын 3 есе арттырады, ал гидроксиметиливакафтордың (M1) экспозициясын – 1,9 есе арттырады. Флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір уақытта қолданатын пациенттер үшін ивакафтордың дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Криптококкоз. Флуконазолдың басқалай орналасқан криптококкозды (мысалы, өкпе криптококкозын және тері криптококкозын) емдеудегі тиімділігіне дәлелдер жеткіліксіз, сондықтан мұндай ауруларды емдеу үшін дозалау режимдері жөніндегі ұсыныстар жоқ.

Терең эндемиялық микоздар. Флуконазолдың паракокцидиоидомикоз, гистоплазмоз және тері-лимфалық споротрихоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуге тиімділігінің дәлелдері жеткіліксіз, сондықтан мұндай ауруларды емдеу үшін дозалау режимдері жөніндегі ұсыныстар жоқ.

Бүйрек жүйесі. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Гепатобилиарлық жүйе. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. Флуконазолды қолдану сирек жағдайларда әсіресе негізгі аурулары ауыр күйдегі пациенттерде өлімге ұшыратуды қоса, ауыр гепатоуыттылықтың дамуымен астасты. Гепатоуыттылықтың дамуы флуконазолды қолданумен астасқан жағдайларда, оның препараттың жалпы тәуліктік дозасына, емнің ұзақтығына, пациенттің жасына және жынысына байланыстылығы белгіленбеген. Әдетте флуконазолдан туындаған гепатоуыттылық қайтымды болады, ал оның көріністері емді тоқтатқаннан кейін жойылады.

Флуконазолды қолданған кезде бауырдың функционалдық сынамаларының нәтижесінде ауытқулар байқалған пациенттерді бауырдың бұдан да ауыр зақымдалуының дамуына қатысты мұқият бақылауға алу керек.

Бауырға күрделі ықпалын білдіретін сиптомдар (айқын астения, анорексия, тәбеттің болмауы, ұдайы жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы пациентке мәлімделуі тиіс. Мұндай жағдайда флуконазолды қолдануды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет.

Жүрек-қантамыр жүйесі. Кейбір азолдар, оның ішінде флуконазол да, электрокардиограммада QТ аралығының ұзаруымен астасады. Флуконазолды қолданған кезде QТ аралығы ұзаруының және «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары туралы хабарланған. Мұндай хабарламалар жүректің құрылымдық аурулары, электролиттік алмасудың бұзылуы және QТ аралығына ықпал ететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сияқты көптеген факторлардың бірігуі кезінде ауыр науқасты пациенттерге қатысты болды.

Флуконазолды аритмияның даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. QТ аралығын ұзартатын және Р450 цитохромының СYР3А4 ферментінің көмегімен метаболизденетін дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галофантрин. Галофантрин СYР3А4 ферментінің субстраты болып табылады және ұсынылған емдік дозаларда қолданған кезде QТс аралығын ұзартады. Галофантрин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дерматологиялық реакциялар. Флуконазолды қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативтік тері реакцияларының дамуы туралы сирек хабарланған. ЖИТС-пен ауыратын пациенттер көптеген дәрілік заттарды қолданған кезде ауыр тері реакцияларының дамуына неғұрлым бейім болады. Егер беткейлік зеңдік инфекциямен пациентте флуконазолды қолданумен байланыстыруға болатын бөртпелер пайда болса, препаратты әрі қарай қабылдауды тоқтату керек. Егер инвазиялық/жүйелі зеңдік инфекциялы пациентте терідегі бөртпелер пайда болса, оның жай-күйін мұқият бақылау керек, ал буллездік бөртпелер немесе мультиформалы эритема дамыған жағдайда флуконазолды қолдануды тоқтату қажет.

Аса жоғары сезімталдық. Сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялардың дамығаны туралы хабарланған.

Р450 цитохромы. Флуконазол СYР2С9 ферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол СYР2С19 ферментінің де тежегішіне жатады. Флуконазолды және СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 қатысуымен метаболизденетін емдік аясы тар препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің жай-күйін бақылау керек.

Терфенадин. Терфенадин мен флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада бір мезгілде қолданған кезде пациенттің жай-күйін мұқият бақылау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бірнеше жүз жүкті әйелдерде жүктіліктің І триместрі кезінде флуконазолды әдеттегі дозаларда (< 200 мг/тәулік) бір рет немесе қайталап қолданғанда алынған деректер шаранаға жағымсыз ықпалды көрсеткен жоқ. Аналары кокцидиоидозды емдеу үшін флуконазолды жоғары дозаларда (400-800 мг/тәулік) кемінде үш ай немесе одан ұзақ қабылдаған жаңа туған нәрестелердегі көптеген туа біткен патологиялар (брадифренияны, құлақ қалқанының дисплазиясын, алдыңғы еңбектің шектен тыс ұлғаюын, жамбастың қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса) туралы хабарланды. Флуконазолды қолдану мен осы жағдайлардың арасындағы байланыс анықталған жоқ.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбітуге уыттылығын көрсетті.

Флуконазолдың әдеттегі дозаларын және флуконазолмен емдеудің қысқа мерзімдік курстарын жүктілік кезеңінде, өте қажет болған кездерді қоспағанда, қолданбау керек.

Өмірге потенциалды қауіп төндіретін инфекцияларды емдеуді қоспағанда, флуконазолды жоғары дозаларда және/немесе флуконазолмен емдеудің ұзақ курстарымен жүктілік кезеңінде қолданбаған жөн.

Флуконазол емшек сүтіне өтеді және қан плазмасындағыға қарағанда неғұрлым төмен концентрацияға жетеді. Флуконазолдың 200 мг немесе одан аз болатын әдеттегі дозасын бір рет қолданғаннан кейін емшек емізуді жалғастыруға болады.

Флуконазолды көп рет қолданған кезде немесе жоғары дозаларда қолданған кезде емшек емізу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Флуконазолдың автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалына зерттеу жүргізілмеген. Флуконазолды қолданған кезде бас айналудың немесе құрысулардың дамуы мүмкін екені жөнінде пациенттерге мәлімдеу керек. Мұндай симптомдар дамыған кезде автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: елестеулермен және параноидальді мінез-құлықпен қатар жүретін препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі – симптоматикалық (оның ішінде демеуші шаралар және асқазанды шаю).

Дифлюзол® негізінен, несеппен шығарылады, сондықтан қарқынды диурез препараттың шығарылуын жеделдетуі мүмкін.

Ұзақтығы 3 сағат гемодиализ сеансы плазмадағы Дифлюзол деңгейіне шамамен 50% төмендетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қаптама. 7 капсуладан (50 мг және 100 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және баспалы, лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

1 капсуладан (150 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және баспалы, лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Киевмедпрепарат» ЖАҚ

Украина, 01032, Киев қаласы, Саксаганский көшесі, 139

Тіркеу куәлігінің иесінің атауы және елі

«Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

Прикрепленные файлы

ИМП_Дифлюзол_капсулы_рус.doc 0.15 кб
дифлюзол_каз.docx 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту