Дисфлатил

МНН: Симетикон
Производитель: Легаси Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Silicones
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004743
Информация о регистрации в РК: 02.10.2013 - 02.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Дисфлатил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Симетикон

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, эмульсия 40 мг/мл

Құрамы

1 мл эмульсияның құрамында

белсенді зат 40,0 мг симетикон,

қосымша заттар: бензой қышқылы (Е 210), натрий бензоаты (Е 211), полиоксиэтилен (2) стеараты, полиоксиэтилен (20) стеараты, натрий сахарині, ананас хош иістендіргіш қоспасы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Біртекті ананас иісі бар сүт сияқты ақ эмульсия

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған басқа да препараттар. Силикондар

АТХ коды А03А Х13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Симетикон өзінің физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай, химиялық және физиологиялық инертті зат, уыттылығы жоқ және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабықтарының жасуша жарғақшаларынан сіңбейтін зат болып табылады. Тамақтың сіңуіне, асқазан сөлінің реакциясы мен көлеміне әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Дисфлатил препаратының белсенді компоненті – симетикон – құрамында уытты емес кремний бар, беткейлік белсенділігі және көбік өшіретін қасиеті бар қосылыс болып табылады.

Симетикон газ көпіршіктерін олардың беткейлік тартылуын өзгерте және сол арқылы оларды шөгуге мәжбүр ете отырып, физикалық жолмен бұзады. Симетикон аталған қасиеттеріне байланысты асқазан-ішек жолдарында артық газ түзілуін симптоматикалық емдеуге пайдаланылады. Босап шығатын газ табиғи жолмен шығарылады.

Қолданылуы

- кез келген этиологиядағы, метеоризмде, аэрофагияда, гастрокардиальді синдромда, сондай-ақ операциядан кейінгі метеоризмде асқазан-ішек жолдарында шамадан тыс газ түзілуін және жинақталуын симптоматикалық емдеуде

- емделушілерді асқазан және/немесе асқазан-ішек жолдарының басқа да органдарын эндоскопиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық зерттеулерге дайындауда

Қолдану тәсілі және дозалары

1. Асқазан-ішек жолдарында шамадан тыс газ түзілуін және жинақталуын симптоматикалық емдеу

Ересектер: 25-50 тамшыдан (40-80 мг), мүмкіндігінше, сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішу керек, әрбір тамақ ішкен сайын және ұйықтар алдында. 1 мл эмульсия құрамында 27 ± 3 тамшы бар.

6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар: 15-20 тамшыдан (20-30 мг), мүмкіндігінше, сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішу керек, әрбір тамақ ішкеннен кейін және ұйықтар алдында.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: 10-15 тамшыдан (15-20 мг) күніне 2-3 рет тамақ ішу уақытында және тамақтан соң.

1 айдан асқан 2 жасқа дейінгі балалар: 10 тамшыдан (15 мг) күніне 2 рет тамақ ішу уақытында және тамақтан соң.

7 күндіктен 28 күндікке дейінгі балалар: 10 тамшыдан (15 мг) күніне 2 рет тамақ ішу уақытында және тамақтан соң, балаға алдын ала судың аздаған мөлшерімен сұйылтып, кішкентай қасық көмегімен немесе бөтелкемен беруге болады.

Емдеу ұзақтығы ауру барысының ерекшелігін ескерумен жеке анықталады. Қажет болғанда ұзақ уақыт бойы қолданылуы мүмкін.

2. Асқазан және/немесе ішекті зерттеуге дайындауда алдын алу үшін қабылдау

50 тамшыдан (80 мг) күніне 3-4 рет зерттеу алдындағы 2 күн бойына, зерттеу күні ашқарынға таңертең 50 тамшыдан және 50 тамшы тікелей зерттеудің алдында.

Тамшылары бар құтыны пайдаланар алдында жақсылап сілку керек!

Жағымсыз әсерлері

Дисфлатил тамшысының белсенді компоненті – симетикон – асқазан-ішек жолдарында сіңбейтіндіктен және организмнен өзгермеген түрде шығарылатындықтан, препарат қауіпсіз деп саналады және жағымсыз әсерлері болмайды.

Болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар: гиперемия, тері жабындыларының қышынуы, терідегі бөртпелер, шырышты қабықтардың тітіркенуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қатты ішек шаншуы және құсумен қатарлас жүретін ішек бітелуі

- асқазан-ішек жолдарының обструктивті аурулары

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дисфлатил тамшыларын азық-түлік өнімдері, шай, кофе, алкогольдік сусындарды қоса, басқа дәрілік заттармен бір уақытта қолдану сақтанудың ерекше шараларын талап етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Диабеті бар науқастар қабылдағанда

Дисфлатил тамшысының құрамында қант болмайды. Препарат құрамында синтетикалық тәттілегіш – натрий сахарині бар. Сондықтан препаратты қант диабеті бар науқастарға қолдану мүмкіндігі бар.

Дисфлатилдің қолданылуында көрсетілмеген аурулар болған жағдайда, аллергиялық реакцияларға бейімділікте немесе басқа дәрілік препараттармен қоса қабылдану жоспарланғанда (оның ішінде өздігімен сатып алған), алдын ала дәрігермен кеңесу керек.

Ас қорытудың ұзаққа созылған және қайталанатын бұзылуларында, бұл құбылыстың себептерін анықтау керек, бұл дұрыс тамақтанбауға немесе қозғалыс белсенділігінің жетімсіздігіне байланысты болуы мүмкін. Егер сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының органикалық бұзылулары немесе жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар болса, аталған барлық жағдайларда дәрігермен кеңесу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Дисфлатил педиатриялық тәжірибеде қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бақыланатын зерттеулер жануарларға да, адамдарға да жүргізілмеген, препараттың белсенді компоненті – симетикон – асқазан-ішек жолдарында сіңбейтіндіктен және өзгермеген түрде шығарылатындықтан, Дисфлатил тамшыларын жүктілік уақытында қолдану ұрық дамуына әсер етпейді; емшек емізу кезеңінде препарат ана сүтіне өтпейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат организмге жүйелі әсер етпейді және автокөлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеуде қолданылуы мүмкін.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бірінші ашылуына бақыланатын, полипропиленнен жасалған бұралатын қақпағы және полиэтилен тамшылатқышы бар күңгірт шыныдан жасалған құтыға 30 мл препараттан құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Легаси Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ»,

Рюрбергштрассе, 21, 4127 Бирсфельден, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

«МЕДА Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ», Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «МЕДА Фармасьютикалз Швейцария ГмбХ» ЖШС өкілдігі: Алматы қ., Достық даң. 97, 8 кеңсе, тел.: +7 727 264-17-94, факс: +7 727 264-17-71

Электронды поштасы: info.safety@meda-cis.com

Прикрепленные файлы

953931581477976786_ru.doc 54.5 кб
184379141477977940_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники