Дисоль (раствор для инфузий, Инфузия ЗАО)

МНН: Натрия ацетат, Натрия хлорид
Производитель: Инфузия ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019303
Информация о регистрации в РК: 17.10.2012 - 17.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Дисоль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 200 мл және 400 мл ерітінді

Құрамы

1000 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: натрий ацетаты тригидраты – 2.0 г

натрий хлориді – 6.0 г

иондық құрам: Na+ – 117 ммоль, Cl¯ – 103 ммоль, ацетат – 15 ммоль.

қосымша заттар - инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Су-электролитті теңгерімге әсер етуші ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат қан арнасында аз ғана уақыт болып, жылдам интерстициальді кеңістікке өтеді және бауырда метаболизденеді. Диурезді күшейте отырып, бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Дисоль - регидратация және уытсыздандыруға арналған біріктірілген тұзды ерітінді. Сусыздану кезінде организмде су-электролитті теңгерім мен қышқылды-негізді күйін қалпына келтіреді. Метаболикалық ацидоздың дамуына кедергі келтіреді, диурезді ұлғайтады. Плазма алмастырушы, уытсыздандырушы, регидратациялаушы әсер етеді.

Қолданылуы

- әр түрлі ауруларда (жедел дизентерия, тамақтан улану жұқпасы, Эль-Тор тырысқағы) туындайтын организмнің сусыздануы және уыттануы кезінде гиперкалиемия мен оның салдарын түзетуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді.

Ерітіндіні қолданар алдында 36-38°С-ге дейін жылытады. Енгізілетін ерітіндінің көлемі жоғалтқан сұйықтық көлеміне сәйкес болуы тиіс. Енгізілген сұйықтық пен диурездің арақатынасын әрбір 6 сағат сайын анықтайды! Гиперкалиемияны жойғаннан кейін одан арғы сулы-тұзды емі «Трисоль», «Ацесоль» немесе «Хлосоль» препараттарымен жүргізіледі.

Жағымсыз әсерлері

- ісінулер

- тахикардия

Кейбір жағдайларда қалтырауды туындатуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- ми мен өкпе ісінуінің даму қаупі

- гипергидратация

- бауыр және жүрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Ерітіндіні қолданар алдында 36-38°С-ге дейін жылытады.

Бүйректің шығару қызметі бұзылған, қалпына келмейтін жүрек ақауы бар науқастарға, бауыр циррозымен науқастарға ісіну-асциттік синдромы кезінде сақтықпен енгізіледі.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданудың тәжірибесі жоқ.

Балалар

Препаратты балаларға қолдануға қатысты шектеулер дерегі жоқ. Дозалау тәртібі зертханалық көрсетілімдерге байланысты түзетіліп отырады.

Дәрілік заттың көлік құралдары немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат тек стационар жағдайында қолданылатын болғандықтан препараттың көлік жүргізу немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер етуіне қатысты деректер жоқ.

Артық дозалануы

Мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен саңылаусыз тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған (градуировкасымен; градуировкасыз тар және жалпақ мойны бар) бөтелкелерге 200 мл, 400 мл ерітіндіден құйылған.

Бөтелкелерге өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады (градуировкасы бар бөтелкелер үшін – градуировкасыз заттаңбалар; градуировкасыз тар және жалпақ мойны бар бөтелкелер үшін заттаңбалар градуировкасымен).

Препараты бар бөтелкені медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісті нұсқаулықтар санымен бұйымдар қаптауға арналған машинада жылу ұстағыш полиэтилен үлбірмен 20 данадан (сыйымдылығы 200 немесе 250 мл бөтелкелер) және 12 данадан (сыйымдылығы 450 немесе 500 мл бөтелкелер) дәнекерлейді немесе екі дәнекерленген қаптамадан жәшікке немесе картон аралығы бар жәшікке 40 данадан (200 немесе 250 мл бөтелкелер) және гофрланған картон аралығы бар жәшікке 24 данадан (сыйымдылығы 450 немесе 500 мл бөтелкелер) қапталады.

Топтық қаптамадағы бөтелкелер санын тұтынушымен келісу арқылы өзгертуге болады.

Сақтау шарттары

25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Бөтелке герметикалылығы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру пайдалануға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Бөтелке ішкі беткейінің дымқылданбауы препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“ ИНФУЗИЯ” жабық акционерлік қоғамы, Украина

04073, Киев, Мәскеу даңғылы, үй 21-А

тел.: (044) 490-93-75, 490-93-76.

E-mail: info@infuzia.com.ua

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

“ ИНФУЗИЯ” жабық акционерлік қоғамы, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Аквилон - 1» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

ОҚО, Шымкент қ., Бархатная к-сі, 25

тел: +77-252-56-68-41

E-mail: aqvilon_shm@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

269037861477977024_ru.doc 62.5 кб
990758351477978211_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники