Дисменорм
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дисменорм
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Agnus castus Æ 125 мг
Apis mellifica trit. D3 25 мг
Pulsatilla trit. D3 25 мг
Rosmarinus officinalis trit. D2 25 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, бидай крахмалы,
магний стеараты.
Сипаттамасы
Ойықты жалпақ цилиндр пішіндегі ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар, болымсыз теңбілденген, сәл хош иістенген болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар.
АТЖ коды G02CX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат құрамындағы белсенді ингредиенттер дозасының тым аз болуымен байланысты фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін болмады.
Фармакодинамикасы
Организмнің гомеопатиялық препараттарға реакциясы әркімге жекеше тән сипатта болады. Осыған орай, дозаға тәуелденетін фармакологиялық әсерін, фармакодинамикалық және фармакокинетикалық сипаттамаларын айқындау мүмкін емес.
Препарат құрамында етеккір оралымының бұзылуын емдеу кезінде бірін-бірі толықтыратын төрт компонент бар.
Agnus castus және Apis mellifica етеккір болмаған немесе кідірген кезде, сондай-ақ қалыпты да, ұзаққа созылатын да оралым кезіндегі тапшы немесе құйылған айлық қан кетулерде қолданылады. Apis mellifica жас қыздардың етеккірлік бұзылыстарын емдеуде маңызды дәрі болып табылады.
Pulsatilla етеккір оралымының ырғағы үнемі ауысатын, ауырсындыратын бөліністер күшейетін, бөліністер азаятын және кідіретін кездерде тиімді.
Rosmarinus officinalis бас айналуын азайтады, бас ауыруларын жеңілдетеді, бастағы ауырлық сезімін және сананың тұмандануын басады, сондай-ақ Apis mellifica сияқты ерте келетін айлықтарда көмектеседі. Тұтастай алғанда, Дисменорм препараты етеккір оралымының ырғағын, құйылуын және ұзақтығын қалыптандырады және етеккірлік синдром кезіндегі ауыруды жұмсартады.
Қолданылуы
- етеккір оралымының бұзылуы және етеккір алдындағы синдром
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересек әйелдерге және 12 жастан асқан жеткіншек қыз балаларға күніне үш рет 1-2 таблеткадан тағайындайды.
Жай-күй жақсарған соң препарат қабылдау жиілігін азайту керек.
Препарат ас ішуге дейін 30 минуттан кешіктірмей немесе ас ішуден кейін 30 минуттан соң қабылданады. Таблеткаларды ауызда баяу сорады. Қажет болса, таблеткаларды судың аздаған мөлшерінде ерітуге болады.
Препаратты бір аптадан көп қабылдау ұзақтығын міндетті түрде гомеопат-дәрігермен келісіп алу қажет.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек (<1/10 000) немесе белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалауға болмайды)
- бас ауыру, бас айналу
- жүрек айну мен іш қуысындағы ауыру сияқты асқазан-ішек жолы жағынан болатын бұзылулар
- безеу бөртпесі
- тері бөртпелері, есекжемдер (қышымалы күлдіреуіктердің түзілуі) түрінде көрініс беретін жоғары сезімталдық реакциялары және тіпті беттің ісінуімен, ентігумен (диспноэ) және жұтудың қиындауымен қатар жүретін ауырлықтың жоғары дәрежесіндегі реакциялар. Осындай жағдайларда әріқарай Дисменорм препаратын қабылдауды тоқтатып, емделушіге тиісінше ем тағайындау керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ара уының токсиндеріне немесе кез келген басқа әсер етуші затқа, әлде препарат құрамындағы қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық реакциялары
- эстрогенге тәуелді ісіктер немесе гипофиз ісіктері
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Әсер етуші заттар допаминергиялық және эстрогендік белсенді болуы мүмкін екендіктен, агонист препараттарымен және допаминді рецепторлар антагонистерімен және эстроген рецепторларымен өзара әрекеттесуі ықтимал.
Қандай да болсын дәрілік препараттарды, соның ішінде рецептісіз сатылатын препараттарды қазіргі уақытта немесе одан бұрын қабылдаған кезде емделушілерге дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Гомеопатиялық препараттар тиімділігіне зиянды әдеттердің, соның ішінде алкоголь мен никотиннің, сондай-ақ кофе мен дәмдеуіштер сияқты қоздырушы заттардың теріс әсері болуы ықтимал.
Айрықша нұсқаулар
Гомеопатиялық дәрілер қолданған кезде бастапқыда уақытша нашарлау болуы мүмкін. Бұл жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге көріну керек. Алдыңғы дозаны өткізіп алған жағдайда препараттың екі еселенген дозасын қабылдауға болмайды.
Арнайы ескертулер және қолдану кезіндегі сақтану шаралары
Мына жағдайларда дәрігер кеңесіне жүгінген жөн:
- жай-күйдің жақсаруы немесе нашарлауы болмаған кезде
- қосымша шағымдар болмаған жағдайда.
Дәрілік препаратты педиатриялық тәжірибеде қолдану жеткілікті зерттелмеген; осыған орай, препаратты 12 жасқа толмаған балаларды емдеуде қолдануға болмайды.
Дисменорм препаратының құрамында лактоза бар.Тұқым қуалауы сирек галактозаны көтере алмау ауруларынан, лактаза тапшылығынан немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуларынан зардап шегетін емделушілерге препаратты қабылдауға болмайды.
Дисменорм препаратының құрамында бидай крахмалы бар. Бидай крахмалында глютен бар, бірақ тіптен аз мөлшерде, сондықтан препарат глютенге сезімтал целиакиядан зардап шегетін емделушілер үшін қауіпсіз болып саналады. Бидай ақуызына аллергиялық реакциялардың басқа түрлерінен (целиакиядан ерекшеленетін) зардап шегетін емделушілерге препаратты қабылдауға болмайды.
Препаратты гомеопат-дәрігермен кеңесусіз ұзақ уақыт бойы қабылдауға болмайды.
Жүктілік және лактация
Дисменорм препараты жүктілік кезеңінде қолдануға көрсетілмеген.
Әсер етуші заттар сипаттамаларын ескеріп, Дисменорм препаратын лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дисменорм препараты автокөлік басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін тигізбейді.
Артық дозаланғанда
Артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарламалар болған жоқ. Бірақ егер қабылданған доза тағайындалғанынан едәуір асып кетсе, онда дәрігерге қаралған дұрыс.
Шығарылу түрі және қаптамасы
80 таблеткадан құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Дойче Хомеопати - Унион ДХУ- Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,
Германия
Ottostraße 24 (Оттоштрассе 24)
76227 Karlsruhe (76227 Карлсруэ)
Тіркеу куәлігінің иесі
Дойче Хомеопати -Унион ДХУ- Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,
Германия
Ottostraße 24
(Оттоштрассе 24)
76227 Karlsruhe (76227 Карлсруэ)
Эсклюзивті өкілі
Альпен Фарма АГ
Берн, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Альпен Фарма» ЖШС
Алматы қ., Жетісу-2 ықш., 80 үй, 54 пәтер
Тел./факс: + 7 727 2265306
E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com