Дипросалик® (мазь)

МНН: Бетаметазон, Салициловая кислота
Производитель: Шеринг-Плау Лабо Н.В.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011576
Информация о регистрации в РК: 24.07.2017 - 24.07.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Дипросалик®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай

Құрамы

1 грамм жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: 0,5 мг бетаметазон (бетаметазон дипропионаты түрінде), 30 мг салицил қышқылы,

қосымша заттар: сұйық парафин, ақ жұмсақ парафин.

Сипаттамасы

Көрінбейтін механикалық қоспаларсыз, түсі ақ дерлік тегіс білкелкі жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Басқа да препараттармен біріктірілімдегі глюкокортикостероидтар. Басқа да препараттармен біріктірілімдегі күшті кортикостероидтар. Басқа да препараттармен біріктірілімдегі бетаметазон

АТХ коды D07ХC01

Фармакологиялық қасиеттері

Жақпамайды жаққан кезде салицил қышқылы тек жергілікті әсер етеді. Топикалық кортикостероидтардың сіңу дәрежесі препараттың дәрілік түріне, эпидермистің тұтастығы мен окклюзиялық таңғыштың болуына байланысты. Топикалық кортикостероидтар зақымданбаған сау тері жабындары арқылы енуі мүмкін. Теріде қабыну үдерістері болғанда препараттың сіңуі ұлғаяды. Топикалық кортикостероидтардың енуіне окклюзиялық таңғыштарды қолдану ықпал етеді.

Тері арқылы сіңгеннен кейін топикалық кортикостероидтар жүйелік кортикостероидтар секілді, сол фармакокинетикалық жолды өтеді. Кортикостероидтар қан плазмасы ақуыздарымен әртүрлі дәрежеде байланысады, ең бастысы бауырда метаболизденеді және бүйрек арқылы шығарылады. Кейбір топикалық кортикостероидтар мен олардың метаболиттері өтпен шығарылады.

Фармакодинамика

Дипросалик® - біріктірілген препарат, құрамында кортикостероидтардың негізгі қасиеттерін иеленген бетаметазон дипропионат эфирі – глюкокортикоид, кератолитикалық қасиеттерді иеленген салицил қышқылы бар. Салицил қышқылының бар болуына байланысты теріні жұмсартады, мүйізгектенген қабаттарды жояды және бетаметазон дипропионатының тереңдеп сіңуіне ықпал етеді. Бетаметазон дипропионатының қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсері бар және дерматоздың тұтас бір қатарын емдеуде де тиімді. Фармакологиялық дозаларда кортикостероидтардың қабынуға қарсы және иммуносупрессивті әсері бар. Кортикостероидтардың физиологияық, фармакологиялық және клиникалық әсерлері жақсы белгілі, әртүрлі аурулар кезіндегі олардың әсер ету механизмдері соңына дейін зерттелмеген.

Қолданылуы

- кортикостероидты емдеуді қажет ететін құрғақ және гиперкератикалық дерматоздарда

- псориазда

- созылмалы атопиялық дерматитте

- нейродермитте

- созылмалы қарапайым теміреткіде

- жалпақ теміреткіде

- экземада (тиын тәрізді экзема, қол экземасы, экзематозды дерматитті қоса), дисгидроз (шемен)

- бастың шашты бөлігінің себореялы дерматитінде

- әдеттегі ихтиоз және басқа да ихтиоз жағдайында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен бір жастан үлкен балаларға жақпамайды жұқалап күніне екі рет – таңертең және кешке, терінің зақымданған жерлерін толық қамти отырып жағады. Кейбір науқастарда препаратты жиі қолданбаса да, қанағаттанарлық әсерге жетуге болады. Емдеудің ұзақтығын дәрігер аурудың ауырлығына және ағымына байланысты анықтайды.

Балалар

Балалар үшін емдеу курсы 5 күннен астамды құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- шымылдату, қышыну, тітіркену, құрғау, фолликулит, гипертрихоз, безеу түріндегі бөртпе, гипопигментация, периоральді дерматит

- аллергиялық жанаспалы дерматит

- тері мацерациясы, салдарлы жұқпа, тері атрофиясы, стриялар, тербөртпе (окклюзиялық таңғыштарды қолданғанда)

- тері атрофиясы, жергілікті гирсутизм, телеангиэктазиялар, пурпура (ұзақ уақыт қолданғанда)

- өсудің іркілуі, Иценко-Кушинг синдромы, емдеу аяқталғаннан кейін бас сүйекішілік қысымның қатерсіз жоғарылауы, гипергликемия, глюкозурия, гипокалиемия, АҚ жоғарылауы (ауқымды беткейлерге жаққан кездегі бетаметазон дипропионаты жағымсыз әсерлерінің жүйелі көріністері)

- бозару, жоғары шаршағыштық, ұйқышылдық, тахипноэ аясындағы гипервентиляция, жүрек айнуы, құсу, естудің бұзылуы, сананың шатасуы (ауқымды беткейлерге жаққан кездегі салицилаттар жағымсыз әсерлерінің жүйелі көріністері).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балалар

- терінің бактериялық, вирустық және зеңдік аурулары (пиодермия, мерез, тері туберкулезі, жел шешек, герпес, актиномикоз, бластомикоз, споротрихоз)

- вакцинациядан кейінгі тері реакциялары

- периоральді дерматит, розацеа, созылмалы тамыр жеткіліксіздігі аясындағы трофикалық ойық жаралар

- тері ісінулері (тері обыры, невус, атерома, эпителиома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома).

Сақтықпен

- бауыр жеткіліксіздігі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Егер препаратты қолдану аясында тері тітіркенуі немесе жоғары сезімталдық пайда болса, емдеуді тоқтату керек. Жұқпа қосылған жағдайда тиісті ем тағайындау керек.

Жүйелі кортикостероидтарға тән жағымсыз әсерлер, оның ішінде бүйрек үсті қыртысы қызметінің бәсеңдеуі, кортикостероидтарды шамадан тыс және ұзақ жергілікті қолданғанда әсіресе педиатрия тәжірибесінде байқалуы мүмкін.

Жергілікті кортикостероидтар және салицил қышқылының жүйелі сіңуі терінің ауқымды бөліктерін емдегенде, сондай-ақ окклюзиялық таңғыштарды пайдаланғанда артады.

Салицил қышқылын ашық жараларға немесе зақымданған теріге жақпаған жөн. Бұл сақтық шараларын, сондай-ақ ұзақ қолданғанда, әсіресе балаларды емдеген кезде ұстану керек.

Тері тітіркенуі, сонымен бірге терінің артық құрғауы пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Препарат офтальмологияда қолданылмайды.

Препаратты көзге және шырышты қабықтарға түсірмеу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Ересек емделушілерге қарағанда жергілікті кортикостероидтардың әсерінен балаларда гипоталамо-гипофизарлы-адреналдық жүйенің бәсеңдеуі белгілерінің жиі туындауы және сыртқы кортикостероидты әсерлердің пайда болуы мүмкін. Бұл дене беткейі ауданының дене салмағына деген арақатысының үлкен мәнде болуының салдарынан препараттың балаларда анағұрлым жоғары дәрежеде сіңуіне байланысты. Топикалық кортикостероидтармен ем қабылдап жүрген балаларда гипоталамды-гипофизарлы-адреналды жүйе қызметінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, өсудің іркілуі, салмақ қосудың кейіндеп қалуы, бас сүйекішілік қысымның көтерілуі байқалады. Балаларда адреналды супрессия: қан плазмасында кортизол деңгейінің төмендігі және АКТГ көтермеленуіне жауап болмауының байқалуы. Бас сүйекішілік қысымның артуы бастың еңбегінің томпаюымен, бас ауыруымен, көру жүйкелері дискілерінің билатеральді ісінуімен білінеді. Осыған орай, балаларға жергілікті кортикостероидтарды пайдалану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен және ең аз қолдану мерзімімен шектелуі тиіс.

Жүктілік және лактация

Препараттардың осы тобын жүктілік кезінде тағайындау, егер әйелге деген пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана дұрыс болады. Жүктілік кезінде бұл топтың препараттарын үлкен дозаларда немесе ұзақ қолданбаған жөн.

Бала емізетін әйелдерге препаратты сақтықпен қолдану керек.

Бала емізуді тоқтату немесе препарат қабылдауды тоқтату жайлы шешімді препаратты анаға қолдану қажеттілігін ескере отырып қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдары және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе күрделі техникалық қондырғыларды басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Алайда оны ауқымды беткейлерге ұзақ пайдаланғанда бетаметазон дипропионаты жағымсыз әсерлерінің жүйелі байқалуы мүмкін, атап айтқанда: Иценко-Кушинг синдромы, бас сүйек ішілік қысымның қатерсіз көтерілуі, бүйрек үсті безінің салдарлы жеткіліксіздігінің дамуы, немесе салицилатқа қатысты: бозару, шаршағыштық, ұйқышылдық, салицилизмнің басқа да симптомдары.

Емі: симптоматикалық емдеу. Артық дозаланудың көрсетілген белгілері әдетте қайтымды. Қажет болғанда электролиттік дисбалансты түзету керек. Салицилизм симптомдары байқалған кезде организмнен салицилаттарды неғұрлым жылдам шығару шараларын қолданады. Несепті сілтілендіру және диурезді күшейту үшін натрий гидрокарбонатын ішу арқылы қабылдайды.

Артық дозалану симптомдарының созылмалы байқалуы жағдайында препаратты баяу тоқтату ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г-ден жарғақшаны тесуге арналған істігімен бұрандалы пластмасса қалпақшасы, ішкі лакты жабыны бар жарғақшалы алюминий сықпада.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Шеринг-Плау Лабо Н.В., Бельгия

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария.

 

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ компаниясының Қазақстандағы өкілдігі,

Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең дала» бизнес орталығы, 5 қабат

Тел. +7(727)330-42-66

Факс +7(727)321-60-47

эл. поштасы: dpoccis2@merck.com

 

Прикрепленные файлы

831053341477976920_ru.doc 69.5 кб
649007001477978094_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники