Дипросалик® (лосьон)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дипросалик®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
30 мл лосьон
Құрамы
1 г лосьонның құрамында
белсенді заттар: 0,5 мг бетаметазон (бетаметазон дипропионаты түрінде), 20 мг салицил қышқылы,
қосымша заттар: динатрий эдетаты, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий гидроксиді, 2-пропанол, тазартылған су.
Сипаттамасы
Көрінетін механикалық қоспалардан бос, түссіз, мөлдір, тұтқыр лосьон.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Басқа да препараттармен біріктірілімдегі глюкокортикостероидтар. Басқа да препараттармен біріктірілімдегі күшті кортикостероидтар. Басқа да препараттармен біріктірілімдегі бетаметазон.
АТХ коды D07ХC01
Фармакологиялық қасиеттері
Дипросалик® - біріктірілген препарат, оның әсері оның құрамына кіретін компоненттерге негізделген; қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, аллергияға қарсы, вазоконстрикторлы, антипролиферативті, иммунодепрессивті, кератолитикалық, микробтарға қарсы, зеңдерге қарсы және жергілікті гипотермиялық әсері бар. Бетаметазон дипропионаты қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді, нейтрофилдердің шетте жинақталуының алдын алады, қабыну экссудатын және цитокиндер өнімін азайтады, инфильтрация және грануляция үдерісінің азаюына әкеп соқтыратын макрофагтар миграциясын төмендетеді.
Салицил қышқылының бар болуына байланысты теріні жұмсартады, мүйізгектенген қабаттарды жояды және бетаметазон дипропионатының тереңдеп сіңуіне ықпал етеді. Лосьон (майсыздандырылған негіздегі ерітінді) тері бетінде оңай таралады, шашты жабыстырмайды және құрғатпайды, білінетін іздерді қалдырмайды, теріге салқындатушы әсер етеді.
Қолданылуы
- бастың шашты бөлігінің себореялы дерматитінде
- бастың шашты бөлігінің псориазында
- басқаша орнығудағы псориаздық зақымдануларда
- кортикостероидты терапия көрсетілген дерматоздарда
Қолдану тәсілі және дозалары
Лосьонның бірнеше тамшысын зақымданған жерлерге жағады да, бас терісіне немесе бастың шашты бөлігіне ақырын сылайды. Әдетте күніне екі рет - таңертең және кешке жағады. Кейбір науқастарда препаратты жиі қолданбаса да, қанағаттанарлық әсерге жетуге болады.
Емдеудің ұзақтығын дәрігер аурудың ауырлығына және ағымына байланысты анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
- шымылдату, қышыну, тітіркену, құрғау, фолликулит, гипертрихоз, безеу түріндегі бөртпе, гипопигментация, периоральді дерматит
- аллергиялық жанаспалы дерматит
- тері мацерациясы, салдарлы жұқпа, тері атрофиясы, стриялар, тершеңдік (окклюзиялық таңғыштарды қолданғанда)
- тері атрофиясы, жергілікті гирсутизм, телеангиэктазиялар, пурпура (ұзақ уақыт қолданғанда)
- өсудің іркілуі, Иценко-Кушинг синдромы, емдеу аяқталғаннан кейін бас сүйекішілік қысымның қатерсіз жоғарлауы, гипергликемия, глюкозурия, гипокалиемия, АҚ жоғарылауы (ауқымды беткейлерге жаққан кездгі бетаметазон дипропионаты жағымсыз әсерлерінің жүйелі көріністері)
- бозару, жоғары шаршағыштық, ұйқышылдық, тахипноэ аясындағы гипервентиляция, жүрек айнуы, құсу, естудің бұзылуы, сананың шатасуы (ауқымды беткейлерге жаққан кездегі салицилаттар жағымсыз әсерлерінің жүйелі көріністері).
Балалардағы жағымсыз әсерлер
- гипоталамо-гипофизарлы-адреналды жүйе қызметінің бәсеңдеуі
- Кушинг синдромы
- өсудің кідіруі
- салмақ қосудың кідіруі
- бала басы еңбегінің ісінуімен, бас ауыруымен, көру жүйкесі дискілерінің билатеральді ісінуімен қатар жүретін бас сүйек ішілік қысымның артуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық
- 1 жасқа дейінгі балалар
- терінің бактериялық, вирустық және зеңдік аурулары (пиодермия, мерез, тері туберкулезі, жел шешек, герпес, актиномикоз, бластомикоз, споротрихоз)
- вакцинациядан кейінгі тері реакциялары
- периоральді дерматит, розацеа, созылмалы тамыр жеткіліксіздігі аясындағы трофикалық ойық жаралар
- тері ісінулері (тері обыры, невус, атерома, эпителиома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома).
Сақтықпен
- бауыр жеткіліксіздігінде.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Егер препаратты қолдану аясында тері тітіркенуі немесе жоғары сезімталдық пайда болса, емдеуді тоқтату керек. Жұқпа қосылған жағдайда тиісті ем тағайындау керек.
Жүйелі кортикостероидтарға тән жағымсыз әсерлер, оның ішінде бүйрек үсті қыртысы қызметінің бәсеңдеуі, кортикостероидтарды шамадан тыс және ұзақ жергілікті қолданғанда әсіресе педиатрия тәжірибесінде байқалуы мүмкін.
Жергілікті кортикостероидтар және салицил қышқылының жүйелі сіңуі терінің ауқымды бөліктерін емдегенде, сондай-ақ окклюзиялық таңғыштарды пайдаланғанда артады.
Салицил қышқылын ашық жараларға немесе зақымданған теріге жақпаған жөн. Бұл сақтық шараларын, сондай-ақ ұзақ қолданғанда, әсіресе балаларды емдеген кезде ұстану керек.
Тері тітіркенуі, сонымен бірге терінің артық құрғауы пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Препарат офтальмологияда қолданылмайды.
Препаратты көзге және шырышты қабықтарға түсірмеу керек.
Педиатрияда қолданылуы
Ересек емделушілерге қарағанда жергілікті кортикостероидтардың әсерінен балаларда гипоталамо-гипофизарлы-адреналдық жүйе бәсеңдеуі белгілерінің жиі туындауы және сыртқы кортикостероидты әсерлердің пайда болуы мүмкін. Бұл дене беткейі ауданының дене салмағына деген арақатысының үлкен мәнде болуы салдарынан препараттың балаларда анағұрлым жоғары дәрежеде сіңуіне байланысты («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Осыған орай, балаларға жергілікті кортикостероидтарды пайдалану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен және ең аз қолдану мерзімімен шектелуі тиіс.
Жүктілік және лактация
Препараттардың осы тобын жүктілік кезінде тағайындау, егер әйелге деген пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана дұрыс болады. Жүктілік кезінде бұл топтың препараттарын үлкен дозаларда немесе ұзақ қолданбаған жөн.
Бала емізетін әйелдерге препаратты сақтықпен қолдану керек.
Бала емізуді тоқтату немесе препарат қабылдауды тоқтату жайлы шешімді препаратты анаға қолдану қажеттілігін ескере отырып қабылдау керек.
Дәрілік заттың көлік құралдары және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе күрделі техникалық қондырғыларды басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттың артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Алайда оны ауқымды беткейлерге ұзақ пайдаланғанда бетаметазон дипропионаты жағымсыз әсерлерінің жүйелі байқалуы мүмкін, атап айтқанда: Иценко-Кушинг синдромы, бас сүйек ішілік қысымның қатерсіз көтерілуі, бүйрек үсті безінің салдарлы жеткіліксіздігінің дамуы, немесе салицилатқа қатысты: бозару, шаршағыштық, ұйқышылдық, салицилизмнің басқа да симптомдары.
Емі: симптоматикалық емдеу. Артық дозаланудың көрсетілген белгілері әдетте қайтымды. Қажет болғанда электролиттік дисбалансты түзету керек. Салицилизм симптомдары байқалған кезде организмнен салицилаттарды неғұрлым жылдам шығару шараларын қолданады. Несепті сілтілендіру және диурезді күшейту үшін натрий гидрокарбонатын ішу арқылы қабылдайды.
Артық дозалану симптомдарының созылмалы байқалуы жағдайында препаратты баяу тоқтату ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл-ден тамшылатқыш-тығынымен және бұрандалы пластик қалпақшамен жабдықталған, тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған құтыда.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
18 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Шеринг-Плау, Франция
Тіркеу куәлігінің иесі
Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстандағы Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ компаниясы өкілдігі
Алматы қ., Достық даңғ., 38, «Кең дала» бизнес орталығы, 5 қабат
Тел. +7(727)330-42-66
Факс +7(727)321-60-47
e-mail: irina.podosinnikova@merck.com