Дипана®

Производитель: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004847
Информация о регистрации в РК: 19.02.2013 - 19.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Дипана®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: құрғақ сулы сығындылары:

Пикрориза курроа (Picrorhiza kurroa Benth.) 80 мг

Шашақты андрографис (Andrographis paniculata Nees.) 40 мг

Ақ эклипт (Eciipta aiba Hassk.) 40 мг

Филлантус нирури (Phyllanthus niruri L.) 40 мг

Қара алқа (Solanum nigrum L.) 30 мг

Жүрекжапырақты тиноспора (Tinospora cordifolia Miers.) 30 мг

Сулы сайсағыз (Bacopa monnieri Linn.) 10 мг

Шашыраңқы берхавия (Boerhaavia diffuza L.) 10 мг

Дәрілік зімбір (Zingiber officinale Rocsoe) 10 мг

Ұзын бұрыш (Piper longum L.) 8 мг

қосымша заттар: кептірілген жүгері крахмалы*, микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты, натрий карбоксиметилкрахмалы, натрий кросскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий бензоаты, бронопол, тазартылған су**.

қабықтың құрамы: «Опадрай II ақ» («Opadry II white 85G568918»):

лецитин (соя), титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль/макрогол, тальк, поливинил спирті. «Опадрай II жасыл» («Opadry II Green 85G51606»):

полиэтиленгликоль, FD&C көк №1 алюминий лагы, лецитин, поливинил спирті, титанның қостотығы Е171, тальк, хинолинді сары алюминий лагы.

*- жүгері крахмалын құрамындағы ылғал 4.0 % артық болмайтындай шамаға жеткенше, алдын ала 105 ºC-де кептіреді

*- жабынмен қаптау кезінде буланып кетеді.

Сипаттамасы

Ұзынша, екі жағы дөңес, ұштары дөңгелектелген, өзіне тән иісі бар ақшыл-жасыл түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды А05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Дипананың® гепатопротекторлы, өт айдайтын және иммуномодуляциялаушы әсері бар.

Дипана® препаратының құрамына кіретін өсімдік тектес биологиялық белсенді заттар кешені бауырды уытты заттардың (алкоголь, дәрілік препараттар және т.б.) әсер етуінен қорғайды, бауыр жасушаларының регенерациясын көтермелейді; өт айдайтын әсері бар; бауырдың ақуызды синтездеу функциясын қалпына келтіреді; ас қорыту үдерісін жақсартуға ықпал етеді; иммунитеттің жасушалы және гуморальді бөліктеріне әсер ете отырып, иммуномодуляциялаушы белсенділігі бар.

Дипана® құрамында өсімдіктердің құрғақ сулы сығындылары бар, олар келесі әсерлерге ие:

Пикрориза курроа тамырсабақтарының, Шашақты андрографис жапырақтары мен гүлдерінің сығындылары гепатопротекторлы әсер етіп, бауырды улы заттар мен дәрілік препараттардың зақымдауынан қорғайды.

Қара алқаның жапырақтары мен жемістерінің сығындылары бауырдың уытсыздандырғыш функциясын белсендіріп, гепатоциттер митохондриясы ферментті жүйелеріне көтермелегіш әсер етеді.

Сулы сайсағыз жапырақтарының сығындылары, Ақ эклипт тамырлары мен жапырақтары антиоксидантты белсенділікке ие.

Шашыраңқы Берхавия тамырларының сығындылары өттің ағып шығуын жақсартады.

Филлантус нирури тамырлары мен жапырақтарының сығындылары және Жүрекжапырақты тиноспораның сабақтары вирустарға қарсы, өт айдағыш, гепатопротекторлық әсерге ие.

Дәрілік зімбірдің тамырсабақтарының сығындылары – диспепсиялық бұзылыстарды төмендетеді, ішек және өт шығару түтіктерінің жиырылуын қалпына келтіреді. Ұзын бұрыш жемістерінің сығындылары – бауыр фиброзы дамуынан сақтандырады, басқа сығындылардың құрамына кіретін компоненттердің емдік әсерін үдетеді.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде:

  • шығу тегі әртүрлі бауырдың жедел және созылмалы ауруларында (инфекциялық, уытты, дәрілік)

  • бауырдың алкогольдік ауруында

  • бауырдың майлы дистрофиясында

  • өт шығару жолдарының дискенезиясында

  • созылмалы улануларда (соның ішінде, алкогольді ұзақ уақыт қабылдағанда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер Дипана® таблеткаларын тамақтануға немесе сұйықтық қабылдауға дейін, судың жеткілікті мөлшерімен бірге қабылдайды.

Қолданылуы

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • ауыздың құрғауы, жүрек айнуы

  • ішектің түйілуі, диарея

  • ұйқының бұзылуы

  • бас ауыруы

  • диурездің күшеюі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталық

  • белсенді гепатит (АЛТ, АСТ жоғарылауымен)

  • өт-тас ауруы

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дипананы® басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдаған кездегі үйлесімсіздік жағдайлары белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат психомоторлы реакциялар жылдамдығын төмендетуге әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

4 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд.

212/Д-1, Грин Парк, Нью Дели, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд., Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 132, 309 кеңсе

Тел/факс: +7 (7272) 96-45-99

Email: sentiss_kz@land.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

208678361477976920_ru.doc 62.5 кб
385353751477978082_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники