Дип Хит

МНН: Масло терпентинное, Метилсалицилат, Рацементол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Ментолатум Компани Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№000810
Информация о регистрации в РК: 25.02.2016 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 8314/07/12/17/17/18/21
Информация о регистрации в РБ: 30.11.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Дип Хит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

15 г, 67 г крем

Құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді заттар: 12.80 г метилсалицилат, 5.91 г рацемиялық ментол, 1.97 г эвкалипт майы, 1.47 г терпентин майы,

қосымша заттар: сұйық парафин, ланолин, довицил 200, цетостеарил спирті, натрий цетостеарилсульфаты, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ментол мен метилсалицилат иісі бар ақ түсті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қозғалыс аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Тірек-қозғалыс аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар.

АТХ коды М02АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дәрілік зат жергілікті қолдануға арналған, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілмеген.

Белсенді заттар бойынша деректер әдебиеттерге жарияланған, олар:

- метилсалицилат жергілікті қолдануға арналған препарат жағдайында жылдам сіңеді, қыздырған кезде, физикалық жүктемеде, таңғанда және тері беткейі зақымданғанда сіңуі жеңілдейді. Жылдам жергілікті гидролиз салицил қышқылына дейін тіндерде жергілікті қолданғаннан кейін қан плазмасындағы метилсалицилаттың төмен жүйелі концентрациясына әкеледі. Сондықтан метилсалицилатты жергілікті қолданған кезде тек жергілікті әсерлер ғана көрініс беруі мүмкін. Жүйелі салицил қышқылы белсенді емес түрде қан ақуыздарымен қарқынды байланысады. Бос белсенді түр метаболизденеді немесе несеппен шығарылады.

- ментолды жергілікті қолдану туралы фармакокинетикалық деректер шектеулі. Ментол қан плазмасындағы төмен жүйелі концентрациясына қатысты теріге сіңеді. Оны жергілікті қолданған кезде ментолдың әсері өзінің табиғаты бойынша негізінен жергілікті болып табылады. Теріде ментол шамалы метаболизденеді деп саналады, алайда ең алдымен ментол бауырда метаболизденеді, бұл ретте майда еритін ментол несеппен шығарылатын төрт суда еритін метаболитке айналады.

- жергілікті қолданған кезде эвкалиптің және терпинтин майының фармакикинетикалық қасиеттері жөнінде өте аз ғана белгілі.

Фармакидинамикасы

Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Жергілікті тітіркендіруші, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсер береді.

Эвкалипт майының антисептикалық, қабынуға қарсы қасиеттері бар.

Ментол. Ментолдың әлсіз тітіркендіретін әсері бар, бұлшықеттерде, байламдар мен буындарда ауыруды жеңілдететін жайлы сезім тудырады. Теріні ысқылағанда және шырышты қабықтарға жаққанда ментол суық сезінуді, жеңіл ашыту және шаншулар тудырып, жеңіл жергілікті ауыруды басатын, әлсіз антисептикалық әсер ете отырып, жүйке ұштарының тітіркенуін туындатады.

Метилсалицилат ауыруды басатын, қабынуға қарсы әсер етеді.

Циклооксигеназаны іріктеместен тежейді, синтезді төмендетеді. Қылтамырлардың жоғары өткізгіштігін қалыптандырады, микроайналым үдерістерін жақсартады, қабынған тіндердің ісінуі мен инфильтрациясын азайтады.

Терпентин майы. Жергілікті тітіркендіретін, қыздыратын, ауыруды басатын, «аулақтатқыш» және антисептикалық әсер етеді. Эпидермис арқылы өтіп, тері рецепторларын тітіркендіру нәтижесінде рефлекторлық өзгерістер тудырады, теріден биологиялық белсенді заттардың (оның ішінде гистамин де бар) босап шығуына ықпал етеді.

Қолданылуы

- ревматизмдік, бұлшықеттік ауыру және сіреспелік, арқаның ауыруларын қоса алғандағы, ишиас, люмбаго, фиброздық қабынулар, соғылулар, сіңірлердің созылуы, оның ішінде болмашы спорттық жарақаттардан туындағандары.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті қолдану үшін.

Ересектер мен 5 жастан асқан балаларға кермнің жұқа қабатын жеңіл массаж жасау қозғалысымен ауырған жерге тәулігіне 2-3 рет жағады. Емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығы мен ағымына байланысты дәрігер анықтайды.

Физикалық жаттығуларға дейін және кейін пайдалануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Мүмкін: жергілікті тері реакциялары (жанаспалы дерматиттер), қышу, терінің тітіркенуі, қызару мен есекжем.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компоненттеріне, ацетилсалицил қышқылына, ибупрофенге, әсіресе сыртартқыдағы бронхтық демікпемен байланысты басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттарға жоғары сезімталдық (ішу арқылы қолданылатын препараттарды қоса)

- жүктілік, лактация кезеңі

- 5 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесулері

Салицилаттарды сыртқа жағу үшін артық мөлшерде қолдану кумарин антикоагулянттарының әсерін күшейтуі ықтимал.

Сондықтан кумарин антикоагулянттарын қолданатын пациенттерге осы дәріні тағайындағанда сақтық шараларын қадағалау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Препарат сыртқа қолдану үшін арналған, тек зақымдалған теріге жағуға болмайды.

Бронхтық демікпесі бар пациенттерге препаратты абайлап қолдану талап етіледі, өйткені салицилаттар бронхтың түйілуін қоздыруы мүмкін.

Көзге және терінің сезімтал жерлеріне тигізбеуге тырысу керек.

Әрдайым терінің аздаған жеріне алдымен реакцияға тексеріп алу керек.

Кейбір адамдар, әсіресе, терісі сезімталдар немесе ыстық ауа-райында немесе шомылудан кейін пайдаланғандар жайсыздық сезінуі мүмкін. Пайдаланғаннан кейін қолды мұқият жуыңыз. Шектен тыс тітіркенген жағдайда қолдануды тоқтатыңыз. Егер симптомдар сақталса, дәрігерден кеңес алу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүктілік және бала емізу кезеңінде, оны қолдану қажет деп саналмағанша пайдаланылмауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Егер ұсынылғанға сай пайдаланылса артық дозалану ықтималдығы аз.

Симптомдары: терінің ауқымды жеріне қолданған кезде немесе байқаусызда ішке пайдаланған жағдайда, препарат сіңірілген мөлшеріне байланысты жүйелі жағымсыз әсер туғызуы мүмкін.

Емі: демеуші және симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған қақпағы бар алюминий сықпада препарат 15 г және 67 г-ден.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Ментолатум Компани Лимитед,

1 Редвуд Авеню, Пил Парк Кампус, Ист Килбрид, G74 5PE, Ұлыбритания.

Тіркеу куәлігінің иесі

Ментолатум Компани Лимитед, Ұлыбритания.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы  мен мекенжайы

«Дельта Медикел Промоушнз АГ» АҚ өкілдігі (Швейцария)

050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзаков к-сі, 280 үй

Tел./факс +7 (727) 332 20 79

Электронды поштасы: PVG@deltamedical.com.ua

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

276608831477976288_ru.doc 62 кб
528939231477977486_kz.doc 56.5 кб
8314_07_12_17_17_18_21_p.pdf 0.16 кб
8314_07_12_17_17_18_21_s.pdf 0.16 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ