Дип Рилиф
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дип Рилиф
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған гель
Құрамы
1 г гель құрамында
белсенді заттар: ибупрофен 50 мг,
левоментол (ментол) 30 мг,
қосымша заттар: диизопропаноламин, пропиленгликоль, карбомер, денатурирленген этанол 96%, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ментол иісі бар, көрінбейтін бөлшектерсіз, мөлдір түссіз жылтыр гель.
Фармакотерапиялық тобы
Буындар мен бұлшықеттің ауыруы кезінде жергілікті қолданылатын басқа да дәрілер. Басқа да препараттар.
АТX коды М02AX10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетика
Ибупрофен жергілікті қолданғанда тері арқылы сіңеді. Ішу арқылы қабылдау дәрежесіне қарағанда, жергілікті қолданғандағы сіңу дәрежесі шамамен 5% құрайды. Қабылдағаннан кейін қан плазмасында ибупрофеннің ең жоғары концентрациясына 2 сағаттан соң жетеді және 0.6 мкг/мл құрайды.
Фармакодинамикасы
Препараттың фармакологиялық әсері гель құрамында екі компоненттің: ибупрофен және ментол болуына негізделген.
Ибупрофен, фенилпропион қышқылының туындысы простогландин-синтетазаның тежегіші болып табылады, жергілікті қолданғанда ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсер етеді.
Ментол тамыр кеңейткіш және алаңдатқыш әсерін бере отырып, рефлексті түрде терінің ауыру рецепторларын көтермелейді, бұл ауырудың жеңілдегенін сезіну және тері мен төмен жатқан тіннің температурасы жоғарылауымен, тері гиперемиясымен білінеді. Сонымен, ментол бұлшықетте, сіңір мен буында ауырудың азаюына ықпал етеді.
Қолданылуы
- бұлшықет және буын ауыруын, жеңіл жарақаттық зақымданулар: байламдардың созылуы, соғылулар, спорттық жарақаттар кезінде жергілікті симптоматикалық емдеуде
- ревматизм кезіндегі ауыру синдромын кешенді емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек сыртқа қолдануға арналған. Ересектерге, егде жастағы адамдарға және 12 жастан асқан балаларға.
Гельді (50 г және 100 г сықпадан 1-4 см, 4-10 см 15 г сықпадан 4-10 см гель) ауыратын аумаққа жағып, сіңгенше жеңіл ысқылайды. Қажеттілігіне қарай қайталайды, әрбір қолданудың арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауын сақтай отырып, ең көп дегенде күніне үш рет.
Егер екі аптадан кейін жақсаруы байқалмаса, дәрігерге қаралыңыз.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- тері тарапынан болатын бұзылулар: бөртпе, қышыну, есекжем, терінің құрғауы, қызару, ашытуды сезіну, жанаспалы дерматит.
Сирек
Ибупрофенмен байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялары:
- спецификалық емес аллергиялық және анафилактикалық реакциялар
- тыныс алу жолы тарапынан болатын жоғары сезімталдық реакциялары: демікпе, демікпенің өршуі, бронх демікпесімен немесе дәрілік затты пайдаланған сәтте аллергиялық аурулармен ауырып жүрген немесе сыртартқысында осы аурулар бар емделушілерде туындауы мүмкін бронх түйілуі және ентігу
- тері жабындары тарапынан болатын әртүрлі бұзылулар: бөртпе, қышыну, есекжем, пурпура, ангионевротикалық ісіну, сиректеу буллезді дерматоздар (эпидермалық некролиз, мультиморфты эритема).
Өте сирек
- ҚҚСП жергілікті қолданғанда гельдің жағылған мөлшеріне, өңделетін беткейдің ауқымына, терінің бүтіндік дәрежесіне, емдеу ұзақтығы мен окклюзиялық таңғыштың пайдаланылуына байланысты іштің ауыруы, диспепсия, бүйрек жеткіліксіздігі сияқты жүйелік әсерлерінің байқалуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ибупрофен, левоментол, ацетилсалицил қышқылы немесе препараттың басқа да компоненттеріне, не басқа да ҚҚСП-ға жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП қабылдау түрткі болған бронх демікпесі
- зақымданған немесе қабынған тері
- жергілікті жұқпаның болуы
- бір аумаққа жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану
- жүктіліктің соңғы триместр
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттестігі
Ацетилсалицил қышқылы немесе ҚҚСП бір мезгілде қолдану қажетсіз жағымсыз әсерлерінің туындау қаупін ұлғайтуы мүмкін.
Қалыпты жағдайдағы жүйелік сіңірілуінің төмендігін ескере отырып, ішу арқылы қабылданатын ҚҚСП үшін сипатталған өзара әрекеттесулері күтілмейді.
Айрықша нұсқаулар
Қолданар алдында терінің бір кішкентай жеріне тексеріп көру қажет.
Препаратты көзге және шырышты қабыққа тигізіп алмау керек.
Гельді қабынған немесе зақымданған теріге жағуға болмайды.
Бөртпе немесе тітіркену пайда болғанда, қолдануды тоқтату қажет.
Жаққаннан кейін окклюзиялық (ауа өткізбейтін) таңғышты тағуға болмайды.
Дип Рилиф қолданғаннан кейін, егер ол емдеу объектісі болып табылмаса, қолды әрдайым жуып отыру керек.
Жағымсыз әсерлерін емдеу ұзақтығы ең қысқа уақыттың ішінде ең төменгі тиімді дозаны қолдана отырып, азайтуға болады.
Гельді кездейсоқ жұтып қойғанда дәрігерге көрінген жөн.
Жағымсыз әсерлері пайда болғанда, егер дәрілік затты қолдану уақытында жақсару болмаса немесе жағдайы нашарлап бара жатса, дәрігерге қаралу керек.
Дип Рилиф құрамында әсер ететін зат ретінде циклооксигеназа синтезінің тежегіші болып табылатын ибупрофен болады, орын алу ықтималдығы өте аз болғанымен, жүйелік өтуі кезінде фертилдікке әсер етуі мүмкін. Дип Рилиф жүкті болуда проблемалары бар немесе бедеулік жағынан тексеріліп жүрген әйелдерге ұсынылмайды.
Ибупрофенді жүктіліктің алғашқы алты айы ішінде жергілікті емдеуге арналған препараттардың құрамында қолдануға болмайды.
Ибупрофен мен оның метаболиттері емшек сүтіне бөлінеді, сондықтан бала емізіп жүрген уақытта қолдануға ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жергілікті қолдануға арналған ибупрофенді пайдалану автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.
Ибупрофенге байланысты симптомдар: жүрек айну, бас ауыру, ұйқышылдық, артериялық гипотензия.
Емі: симптоматикалық. Электролиттік теңгерімді түзету ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 г, 50 г немесе 100 г гельден полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Ментолатум Компани Лимитед,
1 Редвуд Авеню, Пил Парк Кампус, Ист Килбрид G74 5PE,
Шотландия, Ұлыбритания.
Тіркеу куәлігінің иесі
Ментолатум Компани Лимитед,
1 Редвуд Авеню, Пил Парк Кампус, Ист Килбрид G74 5PE,
Шотландия, Ұлыбритания.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Дельта Медикел Промоушнз АГ (Швейцария) өкілдігі
050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзақов к-сі, 280 үй
Tел./факс +7 (727) 332 20 79 Электронды поштасы: PVG@deltamedical.com.ua
5