Диофлан®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Диофлан®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 500 мг тазартылған микронизирленген флавоноидты фракция, оның құрамында: 450 мг диосмин және 50 мг гесперидин1,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типті), гипромеллоза, натрий лаурилсульфаты, тальк, магний стеараты, бүркеуге арналған «Opaglos 2 Orange» № 97А239672
1- «Гесперидин» деген атау флавоноидтар қоспасын білдіреді: изороифолин, гесперидин, линарин, диосметин
2 - Бүркеуге арналған «Opaglos 2 Orange» № 97А23967 қоспасының құрамында: натрий
карбоксиметилцеллюлоза, мальтодекстрин, декстроза моногидраты, титанның
қостотығы (Е 171), стеарин қышқылы, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің
қызыл тотығы (Е 172), күн батар түстес сары FCF (Е 110)
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы және екінші жағында «КМП» деген жазуы бар, бозғыл-қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Сындыратын жерінде сарғыш түсті ядросы көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Ангиопротекторлар. Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар. Басқа препараттармен біріктірілген диосмин.
АТХ коды С05СА53
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жартылай шығарылу кезеңі 11 сағатты құрайды. Препараттың әсер етуші заттары негізінен ішек арқылы шығарылады. Несеппен орташа алғанда дозаның 14 % шығарылады.
Фармакодинамикасы
Препарат венотоникалық және ангиопротекторлық әсерлерге ие, көктамырлық тонусты жоғарылатады, көктамырлар созылымдығы мен веностазды азайтады, микроциркуляцияны жақсартады, қылтамырлар өткізгіштігін азайтып, олардың төзімділігін жоғарылатады, лимфа дренажын жақсартады, лимфа ағып шығуын арттырады. Препарат сондай-ақ лейкоциттер мен эндотелийдің өзара әрекеттесуін, қылтамырдан кейінгі көктамырларда лейкоциттер адгезиясын азайтады. Бұл қабыну медиаторларының көктамыр қабырғалары мен көктамыр қақпақшалары айқармаларына зақымдаушы әсерін төмендетеді.
Қолданылуы
Көктамыр-лимфа жеткіліксіздігін (аяқта ауырлықты сезіну, ауыру, ісіну) симптоматикалық емдеуде. Геморройды симптоматикалық емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішу арқылы қабылдауға арналған.
Ересектерге тағайындалады.
Көктамыр-лимфа жеткіліксіздігін емдеу (ісіну, ауыру, аяқта ауырлықты сезіну, түнгі құрысулар, трофикалық ойық жаралар, лимфедема және т.б.): тамақтану кезінде тәулігіне 2 таблетка екі қабылдауға (1 таблетка – күндіз, 1 таблетка – кешке). Бір апта қолданғаннан кейін тамақтанумен бір мезгілде тәулігіне 2 таблетка қабылдауға болады.
Созылмалы геморройды емдеу: тамақтану кезінде тәулігіне 2 таблетка (екі қабылдауға). Бір апта қолданғаннан кейін тамақтанумен бір мезгілде тәулігіне 2 таблетка қабылдауға болады.
Жедел геморройды емдеу: бастапқы 4 күн бойы тәулігіне 6 таблетка және одан кейінгі 3 күн бойы тәулігіне 4 таблеткадан. Тамақтану кезінде қолдану керек. Таблеткалардың тәуліктік мөлшерін 2–3 қабылдауға бөлу керек.
Емдеу курсы қолдануға арналған көрсетілімдерге және аурудың ағымына байланысты. Емдеудің орташа ұзақтығы 2–3 айды құрайды.
Жағымсыз әсерлері
Неврологиялық бұзылыстар: бас ауыру, бас айналу, дімкәстік.
Ас қорыту жолы тарапынан: диарея, диспепсия, жүрек айну, құсу, колит.
Тері және тері асты шелі тарапынан: бөртпе, қышыну, есекжем, беттің, еріннің, қабақтың оқшауланған ісінуі, Квинке ісінуі.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сыртартқыда препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген. Өзара әрекеттесу жағдайлары туралы деректер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Жедел геморрой кезінде осы дәрілік затты қолдану арнайы емді алмастырмайды және басқа проктологиялық ауруларды емдеуге кедергі келтірмейді. Қысқа емдеу курсы кезінде симптомдар жылдам жоғалмаған жағдайда, проктологиялық тексеру жүргізіп, емді қайта қарау керек. Көктамырлық қан айналымының бұзылуында анағұрлым тиімді емдеу өмір салты бойынша төмендегі ұсынымдар сақталатын еммен үйлестіру қамтамасыз етеді:
-
күн астында ұзақ болудан тартыну, аяқпен ұзақ тұру, дененің артық салмағы;
-
жаяу жүру және кейбір жағдайларда қан айналымын жақсарту үшін арнайы шұлық кию.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерге препаратты сақтықпен қолданған жөн. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Препараттың тератогендік әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың емшек сүтіне енуіне қатысты деректер жоқ болуына байланысты емшекпен қоректендіру кезеңінде дәрілік заттарды қолданбаған дұрыс.
Егеуқұйрықтарда фертильділікке әсері жоқтығы жайында деректер бар.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару және әр түрлі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Препарат жағымсыз әсерлерінің белгілері пайда болған жағдайда сақ болған жөн.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Ұсынылған дозадан асырып жіберген жағдайда асқазанды шайып, сорбент қабылдап, дәрігерге қаралу керек. Жағымсыз әсерлері көріністерінің күшеюі мүмкін.
Емі: Симптоматикалық
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
3 немесе 6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 0С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Киевмедпрепарат» ЖАҚ
Украина, 01032, Киев қ., Саксаганск к-сі, 139
Тіркеу куәлігінің иесі
«Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: Almaty@arterium.ua