Диосперидин
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
Диосперидин
Саудалық атауы
Диосперидин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 450/50 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: диосмин 450 мг, гесперидин - 50 мг,
қосымша заттар: микрокристаллды целлюлоза, желатин, натрий крахмалының гликоляты А типі, тальк, магний стеараты,
қабық құрамы: ара ақ балауызы, глицерол, гипромеллоза 2910, макрогол 6000, натрий лаурилсульфаты, темірдің сары тотығы Е172, темірдің қызыл тотығы Е172, титанның қостотығы Е171, магний стеараты.
Сипаттамасы
Екі беті дөңес және сызығы бар сопақ пішінді, қызғылт-ақшыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ангиопротекторлар. Капиллярлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар. Басқа препараттармен біріктірілген диосмин.
АТХ коды C05СА53
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат организмде фенольді қышқылға дейін биотрансформацияланады.
Диосперидин организмнен көбінесе ішек арқылы шығарылады, қабылданған дозаның 14% несеп арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 11 сағат құрайды. Препарат қарқынды метаболизмге ұшырайды, ол несепте әртүрлі фенольді қышқылдардың барын көрсетеді.
Фармакодинамикасы
Диосперидин венотонусты және ангиопротекторлық әсер етеді. Венаның созылғыштығын азайтады, олардың тонусын жоғарылатады және веналық іркілісті азайтады; капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді және олардың төзімділігін арттырады, микроциркуляцияны жақсартады; лимфатикалық дренажды жақсартады.
Дозаға тәуелді әсер: препарат дозасы мен емдік әсердің арасында статистикалық елеулі байланысы бар, ол вена плетизмографияның негізгі параметрлерімен расталған: вена арнасының сыйымдылығы, веналық кеңейткіш және вена тамырларының босатылу уақыты. Оңтайлы емдік әсерге күніне екі таблетка дозада жетеді.
Вена тамырларының тонусына әсер етуі: препарат вена тонусын көтермелейді. Веналық окклюзиялық плетизмография вена тамырларының жиырылуын көрсетті.
Микроциркуляцияға әсері: бақыланатын, салыстырмалы жасырын зерттеулер диосмин/гесперидин және плацебо арасында статистикалық мәнді ерекшелігін көрсетті. Капиллярлары әлсіз пациенттерде диосмин/гесперидин терапиясы ангиостереометри кезінде капиллярлардың мықтылығының жоғарылағанын көрсетеді.
Клиникалық тәжірибеде: салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеулер аяқтардың функциональді және органикалық созылмалы вена жеткіліксіздігін емдеу кезінде препараттың емдік тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ ол геморройдың симптоматикасын азайтады.
Қолданылуы
- вена-лимфа жеткіліксіздігін симптоматикалық емдеу (аяқтың ауырлығы, ауыру, түнгі құрысулар)
- геморройдың жедел ұстамаларымен байланысқан функциональді симптомдар.
Қолдану тәсілдері және дозасы
Ұсынылған доза күніне 2 таблетканы құрайды, 1 таблетка түскі және 1 таблетканы кешкі ас қабылдаған кезде.
Геморройдың жедел ұстамасында: алғашқы 4 күн күніне 6 таблетка (2 таблеткадан күніне 3 рет), одан кейін – келесі 3 күн 4 таблеткадан (2 таблеткадан күніне 2 рет). Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Балаларда Диосперидин 450мг/50мг препаратын қолдану жөніндегі көрсетілімдер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Тарауда олардың кездесетін жиілігін ескере отырып анықталған жағымсыз реакциялар көрсетілген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000 - <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (жиілігі бар деректер бойынша бағаланбайды).
Жиі:
- асқазан-ішек жайсыздығы, эпигастрий аумағының ауыруы, жүрек айнуы.
Жиі емес:
- ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналуы
- іштің ауыруы, диспепсия, құсу, диарея,
- бөртпе, қышыма, есекжем
- гипотония, түйілулер, жүректің қағуы
- қажығыштық, ұйқысыздық, үрейлену.
Сирек:
-мұрыннан қан кету, етеккір кезеңінде жатырдан қан кету.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Деректер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Геморройдың жедел ұстамалары кезінде Диосперидин препаратын қолдану аноректальді аймақтың басқа ауруларын спецификалық емдеуді алмастырмайды. Препаратты қысқа курспен тағайындайды. Жүргізілген емнің тиімсіздігі кезінде қосымша тексеру және емді түзету жүргізу қажет. Вена қан айналымының бұзылуы бар пациенттерге препаратты тағайындаған кезде күннің көзінде ұзақ уақыт болудан, ұзақ уақыт тұрудан, дене салмағының түсуінен сақтану қажеттігі туралы және қан айналымын жақсартатын арнайы шұлықтарды кию туралы хабардар ету керек.
Жүктілік
Іс тәжірибелік зерттеулерде тератогенді әсер анықталмаған.
Препаратты қолданған кезде жүктілерде осы уақытқа дейін қандай да бір жағымсыз әсерлер туралы хабарланбады.
Препараттың емшек сүтіне өтетіні туралы деректердің жоқтығына байланысты препаратты лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Автокөлікті және потенциальді қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Диосперидин автокөлікті және потенциальді қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалау жағдайлары туралы хабарлар жоқ.
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі
Емі: симптоматикалық
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Help S.A., Аттика, Греция
Тіркеу куәлігін ұстаушы
Spey Medical Ltd., Лондон, Ұлыбритания
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС, 050000, ҚР, Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО, 807 кеңсе.
тел: +7 (727) 300 69 71, +7771750099 (тәулік бойы),
e-mail: cepheusmedical@gmail.com