Диоксидин® (10 мл)

МНН: Гидроксиметилхиноксалиндиоксид (Диоксидин)
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018738
Информация о регистрации в РК: 27.05.2022 - 27.05.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Диоксидин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қуыс ішіне және сыртқа қолдануға арналған 10 мг/мл, 5 мл және 10 мл ерітінді

Қүрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат: гидроксиметилхиноксалиндиоксид (диоксидин) - 10,0 мг,

қосымша зат: инъекцияға арналған су - 1,0 мл дейін.

Сипаттамасы

Мөлдір жасыл-сарғыштау сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да дезинфекциялайтын препараттар.

АТХ коды D08АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қуыстарға енгізгенде, сондай-ақ жергілікті қолданғанда жара бетінен жақсы сіңеді. Бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең хиноксалин туындылары тобындағы препарат, Proteus vulgaris, Pseudomonas aeruginosa, Klebsiella pneumoniae, Escherichia coli, Shigella dysenteria, Shigella flexneri, Shigella boydii, Shigella sonnei, Salmonella spp., Staphylococcus spp., Streptococcus spp., патогенді анаэробтар (Clostridium perfringens) туғызған инфекцияларда химиялық емдік белсенділікке ие, антибиотиктерді қоса, басқа химиялық препараттарға төзімді бактериялар штаммдарына әсер етеді.

Бактериялардың дәрілік төзімділігі дамуы мүмкін. Күйікке шалынған және іріңді-некроздық жараларды өңдеу жара бетінің едәуір жылдам тазаруына ықпал етеді, жараның репарациялық регенерациясын және шеттерінің эпителийленуін едәуір жылдамдатады және жаралану үдерісінің ағымына жағымды әсер етеді.

Қолданылуы

Басқа химиялық ем дәрілері тиімсіз болғанда немесе олардың көтерімділігі нашар болғанда сезімтал микрофлора туындатқан іріңді бактериялы инфекцияларда:

Қуыс ішіне енгізу

- кеуде және құрсақ қуыстарының іріңді үдерістерінде, іріңді плевритте, плевра эмпиемасында, өкпе абцестерінде, перитониттерде, циститтерде, терең іріңді қуыстары бар жараларда (жұмсақ тіндер абсцестерінде, жамбас шел қабатының флегмоналарында, операциядан кейінгі несеп және өт шығару жолдарының жараларында, іріңді маститте және т.б.)

- несеп қуығын катетеризациялаудан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасында.

Сыртқа қолдану

- орналасуы әртүрлі беткейлік және терең жаралар, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар мен трофикалық ойық жараларда, жұмсақ тіндер флегмоналары, жұқпа жұқтырған күйікте, остеомиелит кезіндегі іріңді жараларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Диоксидин® стационар жағдайында, дәрігердің қатаң бақылауымен тек ересектерге тағайындалады. Сыртқа, қуыс ішіне қолданады.

Инфекциялық аурулардың ауыр түрлерінде немесе басқа бактерияға қарсы препараттар тиімсіз болған кезде ғана тағайындайды.

Емдеу курсын бастар алдында препаратты көтере алушылығына сынама жасайды, ол үшін 10 мл 1% ерітіндіні инфекцияның ошақ-қуысына енгізеді. Жағымсыз құбылыстар (бас айналу, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы және т.б.) 3-6 сағат ішінде болмаса, курстық емдеуді бастайды. Жағымсыз реакциялардың алғашқы белгілері пайда болғанда енгізуді тоқтатады.

Төменгі температурада сақталған кездегі ерітіндінің тұрақсыздығын ескере отырып, 1% Диоксидин® ерітіндісін көктамыр ішіне енгізуге пайдалануға болмайды.

Диоксидин® ерітіндісі бар ампулаларда сақтау үдерісінде (15°С төмен температурада) кристалдар шөккен жағдайда, оларды ампулаларды қайнап тұрған су моншасында кристалдар толық ерігенге дейін сілки отырып қыздырып, ерітеді. Егер 36-38°С дейін салқындатқанда кристалдар қайтадан түспесе, препарат қолдануға жарамды.

Қуыс ішіне енгізу. 1% Диоксидин® (0,1 – 0,5 г) ерітіндісін іріңді қуысқа оның өлшеміне байланысты тәулігіне 10-нан 50 мл дейін енгізеді. Қуысқа Диоксидин® ерітіндісін катетер, дренаждау түтігі немесе еккіш арқылы енгізеді.

Қуысқа енгізуге арналған ең жоғары тәуліктік доза 70 мл 1% ерітінді (0,7 г).

Препаратты әдетте тәулігіне бір рет енгізеді. Көрсетілімдеріне қарай тәуліктік дозаны екі қабылдауда енгізуге болады. Жақсы көтере алғанда препаратты 3 апта бойы және одан да ұзағырақ уақыт енгізуге болады. Қажет болғанда емдеу курсын 1-1,5 айдан кейін қайталайды.

Сыртқа қолдану. 0,1-1% Диоксидин® ерітіндісі қолданылады. 0,1-0,2% ерітінді алу үшін препараттың ампула ерітіндісін қажетті концентрациясына дейін стерильді 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған сумен сұйылтады. Беткейлік инфекциялы іріңді жараларды емдеу үшін 0,5-1% Диоксидин® ерітіндісіне малынған сүрткіні жараға төсейді. Терең жараларды өңдегеннен кейін 1% Диоксидин® ерітіндісіне малынған тампонды бос салады, ал дренаж түтігі бар болса қуысқа 20-дан 100 мл дейін 0,5% препарат ерітіндісін енгізеді.

Остеомиелитте терең іріңді жараларды емдегенде (қол білезігі, табан жаралары) ванна түрінде 0,5% препарат ерітіндісін қолданады немесе жараға препарат ерітіндісімен 15-20 мин бойы (осы мезгілде жараға ерітінді енгізу) арнайы өңдеу жүргізіп, содан соң 1% Диоксидин® ерітіндісімен таңғыш қояды. Ең жоғары тәуліктік доза – 2,5 г. Емдеу ұзақтығы – 3 аптаға дейін.

Диоксидин® 0,1-0,5% ерітінді түрінде операциялық араласудан кейін инфекцияның профилактикасына және емдеуге пайдалануға болады. Көрсетілімдері бойынша (остеомиелиті бар науқастар) және жақсы көтере алатын жағдайда емдеуді 1,5-2 ай бойы күнделікті жүргізуге болады.

Егде адамдарға қолданғанда бүйрек функциясының жасына қарай төмендейтінін ескерген жөн, бұл препарат дозасын азайтуды қажет етеді.

Жағымсыз әсерлері

Қуыс ішіне енгізгенде:

- бас ауыруы, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- бұлшықеттердің құрысып жиырылуы

- аллергиялық реакциялар, сирек - анафилаксиялық шок

- фотосенсибилизациялаушы әсері (күн сәулесінің әсер етуінен денеде пигментті дақтардың пайда болуы).

Сыртқа қолданғанда:

- жара маңындағы дерматит, қышыну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Диоксидинге® аса жоғары сезімталдық

- бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі (соның ішінде сыртартқыдағы)

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратқа жоғары сезімталдық кезінде Диоксидин® антигистаминді немесе кальций препараттарымен бір мезгілде қолданылады.

Айрықша нұсқаулар

Диоксидин® препаратын тек инфекциялық аурулардың түрлері немесе басқа бактерияға қарсы препараттар тиімсіз болған кезде ғана тағайындайды, соның ішінде ІІ-ІV буын цефалоспориндері, фторхинолондар, карбапенемдер бар.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде сақтықпен қолданылады, дозаны азайтады.

Пигментті дақтар пайда болған кезде дозаны енгізу ұзақтығын 1,5 – 2 сағатқа ұзартады, дозаны төмендетеді, антигистаминді препараттар тағайындайды немесе Диоксидин® препаратын тоқтатады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін автокөлік жүргізуден және қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Диоксидин® артық дозаланғанда бүйрек үсті безінің жедел жеткіліксіздігінің (артериялық қысымның төмендеуі, бради- немесе тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек айну, құсу, диарея, метеоризм, іштің ауыруы, мәңгіру, елестеулер, парестезия, бұлшықет құрысулары, кома) дамуы мүмкін, бұл препаратты дереу тоқтатуды және сәйкес гормондық орын басу емін қажет етеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл немесе 10 мл бейтарап шыны ампулада.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулық пен ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатормен бірге картон қорапшаға салынады.

Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампула ашатын пышақ немесе ампула скарификаторы салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15оС -ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

«Новосибхимфарм» ашық акционерлік қоғамы, Ресей

630028, Новосибирск қ., Декабристер к-сі, 275 үй

тел. (383) 363-32-44, факс (383) 363-32-55

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей

141101, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фабричная к-сі, 2 үй

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Валента Азия» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Абай д-лы, Радостовец к. қиылысы, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, № 1102 кеңсе

Телефон/факс 8 (727) 334-15-51

Электрондық пошта: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

608420211477977053_ru.doc 54 кб
828498681477978223_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники