Динаф®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Динаф®
Халықаралық патенттелмеген атауы
жоқ
Дәрілік түрі
Көз және мұрын тамшысы
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар - 1,0 мг дифенгидрамин гидрохлориді (димедрол), 0,25 мг нафазолин нитраты,
қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетрабораты, инъекцияға арналған су бар
Сипаттамасы
Түссіз немесе аздаған сарғыш түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Антиконгестанттар және өзге де мұрынға арналған препараттар. Өзге препараттармен біріккен симпатомиметиктер (глюкокортикостероидтарды қоспағанда). Өзге препараттармен нафазолиннің бірігуі.
АТХ коды R01AB02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданғанда нафазолин жүйелі қан ағымына сіңеді және жүйелі әсер етеді. 6 жасқа дейінгі балаларда және егде адамдарда жүйелі әсерінің дамуы мүмкін. Препараттың емдік әсері тамызғаннан кейін 5 минуттан соң дамиды және сегіз сағатқа жалғасады.
Фармакодинамикасы
Динаф® құрамында нафазолин мен димедрол болғандықтан, ол аллергияға қарсы және тамыр тарылтатын әсерді көрсетеді. Димедрол Н1 – гистаминді босап шығаратын рецепторларды бөгейді. Гистаминнің босап шығуына негізделген, аллергия симптомдарын (сонымен бірге қылтамырлардың өткізгіштігін) азайтады. Жергілікті жансыздандыратын әсер көрсетеді, тікелей спазмолитикалық әсер нәтижесінде бұлшық етті босаңсытады, вегетативті жүйке түйіндерінің холинорецепторларын бөгейді.
Нафтизиннің ά- адреномиметикалық әсері бар. Шеткергі тамырлардың ұзақ тарылуын туғызады. Артериялық қысымды жоғарылатады, көз қарашығын кеңейтеді.
Препараттың құрамына кіретін бор қышқылы зеңдерге және бактерияға қарсы әлсіз әсер көрсетеді. Мұрынның шырышты қабығының ісігін азайтады.
Қолданылуы
- аллергиядан туындайтын риносинуситтерде
- аллергиялық вазомоторлы риниттерде
- мезгілді аллергиялық конъюнктивиттердің қабынуында
- жыл бойғы болатын аллергиялық конъюнктивиттердің қабынуында
Қолдану тәсілі мен дозалары
Мұрын тамшысы
Мұрын қуысының әр қайсысына:
ринит кезінде – препаратты ересектерге 2-5 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет 5-7 күн, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 1-2 тамшыдан, 6 жастан 15 жасқа дейінгілерге 1-3 тамшыдан 3-5 күн тамызады. Одан кейін 3 күннен 5 күнге дейін үзіліс жасайды.
Көз тамшысы
Конъюнктивит кезінде конъюнктивальді қапшыққа: ересектерге 1-3 тамшыдан тәулігіне 1-3 рет, 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға күніне 1-2 тамшыдан 1-3 рет 3-5 күн.
Тамшылатқыш-құты ұшының шырышты беттерімен жанаспауын қадағалау керек. Тамызып болғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен жабу керек.
Жағымсыз әсерлері
- шырышты қабықтың тітіркенуі
- шырышты қабықтың ісінуі (бір аптадан артық қолданғанда)
Өте сирек:
- тахикардия
- артериялық қан қысымның жоғарылауы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- артериялық гипертензияда, тахикардияда, айқын атеросклерозда
- жабықбұрышты глаукомада, конъюнктива ксерозында (құрғақ кератоконъюнктивитте, шегрен синдромында)
- жүктілік, лактация
- 2 жасқа дейінгі балаларға
- гипертиреозда
- аталық бездің гипертрофиясында
- қант диабетінде
- үшциклді антидепрессанттармен, моноаминооксидаза ингибиторларымен бір мезгілде қолданғанда және олардың қолданылуын тоқтатқаннан кейін 14 күнге дейін бірге қолдануға болмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Үшциклді антидепрессанттармен, моноаминооксидаза тежегіштерімен (МАО) бір мезгілде және олардың қолданылуын тоқтатқаннан кейін 14 күнге дейін оларды бірге тағайындауға болмайды.
Жергілікті жансыздандырғыш дәрілердің сіңуін баяулатады. Ішуге арналған гипотензивті препараттардың емдік белсенділігін төмендетеді. Орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) көтермелеушілерінің әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты 7 күннен артық қолдануға болмайды, ұзақ уақыт қолданған кезде оған тәуелділік тууы мүмкін, ол тиімділігін төмендетеді.
Феохромоцитома және жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары кезінде абайлап қолдану ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препараттың анаға келетін пайдасы мен ұрық пен балаға төнетін қаупін ескере отырып, жүкті және емізетін әйелдерге тағайындайды.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерінің болатындығын ескере отырып, қауіпті механизмдерді немесе көлікті басқару кезінде абай болу керек.
Артық дозалау
Препаратты жергілікті түрде кәдімгі режимде қолданғанда, күні бүгінге дейін артық дозалану симптомдары анықталмаған.
Симптомдары: ұйқышылдық, әлсіздік, дене қызуының төмендеуі, қатты тершеңдік, брадикардия, қан қысымының жоғарылауы немесе оның кейіннен төмендеп кетуі.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат 10 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын, қақпақпен тығыз жабылған, полиэтиленнен жасалған тамызғыш-құтыларда.
1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон кораптан жасалған қаптамаға салынған.
Картоннан жасалған қорапқа 100, 20 немесе 10 қаптамада салынған.
Немесе 20 құтыдан (қаптамаға салмай) картоннан жасалған картон қорапқа құты санына қарай мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Препаратты қолдану кезеңі құты ашылғаннан кейін 4 аптадан асырмай. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Препаратты қолданудың кезеңі, құты ашылғаннан кейін, 4 аптадан аспауы керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Босату шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/Қаптаушы
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824
факс: 8 (727) 3832202
Е-mail: medoptik@medoptik.kz
Тіркеу куәлігінің иесі
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)
сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
тел: 8 (727) 2320822,2320823, 2320824
факс: 8 (727) 3832202
Е-mail: medoptik@medoptik.kz