Димексид-Лугал

МНН: Диметилсульфоксид
Производитель: Gaylord Chemical Corporation
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dimethyl sulfoxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013944
Информация о регистрации в РК: 10.12.2013 - 10.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Димексид-Лугал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диметилсульфоксид

Дәрілік түрі

Құтылардағы сыртқа қолдануға арналған сұйықтық

Құрамы

белсенді зат - диметилсульфоксид – 50 мл, 100 мл (99 % кем емес)

Сипаттамасы

Түссіз сұйықтық немесе түссіз кристалдар. Гигроскопиялы.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды М02А Х03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері мен шырышты қабықтарға аппликация кезінде жылдам және жақсы сіңеді. Биожетімділігі 60-70% құрайды, бұл орайда биожетімділік дәрежесі мен өту тереңдігі диметилсульфоксид концентрациясына тура пропорционалды болады. Теріге шектеулі жаққанда аппликациядан кейін 10 минут өтісімен қан сарысуынан табылады, жартылай сіңу кезеңі 3-4 сағатты құрайды. Ең жоғары концентрациясы метаболиттерді (диметилсульфон мен диметилсульфидті) түзе отырып, бауыр микросомаларында болады. Жартылай шығарылу кезеңі 11-14 сағатты құрайды. Шығарылуы, негізінен өзгермеген күйінде, сондай-ақ метаболиттер түрінде бүйрек және ішек арқылы жүреді. Диметилсульфид сонымен бірге тері мен өкпе арқылы да шығарылады, бұл өзіне тән сарымсақ иісімен қатар жүреді. Препаратты ұзақ қолданғанда диметилсульфоксид пен оның метаболиттерінің организмде жинақталуы байқалмайды.

Фармакодинамикасы

Диметилсульфоксид гидроксильді радикалдар белсенділігін жою және қабыну ошағында метаболикалық үдерістерді жақсарту, шеткергі нейрондардағы ноцицептивті импульстердің өтуін тежеу, сондай-ақ гистамин, брадикинин және Е1 простагландиннің қантамырлық әсерлеріне қатысты антагонизмі есебінен қабынуға қарсы және ауыруды жергілікті бәсеңдететін әсері бар. Микрофлоралардың антибиотикке сезімталдығын арттыра отырып, биологиялық жарғақшалар, оның ішінде тері, шырыштар, микробтық жасушалар қабығы арқылы жылдам өтеді. Басқа да дәрілік заттардың тіндерге тереңірек енуіне ықпал етеді. Орташа антисептикалық және фибринолитикалық әсер етеді.

Қолданылуы

Тірек-қимыл аппараты қабыну ауруларын кешенді емдеудің құрамында

- ревматоидты артритте

- Бехтерев ауруында

- деформациялайтын остеоартрозда

- артропатияда

- соғылу кезінде сіңірдің созылуында

- жарақаттық инфильтраттарда

- жедел және созылмалы остеомиелиттерде

- іріңді жараларда

- абсцесстерде

- ауыстырып салынған тері ауто-және гомотрансплантаттарын кіріктіру үшін (тері-пластика хирургиясында)

- тері гомотрансплантаттарын консервациялау үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Диметилсульфоксидті ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға сулы ерітінді түрінде жергілікті аппликация ретінде және сулау (шаю) үшін қолданады. Ересектерге әдетте 50% сулы ерітінді қолданады, оны алу үшін Димексид-Лугалды 1:1 арақатынасында сумен сұйылтады. Бет терісі мен тері жабындарының басқа да сезімталдығы жоғары учаскелері үшін 10-20-30% ерітіндіні қолданады, оны алу үшін препаратты тиісінше 1:9, 1:4 және 1:3 арақатынасында сумен сұйылтады.

12-18 жастағы балаларға димексидтің 20-30% сулы ерітінділерін қолданады, оны алу үшін препаратты тиісінше 1:4 және 1:3 арақатынасында сумен сұйылтады. Қажетті концентрациядағы ерітіндіге дәке сүрткілерді батырады да, зақымданған жерлерге күніне 1 рет 20-30 минут бойы басып қояды. Салфетканың үстіне полиэтилен үлбірінен және мақта-мата немесе кенеп матадан жасалған оклюзиялық таңғышты төсейді. Емдеу курсының ұзақтығы – 10-15 күн.

Тірек-қимыл аппаратының қабыну ауруларында препаратты 20-50% ерітінді компрестері түрінде күніне 2-3 рет қолданады.

Тері-пластика хирургиясында 10-20-30% сулы ерітіндісімен таңғыштарды терінің ауыстырылып салынған ауто- және гомотрансплантаттарына тікелей операциядан кейін және операциядан кейінгі күндері трансплантаттың тұрақты кірігуіне дейін қолданады.

Тері трансплантаттарын сақтау үшін консервациялаушы орта ретінде Рингер ерітіндісіндегі 5% диметилсульфоксид ерітіндісін қолданады. Бұлардан азырақ (1-4%) концентрацияланған ерітіндімен іріңді-некротикалық және қабыну ошақтары мен қуыстарды шаяды.

Препаратты жекелей көтере алмаушылықты ескере отырып, оның жағымдылығын анықтайтын дәрілік сынама жүргізу керек. Ол үшін димексидті суланған мақта тампонның көмегімен теріге жағады. Дереу қызарудың немесе қышынудың пайда болуы препаратқа жоғары сезімталдықтың бар екенін айғақтайды.

Жағымсыз әсерлері

- бас айналуы, бас ауыруы

- ұйқысыздық

- күйдіру, тері гиперемиясы, эритема, терінің құрғауы

- дерматит

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- бронхтың түйілуі

- адинамия

- аса жоғары сезімталдық реакциялары- тері бөртулері- ангиневротикалық ісіну- қышыну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- диметилсульфоксидке жекелей жоғары сезімталдық

- бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы

- ауыр жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі

- стенокардия

- миокард инфарктісі

- айқын атеросклероз

- инсульт

- кома

- глаукома

- катаракта

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диметилсульфоксид этанолдың (алкоголь препараттың шығарылуын тежейді), инсулиннің сіңуін арттырады және әсерін күшейтеді (препаратты ұзақ қолданғанда қандағы қанттың деңгейін бақылау керек). Біріктіріп тері үстіне қолданғанда бірге аппликацияланатын басқа да дәрілік заттардың сіңуін жоғарылатады және тиімділігін арттырады. Гепаринмен, бактерияға қарсы препараттармен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен үйлесімді. Ацетилсалицил қышқылының, бутадионның, дигиталис препараттарының, хинидиннің, нитроглицериннің әсерін күшейтеді. Микроорганизмдердің амингликозидтерге және бета-лактамды антибиотиктерге, хлорамфениколға, рифампицинге, гризеофульвинге сезімталдығын жоғарылатады. Жалпы және жергілікті жансыздандыруға арналған дәрілік заттардың әсеріне организмді сенсибилизациялайды.

Диметилсульфоксидтің кейбір дәрілік заттар белсенділігін ғана емес уыттылығын да күшейтуіне байланысты оны жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттармен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.

Айрықша нұсқаулар

Сыртартқысында аллергиясы, жүрегінің ишемиялық ауруы бар, сондай-ақ егде жастағы емделушілер мен 12-18 жастағы балаларға сақтықпен тағайындайды.

Препаратты жекелей көтере алмаушылық мүмкіндігін ескере отырып, оның жағымдылығын анықтайтын сынама жүргізу қажет. Ол үшін димексидті оған малынған мақта тампонның көмегімен теріге жағу керек. Күрт қызарудың және қышынудың пайда болуы препаратқа жоғары сезімталдықтың бар екенін айғақтайды.

18°С-ден төмен температурада ерітіндіде кристалдардың пайда болуы мүмкін, бұл препараттың сапасы мен қасиетіне әсер етпейді. Кристалдарды препарат бар құтыны (судың температурасы 60 °С жуық) су бұлауында абайлап қыздыру жолымен ерітуге болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесіне әсер етуін, бас айналудың туындау ықтималдығын ескере отырып, препаратты автокөлікті басқару және қауіпті механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақтықпен қолданған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары - жағымсыз әсер белгілерінің күшеюі.

Емі - препаратты тоқтату және симптоматикалық ем қолдану.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Құтыларда 50 мл және 100 мл сұйықтықтан, қолданылуы жөніндегі нұсқаулық бірге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Өндірілген: Gaylord Chemical Company L.L.C., АҚШ

Бөлшектеп өлшенген: «Луганск химфармзауыты» ЖАҚ 91019, Луганск қ., Киров к-сі, 17.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Луганск химиялық-фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, 91019, Украина, Луганск қ., Киров к-сі, 17.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Тлеубергенова Г.С. ЖК, Қазақстан Республикасы, 010000, Ақмола обл.

Астана қ., Бозінген к-сі 8 үй, тел.

aldokinakbar@mail.ru

Прикрепленные файлы

361315841477976846_ru.doc 54.5 кб
773717751477978003_kz.doc 81.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники