Димексид (100мл, концентрат для приготовления раствора для наружного применения)

МНН: Диметилсульфоксид
Производитель: Марбиофарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dimethyl sulfoxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020082
Информация о регистрации в РК: 09.08.2013 - 09.08.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Димексид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диметилсульфоксид

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 100 мл

Құрамы

100 мл препарат құрамында

белсенді зат - 100 мл диметилсульфоксид

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар немесе иіссіз түссіз мөлдір сұйықтық немесе түссіз кристалдар. Гигроскопиялы

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Диметилсульфоксид.

АТХ коды МО2АХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы препарат, гидроксильді радикалдарды белсенділігінен айырады, қабыну ошағындағы метаболикалық үдерістер ағымын жақсартады. Сонымен қатар жергілікті жансыздандыратын, анальгетикалық және микробқа қарсы әсер көрсетеді; орташа фибринолитиктік белсенділігі бар.

Тері, шырыштылар, микроб жасушаларының қабығы (олардың антибиотиктерге сезімталдығын арттырады) және басқа биологиялық жарғақшалар арқылы өтеді, олардың дәрілік заттар үшін өткізгіштігін арттырады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • тірек-қимыл аппаратының аурулары: ревматоидты артрит, Бехтерев ауруы (шорбуынданатын спондилоартрит), деформациялаушы остеоартроз, реактивті синовит

  • шектеулі склеродермия, түйінді эритема, дискоидты қызыл жегі, табандар микозы, келлоидты тыртықтар, тромбофлебит, алопеция, экзема, тілме

  • соғылулар, байламдардың созылуы, жарақаттық инфильтраттар

  • іріңді жаралар, күйіктер, радикулит, трофикалық ойық жаралар, акне, фурункулез

Тері-пластикалық хирургияда – тері гомотрансплантанттарын консервациялау.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, аппликациялар мен бүркіп-шаю түрінде (жуып-шаю).

Ерітіндіге дәке сүрткілерді малып алып, зақымдалған бөліктерге 20-30 минут бойы төсейді. Сүрткінің үстінен полиэтилен үлбір және мақта-қағаздан немесе зығырдан жасалған мата салады. Аппликация ұзақтығы – 10-15 күн.

Тілмені және трофикалық ойық жараларды емдегенде – тәулігіне 2-3 рет 50-100 мл-ден 30-50 % ерітінді түрінде.

Экземада, диффузиялық стрептодермияларда – 40-90 % ерітіндімен жасалатын компресстер.

Ауырсындыратын синдромдарда жергілікті ауыруды басу үшін – тәулігіне 2-3 рет 100-150 мл-лік компресстер түрінде 25-50 % ерітінді.

Беттің және басқа да сезімталдығы жоғары аумақтардың терісіне 10-20-30 % ерітінді қолданылады.

Терең күйіктерді емдегенде 20-30 % димексид ерітіндісі бар таңғыштар қолданылады (қажет болса, 500 мл дейінгі дозада).

Тері-пластикалық хирургияда операциядан кейін бірден және кейінгі күндері операциядан кейінгі кезеңде трансплантант әбден кірігіп кеткенше көшіріп салынған тері ауто- және гомотрансплантанттарға 10-20 % ерітіндісі бар таңғыштар пайдаланылады.

Консервациялау ортасы ретінде тері гомотрансплантанттарын сақтау үшін Рингер ерітіндісіндегі 5 % ерітінді қолданылады.

Аз концентрацияланған ерітінділермен іріңді-некрозды және қабыну ошақтары мен қуыстары жуылып-шайылады.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • жанаспалы дерматит

  • эритема

  • терінің құрғауы

  • жеңіл ашыту

  • қышытатын дерматит

сирек:

  • бронх түйілуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компонентіне жоғары сезімталдық

  • ауыр сипатты бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

  • стенокардия, миокард инфарктісі

  • айқын атеросклероз

  • глаукома, катаракта

  • инсульт

  • кома

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Этанол, инсулин және басқа дәрілік заттардың сіңуін арттырады және әсерін күшейтеді. Гепаринмен, бактерияға қарсы дәрілермен, ҚҚСП-мен үйлесімді. Микроорганизмдердің аминогликозидті және бета-лактамды антибиотиктерге; хлорамфениколға, рифампицинге, гризеофульвинге сезімталдығын арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Кейбір науқастар ішке тартатын ауадан сарымсақ иісін сезінеді.

Препаратты қолданар алдында оның көтерімділігіне сынама өткізу қажет.

Ол үшін диметилсульфоксидті оған малынған мақта тампонының көмегімен теріге жағады; гиперемия мен қатты қышынудың пайда болуы аса жоғары сезімталдықты айғақтайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жоғары дәрежеде зейін шоғырландыруды талап ететін қызмет түрлерінен бас тартуға кеңес беріледі.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасыСыртқа қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат.

100 мл-ден бұралатын полимер материалдан жасалған қақпақтармен және полиэтилен тығындармен тығындалған қызыл-сары шыны құтыда. Құтыны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Марбиофарм» ААҚ

Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,

К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Марбиофарм» ААҚ

Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,

К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

 

Прикрепленные файлы

704788671477976852_ru.doc 53 кб
568322921477978012_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники