Дилакса® (100 мг)

МНН: Целекоксиб
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Celecoxib
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020966
Информация о регистрации в РК: 05.11.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Дилакса®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Целекоксиб

Дәрілік түрі

Капсулалар 100 мг, 200 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - целекоксиб 100 мг немесе 200 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты, повидон, натрий кроскармелозасы, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин (100 мг доза үшін),

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин, темірдің сары тотығы (Е 172) (200 мг доза үшін).

Сипаттамасы

Ақ түсті корпусы және қақпақшасы бар №3 өлшемді капсулалар. Капсула құрамындағы – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктелген ұнтақ (100 мг доза үшін).

Қоңыр-сары түсті корпусы және қақпақшасы бар №1өлшемді капсулалар. Капсула құрамындағы – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктелген ұнтақ (200 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Коксибтер. Целекоксиб.

АТХ коды М01АН01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ашқарынға қабылдағанда целекоксиб қан плазмасында шамамен 2-3 сағаттан соң ең жоғары концентрациясына (Cmax) жете отырып, жақсы сіңеді. 200 мг қабылдағаннан кейін плазмадағы Cmax- 705 нг/мл. Препаратты ішке қабылдағанда абсолютті биожетімділігі шамамен 99% құрайды. Сmax және “концентрация-уақыт” (AUC) фармакокинетикалық қисығы астындағы аудан шамамен тәулігіне 2 рет 200 мг дейінгі доза диапазонында қабылданған дозаға пропорционалды; препаратты жоғарырақ дозаларда қолданғанда Сmax жәнеAUC жоғарылау дәрежесінің пропорционалдығы аздау болады.

Целекоксибты майлы тамақпен бірге қабылдау Cmax жету уақытын сіңудің баяулауы салдарынан шамамен 1-2 сағатқа арттырады, биожетімділігі 20%-ға жуыққа жоғарылайды.

Плазмадағы ақуыздармен байланысы концентрациясына байланысты емес және 97% жуықты құрайды, целекоксиб қан эритроциттермен байланыспайды. Препарат гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.

Целекоксиб бауырда гидроксилдену, тотығу және ішінара глюкурондану жолымен метаболизденеді. Метаболизм негізінен Р450 цитохромы CYP2С9 қатысуымен жүреді. Қанда анықталатын метаболиттер фармакологиялық түрде ЦОГ-1 және ЦОГ-2 қатысты белсенді емес.

Целекоксиб метаболиттер түрінде нәжіспен және несеппен (тиісінше 57% және 27%), қабылданған 3% дозаның азы – өзгермеген түрде шығарылады. Қайта қолданғанда жартылай шығарылу кезеңі 8-12 сағатты құрайды, ал клиренсі 500 мл/мин жуықты құрайды. Қайта қолданғандағы плазмадағы тепе теңдік концентрациясына 5 күні жетеді. Негізгі фармакокинетикалық параметрлердің (AUC, Сmax, жартылай шығарылу кезеңі) вариабельділігі 30% жуықты құрайды. Тепе теңдік күйіндегі орташа таралу көлемі шамамен 400 л тең.

Емделушілердің ерекше тобы

Егделерде

65 жастан асқан емделушілерде целекоксибтың Сmax және AUC орташа мәні 1,5-2 есе артқаны анықталды, бұл көбіне жасына байланысты емес, дене массасының өзгеруімен шартталған (әдетте егде жастағы емделушілерде жастау адамдардағыға қарағанда орташа дене массасы төмендеу болғаны байқалды, осыған байланысты басқа осындай жағдайларда целекоксиб жоғарылау концентрацияларға жетеді). Осы себепті егде әйелдерде әдетте егде еркектерге қарағанда плазмадағы препарат концентрациясы жоғарырақ болғаны анықталады. Фармакокинетиканың көрсетілген ерекшеліктері әдетте доза түзетуді талап етпейді. Дегенмен, дене массасы 50 кг төмен егде жастағы емделушілерде емді ең төмен ұсынылатын дозадан бастау керек.

Нәсілі

Целекоксибтың AUC негр нәсілділердің өкілдерінде еуропалықтардан шамамен 40%-ға жоғары. Бұл фактінің себептері мен клиникалық мәні белгісіз, сондықтан олардың емін ең төмен ұсынылатын дозадан бастау керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі (Child-Pugh бойынша А класы) бар емделушілерде плазмадағы целекоксиб концентрациясы елеусіз өзгереді. Ауырлығы орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі (Child-Pugh бойынша В класы) бар емделушілерде плазмадағы целекоксиб концентрациясы 2 есе дерлік артуы мүмкін.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) > 65 мл/мин/1,73м2 және ШСЖ 35-60 мл/мин/1,73м2 тең, емделушілерде

целекоксиб фармакокинетикасы өзгермейді. Сарысулық креатинин құрамы (немесе креатинин клиренсімен) және целекоксиб клиренсі арасында елеулі байланыс анықталмаған. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі болуы целекоксиб клиренсіне әсер етпейді деп болжанады, өйткені оның шығарылуының негізгі жолы – бауырда белсенді емес метаболиттерге айналуы.

Фармакодинамикасы

Целекоксибтың, негізінен циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежеу есебінен қабыну простагландиндерін (Pg) түзілуін бөгей отырып, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын және ыстығын түсіретін әсері бар. ЦОГ-2 индукциясы қабынуға жауап ретінде жүреді және синтезделуіне әрі простагландиндердің, әсіресе Е2 простагландинінің жинақталуына алып келеді, бұл арада қабыну көріністерінің күшеюі жүреді (ісіну және ауыру). Целекоксиб емдік дозаларында циклооксигеназаны-1 (ЦОГ-1) елерліктей тежемейді және ЦОГ-1 белсендірілуі нәтижесінде синтезделетін простагландиндерге әсер етпейді, сондай-ақ ЦОГ-1байланысты және тіндерде, бәрінен бұрын асқазан, ішек және тромбоциттерде жүретін қалыпты физиологиялық үдерістерге әсер етпейді.

Бүйрек функциясына әсері

Целекоксиб PgE2 және 6-кето-PgF1 (простациклин метаболиті) несеппен шығарылуын төмендетеді, бірақ сарысулық тромбоксан В2 және 11-дегидро-тромбоксан В2, тромбоксан (екеуі де ЦОГ-1 өнімі) метаболитінің несеппен шығарылуына әсер етпейді. Целекоксиб егде емделушілерде және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда шумақтық сүзіліс жылдамдығы төмендеуін туындатпайды, натрий шығарылуын транзиторлы төмендетеді. Артриті бар емделушілерде бақыланатын шеткергі ісінулер, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігі дамуының жиілігі ЦОГ-1 және ЦОГ-2 қатысты тежегіш белсенділігі бар ЦОГ селективті емес тежегіштерін қабылдау аясындағы, осындаймен салыстырарлық.

Қолданылуы

  • остеоартритті және ревматоидты артритті симптоматикалық емдеуде

  • шорбуынданатын спондилит симптомдарын басуға

ЦОГ-2 іріктеп тежегіштерін тағайындау туралы шешімді әрбір емделуші үшін жалпы қаупін бағалау негізінде қабылдау керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке

Капсуланы сумен іше отырып, тұтас жұту керек.

Дилакса® препаратын тамақ ішуге байланыссыз қолдануға болады.

Целекоксиб дозасына және қабылдау ұзақтығына қарай жүрек-қан тамырлары ауруының даму қаупі артатындықтан оны барынша қысқа курстармен және тиімді ең төмен тәуліктік дозаларда тағайындау керек. Емделушінің, әсіресе остеоартриты бар емделушілерде ауру симптомдарының айқындығын азайтуға және емге реакциясын азайтуға қажеттілігін ауық-ауық бағалау керек.

Остеоартрит: әдеттегі ұсынылатын тәуліктік доза күніне бір рет немесе екі рет қабылданатын 200 мг құрайды. Кейбір емделушілерде симптомдарының айқындығы азаюы жеткіліксіздігі жағдайында дозаны күніне екі рет 200 мг дейін арттыру препарат тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Екі апта емдеуден кейін емдік әсерінің жоғарылауы болмаса емнің болжамды басқа әдістерін қарастыру керек.

Ревматоидты артрит: бастапқы ұсынылатын тәуліктік доза екі рет қабылданатын 200 мг құрайды. Қажет болғанда, қабылдауды күніне екі рет 200 мг дейін арттыруға болады. Екі апта емдеуден кейін емдік әсерінің жоғарылауы болмаса емнің болжамды басқа әдістерін қарастыру керек.

Шорбуынданатын спондилит (Бехтерев ауруы): ұсынылатын тәуліктік доза күніне бір рет немесе екі рет қабылданатын 200 мг құрайды. Кейбір емделушілерде симптомдарының айқындығы азаюы жеткіліксіздігі жағдайында дозаны күніне бір рет немесе екі рет қабылдауға бөлінген 400 мг дейін арттыру препарат тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Екі апта емдеуден кейін емдік әсерінің жоғарылауы болмаса емнің болжамды басқа әдістерін қарастыру керек.

Барлық көрсетілімдер үшін ұзақ уақыт қабылдағанда ең жоғары ұсынылатын тәуліктік дозасы - 400 мг.

Егде жастағы емделушілерде (> 65 жас): ересектердегі сияқты жастау адамдарда да бастапқы ұсынылатын доза күніне 200 мг құрайды. Содан кейін, қажет болғанда, оны күніне екі рет 200 мг дейін арттыруға болады. Препаратты дене массасы 50 кг төмен егде жастағы емделушілерде сақтықпен қабылдау керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер: сарысудағы альбумин 25-35 г/л бар орташа ауырлық дәрежелі диагностикаланған бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге емді ұсынылатын дозаның жартысынан бастау керек. Қолдану тәжірибесі бауыр циррозы бар науқастарда шектеулі.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер: Целекоксибты орташа және бір қалыпты орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан бұндай емделушілерге препаратты сақтықпен қолдану керек.

Балалар: целекоксиб балаларда қолдануға көрсетілмеген.

CYP2C9 метаболизмі төмендеуі: целекоксибты генотипіне немесе басқа CYP2C9 субстраттарды бұрынғы сыртартқысындағы/қолдану тәжірибесіне қарай CYP2C9 белсенділігінің белгілі немесе болжамды төмендеуі бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек, өйткені дозаға тәуелді жағымсыз әсерлер дамуының қаупі жоғарылайды.

Бұндай емделушілерде дозаны ең төмен ұсынылатын дозаның жартысына дейін төмендету қарастырылады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10):

  • артериялық гипертензия

Жиі ( >1% , <10%):

  • синусит, тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінің жұқпалары, несеп шығару жолдарының жұқпалары

  • аллергиялық реакциялардың өршуі

  • ұйқысыздық

  • бас айналуы, гипертония

  • миокард инфарктісі

  • фарингит, ринит, жөтел, диспноэ

  • іштің ауыруы, диарея, диспепсия, метеоризм, құсу, дисфагия

  • бөртпе, қышыну

  • тұмауға ұқсас симптомдар, шеткергі ісіну / организмде сұйықтық іркілуі

Жиі емес (>0,1% , <1%):

  • анемия

  • гиперкалиемия

  • мазасыздық, депрессия, шаршағыштық

  • парестезия, ұйқышылдық, церебральді инфаркт

  • анық көрмеу

  • құлақтағы шуыл, гипоакузия

  • жүрек жеткіліксіздігі, жүрек қағуының жиілеуі, тахикардия,

  • артериялық гипертензия ағымының ауырлауы

  • іш қатуы, кекіру, гастрит, стоматит, асқазан-ішек жолдарының қабыну ауруларының өршуі

  • бауыр функциясы бұзылуы, АЛТ және АСТ деңгейі жоғарылауы

  • есекжем

  • аяқ құрысулары

  • креатининнің, қандағы мочевина азотының деңгейі жоғарылауы

Сирек (>0,01% , <0,1%):

  • лейкопения, тромбоцитопения

  • сананың шатасуы

  • атаксия, дәм сезудің бұрмалануы

  • асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, өңештің ой ық жарасы, ішектің ойық жарасы, эзофагит, мелена, панкреатит

  • бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылауы

  • алопеция, фотосезімталдық

Бұдан басқа полип түзілудің алдын алу зерттеулері барысында целекоксибты күніне 400 мг дозада қолданған емделушілердің қатысуымен ұзақтығы 3 жылға дейінгі 2 клиникалық зерттеулерде (APC және PreSAP зерттеулері) бұрын белгісіз болған төмендегі жағымсыз реакциялар анықталды:Жиі: стенокардия, тітіркенген ішек синдромы, нефролитиаз, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, дене салмағының артуы;

Жиі емес: Helicobacter текті бактериялардан туындаған жұқпалар , белдемелі теміреткі, тілме, бронхопневмония, лабиринтит, қызыл иек жұқпалары, липома, шыны тәрізді дененің жүзінді бұлыңғырлануы, конъюнктивалық геморрагиялар, терең көктамырлар тромбозы, дисфония, геморроидалдық қан кетулер, дефекация жиі туындауы, ауыз қуысының шырышты қабығының ойық жарасы, аллергиялық дерматит, ганглионит, никтурия, вагиналдық қан кетулер, сүт безінің ауырсынуы, аяқ сынуы, қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы.

Төменде келтірілген жағымсыз реакциялардың жиілігі анық бағаланбаған (постмаркетингтік бақылаулар нәтижесі):

  • панцитопения

  • күрделі аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок, анафилаксия

  • елестеулер

  • бас ауыруы, эпилепсия өршуі, асептикалық менингит, дәм сезбей қалу, иіс сезбей қалу, фатальді бассүйекішілік қан құйылу

  • конъюнктивит, көзішілік қан құйылулар, торлы қабық қан тамырларының (артериялар немесе көктамырлары) бітелуі

  • аритмия

  • бетке қан тебуі, васкулит, өкпе эмболиясы

  • бронх түйілуі

  • жүрек айнуы, асқазан-ішек қан кетулері, колит/ колиттің өршуі

  • бауыр жеткіліксіздігі (кейде өліммен аяқталатын немесе бауыр трансплантациясы қажеттігі туындайтын), фульминантты гепатит (кейде өліммен аяқталатын), бауыр некрозы, гепатит, сарғаю

  • экхимоздар, буллезді бөртпе, эксфолиативті дерматит, көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдром, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилиясы бар дәрі-дәрмектік бөртпелер және жүйелік симптомдар (DRESS) немесе аса жоғары сезімталдық синдромы, ангионевротикалық ісіну, жедел жайылған экзантематозды пустулез

  • артралгия, миозит

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, гипонатриемия

  • етеккір оралымының бұзылуы

  • кеуденің ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • целекоксибқа немесе препараттың кез келген басқа қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • сульфонамидқа белгілі жоғары сезімталдық

  • өршу сатысындағы пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішек қан кетулері

  • бронх демікпесі, жедел ринит, мұрын полипозы, ангионевротикалық ісіну, есекжем немесе ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ЦОГ-2 тежегіштерін қоса, басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдағаннан кейінгі басқа да аллергиялық реакциялар

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • ауыр бауыр жеткіліксіздігі (сарысудағы альбумин <25г/л немесе Чайлд-Пью шкаласы бойынша > 10)

  • бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30мл/мин)

  • ішектің қабыну аурулары

  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA II – IV сатысы)

  • клиникалық анықталған жүректің ишемиялық ауру, шеткергі артерия аурулары және цереброваскулярлық аурулар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

Варфарин немесе басқа да антикоагулянттар қабылдайтын емделушілерде целекоксибты қолданудың бірінші күндерінде немесе оның дозасы өзгергенде антикоагулянттық белсенділігін бақылау өте маңызды, өйткені науқастардың бұл категориясы қан кету туындаудың жоғары қаупіне бейім. Сондықтан антикоагулянттарды ішке қабылдайтын емделушілерде

протромбиндік уақытты және халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) мұқият бақылау керек, көбіне целекоксибты қолданудың бірінші күндерінде немесе оның дозасы өзгергенде.

Протромбиндік уақыт артуына байланысты, көбіне целекоксиб пен варфаринді бір уақытта қабылдайтын егде жастағы емделушілерде қан кету жағдайлары, кейбіреуі өліммен аяқталғаны да болғаны туралы хабарланған.

ҚҚСП диуретиктер мен гипотензиялық препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. ҚҚСП, целекоксибты, АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен қоса біріктірілімде қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі даму қаупі жоғарылайды, ол әдетте бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде қайтымды (мысалы, дегидратациясы бар емделушілерде, диуретиктер қабылдаушы емделушілерде немесе егде жастағы науқастарда). Сондықтан бұндай біріктірілімдегі препараттарды, әсіресе егде жастағы емделушілерде сақтықпен қабылдау керек. Емделушілер талапқа сай гидратациялануы тиіс, сондай-ақ біріктірілген емді қолдануды бастағаннан кейін бүйрек функциясын мұқият бақылау керек және мезгіл-мезгіл қайта бақылау жүргізу керек.

Лизиноприл көмегімен бақыланатын I және II сатыдағы артериялық гипертензиясы бар емделушілерде артериялық қысымның 24 сағаттық амбулаторлық мониторингі целекоксибты күніне 2 рет 200 мг дозада қолдану плацебомен салыстырғанда диастолалық немесе систолалық артериялық қысымның орташа тәуліктік көрсеткішінің клиникалық елеулі жоғарылауына соқтырмады.

ҚҚСП және циклоспоринді немесе такролимусты бір мезгілде қолданудың циклоспорин мен такролимустың нефроуыттылық әсерін күшейтетіні белгілі. Целекоксиб пен жоғарыда аталған кез келген препараттармен біріктірілген емде бүйрек функциясын бақылау керек.

Целекоксибты ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларымен қолдануға болады, бірақ ол оны жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуда алмастыра алмайды. Берілген зерттеулерде, басқа да ҚҚСП қолданғандағы сияқты, целекоксибты және ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларымен бір мезгілде қолданғанда целекоксибтың монотерапиясымен салыстырғанда ойық жара дамуының жоғары қаупі немесе асқазан-ішек жолдары тарапынан басқа да асқынулар анықталды.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері

Целекоксибтың басқа препараттарға әсері

Целекоксиб CYP2D6 тежегіші болғандықтан, целекоксибты қолдану барысында декстрометорфан CYP2D6 субстратының плазмалық концентрациясы 136 %-ға артты.

Целекоксибты және осы ферменттің субстраты болып табылатын препараттарды бір мезгілде қолданғанда олардың плазмалық концентрациясы жоғарылауы мүмкін. CYP2D6 көмегімен метаболизденетін препараттар мысалы антидепрессанттар (үшциклдық және СИОЗС), нейролептиктер, аритмияға қарсы дәрілер және т.с.с. болып табылады. Целекоксибты қолданудың басында, оның дозасын арттырғанда, немесе емді тоқтатқанда жеке дара таңдап алынатын CYP2D6 субстраттарының дозасын төмендету талап етілуі мүмкін.

Целекоксибтың да катализденген CYP2C19 метаболизмін тежеуге қабілеттілігі анықталды. CYP2C19 көмегімен метаболизденетін препараттар мысалы диазепам, циталопрам және имипрамин болып табылады.

Целекоксиб пероральді контрацептивтердің (1 мг норэтистерон/35 микрограмм этинилэстрадиол) фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпеді. Целекоксиб толбутамидатың (CYP2C9 субстраты) немесе глибенкламидтің фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпеді.

Ревматоидты артриті бар емделушілерде целекоксиб (плазмалық және бүйректік клиренсі) метотрексаттың (ревматизм ауруларын емдеуге арналған дозаларында) фармакокинетикасына статистикалық елеулі әсер етпеді. Алайда оларды біріктіріп қолданғанда метотрексат қолдануға байланысты уыттылығына тиісті мониторинг жүргізу керек.

Целекоксибты 200 мг дозада күніне 2 рет және литий препараттарын 450 мг дозада күніне 2 рет бір мезгілде қолдану литийдің Cmax мәнінің орташа

16%-ға, ал AUC мәнінің — 18%-ға артуына алып келді. Сондықтан целекоксибпен ем басында немесе оны тоқтатқанда литий препараттарын қабылдаушы емделушілердің жай-күйіне тұрақты бақылау керек.

Басқа препараттардың целекоксибқа әсері

CYP2C9 метаболизмі деңгейі төмен және целекоксибтың жүйелік экспозициясы жоғары емделушілерде CYP2C9 тежегіштерін бір мезгілде қолдану целекоксиб экспозициясының одан әрі жоғарылауына алып келуі мүмкін. CYP2C9 метаболизмі деңгейі төмен емделушілерде бұндай біріктірілімдерді қолдануға болмайды.

Целекоксиб, негізінен, CYP2C9 көмегімен метаболизденетіндіктен флуконазол қолданатын емделушілерге ұсынылатын дозаның жартысын тағайындау керек.

Целекоксиб және флуконазолдың 200 мг бір реттік дозасын, әсері күшті CYP2C9 тежегішін, тәулігіне бір рет бір мезгілде қолдану целекоксибтың Cmax мәнінің орташа 60%-ға, ал AUC мәнінің — 130%-ға артуына алып келді. Рифампицин, карбамазепин және барбитураттар сияқты CYP2C9 индукторларын бір мезгілде қолдану целекоксибтың плазмалық концентрациясын төмендетуі мүмкін.

Кетоконазолдың немесе антацидтік дәрілердің целекоксиб фармакокинетикасына әсері байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Целекоксиб қабылдайтын емделушілерде асқазан-ішек жолдарының жоғары бөлігінің зақымданған жағдайлары байқалды (тесілуі, ойық жаралануы немесе қан кетуі), кейбіреулері өліммен аяқталуға алып келген.

Асқазан-ішек жолдары тарапынан асқынулар даму қаупі ең жоғары болғандықтан ҚҚСП қабылдаушы емделушілерде препаратты сақтықпен қабылдау ұсынылады: бұлар егде жастағы емделушілер, бір мезгілде басқа да ҚҚСП немесе ацетилсалицил қышқылын қабылдайтын болмаса сыртартқысында ойық жарасы және АІЖ қан кетулері сияқты асқазан-ішек жолдары аурулары бар емделушілер.

Целекоксибты ацетилсалицил қышқылымен (тіпті төмен дозаларда) бір мезгілде қолданғанда целекоксибтың асқазан-ішек жолдары тарапынан (асқазан-ішек жолдарында ойық жара түзілуі немесе асқазан-ішек жолдары тарапынан басқа да асқынулар) жағымсыз әсерлері туындау қаупінің одан әрі жоғарылауы анықталды.

АІЖ қатысты ЦОГ-2 селективті тежегіштерін + ацетилсалицил қышқылын қолданудың ҚҚСП + ацетилсалицил қышқылын қолданумен салыстырғанда қауіпсіздігінде елеулі айырмашылық анықталмаған.

Целекоксибты және аспириндік емес ҚҚСП бір мезгілде қолдануға болмайды.

Целекоксибты күніне екі рет 200 мг және күніне екі рет 400 мг дозада қабылдаған спорадиялық аденоматозды полипі бар емделушілерде плацебомен салыстырғанда күрделі жүрек-қан тамырлары оқиғаларының, негізінен миокард инфарктісінің саны артқаны анықталды,

Целекоксиб қабылдаудың ұзақтығына және дозасына байланысты жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі артуы мүмкіндігінен емнің ең жоғары қысқа курстарын және әсері ең аз тәуліктік дозасын тағайындау керек.

Емделушінің емге жауабы мен симптомдары білінуінің азаюын тексерудің қажеттілігін мезгіл - мезгіл бағалау керек, әсіресе остеоартриты бар емделушілерде.

Жүрек-қан тамырлары асқынулары даму қаупінің елеулі факторлары бар емделушілерді (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті,шылым шегу) тек мұқият қарап-тексеруден кейін ғана целекоксибпен емдеу керек.

ЦОГ-2 селективті тежегіштері жүрек-қан тамырларының тромбоэмболиялық ауруларының алдын алуда ацетилсалицил қышқылын ауыстыра алмайды, өйткені олардың антиагреганттық қасиеті жоқ. Сондықтан антиагреганттық емді тоқтатпау керек.

Простагландиндер синтезін тежейтін басқа да препараттарды қабылдағандағы сияқты, целекоксиб қабылдайтын емделушілерде организмде сұйықтық іркілісі және ісінулер анықталуы мүмкін. Сондықтан целекоксибты сыртартқысында жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, сол жақ қарыншаның дисфункциясы немесе артериялық гипертензиясы бар емделушілерге, сондай-ақ кез келген басқа этиологиялы ісінулері бар емделушілер сақтықпен қолдануы керек, өйткені простагландиндер тежелуі бүйрек функциясының бұзылуына және организмде сұйықтық іркілісіне алып келуі мүмкін. Диуретиктермен емде жүрген немесе гиповолемия даму қаупі бар топтағы емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Барлық ҚҚСП сияқты целекоксиб те жаңа артериялық гипертензия дамуына немесе алдында болған артериялық гипертензияның нашарлауына алып келуі мүмкін, олардың кез келгені жүрек-қан тамыр асқынуларының туындау жиілігі артуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан целекоксибпен ем басында және ем курсының өне бойына артериялық қысымын тұрақты бақылау керек.

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы және әсіресе жүрек дисфункциясы, көп жағдайларда егде жастағы емделушілерде анықталды, сондықтан олар тұрақты медициналық бақылауда болуы тиіс.

Целекоксибты қоса, ҚҚСП бүйрекке уытты әсер етуі мүмкін. Целекоксибтың бүйрекке ҚҚСП басқа да салыстыру препараттары сияқты әсер еткені анықталған. Диуретиктер,АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабылдаған бүйрек функциясы бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр дисфункциясы бар емделушілер және егде жастағы науқастар бүйрек уыттылығы дамуы қаупі жоғары топқа жатады.

Целекоксиб қолданғанда бұндай емделушілердің жай-күйін тұрақты бақылау керек. Целекоксибты қолданғанда кейбір ауыр бауыр реакциялары туралы, фульминатты гепатитті қоса (кейбір жағдайлар өліммен аяқталатын), бауыр некрозы және бауыр қызметінің жеткіліксіздігі (кейбір өліммен аяқталған жағдайлар немесе кейбір бауыр трансплантациясын қажет еткен жағдайлар) туралы хабарланған. Бұрын хабарланған жағдайлар арасында бауыр тарапынан болатын ауыр жағымсыз реакцияларының көбі целекоксиб препаратын қолданудан кейін бір ай ішінде дамыған.

Егер ем уақытында емделушілерде жоғарыда көрсетілген органдардың кез келген жүйесінің функциясы бұзылса, тиісті шаралар қолдану керек, және целекоксибпен емді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Целекоксиб CYP2D6 тежейді. Целекоксиб бұл ферменттің қуатты тежегіші болмаса да, CYP2D6 көмегімен метаболизденетін препараттардың дозасын төмендету талап етілуі мүмкін.

CYP2C9 метаболизмінің деңгейі төмендеуі бар емделушілерге целекоксибты сақтықпен тағайындау керек.

Эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, кейбіреуі өліммен аяқталатын, тері тарапынан күрделі реакциялар болғаны туралы сирек хабарламалар бар. Емделушілер бұндай реакциялардың даму қаупі жоғары топта ем курсының басында болады (бұндай реакциялардың туындауы көп жағдайларда емнің бірінші айында анықталған). Целекоксиб қабылдаған емделушілерде аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциялары дамығаны туралы (анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну және эозинофилиясы және жүйелік симптомдары бар дәрі-дәрмектік бөртпені қоса (DRESS немесе аса жоғары сезімталдық синдромы)) хабарланған. Сульфонамидтерге аллергиясы немесе сыртартқысында кез келген басқа препаратқа аллергиялық реакциясы бар емделушілерде тері тарапынан күрделі жағымсыз реакциялардың немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупі жоғары. Теріде, шырышты қабықтардың бөртпелердің бірінші пайда болуында немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларында целекоксиб қолдануды тоқтату керек.

Целекоксиб қызбаны және қабынудың басқа да белгілерін бүркемелуі мүмкін.

Варфаринмен бірге ем қабылдаушы емделушілерде күрделі қан кету жағдайлары анықталған. Целекоксибты варфаринмен немесе басқа да пероральді қабылдауға арналған антикоагулянттармен сақтықпен қабылдау керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Дилакса® құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерде бұл препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дилакса® препаратын қабылдап жүрген, бас айналуы, вертиго немесе ұйқышылдық сияқты бегілері бар емделушілер көлік жүргізуден немесе механизмдерді басқарудан бас тартуы керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: әлсіздік, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, эпигастрий аймағының ауыруы әдетте тез өтеді. Асқазан-ішек қан кетулері пайда болуы мүмкін, сонымен бірге артериялық қысымның жоғарылауы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі мен кома сирек көрініс береді.

Емі: артық дозалануына күдік болғанда құстыру, белсендірілген көмір тағайындау және тиісті демеуші ем жүргізуді қамтамасыз ету керек. Препараттың ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысуына қарай диализ препаратты қаннан шығаратын тиімді тәсіл емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан салынған.

1, 2 или 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ.19,

1 б корпусы, 2 қабат

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

469016221477976626_ru.doc 117.5 кб
675664551477977768_kz.doc 113 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники