ДИКЛОФЕНАК-DF

МНН: Диклофенак натрия
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Propafenone
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023992
Информация о регистрации в РК: 09.01.2019 - 09.01.2024

Инструкция

Саудалық атауы

ДИКЛОФЕНАК-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диклофенак

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі, 0,1%, 5 мл және 10 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсендi зат - 1 мг натрий диклофенагы,

қосымша заттар: пропиленгликоль, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, натрий гидрофосфат додекагидраты, натрий гидроксид 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе ашық сары ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Сезім ағзалары. Офтальмологиялық препараттар. Қабынуға қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак.

АТХ коды S01ВС03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Диклофенак-DF, көз бұршағын қоспағанда, көздің әртүрлі тіндеріне жақсы өтеді.

Алдыңғы камера ылғалында ең жоғары емдік концентрациясына (ТСmax) инстилляциялаудан кейін 30 минуттан соң жетеді. Жүйелі қан ағымына емдік мәнді концентрацияларында өтпейді.

Фармакодинамикасы

Диклофенак-DF – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі, фенилсірке қышқылының туындысы, қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсері және қызу түсіретін орташа әсері бар. Таңдамалы емес циклооксигеназа 1 (ЦОГ1) және циклооксигеназа 2 (ЦОГ2) бәсеңдетіп, арахидон қышқылының метаболизмін бұзады, қабыну ошағында простагландиндер (Рg) санын азайтады.

Жергілікті қолдану кезінде этиологиясы инфекциялық емес қабыну үдерістерінде ісіну мен ауыруды азайтады, миоз дамуын бөгейді. Бұдан басқа, диклофенак тромбоциттер агрегациясын тежейді. Ұзақ уақыт қолданғанда десенсибилизациялау әсерін көрсетеді.

Қолданылуы

  • катаракта себебімен жасалған операция кезіндегі миозды тежеу

  • көз алмасына хирургиялық араласулардан кейінгі қабыну үдерістерін емдеу және оның профилактикасы

  • катаракта себебімен жасалған операциялардан кейінгі макуланың кистозды ісіну профилактикасы

  • инфекциялық емес конъюнктивиттерді емдеу

  • жарақаттанудан кейінгі қабыну үдерісін емдеу және оның профилактикасы (бактерияға қарсы жергілікті емге қосымша ретінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Операция барысындағы миозды тежеу үшін препаратты операцияның алдында 30 минуттық аралықпен 2 сағат ішінде (4 рет) конъюнктивалық қалтаға тамызады.

Макуланың кистозды профилактикасы үшін препаратты операциядан соң 2-3 апта бойы күніне 3 рет 1 тамшыдан тамызады.

Емдеу мақсатында жай-күй ауырлығына қарай тәулігіне 3-4 рет 1 тамшыдан тағайындалады. Емдеу курсын 1 аптадан 2 аптаға дейін жалғастыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (>10%)

- өтпелі орташа көзді ашыту сезімі

Кейде (>1-10%)

  • көру қабілетінің анық болмауы (тамызудан кейін бірден)

  • мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы (ақ шел)

Сирек (>0.001-1%)

- ирит

- көздің қышынуы, гиперемия, қызба, қалтырау, фотосенсибилизация, тері бөртпесі (көбінесе эритематозды, есекжем), мультиформалы экссудаттық эритема

- жиі тамызудан кейінгі нүктелі кератит және мөлдір қабық эпителийінің зақымдары

- мөлдір қабықтың ойық жаралары немесе оның жұқаруы немесе жайылуы (мөлдір қабықтың ойық жарасының пайда болуы және оның жұқаруының қауіп факторлары бар пациенттерде, мысалы, кортикостероидтарды қолдану кезіндегі немесе инфекциялық аурулар немесе ревматоидтық артрит сияқты қатар жүретін ауруларда. Пациенттердің көпшілігі ұзақ уақыт бойы емделген).

- бас ауыру

- диспноэ

- демікпенің өршуі

- жүрек айну, құсу

Өте сирек (< 0.001 %)

- ангионевроздық ісіну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • генезі түсініксіз қан түзудің бұзылуы

  • анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдауға аллергиялық реакциялардың болуы

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қажет болғанда басқа, соның ішінде құрамында глюкокортикостероидтар бар көзге тамызатын дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады. Осы орайда бірақ әсер етуші заттары соңғы дозалармен жуылып кетпес үшін инстилляциялар арасындағы үзіліс 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: ацетилсалицил қышқылынан болатын бронх демікпесі; эпителийлік герпестік кератит (соның ішінде анамнезде); қан ұюының бұзылуын туғызатын ауруларда (соның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетулерге бейімділік); егде жас.

Педиатрияда қолдану

Егер күтілетін емдік әсері болуы мүмкін жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырған жағдайда ғана 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану керек.

Жанаспалы линзаларды препаратты инстилляциялауға дейін алып тастап, тамызудан кейін 30 минуттан өткен соң барып қайтадан тағады.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Инстилляциялаудан кейін көру қабілетінің анық болмауы туындағанда ол қалпына келгенше көлік құралдарын басқарудан және жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданудан бас тарту қажет.

Артық дозалануы

Диклофенак көзге тамызатын дәрісін қолдану кезінде артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш құтыларда препарат 5 мл немесе 10 мл препараттан.

Әрбір құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір құтыдан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзiмi

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 28 күн ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндiрушi

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-03-88, эл. пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_Диклофенак_капли_глазные.doc 0.05 кб
Диклофенак_(каз).doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту