Дикломек® (гель для наружного применения, 50 г)

МНН: Диклофенак
Производитель: АБДИ ИБРАГИМ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diclofenac
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012568
Информация о регистрации в РК: 10.09.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Дикломек®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диклофенак

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған гель

Құрамы

1г гельдің құрамында

белсенді зат – 11.6 мг диэтиламмоний диклофенагы (10 мг натрий диклофенагына баламалы)

қосымша заттар: карбопол 974, сұйық парафин, изопропил спирті, цетомакрогол 1000, цетиол LC, триэтаноламин, адония эссенциясы, пропиленгликоль, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, мөлдір емес біртекті ақ гель.

Фармакотерапиялық тобы

Сыртқа қолдануға арналған стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер. Диклофенак

АТХ коды М02АА15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа қолданған кезде ішінара тері арқылы сіңеді; биожетімділігі 6% құрайды. Қанның ақуыздарымен байланысуы 99.7%. Плазмадан Т1/2 2 сағатты, синовиальді сұйықтықтан Т1/2 4-6 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Дикломек қабынуға қарсы, ауырғанды басатын және ыстықты түсіретін әсерге ие. Дикломек циклооксигеназа деңгейінде простагландиндер синтезін тежейді және осылайша, қабыну патогенезіне, ауыру мен қызбаның пайда болуына әсер етеді. Ревматизм ауруларында дикломектің қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсері ауырудың айқындығының, таңертеңгі сіресудің, буындар домбығуының елеулі азаюына ықпал етеді, бұл емделушінің қызметтік жай-күйін жақсартады. Жарақаттар кезінде ауыру сезімін және қабынбалы ісінулерін азайтады.

Қолданылуы

  • жұмсақ тіндер мен буындардың жарақаттанудан кейінгі қабынуында

(оның ішінде созылу, артық жүктеме, соғып алу кезінде)

  • жұмсақ тіндердің ревматизм ауруларында

(оның ішінде тендовагинит, бурсит, периартриттер)

  • бұлшықет пен буын ауруларына байланысты болатын ауыру синдромы және ісінуде (ревматоидты артрит, остеоартроз, радикулиттер, люмбаго, ишиас)

Қолдану тәсілі және дозалары

Гельді 2-4 г бір реттік дозада теріге қабыну ошағының үстіне жұқалап жағып, жеңіл ысқылайды. Қолдану жиілігі – тәулігіне 2-3 рет. Жақпамайдың ең жоғары тәуліктік дозасы 8 г аспауы тиіс. Емдеу курсы - 14 күннен аспайды.

Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу қажет.

Дикломек гелін электрофорездің көмегімен қолдануға болады (бұл жағдайда препарат тері арқылы анағұрлым күштірек сіңеді).

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • бөртпе, экзема, эритема, дерматит

Сирек

  • буллезді дерматит

Өте сирек

  • аса жоғары сезімталдық, ангионевротикалық ісіну

  • демікпе

  • жарыққа сезімталдық реакциясы

  • препаратты сыртқа ұзақ уақыт қолданған кезде ас қорыту жүйесі, ОЖЖ, тыныс алу жүйесі тарапынан жүйелі жағымсыз әсерлердің, сондай-ақ аллергиялық реакциялардың дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– натрий диклофенагына немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСД-ға жоғары сезімталдық

  • «аспириндік» демікпе

  • тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да ҚҚСД-мен бір мезгілде қолданғанда емдік те, жағымсыз әсерлерінің де өзара күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ашық жараларға қолдануға болмайды. Көзге түсуден сақ болу керек.

Препараттың автокөлік жүргізу және қауіптілігі зор механимздермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: белгілеріне қарай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препарат алюминий сықпада.

Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"ABDI IBRAHIM"

Хадымкой-Стамбул

Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

"ABDI IBRAHIM", Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

"Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі 184 «г»,

тел: +7 (727) 309 74 07, 232 44 80

факс: +7 (727) 309 74 14, e-mail:Globalzavod@mail.ru

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

522471921477976804_ru.doc 48 кб
405699711477977962_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники