Диетресса

МНН: Антитела к каннабиноидному рецептору I типа аффинно очищенные
Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения ожирения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019328
Информация о регистрации в РК: 02.11.2012 - 02.11.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Диетресса

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар: аффинді түрде тазартылған I типтегі каннабиоидты рецепторларына антиденелер 0,006 г,*

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.

* 10012, 10030, 100200 есе сұйылтуына сәйкес, субстанцияның үш белсенді су-спиртті сұйылу қоспасы түрінде лактозаға жағылады

Сипаттамасы

Тегісцилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Тегіс жағында сызығы мен MATERIA MEDICA деген жазуы, екінші тегіс жағында DIETRESSA деген жазу бар.

Фармакотерапиялық тобы

Семіруді емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды А08АX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі заманның физико-химиялық анализ әдістерінің сезімталдығы (газ-сұйық хроматография, жоғары тиімді сұйық хроматография, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндер құрамындағы өте аз мөлшердегі антиденелерді бағалауға мүмкіндік бермейді, сондықтан препараттың фармакокинетикасын зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Аллостерикалық модуляция механизмі арқылы препарат I типтегі каннабиноидты рецепторлардың сезімталдығын жоғарылатады, сол арқылы препараттың эндогенді каннабиноидты нейропептидтерге сезімталдығы жоғарлайды. Осының нәтижесінде мезолимбиялық жүйенің, сонымен қатар гипоталамустағы тамақтық орталығының эндоканнабиноидты реттелуі қалпына келеді .

Препаратты жануарларға енгізгенде латеральды гипоталамустың өзін-өзі ынталандырудан бас тартуы экспериментті түрде дәлелденген, осы арқылы жағымды эмоциональды нығаю жүйесінің қанығуы және тағамның эйфоригенді мәні төмендейтіні байқалды.

Препаратты қабылдау кезінде жоғарғы жүйке қызметіне ынталандырушы немесе тежегіш әсер етпей, тамақты ішу ниеті азаяды және салмағы төмендейді.

Салмақтың төмендеу эффектісі тек орталық емес, сонымен қатар шеткі механизмдермен түсіндіріледі – адипоциттердің (май түйіршіктері) каннабиноидты рецепторларының модуляциясының, ондағы негізгі алмасуының белсенділенуі есебінен.

Препарат дағдылану мен дәрілік тәуілділікті шақырмайды және есірткілік әсер етпейді.

Қолданылуы

- орташа гипокалориялық диетамен бірге, артық дене салмақты немесе семірудің I-II дәрежесі бар емделушілердің ұзақ терапиясында (дене салмағының индексі  25 кг/м2)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Бір қабылдауға - 1 таблетка (ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек). 1 таблеткадан күніне екіден – төрт ретке дейін, тамақ ішудің алдында 15-30 минут бұрын қабылдау керек. Емдеуді орташа гипокалориялық диетамен бірге біріктірген жөн. Ұзық қабылдау керек – үш айға дейін. Қажет болған жағдайда курсты қайта жаңғыртуға болады.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты көрсетілген нұсқаулары және көрсетілген дозасы бойынша қолданған кезде жағымсыз әсерлері анықталған жоқ.

  • препараттың құрамдас бөліктеріне жекелеген жоғары сезімталдық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жекелеген жоғары сезімталдықта

- осы жаста қауіпсіздік пен тиімділік мәліметтері жеткіліксіз болғандықтан балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқадай дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамында лактоза моногидраты бар, сондықтан оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбция синдромы, не болмаса туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар науқастарға тағайындауға болмайды.

Кейбір жағдайда Диетрессамен емдеу курсының басында, салмақты жоғарлатуды тудырмайтын және препаратты тоқтатуға мәжбүр етпейтін уақытша (екіден сегіз тәулікке дейін) жеңіл-желпі тәбеттің жоғарылауы байқалады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілерде және лактация кезеңінде Диетрессаны қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда қауіп/пайда арақатынасын ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Диетресса көлік құралдарын және басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары тіркелген емес.

Кездейсоқ артық дозаланған жағдайда препарат құрамына кіретін толықтырғыштардың әсерінен диспепсиялық көріністер болуы мүмкін.

Емдеу: артық дозаланған жағдайда емдеу симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Соруға арналған таблеткалар. Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 20 таблеткадан. 1, 2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пашкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С–ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ;

Ресей, 127473, Мәскеу қ-сы, 3-ші Самотечный қысқа көшесі, 9 үй.

Тел./факс: (495) 684-43-33

Тіркеу куәлігінің иесінің атауы мен елі:

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ,

Ресей, 127473, Мәскеу қ-сы, 3-ші Самотечный қысқа көшесі, 9 үй.

Тел./факс: (495) 684-43-33

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы:

ҚР-дағы «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ өкілдігі

Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 64, 1 кеңсе. Тел./факс: 2734713

E-mail: materiamedica.kz@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

469439961477977009_ru.doc 60 кб
146175601477978186_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники