Дивлаксин (10 мг)

МНН: Монтелукаст
Производитель: Лабораториос Лесви С.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022655
Информация о регистрации в РК: 18.01.2017 - 18.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Дивлаксин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 10.38 мг натрий монтелукасты (10,00 мг монтелукастке баламалы),

қосымша заттар – лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.

үлбірлі қабық (Opadry AMB қызғылт 80W34307): поливинил спирті, титанның қостотығы (E171), тальк, лецитин (соя), ксантан шайыры, темірдің қызыл тотығы (E172).

Сипаттамасы

Бір жағында «10» санының өрнегі бар, ашық қызғылт сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүйелі пайдалану үшін тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Лейкотриенді рецепторлар антагонистері. Монтелукаст.

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі: монтелукаст пероральді қолданғаннан кейін тез сіңеді. Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін орташа ең жоғары концентрациясы (Cmax) қан плазмасында ересектер ашқарынға препаратты қолданғаннан кейін 3 сағаттан соң (Tmax) жетті. Пероральді қолданғанда орташа биожетімділігі 64%-ды құрады. Әдеттегі ас ішу пероральді қолданғанда биожетімділігіне және Cmax әсер еткен жоқ.

Қауіпсіздігі мен тиімділігі ас ішуге байланыссыз үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблетканы қолданғанда клиникалық зерттеулерде расталған.

5 мг шайнайтын таблеткалар үшін Cmax ересектер ашқарынға қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң жетеді. Пероральді қолданғанда орташа биожетімділігі 73%-ды құраған және стандартты тамақпен бірге қабылдағанда 63%-ға дейін төмендеген.

2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттер ашқарынға 4 мг шайнайтын таблеткаларды қабылдағаннан кейін Cmax қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң жетеді. 10 мг таблеткаларды қабылдайтын ересектерге қарағанда орташа Cmax 66% жоғары, ал орташа Cmin төмен.

Таралуы: монтелукасттың қан плазмасы ақуыздарымен 99%-дан астамы байланысады. Тепе-тең жағдайда монтелукасттың таралу көлемі орта есеппен 8-11 литрді құрайды. Радиоактивті таңбаланған монтелукастты қолданумен жүргізілген зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуінің ең төменгі таралуын көрсетеді. Бұдан бөлек, радиоактивті таңбаланған заттың концентрациялары дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң барлық басқа тіндерде ең төмен болды.

Метаболизмі: монтелукаст белсенді метаболизденеді. Емдік дозаларды қолданумен жүргізілген зерттеулерде монтелукаст метаболиттерінің концентрациялары қан плазмасында ересектер мен балаларда тепе-тең жағдайда анықтау шегінен төмен болады. Монтелукасттың метаболизмі негізінен P450, 2C8 цитохромы жүйесі арқылы жүреді. CYP 3A4 және 2С9 азғана әсер көрсетеді, бірақ CYP 3A тежегіші болып табылатын интраконазолды тағайындаған кезде тәулігіне 1 рет 10 мг монтелукастты қабылдаған дені сау еріктілерде монтелукасттың фармакокинетикасы өзгермеген. Адамның бауыр микросомаларын in vitro клиникалық зерттеулер қан плазмасында монтелукасттың емдік концентрациялары P450, 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 немесе 2D6 цитохромдарын тежемейтінін көрсетті. Монтелукасттың емдік әсерінде метаболиттер рөлі ең төмен болып табылады.

Шығарылуы: дені сау ересектерде монтелукасттың плазмалық клиренсі орта есеппен минутына 45 мл құрайды. Радиоактивті таңбаланған монтелукастты пероральді қолданғаннан кейін радиоактивтілігінің 86%-ы 5 күн бойы нәжіспен және <0.2%-ы несеппен шығарылады. Монтелукасттың биожетімділігі пероральді қолданғаннан кейін монтелукаст пен оның метаболиттері іс жүзінде толық өтпен шығарылатынын көрсетті.

Пациенттердің түрлі топтарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері

Егде жастағы пациенттерде немесе жеңілден орташаға дейінгі ауырлық дәрежесіндегі бауыр функциясының бұзылуында дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілмеген. Монтелукаст пен оның метаболиттері өт арқылы шығарылатындықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде монтелукаст дозасын түзету қажет болмауы мүмкін. Бауыр функциясының ауыр түрдегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9) бұзылуы бар пациенттерде монтелукаст фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукасттың жоғары дозаларын (ересектер үшін ұсынылған дозадан 20 және 60 есе асатын) қолданғанда қан плазмасында теофиллин концентрациясының төмендеуі байқалды. Бұл әсер препаратты тәулігіне 1 рет 10 мг дозада қолданғанда байқалмаған.

Фармакодинамикасы

Цистеиндік лейкотриендер (LTC4, LTD4, LTE4) жуан жасушалар мен эозинофилдерді қоса, түрлі жасушалардан бөлініп шығатын қабыну эйкозаноидтары болып табылады. Бұл маңызды демікпеалды медиаторлары цистеинді лейкотриенді рецепторлармен (CysLT) байланысады. 1-типті CysLT (CysLT1) рецепторлары тыныс алу жолдарында (тегіс бұлшықет жасушаларын және тыныс алу жолдарының макрофагтарын қоса) және басқа да қабынуға ықпал ететін жасушаларда (эозинофилдерді және кейбір миелоидты дің жасушаларын қоса) болады. CysLTs демікпе мен аллергиялық риниттің патофизиологиясымен өзара байланысты. Демікпеде лейкотриендер әсері бронх түйілуін, қақырық секрециясын, тамырлардың өткізгіштігі мен эозинофилдердің мобилизациясын қамтиды. Аллергиялық ринитте CysLTs аллергеннің әсерімен реакцияның ерте және кеш сатыларында аллергиялық ринит симптомдарымен мұрынның шырышты қабығынан босап шығады. CysLTs жүргізілетін мұрынішілік сынама мұрынның тыныс алу жолдары кедергісінің және мұрын бітелу симптомдарының жоғарылағанын көрсетті.

Монтелукаст жоғары іріктелумен және химиялық тектестігімен CysLT1-рецепторларды бәсекелі түрде байланыстыратын белсенді қосылыс болып табылады. Клиникалық зерттеулер 5 мг дозада тағайындағанның өзінде монтелукасттың LTD4 деммен ішке тартуынан туындаған бронх түйілуін басатынын анықтады және ішке қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде бронходилатацияны туғызады. Монтелукаст, сондай-ақ, β-агонистер әсеріне аддитивтік әсер көрсетеді. Монтелукастпен емдеу антигендерге реакцияны төмендете отырып, ерте және кеш сатыларда бронх түйілуін басады. Монтелукастпен емдеу бронх демікпесінің клиникалық ағымын бақылауды жақсарта отырып, тыныс алу жолдарында және шеткері қанда эозинофилдер мөлшерін айтарлықтай төмендетеді (қақырық талдауымен расталған).

Қолданылуы

  • жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі персистирленетін демікпесі бар 15 жастан асқан пациенттер үшін бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде (ингаляциялық кортикостероидтардың және қысқа мерзімдік әсер ететін β- агонистердің тиімділігі жеткіліксіз болғанда)

  • бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеуде және дене жүктемесінен туындаған бронх түйілуінің алдын алуда

  • бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық ринитті емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Пероральді қолдануға арналған препарат ас ішуге байланыссыз. Демікпесі немесе демікпесі мен қатар жүретін маусымдық аллергиялық риниті бар 15 жастағы және одан үлкен пациенттер үшін кешке қабылданатын тәулігіне 10 мг (1 таблетка) дозаны құрайды.

Бронх демікпесі ағымы көрсеткіштерінің өзгеруімен Дивлаксин препаратының емдік әсері бір күн ішінде дамиды. Демікпені бақылауға қол жеткізілсе де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңінде Дивлаксин препаратын қабылдау керектігін пациенттерге хабарлау керек. Ер балалар мен қыз балалар үшін доза бірдей.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр функциясы бұзылған пациенттер, егде жастағы адамдар үшін дозаны түзету қажет емес. Ауыр түрдегі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге қолдану қауіпсіздігіне қатысты мәлімет жоқ.

Құрамында осындай әсер етуші зат – монтелукаст бар басқа препараттармен Дивлаксин препаратын бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Ингаляциялық кортикостероидтар

Дивлаксин препаратын ингаляциялық кортикостероидтарды және қысқа мерзімдік әсер ететін β- агонистерді қолдану демікпені жеткілікті түрде клиникалық бақылауды қамтамасыз етпейтін жағдайда бронх демікпесін қосымша емдеу ретінде қолдануға болады. Дивлаксин препаратын ингаляциялық кортикостероидтарға қосымша ем ретінде қолданған кезде дозаны күрт төмендетуге немесе ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдауды мүлдем тоқтатуға болмайды (Дивлаксин препаратымен ингаляциялық кортикостероидтарды алмастыруға болмайды).

2-ден 5 жасқа дейінгі балалар үшін 4 мг-ден Дивлаксин шайнайтын таблеткалары, 6-дан 14 жасқа дейінгі балалар үшін 5 мг-ден Дивлаксин шайнайтын таблеткалары шығарылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері келесі даму жиілігімен топтарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000)

Жиі (≥1/10, <1/10)

- бас ауыруы

- абдоминальді ауыру

Постмаркетингтік деректер

Өте жиі (≥1/10):

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100, <1/10):

- диарея**, жүрек айнуы**, құсу**

- бөртпе**

- трансаминазалар (АЛТ және АСТ) деңгейінің жоғарылауы

- пирексия*

Жиі емес(≥1/1 000, <1/100):

- анафилаксияны қоса аса жоғары сезімталдық реакциялары

- қорқынышты түстер көруді қоса, патологиялық түстер, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, озбырлық пен жауығуды қоса ажитация, депрессия, ашушаңдықты қоса, психомоторлық аса жоғары белсенділік, мазасыздық, тремор***

- бас айналуы, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

- мұрыннан қан кету

- ауыздың құрғауы, диспепсия

- қанталаулар, есекжем, қышыну

- бұлшықет түйілулерін қоса, артралгия, миалгия

- астения/шаршау, ісіну

- балалардағы энурез

Сирек (≥1/10 000 <1/1 000)

- қанағыштыққа бейімділік

- зейін қоюдың бұзылуы, жады бұзылыстары

- пальпитация (жүректің соғуы)

- ангионевроздық ісіну

Өте сирек (<1/10 000)

бауырдағы эозинофильді инфильтраттар, өкпе эозинофилиясы

- елестеулер, бағдардан жаңылу, суицидтік ойлар және мінез-құлық (суицид әрекеттерін қоса)

- Чердж-Стросс синдромы

холестаздық, гепатоцеллюлярлық және шығу тегі аралас бауыр зақымдануларын қоса, гепатит

- мультиформалы эритема, түйінді эритема

*Бұл жағымсыз құбылыс клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «өте жиі» бірдей жиілікпен кездесті.

** Бұл жағымсыз құбылыс клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «жиі» бірдей жиілікпен кездесті.

*** «Сирек» жиілігімен кездесті.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, Лапп лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукаст препаратын әдетте демікпе профилактикасы және ұзақ емдеу үшін қолданылатын басқа препараттармен қолдануға болады. Басқа препараттармен өзара әрекеттесу зерттеулерінде монтелукасттың ұсынылған клиникалық дозасы мына дәрілік заттардың фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер көрсеткен жоқ: теофиллин, преднизолон, пероральді контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин.

Қан плазмасындағы монтелукасттың қисық астындағы аудан концентрациясы (AUC) бір мезгілде фенобарбитал қабылдаған пациенттерде шамамен 40%-ға төмендеген. Монтелукаст CYP 3A4, 2C8 және 2C9 арқылы метаболизденетіндіктен, монтелукастты, әсіресе, балаларға фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2C8 және 2C9 индукторларымен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.

Іn vitro зерттеулер монтелукасттың CYP2C8 күшті тежегіші болып табылатынын көрсетті, алайда, монтелукаст пен росиглитазонды (маркерлік субстрат, көбінесе CYP 2C8 арқылы метаболизмі жүзеге асырылатын препараттар өкілі) қолдану зерттелген препараттардың өзара әрекеттесуіне жүргізілген клиникалық зерттеу деректері монтелукасттың CYP 2C8 бәсеңдетпейтінін көрсетті. Осыған орай, монтелукасттың осы фермент арқылы метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айқын әсер ететіні күтілмейді.

Зертханалық зерттеулер монтелукасттың CYP 2C8 үшін және аз дәрежеде 2C9 және 3A4 үшін субстрат болып табылатынын көрсетті. Монтелукаст пен гемфиброзилдің (CYP 2C8 және 2C9-дың да тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу деректері гемфиброзилдің монтелукасттың жүйелік әсер етуін 4.4 есеге арттыратынын көрсетті. Монтелукастты гемфиброзилмен немесе басқа да CYP 2C8 тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда монтелукасттың дозасын түзету қажет емес, бірақ дәрігерлер жағымсыз реакциялардың жиілеу мүмкіндігін ескерулері тиіс. Басқа да белгілі CYP 2C8 тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер болжанбайды. Монтелукастты CYP3A4 күшті тежегіші болып табылатын тек итраконазолмен бір мезгілде қолдану монтелукасттың жүйелік әсер етуінің айтарлықтай артуына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пероральді қолдануға арналған монтелукастты демікпенің жедел ұстамаларын емдеу үшін ешқашан қолдануға болмайды, сондықтан пациенттер шұғыл көмекке арналған тиісті препаратты үнемі өздерімен бірге алып жүрулері тиіс. Жедел ұстамада қысқа әсер ететін ингаляциялық β- агонистерді пайдалану керек. Қысқа әсер ететін β-агонисі көп мөлшерде қажет ететін пациенттер дереу дәрігермен кеңесулері қажет.

Дивлаксин препараты ингаляциялық немесе пероральді кортикостероидтарды күрт алмастыру үшін қолданылмауы тиіс. Пероральді кортикостероидтар дозасы монтелукастпен бір мезгілде қолданғанда төмендетілуі мүмкіндігін растайтын деректер жоқ.

Дивлаксин препаратын қоса, демікпеге қарсы препараттармен ем қабылдайтын пациенттерде Чердж-Стросс синдромына (көбінесе жүйелі кортикостероидтармен ем жүргізілетін жай-күй) тән (кейде васкулиттің клиникалық көріністерімен) жүйелі эозинофилия дамуы мүмкін. Кейде бұл жағдайлар пероральді кортикостероидтарды қабылдауды тоқтатумен немесе дозасын төмендетумен байланысты болды. Лейкотриен рецепторлары антагонистерімен емделу және Чердж-Стросс синдромының дамуы арасында байланысты жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Дегенмен, эозинофилия, бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия сияқты симптомдар пайда болған жағдайда қосымша тексеру және емдеу тәсілін қайта қарау қажет.

Жүйке-психикалық бұзылыстар

Психика тарапынан бұзылулар монтелукаст қабылдаған ересектерде, жасөспірімдер мен балаларда байқалған. Психика тарапынан болатын бұзылулар қозу, озбыр мінез-құлық, жауығу, үрейлену, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін қоюдың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеулер, ұйқысыздық, ашушаңдық, жадының бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса), тремор түрінде көрініс берген. Постмаркетингтік бақылау деректері дәрі-дәрмекпен емдеу барысында алынған клиникалық деректермен салыстырмалы болды. Пациенттер мен медицина қызметкерлері осы тектес құбылыстардың даму мүмкіндігі туралы білулері қажет. Олар пайда болғанда баланың ата-анасына немесе пациентке бұл туралы өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлауы тиістігін айтып қою қажет. Бұл пайда/қауіп арақатынасын уақытында қайта бағалау үшін және осы жағымсыз құбылыстар дамығанда Дивлаксин препаратымен емдеуді жалғастыру мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін қажет.

Аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерде Дивлаксин препаратымен емдегенде аспиринді және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдануға болады.

Дивлаксин препаратының құрамында лактоза бар, мұны тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, Лапп лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер ескерулері тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қолда бар деректер Дивлаксин препаратын қолдану мен мальформацияның (аяқ-қол ақаулары сияқты) дамуы арасында себеп-салдарлы өзара байланыстың болуын көрсетпейді, бұл туралы монтелукастты дүниежүзілік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында сирек хабарланған. Монтелукасттың әйелдердегі емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуы немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескере отырып, автокөлік басқарғанда немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс істегенде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыруы, құсу және психомоторлық аса жоғары белсенділік.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем. Монтелукасттың гемодиализбен немесе перитонеальді диализбен шығарылу-шығарылмауы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 таблеткадан поливинилхлоридті, полиамидті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Laboratorios Lesvi, S.L., Барселона, Испания

Қаптаушы

Laboratorios Lesvi, S.L., Барселона, Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Spey Medical Ltd., Лондон, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы)

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98, «OLD SQUARE» БО, 807-кеңсе, телефон: +7 (727) 300 69 71, эл. поштасы: cepheusmedical@gmail.com

Прикрепленные файлы

562985721498795360_ru.doc 93 кб
089058121498795891_kz.doc 100 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники