Дибазол (раствор для инъекций 1%)

МНН: Бендазол
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие периферические вазодилататоры
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010540
Информация о регистрации в РК: 19.02.2013 - 19.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Дибазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бендазол

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 1% 2 мл, 5 мл ерітінді

Құрамы

Ерітіндінің құрамында 2 мл, 5 мл

белсенді зат - бендазол 20.0 мг, 50.0 мг

қосымша заттар: этанол 96%, глицерин (100%-ға шаққанда),

хлорсутек қышқылы 0.1 М, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Шеткергі вазодилататорлар. Басқа да шеткергі вазодилататорлар

АТХ коды С04АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізгенде препарат жүйелі қан ағымына жылдам өтеді. Қандағы ең жоғары концентрациясы енгізген сәттен 15-30 минут өткенде байқалады. Әсер ету ұзақтығы – 2-3 сағат. Бауырда метаболизденеді.

Дибазол биоөзгерісінің өнімдері дибазолдың имидазолдық сақинасының иминотоптары: 1-метил-2-бензилбензимидазол мен 1-карбоэтокси-2-бензилбензимидазолдың метилдену және карбоэтоксилдену нәтижесінде түзілетін екі конъюгат болып табылады.

Метаболизм өнімдері көбінесе несеппен сыртқа шығарылады.

Фармакодинамикасы

Вазодилатациялық және спазмолитикалық дәрі. Гипотензиялық, тамыр кеңейткіш әсерге ие, жұлын функциясын көтермелейді, иммунитетті көтеретін орташа белсенділігі бар.

Қан тамырларының және ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттеріне тікелей спазмолитикалық әсерін тигізеді. Препарат ұзаққа созылмайтын (2-3 сағат) және орташа гипотензиялық әсер туғызады, жақсы көтерімді.

Қан айналымының жергілікті бұзылуынан (церебральді артериялар склерозы) болатын созылмалы ми гипоксиясы кезінде аз уақытқа ми қан тамырларының кеңеюін тудырады.

Жұлындағы синапстық берілісті жеңілдетеді.

Иммуномодуляциялаушы белсенділігі бар. Цикло-гуанозинмонофосфат (цГМФ) пен циклоаденозинмонофосфат (цАМФ) концентрацияларының арақатынасын реттеу есебінен иммундық жасушаларда цГМФ мөлшерін арттырады, бұл жетілген сенсибилизацияланған T- және B-лимфоциттердің пролиферациясына, олардың өзара реттеліc факторлары сөлінісіне, жасушалардың соңғы эффекторлық функциясының кооперативтік реакциясына және белсенділенуіне әкеледі. Препарат антиденелер өнімін көтермелейді, лейкоциттердің, макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін күшейтеді, интерферон синтезін жақсартады, бірақ иммуномодуляциялаушы әсері баяу дамиды.

Қолданылуы

- қосымша дәрі ретінде гипертониялық криздерде

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде, пилороспазмда

- полиомиелиттің қалдық құбылыстарында, бет жүйкесінің шеткергі салдануында, полиневритте

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне немесе тері астына қолданылады.

Гипертониялық криздерді басу үшін 30-40 мг (3-4 мл 1% ерітінді) енгізіледі. Артериялық қысымның едәуір көтерілуінде күніне 2-3 рет 20-30 мг (2-3 мл 1% ерітінді) бұлшықет ішіне енгізу көрсетілген.

Емдеу курсы әркімге жеке тағайындалады, орташа 8-14 күнге созылады.

Ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде - симптоматикалық ем ретінде бұлшықет ішіне немесе тері астына 10-20 мг (1-2 мл 1% ерітінді).

Жүйке ауруларын емдеуде препарат ересектерге 10-15 күн бойы тәулігіне 1 рет немесе күнара 2 мл дозада бұлшықет ішіне немесе тері астына тағайындалады.

Қайталау курсы 3-4 аптадан соң. Әріқарай препаратпен емделу курстарын 1-2 ай үзіліспен жүргізеді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері қышынуы, гиперемия, бөртпе, есекжем)

- жергілікті реакция (енгізген орындағы жергілікті ауырсыну)

- бас айналу, бас ауыру

- ысыну сезімі, тершеңдік, беттің қызаруы

- жүрек айну

- тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бендазолға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- бұлшықет тонусының төмендеуімен, құрысу синдромымен өтетін аурулар

- артериялық гипотензия

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі

- қан кетумен асқынған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат папаверин гидрохлориді, теобромин, сальсолинмен біріктіріп қолданылғанда олардың фармакологиялық әсер ету ауқымы кеңейеді.

Дибазолды барбитураттармен біріктіріп қолданғанда ұзақ әсер ететін барбитураттардың, атап айтқанда, фенобарбиталдың тиімділігі күшейеді. Дибазол салицилаттармен және бензоаттармен үйлесімсіз, өйткені аталған дәрілік заттардың шөгінді түзуі жүреді.

Бета-адреноблокаторлармен біріккенде препараттың гипотензиялық әсері өзгермейді, бірақ ұзақ уақытқа тағайындалғанда бета-адреноблокаторлар туындатқан тамырлардың жалпы шеткергі кедергісінің артуынан сақтандырады.

Фентоламинмен бірігу гипотензиялық әсерді күшейтеді (фентоламин мен дибазол жалпы шеткергі тамырлық кедергінің төмендеуіне әкеледі).

Препарат клофелин, резерпин, салуретиктер, ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілердің гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерге артериялық гипертензияны емдеу үшін электрокардиограмма көрсеткіштерін нашарлатуы мүмкін екендіктен ұзақ уақытқа тағайындауға болмайды.

Педиатрияда қолдану

Препарат 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындалмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың ұрыққа қауіпсіздігі жөнінде деректер болмауына орай, оны жүктілік кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Лактация кезеңінде ана үшін пайдасы сәбиге төнетін әлеуетті қауіптен асып түсетін жағдайда ғана сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезінде, бас айналу сияқты жағымсыз әсерлерінің болуы мүмкін екеніне орай, көлік құралдарын басқару және аса қауіпті механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: дозаны азайтқанда немесе препаратты тоқтатқанда жылдам басылатын тершеңдік, ысынуды сезіну, бас айналу, жүрек айну, жеңіл бас ауыру, артериялық гипотензия.

Емі: препаратты тоқтату. Айқын артериялық гипотензияда артериялық қысымның бақылануымен трансфузиялық ем, вазопрессорлық дәрілер, жүрек гликозидтері тағайындалады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл немесе 5 мл-ден бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда немесе еккішті толтыруға арналған стерильді, импортты ампулаларда.

Әр ампулаға заттаңба немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады немесе мәтінді шыны бұйымдар үшін терең басылатын бояумен тікелей ампулаға жазады.

2 мл дозасы үшін: 5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

Әр қаптамаға ампулалық скарификатор салынады.

10 ампуладан қораптық картоннан жасалған немесе гофрланған қосымша беті бар хром-эрзац қорапқа салынған. Әр қорапқа ампулаларды ашуға арналған пышақ пен ампулалық скарификатор салынады.

Қорапқа заттаңба немесе жазу қағазынан жасалған бандероль-заттаңба жапсырады. Кертігі, сақинасы және нүктесі бар ампулаларды қаптағанда скарификаторлар немесе ампулалық пышақтар салынбайды.

5 мл дозасы үшін: 5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

Әр қаптамаға ампулалық скарификатор салынады. Кертігі, сақинасы және нүктесі бар ампулаларды қаптағанда скарификаторлар салынбайды.

Ампулалы қораптар немесе пішінді қаптамаларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картоннан немесе гофрланған картоннан жасалған қораптарға салады.

Нұсқаулықтар қораптар немесе қаптамалардың саны бойынша салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов көш., н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов көш., н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

175243301477976927_ru.doc 74.5 кб
396103431477978086_kz.doc 83.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники