Дибазол (20мг)

МНН: Бендазол
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие периферические вазодилататоры
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013788
Информация о регистрации в РК: 16.09.2013 - 16.09.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Дибазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бендазол

Дәрілік түрі

20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 20.0 мг бендазол,

қосымша заттар: қант, картоп крахмалы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты.

Сипаттамасы

Беті тегіс, сәл сұрлау немесе сарғыштау реңді ақ немесе ақ түсті таблеткалар. Таблетканың бір жағында ойығы мен сызығы, екінші жағында – ойығы мен крест түріндегі фирмалық логотип бар.

Фармакотерапиялық тобы

Шеткергі вазодилататорлар. Басқа да шеткергі вазодилататорлар

АТХ коды С04АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бендазол ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді. Бендазол имидазолдық сақинасының имин тобының метилденуі мен карбоэтоксилденуі арқылы биоөзгеріске ұшырап, екі конъюгат: 1-метил-2-бензилбензимидазол және 1-карбоэтокси-2-бензилбензимидазол түзеді.

Бауырда метаболизденеді.

Препарат әсері қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң көрініс береді, гипотензиялық әсер ұзақтығы 2-3 сағатқа созылады.

Көбінесе несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Вазодилатациялаушы және спазмолитикалық дәрі. Гипотензиялық, тамыр кеңейткіш әсері бар, жұлын қызметін көтермелейді, орташа иммунитет көтермелеуші белсенділік иеленген.

Қан тамырлары мен ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттеріне тікелей спазмолитикалық әсер көрсетеді. Препарат ұзаққа созылмайтын (2-3 сағат) және орташа гипотензиялық әсер туғызады, жақсы көтерімді.

Қан айналымының жергілікті бұзылуынан болатын созылмалы ми гипоксиясы кезінде ми тамырларының ұзаққа созылмайтын кеңеюін туындатады (церебральді артериялар склерозы).

Жұлындағы синапс берілісін жеңілдетеді.

Иммуномодуляциялаушы белсенділігі бар. Иммундық жасушалардағы цикло-гуанозинмонофосфат (цГМФ) және цикло-аденозинмонофосфат (цАМФ) концентрацияларының арақатынасын реттеу есебінен цГМФ мөлшерін арттырады, бұл жетілген, сенсибилизацияланған T- және B-лимфоциттер пролиферациясына, олардың өзара реттелу факторларын секрециялауына, кооперативтік реакцияға және жасушалардың соңғы эффекторлық қызметінің белсенділенуіне алып келеді. Препарат антиденелер өндірілуін көтермелейді, лейкоциттердің, макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін күшейтеді, интерферон синтезін жақсартады, бірақ иммуномодуляциялаушы әсері баяу дамиды.

Қолданылуы

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде ішкі ағзалар тегіс бұлшықеттерінің түйілуі, пилороспазм

- полиомиелиттің, бет жүйкесінің шеткергі салдануының, полиневриттің қалдық құбылыстары

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің түйілуі кезінде

Ересектерге: препарат тәулігіне 2-3 рет ас ішуге дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағат өткенде 1-2 таблеткадан (20-40 мг) тағайындалады.

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді, орта есеппен, ол 3-4 аптаға созылады.

Полиомиелиттің, бет жүйкесінің шеткергі салдануының, полиневриттің қалдық құбылыстарында

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: 10-15 күн бойы, күнделікті немесе күнара, күніне бір рет ¼ таблеткадан (5 мг) тағайындалады.

Емдеуді қайталау курсын 3-4 аптадан соң өткізеді.

Әріқарай препаратпен емдеу курстарын 1-2 ай үзіліспен өткізеді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (терінің қышынуы, гиперемия, бөртпе, есекжем)

- бас айналу, бас ауыру

- ысынуды сезіну, тершеңдік, беттің қызаруы

- жүрек айну

- тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бендазолға немесе препараттың басқа қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бұлшықет тонусының төмендеуімен, құрысу синдромымен өтетін аурулар

- артериялық гипотензия

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі

- қан кетумен асқынған асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты папаверин гидрохлоридімен, теоброминмен, сальсолинмен біріктіріп қолданғанда олардың фармакологиялық әсер ауқымы кеңейеді.

Дибазолды барбитураттармен біріктіріп қолданғанда ұзақ әсер ететін барбитураттардың, атап айтқанда, фенобарбиталдың тиімділігі күшейеді.

Дибазол салицилаттармен және бензоаттармен үйлесімсіз, өйткені бірге қолданылғанда шөгінді түзіледі.

Бета-адреноблокаторлармен қосқанда препараттың гипотензиялық әсері өзгермейді, бірақ ұзақ уақыт тағайындалғанда ол бета-адреноблокаторлардан болатын тамырлардың жалпы шеткергі қарсыласуының артуынан сақтандырады.

Фентоламинмен қосылғанда гипотензиялық әсерін күшейтеді (фентоламин мен дибазол жалпы шеткергі тамырлық қарсыласудың азаюына алып келеді).

Препарат клофелин, резерпин, салуретиктердің, ренин-ангиотензин жүйесіне ықпал ететін дәрілердің гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Егде жастағы емделушілер

Артериялық гипертензияны емдеу үшін егде жастағы емделушілерге ұзақ уақытқа тағайындауға болмайды, өйткені электрокардиограмма көрсеткіштерінің нашарлауы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат 12 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың ұрық үшін қауіпсіздігі жөнінде деректер болмағандықтан, оны жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.

Лактация кезеңінде ана үшін пайдасы сәбиге төнетін ықтималды қатерден артық болған жағдайда ғана сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезінде бас айналу сияқты жағымсыз әсерлер болуы мүмкін екендіктен көлік құралдарын басқарғанда және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: дозаны азайтқанда немесе препаратты тоқтатқанда жылдам басылатын тершеңдік, ысынуды сезіну, бас айналу, жүрек айну, жеңіл бас ауыру, артериялық гипотензия.

Емі: препаратты тоқтату. Айқын артериялық гипотензия кезінде артериялық қысымды бақылаумен трансфузиялық ем, вазопрессорлық дәрілер, жүрек гликозидтері тағайындалады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді қаптамаларды картон қораптарға салады. Әр қорапқа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтар салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Препарат жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданылмауы тиіс.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды пошта: standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

382977071477976782_ru.doc 73.5 кб
687901381477977945_kz.doc 84 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники