Диалипон® Турбо (Thioctic acid)

МНН: Альфа-липоевая кислота
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Thioctic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020968
Информация о регистрации в РК: 17.10.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 10594/17
Информация о регистрации в РБ: 25.09.2017 - 25.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Диалипон®Турбо

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 1,2 %, 50 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 23,354 мг альфа-липой қышқылының меглюмин тұзы,

ол 12 мг альфа- липой қышқылына сәйкес

қосымша заттар: N-метилглюкамин (меглюмин), полиэтиленгликоль 300 (макрогол 300), инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Сары-жасыл түсті мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ ауруларын және зат алмасуы бұзылуларын емдеуге арналған басқа да препараттар. АІЖ ауруларын және зат алмасуы бұзылуларын емдеуге арналған әртүрлі өзге де препараттар.Тиокт қышқылы.

АТХ коды А16А Х01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жалпы клиренсі 694 мл/минутты құрайды. Таралу көлемі - 12,7 л.

Альфа-липой қышқылы бауыр арқылы алғашқы өтуі кезінде едәуір өзгерістерге ұшырайды. Альфа-липой қышқылының жүйелік қол жетімділігінде айтарлықтай жекелей аралық ауытқу байқалады. Негізінен метаболиттер түрінде бүйрекпен шығарылады. Метаболиттердің түзілуі бүйірлік тізбек тотығуы мен конъюгация нәтижесінде жүзеге асады. Көктамыр ішіне бір рет енгізуден кейін алғашқы 3-6 сағатта α-липой қышқылы немесе оның дериваттарының 93-97 %-ы несеппен шығарылады. Препараттың қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңі 10-20 минутты құрайды.

Фармакодинамикасы

Альфа-липой қышқылы – организмде синтезделетін және альфа-кетоқышқылдарының тотығып декарбоксилденуінде коэнзим функциясын атқаратын зат; жасушаларда қуат түзілу үдерісінде маңызды рөл атқарады.

Қанда қант деңгейінің төмендеуіне және бауырда гликоген мөлшерінің артуына ықпал етеді. Кейбір ыдырау өнімдерінің (мысалы кетонды денелердің) уыттануы немесе шамадан тыс жинақталуы салдарынан альфа-липой қышқылы алмасуының жеткіліксіздігі немесе бұзылуы аэробты гликолиз бұзылуына әкеледі. Альфа-липой қышқылы уыттануға қарсы және антиоксидантты әсерлер тән екі физиологиялық белсенді түрде (тотыққан және қалпына келтірілген) болуы мүмкін. Альфа- липой қышқылы холестерин алмасуына әсер етеді, липид және көмірсу алмасуын реттеуге қатысады, бауыр функциясын жақсартады (гепатопротекторлы, антиоксидантты, уытсыздандыру әсерінің салдарынан).

Альфа- липой қышқылы фармакологиялық қасиеттері тұрғысынан В тобы витаминдеріне ұқсайды.

Қолданылуы

  • диабеттік полинейропатияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді.

Диалипон® Турбо ересектерге тәулігіне 600 мг (1 құтының ішіндегісі) дозада кем дегенде 30 минут ішінде тікелей құтыдан (яғни еріткішсіз) енгізіледі. Альфа-липой қышқылы жарықтың әсеріне сезімтал болуына байланысты, құтыларды тікелей қолданғанға дейін картон қаптамада сақтаған жөн.

Емдеу курсы – 2-4 апта. Одан әрі препарат қабылдауды тәулігіне 600 мг дозада капсуламен жалғастыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

  • аллергиялық реакциялар: есекжем, экзема, қышыну, енгізу

орнында дерматит, күйдіріп ашыту сезімі

Сирек:

  • бастағы ауырлық сезімі

  • бас ауыруы

  • жүрек айнуы

  • құсу

  • бассүйекішілік қысымның жоғарлауы

  • ыстық құйылулар

  • тершеңдік

  • тыныс алудың қиындауы

Өте сирек:

  • анафилактикалық шок

  • құрысу

  • диплопия

  • петехиальді бөртпе, тромбофлебит

  • тромбоциттер функциясының бұзылуы (тромбоцитопатия, гипокоагуляция, геморрагиялық бөртпе (пурпура)

  • гипогликемия (бас айналуы, жоғары тершеңдік, бас ауыруы, көру

бұзылыстары)

  • күйдіріп ашыту сезімі

  • жүрек аумағында ауыру

  • тахикардия

  • дәм сезудің өзгеруі немесе бұзылуы

Көктамыр ішіне жылдам инъекциялауда бастағы ауырлықты, бассүйекішілік қысым жоғарылауын, ыстық құйылуларды, тершеңдік, жүрек айнуы, құсу, өздігінен жойылатын тыныстың қысқа уақыттық іркілісі немесе қиындауын сезінуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа немесе оның компоненттерінің біріне өте жоғары сезімталдық

  • лактоацидозға әкелуі мүмкін жағдайлар (жүрек және тыныс алу жеткіліксіздігі, миокард инфарктісінің жедел фазасы, ми қан айналымының жедел бұзылуы, дегидратация, созылмалы алкоголизм және т.б.)

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Альфа-липой қышқылы инсулин және ішетін гипогликемиялық дәрілердің әсерін күшейтеді.

Сәйкессіздік. Диалипон® Турбо металдардың ионды кешендерімен (мысалы, цисплатинмен) in vitro өзара әрекеттеседі, сондықтан препарат олардың әсерін төмендетуі мүмкін. Диалипон® Турбо қантпен ауыр еритін кешенді қосылыстар түзеді. Сондықтан Диалипон® Турбо инфузиялық ерітіндісі глюкоза, фруктоза, Рингер ерітіндісімен және құрамында SH-топтармен немесе дисульфидті көпірлермен химиялық өзара әрекеттесетін қосылыстары бар ерітінділермен үйлеспейді.

Құрамында металл қосылыстары бар препараттармен (мысалы темір, магний препараттарымен) бірге қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Диалипон® Турбо препаратын қолданған кезде құтыға кигізілетін жарықтан қорғайтын қара пакеттерді пайдаланады.

Диалипон® Турбо препаратымен ем жүргізгенде қант диабетімен науқастарда қандағы глюкоза деңгейін үнемі бақылап отыру қажет. Жекелеген жағдайларда гипогликемия дамуын болдырмас үшін қантты төмендететін дәрілердің дозасын азайту керек.

Алкогольдің әсерінен альфа-липой қышқылының емдік белсенділігі төмендейді, сондықтан Диалипон® Турбо препаратымен емдеген уақытта алкоголь қабылдаудан тартына тұрған жөн.

Педиатрияда қолданылуы. Препаратты балаларға қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан препаратты педиатрия тәжірибесінде қолданбайды.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданылуы

Жеткілікті тәжірибенің болмауына байланысты препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданбаған жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Айрықша сақтанырулары жоқ, бірақ препараттың жағымсыз әсерлері туындаған жағдайда мұндай қызмет түрінен тартына тұру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, бас ауыру, психомоторлық қозу, бас айналу, жайылған эпилепсия ұстамалары және лактоацидоздың дамуы. Альфа-липой қышқылының үлкен дозаларын қолданғанда гипогликемия, шок, қаңқа бұлшықеттері жедел некрозы, гемолиз, диссеминацияланған тамырішілік қан ұюы (DIC), ми функциясының бәсеңдеуі және ішкі органдар бұзылыстары сияқты уытты салдары туралы хабарлар болған.

Емдеу қарқынды емдеудің қазіргі заманғы қағидаларына сәйкес және симптомдарына байланысты жүргізіледі. Гемодиализ, гемоперфузия және альфа-липой қышқылының шығарылуын тездететін сүзгілеу әдістерін қолданудың тиімділігі дәлелденбеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан инъекциялық құтыларға арналған резеңке тығынмен тығындалған және пластик ендірмемен біріктірілген алюминий қақпақшамен қаусырылған немесе қайырмалы қалпақшалары бар қақпақтармен тығындалған 1 гидролитикалық класы қоңыр шынысынан жасалған құтыларға құйылады.

Құтыларға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

1 немесе 10 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және қара полиэтилен үлбірден жасалған пакеттің сәйкес санымен бірге картон қорапшаға салынады. Қорапшаның ашылуын бақылау үшін өздігінен желімделетін заттаңбаны 10 құты болатын қорапшаға жапсыруға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел +7 (727) 367-64-63, факс +7 (727) 267-63-73, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

Прикрепленные файлы

187093691477976626_ru.doc 68 кб
360064831477977767_kz.doc 69.5 кб
10594_17_p.pdf 0.3 кб
10594_17_s.pdf 0.31 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ