Диалин (5мг) (Диалин)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Диалин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Линаглипин
Дәрілік түрі, дозалануы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Диабет кезінде қолданылатын дәрілік препараттар. Қандағы глюкоза деңгейін төмендететін препараттар, инсулиндерді қоспағанда. Дипептидилпептидаза тежегіштері-4 (DPP-4). Линаглиптин
АТХ коды A10BH05
Қолданылуы
Диалин препараты 2-типті қант диабеті бар ересек пациенттерге гликемиялық бақылауды жақсарту мақсатында диета мен дене жаттығуларына қосымша ретінде көрсетілген.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Жалпы нұсқаулар
Диалин препаратын 1 типті қант диабеті бар пациенттерге қабылдауға немесе диабеттік кетоацидозды емдеу үшін қолдануға болмайды.
Гипогликемия
Линаглиптинмен монотерапияда плацебо қабылдау кезінде туындайтын жиілікпен салыстырылатын гипогликемияның туындау жиілігі байқалды.
Клиникалық зерттеулер барысында линаглиптинді біріктірілген ем құрамында гипогликемия (метформин) туындатпайтын дәрілік препараттармен бірге қолданғанда линаглиптинді қабылдау кезінде гипогликемияның туындау жиілігі плацебо қабылдаған пациенттердегіге ұқсас болды.
Линаглиптинді сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп тағайындаған кезде (метформин аясында) гипогликемияның даму жиілігі плацебомен салыстырғанда жоғары болды.
Сульфонилмочевина туындылары мен инсулин гипогликемияны туындатады. Линаглиптинді сульфонилмочевина туындыларымен және (немесе) инсулинмен біріктіріп қолданған кезде сақ болу ұсынылады. Сульфонилмочевина немесе инсулин туындыларының дозасын төмендетуге болады.
Жедел панкреатит
ДПП-4 тежегіштерін қолдану жедел панкреатиттің даму қаупімен байланысты болды. Линаглиптин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатиттің дамуы байқалды. Орташа бақылау кезеңі 2,2 жыл болатын линаглиптиннің жүрек-қантамыр және бүйрек қауіпсіздігін зерттеу (CARMELINA) шеңберінде жедел панкреатит линаглиптин қабылдаған пациенттердің 0,3% - ында және плацебо қабылдаған пациенттердің 0,1% - ында байқалды. Жедел панкреатитке тән симптомдар туралы пациенттерге хабарлау қажет. Жедел панкреатитке күдіктенген жағдайда Диалин препаратын қабылдауды тоқтату керек. «Жедел панкреатит» диагнозы расталған жағдайда Диалин препаратын қабылдауды қайта бастауға болмайды. Анамнезінде панкреатиті бар пациенттерге препаратты тағайындағанда сақ болу керек.
Күлдіреуік
Линаглиптин қабылдаған пациенттерде күлдіреуіктің дамуы байқалды. CARMELINA зерттеуі шеңберінде күлдіреуік линаглиптин алатын пациенттердің 0,2% - ында байқалды және плацебо қабылдайтын пациенттерде байқалмады. Күлдіреуікке күдік туындаған жағдайда Диалин препаратын қабылдауды тоқтату керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Іn vitro өзара әрекеттесуін бағалау
Линаглиптин CYP3A4 әлсіз бәсекелес тежегіші (CYP изоферменті) болып табылады, өзінің әсер ету механизмі есебінен CYP3A4 қайтымсыз тежейтін әлсіз немесе орташа қабілетіне ие, бірақ басқа CYP изоферменттерін тежемейді. Линаглиптин CYP изоферменттерінің индукторы болып табылмайды. Линаглиптин Р-гликопротеин үшін субстрат болып табылады, дигоксиннің Р-гликопротеин арқылы тасымалдануын тежейді (аз дәрежеде). Осы нәтижелер мен in vivo дәрілік өзара әрекеттесулерін зерттеуде алынған деректер негізінде, линаглиптиннің P-gp үшін басқа субстраттармен дәрілік өзара әрекеттесуге қабілеттілік ықтималдылығы аз болып саналады.
Өзара әрекеттесуді бағалау
Басқа дәрілік заттардың линаглиптинге әсері
Төменде келтірілген клиникалық деректер клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің төмен қаупін көрсетеді.
Рифампицин. Линаглиптин 5 мг және рифампицинді бірнеше рет қолдану фармакокинетиканың стационарлық кезеңінде линаглиптиннің AUC және Cmax 39,6% және тиісінше 43,8%-ға төмендеуіне және шамамен 30% - ға DPP-4 базальді белсенділігін тежеудің төмендеуіне әкелді. Белсенді P-gp индукторларымен біріктірілімде қолданылатын линаглиптиннің клиникалық тиімділігі сақталады, дегенмен ол толық көлемде байқалмауы мүмкін. Басқа күшті Р-гликопротеин және CYP3A4 индукторларымен, мысалы, карбамазепинмен, фенобарбиталмен және фенитоинмен бірге енгізу зерттелмеген.
Ритонавир. Линаглиптинді (ішке бір реттік 5 мг доза) және ритонавирді (ішке 200 мг дозаны бірнеше рет қабылдау) бірге қолдану тиісінше линаглиптиннің AUC және C max шамамен екі және үш есе арттырды. Әдетте линаглиптиннің емдік дозасының 1% - ын құрайтын байланысты емес концентрация ритонавирді бірлесіп тағайындағаннан кейін 4-5 есе артты. Ритонавирмен немесе онсыз плазмадағы линаглиптиннің тепе-теңдік концентрациясының имитациясы әсердің артуы жинақталудың жоғарылауымен байланысты емес екенін көрсетті. Линаглиптин фармакокинетикасындағы бұл өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды болып саналмаған. Сондықтан P-гликопротеин/CYP3A4 басқа тежегіштерімен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер күтілмейді және дозалау өзгерістері талап етілмейді.
Метформин. Дені сау еріктілерде метформинді (850 мг, күніне 3 рет) және линаглиптинді (10 мг, күніне 1 рет) бірнеше рет біріктірілімде қолдану линаглиптин немесе метформин фармакокинетикасының клиникалық маңызды өзгерістеріне әкелген жоқ.
Сульфонилмочевина туындылары. Линаглиптинді ішке (5 мг) және бір реттік 1,75 мг глибенкламидті (глибурид) біріктірілімде қолдану линаглиптиннің фармакокинетикасын өзгертпеді.
Линаглиптиннің басқа дәрілік препараттарға әсері
Линаглиптин метформиннің, глибенкламидтің, симвастатиннің, варфариннің, дигоксиннің немесе ішілетін контрацептивтік препараттардың фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер етпейді; осылайша, осы препараттың CYP3A4, CYP2C9, CYP2C8, P-гликопротеиннің субстраттарымен және органикалық катиондардың транспортерлерінің (ОКТ) субстраттарымен өзара әрекеттесу қабілетінің төмендігі туралы айтатын in vivo зерттеулерінің деректері бар.
Метформин. Линаглиптиннің күнделікті дозасын 10 мг және 850 мг метформинді ОКТ субстраты ретінде бірнеше рет біріктірілімде енгізу дені сау еріктілерде метформин фармакокинетикасының клиникалық маңызды өзгерістеріне әкелген жоқ. Осылайша, линаглиптин ОКТ-пен байланысты тасымалдың тежегіші болмайды.
Сульфонилмочевина туындылары. Линаглиптиннің 5 мг бірнеше пероральді дозасын және 1,75 мг глибенкламидтің (глибурид) бір реттік дозасын бірге қолдану глибенкламидтің AUC және C max клиникалық елеусіз 14% - ға төмендеуіне әкелді. Глибенкламид негізінен CYP2C9 метаболизденетіндіктен, бұл деректер де Диалин препараты CYP2C9 тежегіші болып табылмайды деген тұжырымды растайды. Глибенкламид сияқты негізінен CYP2C9 қатысуымен метаболизденетін сульфонилмочевинаның басқа туындыларымен (мысалы, глипизидпен, толбутамидпен және глимепиридпен) клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер күтілмейді.
Дигоксин. Линаглиптиннің бірнеше дозасын тәулігіне 5 мг дозада және дигоксинді тәулігіне 0,25 мг дозада қолдану дигоксиннің фармакокинетикасына әсер етпейді. Осылайша, линаглиптин P-гликопротеинмен байланысты in vivo тасымалдау тежегіші болып табылмайды.
Варфарин. Линаглиптинді тәулігіне 5 мг дозада бірнеше рет қолдану CYP2C9 үшін субстрат болып табылатын S(-) немесе R(+) варфариннің бір реттік дозасының фармакокинетикасын өзгертпеді.
Симвастатин. Линаглиптиннің бірнеше тәуліктік дозалары симвастатиннің (CYP3A4 сезімтал субстратының) фармакокинетикасына елеусіз әсер етті. Жоғары емдік дозада 10 мг линаглиптинді және 6 күн ішінде 40 мг симвастатинді күнделікті қабылдағаннан кейін симвастатиннің AUC 34% - ға, ал плазмадағы C max 10% - ға өсті.
Оральді контрацептивтік препараттар. Линаглиптинді левоноргестрелмен немесе этинилэстрадиолмен 5 мг дозада қолдану осы препараттардың фармакокинетикасын өзгертпейді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Диалин препараты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Линаглиптинді жүкті әйелдерде қолдану зерттелмеген. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік уыттылық салдарынан препараттың тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсеткен жоқ. Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде линаглиптинді қолданудан аулақ болу керек.
Жануарларға фармакокинетикалық зерттеулердің қолда бар деректері линаглиптин/метаболиттер емшек сүтіне бөлінетінін көрсетеді. Еметін сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала емізудің пайдасы мен ана үшін емнің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе линаглиптинді қабылдауды тоқтату/уақытша тоқтату туралы шешім қабылдау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді. Әсіресе сульфонилмочевина туындыларымен және /немесе инсулинмен біріктіріп қабылдаған кезде пациенттерге гипогликемияның даму қаупі туралы ескерту керек.
Қолдану жөніндегі ұсынымдар
Дозалау режимі
Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 5 мг линаглиптин (1 таблетка) құрайды.
Линаглиптинді метформинмен біріктіріп тағайындаған кезде метформиннің дозасы сақталуы тиіс, ал линаглиптинді қатарлас препарат ретінде қабылдайды.
Линаглиптинді сульфонилмочевина туындыларымен немесе инсулинмен біріктіріп қолданған кезде гипогликемияның даму қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина туындыларының немесе инсулиннің дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Фармакокинетиканы зерттеу бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейтінін көрсетеді, алайда мұндай пациенттерге қатысты жеткілікті клиникалық тәжірибе жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттің жасы дозаны түзету үшін негіз болып табылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды тәуліктің кез келген уақытында тамақ ішуге қарамастан қабылдауға болады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне бір рет бір 5 мг таблетка («Дозалау режимін» қараңыз).
Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар
Диален препаратымен артық дозаланған жағдайда артық дозалануды емдеу бойынша қосымша ұсыныстар алу үшін емдеуші дәрігерге қаралу ұсынылады. Линаглиптинді гемодиализ немесе перитонеальді диализ арқылы жою екіталай.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Өткізіп алған жағдайда препаратты мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Бір күнде қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар болуын көрсету
Диалин препаратын қабылдауды дәрігермен алдын ала кеңесіп алмай тоқтату ұсынылмайды. Диалин препаратын қабылдауды тоқтатқан кезде қандағы глюкоза деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Фондық емнің жағымсыз реакцияларға (мысалы, гипогликемияға) әсер етуінен жағымсыз реакциялар тиісті емдеу режимдерінің (монотерапия, метформинмен емдеу кезінде қосымша препарат, метформинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілген емдеу кезінде қосымша препарат, сондай-ақ инсулинмен емдеу кезінде қосалқы препарат) негізінде талданды және көрсетілді.
Өте жиі
гипогликемия1
Жиі
- липаза деңгейінің жоғарылауы**
Жиі емес:
назофарингит
аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронхтардың аса жоғары белсенділігі)
жөтел
іш қату 2
бөртпе*
амилаза деңгейінің жоғарылауы
Сирек
панкреатит#
ангионевроздық ісіну*
есекжем*
күлдіреуік#
* Тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі негізінде
** Клиникалық зерттеулерде байқалған липаза >3х ҚЖШ деңгейінің жоғарылауы кезінде
# Линаглиптиннің жүрек-қантамыр және бүйрек қауіпсіздігін зерттеу (CARMELINA) негізінде
1 Метформинмен + сульфонилмочевинамен бірге байқалатын қолайсыз реакция
2 Инсулинмен бірге байқалатын қолайсыз реакция
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика саласы қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – линаглиптин, 5 мг,
қосымша заттар - маннитол, желатинделген крахмал, жүгері крахмалы, коповидон, магний стеараты,
қабығы Опадрай® қызғылт 02F240047 - гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), тальк, макрогол, темірдің қызыл тотығы (Е 172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, ойығы, бір жағында «L» бедері бар таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 таблеткадан алюминий фольгадан және бағдарлы полиамид/ алюминий/поливинилхлорид (OPA/Al/PVC) үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада
сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«ABDI IBRAHIM», Orhan Gazi Mahallesi, Tunç Caddesi No:3, Стамбул, Түркия, тел.: +90 212 366 84 00, электронды пошта: info@abdiibrahim.com.tr
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 356-11-00, 8-800-070-11-00, электронды пошта: info@aigp.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электронды пошта)
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 356-11-00, 8-800-070-11-00, электронды пошта: info@aigp.kz