Диазолин (драже, 0.05 г)

МНН: Мебгидролин
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mebhydrolin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013522
Информация о регистрации в РК: 29.03.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Диазолин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мебгидролин

Дәрілік түрі

0,05 және 0,1 г драже

Құрамы

Бір драженің құрамында

белсенді зат – 100% құрғақ затқа шаққанда мебгидролин - 0,05 г немесе 0,1 г

қосымша заттар: сахароза, крахмал сірнесі, тальк, сары балауыз, күнбағыс майы.

Сипаттамасы

Ақ түсті драже. Көлденең кесіндісінен екі қабат көрінеді. Драже дұрыс шар тәрізді пішінде болуы керек. Драженің беті тегіс, біркелкі және түсі біртектес болуы тиіс.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік қолдануға арналған антигистаминдік дәрілер. Мебгидролин

ATX коды R06A X15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ас қорыту жолынан тез сіңеді. Биожетімділігі 40-60% шегінде өзгеріп отырады. Емдік әсері 15-30 минут өткен соң пайда болады, ең жоғары әсері 1-2 сағаттан кейін байқалады. Әсерінің ұзақтығы 2  тәулікке жетуі мүмкін. Препарат гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді дерлік, бауырда метилдену жолымен метаболизденеді, бауыр ферменттерін индукциялайды, организмнен бүйректер арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Мебгидролин антигистаминдік препараттарға жатады, гистаминнің Hl-рецепторларының блокаторы болып табылады. Мебгидролин бронхтардың, ішектің тегіс бұлшықеттеріне қатысты гистаминнің спазмогендік әсерін, сондай-ақ оның қантамырлардың өткізгіштігіне ықпалын бәсеңдетеді. Бірінші буынды антигистаминдік препараттардан (димедрол, супрастин) айырмашылығы – айқындылығы азырақ тыныштандыратын және ұйықтататын әсері бар. Әлсіз білінетін м-холиноблокаторлық және жансыздандырғыш қасиеттері бар.

Қолданылуы

- маусымдық және аллергиялық риниттің алдын алуға және емдеуге

- поллинозда

- есекжемде

- тағамдық және дәрілік аллергияда

- жәндіктердің шағуынан кейін болатын тері реакцияларында

- терінің қышуымен қатар жүретін дерматозда (экзема, нейродермит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Диазолинді тамақтан кейін ішке тағайындайды, ересектерге және 12 жастан бастап балаларға күніне 1-2 рет 0,1-0,2 г-нан. Ересектер үшін ең жоғары доза: бір реттік – 0,3 г, тәуліктік – 0,6 г.

5-12 жастағы балаларға күніне 1-3 рет 0,05 г-нан, 3-5 жастағы балаларға күніне 1-2 рет 0,05 г-нан тағайындайды. Емдеу ұзақтығын дәрігер аурудың сипатына, клиникалық әсеріне және препараттың жағымдылығына қарай белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі, олар кейде диспепсиялық құбылыстармен (қыжыл, жүректің айнуы, эпигастрий аймағының ауыруы) білінеді

- бас айналу, парестезиялар, қатты қажығыштық, ұйқышылдық, көздің көруінің көмескіленуі, реакция шапшаңдығының баяулауы, тремор, үрейленгіштік (түнде)

- ауыз ішінің құрғауы, несептің бөлініп шығуының бұзылуы, аллергиялық реакциялар

- гранулоцитопения және агранулоцитоз пайда болуы мүмкін

Балаларда кейде әдеттен тыс реакциялар байқалады: қатты қозғыштық, тремор, ұйқының бұзылуы, тітіркенгіштік.

Жекелеген жағдайларда тіркеуден кейінгі кезеңдерде келесі жағымсыз реакциялар білінді: бас ауыру, қышыну, бөртпелер, есекжем, Квинке ісінуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршу кезеңі

- асқазан-ішек жолының қабыну аурулары

- пилоростеноз

- қуық асты безінің гиперплазиясы

- жабық бұрышты глаукома

- эпилепсия

- жүрек ырғағының бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диазолин ұйықтатқыш, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесінің қызметін тежейтін басқа да препараттардың, сондай-ақ алкогольдің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Диазолинді бауыр және/немесе бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен тағайындайды (доза түзетілуі және қабылдау арасындағы аралықтар арттырылуы мүмкін).

Диазолинмен емдеу кезінде алкоголь ішімдіктерін қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

3 жастан асқан балаларға препаратты 0,05 г дозада тағайындайды.

Ересектерге және 12 жастан бастап балаларға препаратты 0,1 г дозада тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда автокөлікті басқаруға және зейінді жұмылдыруды қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Артық дозалануы

Препаратпен артық дозаланған кезде тиісті тарауда айтылған жағымсыз құбылысардың пайда болу қаупі жоғарылайды.

Емдеу: препаратты тоқтатады, қажет болғанда жалпы уытсыздандыру шаралары (асқазанды шаю, қарқындатылған диурез), симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қорапшаға салынбайтын поливинилхлоридті түссіз үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 дражеден. Тұтынушылардың келісімімен картон қораптағы медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісінше санымен бірге топтық қаптамада болуы мүмкін.

Поливинилхлоридті түссіз үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 дражеден.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл 6 ай

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткен препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, индекс 050012, Аманагелді к-сі, 59 "А", "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат. Тел +7 (727) 367 64 63, факс +7 (727) 267 63 73, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

092362791477976745_ru.doc 58 кб
097800531477977911_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники