Деферазирокс-Виста (Деферазирокс)

МНН: Деферазирокс
Производитель: Синтон Испания С.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Deferasirox
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026196
Информация о регистрации в РК: 06.06.2024 - 06.06.2029

Инструкция

Саудалық атауы

Деферазирокс-Виста

Халықаралық патенттелмеген атауы

Деферазирокс

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 180 мг, 360 мг.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Темірді байланыстыратын препараттар. Деферазирокс.

АТХ коды: V03AC03.

Қолданылуы

  • Ауқымды бета-талассемия бар пациенттерде көп реттік қан трансфузиялары (≥ 7 мл/кг/ай эритроцитарлық масса) салдарынан темірмен созылмалы шамадан тыс қанығуды емдеу

  • Дефероксаминмен ем қарсы көрсетілімді немесе тиімсіз болғанда қан трансфузиялары салдарынан темірмен созылмалы шамадан тыс қанығуды емдеу:

  • жиі емес гемотрансфузия (< 7 мл/кг/ай эритроцитарлық масса) себепті темірмен шамадан тыс қанығумен бірге айқын бета-талассемия бар пациенттерде;

  • басқа да анемиялар бар пациенттерде.

  • Трансфузияға байланыссыз талассемия синдромдары бар пациенттерде дефероксаминмен ем қарсы көрсетілімді немесе тиімсіз болғанда хелатты емді талап ететін, темірмен созылмалы шамадан тыс қанығуды емдеу.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • осындай біріктірілімдер қауіпсіздігі анықталмағандықтан, басқа темір-хелатты еммен біріктіру

  • < 60 мл/мин креатинин клиренсі анықталған пациенттер

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бүйрек функциясы.

Деферазироксты қолдану қан сарысуы креатининінің бастапқы деңгейі жасына сәйкес келетін қалып шегіндегі пациенттерде ғана зерттелді.

Клиникалық сынақтар кезінде пациенттердің шамамен 36%-да қан сарысуы креатинині деңгейінің ≥ 2 бірізді жағдайларда 33% дозаға тәуелді жоғарылауы туындады, кейде қалыптың жоғарғы шегінен асады. Қан сарысуы креатининінің көтерілуі білінген пациенттердің үштен екі шамасы дозаны түзетусіз 33%-дан төмен деңгейге оралды. Қалған үштен бір бөлігінде қан сарысуы креатининінің жоғарылауы дәрілік зат дозасын төмендетуге немесе оны қолдануды тоқтатуға әрдайым жауап бермейді. Кейбір жағдайларда дозаны төмендетуден кейін сарысу креатинині мәндерінің тұрақтануы байқалды.

Бүйректің жедел жеткіліксіздігі жағдайлары дәрілік заттың қолданылуын зерттеуде тіркелді. Кейбір жағдайларда бүйрек функциясының нашарлауы бүйрек жеткіліксіздігіне әкелді, бұл уақытша немесе тұрақты диализді талап етті.

Қан сарысуының креатинині деңгейінің көтерілу себептері анықталмаған. Бүйрек функциясын бәсеңдететін дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде, әрі дәрілік заттың жоғары дозаларын алатын және/немесе трансфузия жиілігі төмен (< 7 мл/кг/ай эритроцитарлық масса немесе < 2 бірлік/ай ересектер үшін) пациенттерде қан сарысуы креатининін бақылауға ерекше көңіл бөлу керек. Клиникалық сынақтар үдерісінде 30 мг/кг дейін дозаны арттырудан кейін бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстардың көбеюі байқалмаса да, деферазироксты үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түрінде 21 мг/кг-ден көбірек дозада қолданy кезінде бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстардың арту қаупінің мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Емнің басталуына дейін екі рет және емдеу басталуынан кейін қайталап қан сарысуы креатининін бағалау ұсынылады. Қан сарысуы креатининін, креатинин клиренсін (ересектерде Кокрофт-Голт немесе MDRD формулалары бойынша есептелген) және/немесе қан плазмасындағы цистатин C деңгейін деферазирокспен ем басталғанша, емдеудің алғашқы айының ішінде немесе емді өзгерткенде аптасына 1 рет, ал одан кейін айына бір рет бақылап отыру керек.

Анамнезінде бүйрек аурулары бар пациенттер және бүйрек функциясын бәсеңдететін дәрілік заттар қабылдап жүрген пациенттер асқынуларға өте бейім. Диарея немесе құсу туындаған пациенттерде талапқа сай гидратацияны демеу керек.

Зерттеулер үдерісінде деферазирокспен емдеу аясында метаболизмдік ацидоз дамыған жағдайлар мәлімделді.

Осы пациенттердің көпшілігінде бүйрек функциясының бұзылулары, бүйрек тубулопатиясы (Фанкони синдромы), диарея немесе қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылуы болатын жай-күйлер байқалды. Пациенттердің осы тобында клиникалық көрсетілімдерге сәйкес қышқыл-сілті тепе-теңдігі көрсеткіштерін бақылап отыру керек. Метаболизмдік ацидоз білінетін пациенттерде деферазирокспен емді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Деферазирокс қабылдаған пациенттерде, гиперамонемиялық энцефалопатия жағдайларындағы сана өзгерістерімен байланысты бүйрек тубулопатиясының ауыр түрлері (Фанкони синдромы сияқты) және бүйрек жеткіліксіздігінің жағдайлары хабарланды. Деферазирокспен ем кезінде психикалық жай-күйінің түсініксіз өзгерістері дамыған пациенттерде гиперамонемиялық энцефалопатияны ескеру және аммиак деңгейін өзгерту ұсынылады.

Қан сарысуы креатинині

Креатинин клиренсі

Ем басталар алдында

2 рет

және

1 рет

Қарсы көрсетілімді

< 60 мл/м

Бақылау

  • Ем басталуынан немесе дозаны өзгертуден кейінгі алғашқы ай (препаратты ауыстыруды қоса)

апта сайын

және

апта сайын

  • Әріқарай

ай сайын

және

ай сайын

Тәуліктік дозаны 7 мг/кг/тәулікке төмендету (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар). Егер төменде көрсетілген бүйрек параметрлері бірізді екі тексеру кезінде байқалса және басқа себептермен байланысты болмауы мүмкін болса.

Ересектер

емдеуге дейінгі орташа мәнінен > 33% жоғары

және

< LLN* төмендеуі

(< 90 мл/мин)

Дозаны төмендетуден кейін емдеуді тоқтату, егер

Ересектер

Емдеуге дейінгі орташа мәнінен > 33% жоғары күйде қалады

және/

немесе

< LLN* төмендеуі

(< 90 мл/мин)

Бүйрек функциясын бақылау үшін дозаны түзету және емдеуді тоқтату.

* LLN: қалыптың төменгі шегі.

Емдеуді жеке клиникалық жағдаяттарға қарай жаңғыртуға болады.

Дозаны төмендетуді немесе емдеуді тоқтата тұруды бүйректік тубулярлы функция маркерлерінің деңгейінде ауытқулар туындағанда және/немесе клиникалық көрсетілімдерге сәйкес қарастыруға болады:

• протеинурия (тест емнің басталуына дейін және әріқарайай сайын өткізілу керек);

қант диабетінен зардап шегіп жүрмеген пациенттерде, әрі қан сарысуындағы калий, фосфат, магний немесе ураттардың төмен деңгейлерінде, фосфатурия, аминоацидурия кезіндегі глюкозурия (қажет болса, бақылау).

Бүйрек тубулопатиясы деферазирокспен ем қабылдаған бета-талассемия бар пациенттерде білінеді.

Пациенттер нефролог маманға жолдануы тиіс, ал одан әрі арнайы мамандандырылған зерттеулерді (мысалы, бүйрек биопсиясы) қарастыруға болады, егер, дозаны азайтуға және препаратты қабылдауды үзуге қарамастан:

  • қан сарысуында креатинин деңгейі едәуір жоғары күйде қалcа

  • бүйрек функциясының басқа көрсеткіштерінің тұрақты ауытқулары

(мысалы, протеинурия, Фанкони синдромы) болса.

Бауыр функциясы.

Деферазирокс қолданған пациенттерде бауыр сынамалары көрсеткіштерінің жоғарылауы байқалды. Бауыр жеткіліксіздігінің, кейде өліммен аяқталған жағдайлары мәлімделді. Деферазирокс қабылдаған пациенттерде гиперамонемиялық энцефалопатия жағдайларындағы сана өзгерістерімен байланысты ауыр түрлері туындауы мүмкін. Деферазирокспен ем кезінде психикалық жай-күйінің түсініксіз өзгерістері дамыған пациенттерде гиперамонемиялық энцефалопатияны ескеруге және аммиак деңгейін өзгертуге кеңес беріледі. Сусыздануы (диарея немесе құсу) болатын пациенттерде сай гидратация сақталуын қамқорлау керек. Бауыр жеткіліксіздігі жөніндегі хабарламалардың көпшілігі айқын аурулары, оның ішінде бұрыннан келе жатқан бауыр циррозы, С гепатиті, көп ағзалық жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты болды. Алайда, деферазирокстың ықпал ететін немесе нашарлататын фактор ретіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды.

Трансаминазалар, билирубин және сілтіілі фосфатаза деңгейлерін емдеудің басталуына дейін, алғашқы ай ішінде әр 2 апта сайын және одан әрі айына 1 рет тексеру ұсынылады. Басқа себептер есебіне жатқызуға болмайтын сарысудағы трансаминазалар деңгейінің орнықты және үдемелі көтерілуінде деферазирокс қабылдауды тоқтату керек. Бауыр функциясына талдаулар нәтижелерінің ауытқу себептерін анықтаудан кейін немесе олар қалыпты деңгейге оралғанда деферазирокспен төменірек дозада емдеуді қалпына келтіріп, одан кейін оны біртіндеп арттыру мүмкіндігін қарастыруға болады.

Деферазирокс бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) пациенттерге ұсынылмайды.

Қауіпсіздікті бақылау жөніндегі ұсынымдар.

Көрсеткіш

Жиілік

Қан сарысуы креатинині

Ем басталуына дейін екі рет.

Емнің алғашқы айының ішінде және дозаны өзгертуден кейінгі алғашқы ай ішінде апта сайын (препаратты ауыстыруды қоса).

Одан кейін ай сайын.

Креатинин клиренсі және/немесе қан плазмасындағы C цистатин деңгейі

Ем басталуына дейін.

Емнің алғашқы айының ішінде және дозаны өзгертуден кейінгі алғашқы ай ішінде апта сайын (препаратты ауыстыруды қоса).

Одан кейін ай сайын.

Протеинурия

Ем басталуына дейін.

Одан кейін ай сайын.

Бүйрек тубулярлы функциясының басқа маркерлері (мысалы, диабетпен және қан сарысуындағы калий, фосфаттар, магний немесе ураттардың төмен деңгейлерімен байланыссыз глюкозурия, фосфатурия, аминоацидурия).

Қажет болса.

Қан сарысуындағы трансаминазалар, билирубин және сілтілі фосфатаза деңгейлері

Ем басталуына дейін.

Емнің алғашқы айының ішінде әр 2 апта сайын.

Одан кейін ай сайын.

Есту мен көруді тексеру

Ем басталуына дейін.

Одан кейін жыл сайын.

Дене салмағы, бой өсу және жыныстық даму

Ем басталуына дейін.

Өмір ұзақтығының қысқа болуы (мысалы, қауіптілігі жоғары миелодисплазиялық синдромдар) болжанатын пациенттерде, әсіресе, қатарлас аурулар жағымсыз құбылыстар қаупін арттыруы мүмкін болғанда деферазирокс препаратының пайдасы шектеулі болуы мүмкін және оларды қауіп пайдасынан асып кетуі мүмкін. Cоның салдарынан, пациенттерге деферазирокс қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттерге жағымсыз реакциялардың (атап айтқанда, диарея) өте жоғары жиілігімен байланысты дәрілік затты абайлап қолдану керек.

Асқазан-ішек жолы.

Деферазирокс қабылдаған пациенттерде асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімінен қан кету және ойық жаралар тіркелген. Кейбір пациенттерде көптеген ойық жаралар байқалды. Асқазан-ішек жолының тесілуімен асқынған ойық жаралар жөнінде мәлімделді. Сонымен қатар, өлімге ұшырататын асқазан-ішектен қан кету жөнінде, әсіресе, гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар және/немесе тромбоциттер саны төмен егде жастағы пациенттерде хабарланды. Дәрігерлер пациенттерді деферазирокспен ем кезінде асқазан-ішек ойық жаралары және қан кету белгілері мен симптомдары туралы және егер асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі жағымсыз құбылыстарға күмән болса, деферазирокс қабылдауды дер мезгілінде тоқтату және қосымша тексеруге және емдеуге кірісу қажеттілігі жөнінде хабардар етуі тиіс. Асқазан-ішек жолы тарапынан ойық жара және қан кету болған жағдайда деферазирокс қабылдауды тоқтату және қосымша тексеру мен емдеуді шұғыл бастау керек. Деферазироксты ульцерогенді қуаты белгілі дәрілік заттармен (ҚҚСП, кортикостероидтар немесе пероральді бисфосфонаттар сияқты) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге, сондай-ақ антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттерге және тромбоциттер саны 50 000/мм3 мөлшерінен төмен (50×109/л) пациенттерге сақ болу керек.

Тері тарапынан бұзылулар.

Деферазироксты қолдану кезінде теріде бөртпе пайда болуы мүмкін. Көпшілік жағдайларда бөрту өздігінен басылады. Егер бөртуге байланысты емдеу тоқтатылса, бөртпе кеткеннен кейін емді төменірек дозада қалпына келтіруге, ал одан кейін оны біртіндеп арттыруға болады. Ауыр жағдайларда осы жаңғыртуды пероральді стероидтарды қысқа мерзімде қабылдаумен біріктіріп жүргізуге болады. Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN) және эозинофилиямен және өмірге қатер төндіруі немесе өліммен аяқталуға соқтыруы мүмкін жүйелік көріністермен (DRESS) қатар жүретін жағымсыз реакцияны қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) хабарланды. Егер терінің ауыр жағымсыз реакцияларының пайда болуына күмән болса, дәрілік затты қолдануды дереу тоқтату және қайта бастамау керек. Дәрілік затты тағайындағанда пациенттерді мұқият бақылап отыру керек болатын терінің ауыр реакциялары симптомдары туралы хабардар ету керек.

Жоғары сезімталдық реакциялары.

Деферазирокс қабылдаған пациенттерде, көбінесе емдеудің алғашқы айының ішінде аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакцияларының (анафилаксия және ангионевроздық ісіну сияқты) жағдайлары тіркелді. Осындай реакциялар туындағанда дәрілік затты тоқтату және дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындау керек. Анафилаксиялық шок туындау қаупіне орай, аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған пациенттерге деферазирокс қолдануды жаңғыртуға болмайды.

Көру және есту мүшелері.

Есту (естудің төмендеуі) және көру (көз бұршағының бұлыңғырлануы) қабілеті бұзылған жағдайлар тіркелді. Емдеу басталар алдында және бірдей аралықтар (әр 12 ай) сайын есту және көру қабілетін тексертуге (фундоскопияны қоса) кеңес беріледі. Емдеу кезіндегі бұзылулар анықталғанда дозаны азайту немесе емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Қан тарапынан бұзылулар.

Деферазирокс қабылдаған пациенттерде лейкопения, тромбоцитопения немесе панцитопения (немесе осы бұзылулардың өршуі) және анемияның өршуі жөнінде хабарламалар болды. Осы пациенттердің көпшілігінде сүйек кемігі жеткіліксіздігімен жиі байланысты ағымдағы гематологиялық бұзылулар болды. Алайда, осы дәрілік заттың ықпал етуші немесе ауырлатушы рөлін жоққа шығаруға болмайды. Этиологиясы белгісіз цитопения туындаған пациенттерге емдеуді тоқтату қарастырылу керек.

Басқа да факторлар.

Пациенттің емге реакциясын бағалау және артық дозалануды болдырмау үшін қан сарысуында ферритинді ай сайын бақылау ұсынылады. Жоғары дозалармен емделген кезеңдерде және қан сарысуындағы ферритин деңгейі нысаналы диапазонға жуықтағанда дозаны азайту немесе бүйрек, бауыр функциясын және қан сарысуындағы ферритин деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады. Егер қан сарысуындағы ферритин деңгейі 500 мкг/л мөлшерінен төмен (темірмен трансфузиялық шамадан тыс қанығу кезінде) немесе 300 мкг/л мөлшерінен төмен (трансфузияларға байланыссыз талассемия синдромдарында) тұрақты құлдыраса, емдеуді тоқтату мәселесін қарастыру керек.

Қан сарысуындағы креатинин, қан сарысуындағы ферритин және қан сарысуындағы трансаминазалар тестілерінің нәтижелерін тіркеу және үрдісін анықтау бойынша жүйелі бағалап отыру керек. Қорытындыларды пациент карточкасына да түсіру керек.

Жүрек дисфункциясы – темірдің ауыр артық жүктемесінің белгілі асқынуы. Деферазирокспен ұзақ уақыт емдеу кезінде темірдің ауыр артық жүктемесі бар пациенттерде жүрек функциясын тексеру керек.

Қосымша заттар

Индигокармин

Деферазирокс-Виста дәрілік препаратының құрамында балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған индигокармин бар.

Лактоза

Деферазирокс-Виста дәрілік препаратының құрамында лактоза бар. Аталған дәрілік препарат тұқым қуалайтын галактоза, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға қарсы көрсетілімді.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Деферазироксты басқа темір хелаторларымен біріктіріп қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Осылайша, оны басқа темір-хелатты емдермен біріктіруге болмайды.

Тағаммен өзара әрекеттесуі.

Деферазирокс, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларының Cmax мәні май мөлшері жоғары тамақ ішкенде (29%) артты. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды аш қарынға немесе күн сайын, дұрысы, белгілі бір уақытта жеңіл ас ішумен қабылдауға болады.

Деферазирокс-Виста жүйелік экспозициясын азайтуы мүмкін агенттер

Деферазизокс метаболизмі УДФ-глюкуронилтрансфераза ферменттеріне тәуелді. Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеу барысында деферазирокс (30 мг/кг бір реттік доза) және УДФ-глюкуронилтрансфераза қуатты индукторы - рифампицинді (600 мг/тәулік қайталама дозасы) бір мезгілде қолдану деферазирокс экспозициясының 44% дейін төмендеуіне әкелді (90% СА: 37-51%). Осылайша, деферазироксты УДФ-глюкуронилтрансфераза қуатты индукторларымен (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал, ритонавир) бір мезгілде қолдану деферазирокс тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Біріктірілімді қолдану кезінде және одан кейін пациенттің қан сарысуында ферритин мөлшерін бақылап отыру және қажет болса, дәрілік зат дозасын түзету керек. Холестирамин бауырішілік өтелу деңгейі анықталатын механизмдік зерттеуде деферазирокс экспозициясын едәуір төмендетті.

Мидазоламмен және CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа препараттармен өзара әрекеттесуі.

Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеу үдерісінде деферазирокс пен мидазоламды (CYP3A4 маркерлік субстраты) бір мезгілде қолдану мидазолам экспозициясының 17% дейін азаюына алып келді (90% СА: 8-26%). Клиникалық жағдайларда бұл әсері өте айқын білінуі мүмкін. Осылайша, тиімділігінің төмендеу мүмкіндігіне орай, деферазироксты CYP3A4 арқылы метаболизденетін заттармен (мысалы, циклоспорин, симвастатин, ұрықтануға қарсы гормондық дәрілер, бепридил, эрготамин) абайлап біріктіру керек.

Репаглинидпен және CYP2C8 арқылы метаболизденетін басқа агенттермен өзара әрекеттесуі.

Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеу үдерісінде CYP2C8 орташа тежегіші ретінде деферазироксты (тәулігіне 30 мг/кг) бір реттік 0,5 мг дозада қабылданған CYP2C8 субстраты - репаглинидпен бір мезгілде қолдану репаглинид AUC және Cmax мәнін, тиісінше, шамамен 2,3 есе (90% СА [2,032,63]) және 1,6 есе (90% СА [1,421,84]) арттырды. Репаглинидтің 0,5 мг-ден жоғары дозаларымен өзара әрекеттесуі анықталмағандықтан, деферазироксты репаглинидпен бір мезгілде қолданбау керек. Егер осындай біріктірілім қажет болса, мұқият клиникалық бақылау жүргізу және қандағы глюкозаны бақылау керек. Деферазирокс және паклитаксел сияқты басқа CYP2C8 субстраттары арасындағы өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды.

Теофиллинмен және CYP1A2 арқылы метаболизденетін басқа агенттермен өзара әрекеттесуі.

Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеу үдерісінде CYP1A2 тежегіші ретіндегі деферазироксты (30 мг/кг/тәулік қайталама доза) және CYP1A2 субстраты - теофиллинді (бір реттік 120 мг доза) бір мезгілде қолдану теофиллин AUC 84% дейін артуына (90% СА: 73%-дан 95% дейін) алып келді. Бір реттік дозаны қабылдау кезінде Cmax мәніне нұқсан келмеді, бірақ ұзақ уақыт қолдану кезінде теофиллин Cmax артуы күтіледі. Осылайша, деферазироксты теофиллинмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер деферазирокс пен теофиллин бір мезгілде қолданылса, теофиллин концентрациясын бақылап отыру және оның дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек. Деферазирокс пен басқа CYP1A2 субстраттары арасындағы өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды. Көбінесе CYP1A2 арқылы метаболизденетін және емдік индексі төмен заттарға (мысалы, клозапин, тизанидин) дәл теофиллин үшін ұсынылған нұсқаулар пайдаланылады.

Қосымша ақпарат

Дәрілік зат пен құрамында алюминий бар антацидті препараттарды бір мезгілде қолдану ресми зерттелмеді. Деферазирокстың алюминиймен тектестігі, темірге қарағанда, төменірек болса да, дәрілік затты құрамында алюминий бар антацидті дәрілік заттармен бірге қабылдау ұсынылмайды.

Деферазироксты ҚҚСП (жоғары дозалардағы ацетилсалицил қышқылын қоса), кортикостероидтар немесе пероральді бисфосфонаттар сияқты ульцерогенді қуаты белгілі заттармен бір мезгілде қолдану асқазан-ішектің уыттану қаупін арттыруы мүмкін. Дәрілік затты антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану асқазан-ішектен қан кету қаупін де арттыруы мүмкін. Деферазироксты осы заттармен біріктіру кезінде мұқият клиникалық бақылау қажет болады.

Деферазирокс пен бусульфанды бір мезгілде енгізу бусульфан AUC деңгейінің артуына алып келеді, бірақ өзара әрекеттесу механизмі түсініксіз күйде қалады. Егер мүмкін болса, дозаны түзетуді қамтамасыз ету үшін бусульфанның зерттелетін дозасының фармакокинетикасын (AUC, клиренс) бағалау керек.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Деферазирокс-Виста препаратын қабылдау балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік.

Деферазирокстың жүктілік ағымына ықпал етуі туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде аналық үшін уытты дозаларын енгізгенде тұқым өрбіту функциясына уытты әсері анықталмады. Адам үшін ықтималды қаупі белгісіз.

Алдын ала сақтандыру шарасы ретінде, егер тек осы үшін өмірлік маңызды көрсетілімдер болмаса, деферазирокс жүктілік кезеңінде қолдануға ұсынылмайды.

Дәрілік зат гормонды контрацептивтер тиімділігін төмендетуі мүмкін, сондықтан ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге деферазирокс қабылдау аясында контрацепцияның қосымша немесе баламалы гормондық емес түрлерін пайдалануға кеңес беріледі.

Бала емізу кезеңі.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде деферазирокстың емшек сүтіне тез және қарқынды бөлінетіні анықталды. Тұқымына әсері анықталмады. Деферазирокстың адамда ана сүтіне бөліну-бөлінбеуі белгісіз. Деферазирокспен емделу кезінде бала емізуге кеңес берілмейді.

Фертильділік.

Адамдағы фертильділік туралы деректер жоқ. Жануарларда еркектері мен ұрғашыларының фертильділігіне қолайсыз әсер етуі анықталмады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деферазирокс-Виста көлік құралдарын басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне мардымсыз әсер етеді.

Қолайсыз әсерін, бас айналуын сезінетін пациенттер көлік жүргізуден және басқа механизмдермен жұмыс істеуден бас тартуы тиіс.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Деферазирокспен бастапқы және демеуші емді темірмен созылмалы шамадан тыс қанығуды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер жүргізуі тиіс.

Дозалау режимі

Темірмен трансфузиялық шамадан тыс қанығу.

Шамамен 20 бірлік (≈100 мл/кг) эритроцитарлық массаны (эр. масса) трансфузиялаудан кейін немесе темірмен созылмалы шамадан тыс қанығуды айғақтайтын (мысалы, қан сарысуындағы ферритиннің > 1000 мкг/л концентрациясында) клиникалық бақылау деректері болса, емдеуді бастауға кеңес беріледі. Дозаларын (мг/кг) есептеу және тұтас таблетканы жуық дозалауға дейін дөңгелектеу керек.

Темір-хелатты емнің мақсаты трансфузия кезінде енгізілген темірді шығару, ал қажет болса, ағымдағы темір концентрациясын төмендету болып табылады.

Пациенттерде темірдің артық жүктемесінің қауіптерін барынша азайту үшін хелаторлық ем кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Ұсынылған дозалар төмендегі кестеде келтірілген.

Қан трансфузиялары нәтижесінде темірмен шамадан тыс қанығу кезінде ұсынылатын дозалар.

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Трансфузиялар

Қан сарысуын-дағы ферритин деңгейлері

Бастапқы доза

тәулігіне

14 мг/кг

20 бірліктен кейін (100 мл/кг жуық) (эр.масса)

немесе

> 1,000 мкг/л

Баламалы бастапқы дозалар

тәулігіне

21 мг/кг

> 14 мл/кг/ай эр.масса (ересектер үшін шамамен

> 4 бірлік/ай)

тәулігіне

7 мг/кг

< 7 мл/кг/ай эр.масса (ересектер үшін шамамен

< 2 бірлік/ай)

Дефероксаминмен ем тиімді болған пациенттер үшін.

дефероксамин дозасының

1/3 бөлігі

Мониторинг

Ай сайын

Нысаналы диапазон

500-1,000 мкг/л

Дозаны түзету сатылары

(әр 3-6 ай сайын)

Дозаны арттыру

> 2,500 мкг/л

тәулігіне 3,5 -7 мг/кг

тәулігіне 28 мг/кг дейін

Дозаны азайту

3,5-7 мг/кг/тәулік

< 2,500 мкг/л

Тәулігіне > 21 мг/кг дозаларды қолданған пациенттерде

Нысаналы диапазонға қол жеткізілді.

500-1,000 мкг/л

Ең жоғары доза

Тәулігіне 28 мг/кг

Емдеуді тоқтата тұру есебімен

< 500 мкг/л

Бастапқы дозалау.

Деферазирокс-Виста, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалардың ұсынылатын бастапқы тәуліктік дозасы дене салмағына 14 мг/кг құрайды.

Организміндегі темірдің жоғары деңгейлерін төмендетуді талап ететін және 14 мл/кг/айдан көп эритроцитарлық масса (ересек пациент үшін шамамен > 4 бірлік/ай) алатын пациенттер үшін бастапқы тәуліктік доза 21 мг/кг құрауы мүмкін.

Организміндегі темірдің жоғары деңгейлерін төмендету қажет болмайтын және 7 мл/кг/айдан аз эритроцитарлық масса (ересек пациент үшін шамамен < 2 бірлік/ай) алатын пациенттер үшін бастапқы тәуліктік доза 7 мг/кг құрауы мүмкін.

Пациент реакциясын бақылап отыру және егер жеткілікті тиімділігіне қол жеткізілмесе, дозаны арттыру мүмкіндігін қарастыру қажет. Дефероксаминмен емдеуге клиникалық жауабы жақсы болған пациенттерге дефероксамин дозасының 1/3 бөлігін құрайтын деферазирокс бастапқы дозасын тағайындауға болады (мысалы, 5 күн бойы 40 мг/кг/тәулік дозада дефероксамин алған пациентті Деферазирокс-Вистаның тәулігіне 14 мг/кг бастапқы тәуліктік дозасына ауыстыруға болады). Егер тәуліктік доза дене салмағына 14 мг/кг-ден аз құраса, пациенттің клиникалық жауабын бақылап отыру және егер жеткілікті әсерге қол жеткізілмесе, дозаны арттыру мүмкіндігін қарастыру қажет.

Дозаны түзету.

Қан сарысуында ферритин деңгейін ай сайын бақылап отыру, ал қажет болса, қан сарысуындағы ферритин деңгейінің өзгерістері негізінде әр 3-6 ай сайын деферазирокс дозасын түзету ұсынылады. Дозаны түзетуді пациенттің жеке реакциясына және емдік мақсаттарға (темір деңгейін сақтау немесе төмендету) сәйкес 3,5-7 мг/кг мөлшеріне сатылап жүзеге асыру керек. Осы дәрілік затты 21 мг/кг дозада қолдану қажетті бақылауды қамтамасыз етпейтін (мысалы, қан сарысуындағы ферритин деңгейі 2500 мкг/л мөлшерінен тұрақты асып кететін және уақыт өте төмендеу үрдісі анықталмайтын) пациенттер үшін дозаны 28 мг/кг дейін қолдануға болады. Деферазирокстың 30 мг/кг-ден астам дозаларда қолдану кезіндегі ұзақ мерзімді тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректер әлі күнге дейін шектеулі (дозаны арттырудан кейін 264 пациентті қадағалау, орта есеппен, 1 жыл бойы жүзеге асты).

21 мг/кг дейінгі дозада гемосидерозды бақылау өте қанағаттанғысыз болған жағдайда одан әрі арттыру (көп дегенде, 28 мг/кг доза) қанағаттанарлық бақылауды қамтамасыз етпеуі мүмкін және баламалы емдеу нұсқаларын қарастыруға болады.

Егер 21 мг/кг мөлшерінен көп дозалармен қанағаттанарлық бақылау қамтамасыз етілмесе, емдеуді ондай дозалармен жалғастыруға болмайды және баламалы емдеу нұсқаларын қарастыру керек. Қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, дәрілік затты 28 мг/кг мөлшерінен көп дозада тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік затты 21 мг/кг мөлшерінен көп дозада қолданып жүрген пациенттерге бақылануына қол жеткізумен (мысалы, қан сарысуындағы ферритин деңгейлері тұрақты түрде 2 500 мкг/л-ден төмен болса және уақыт өтуімен төмендеу үрдісі анықталса) дозаны сатылап 3,5-7 мг/кг төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Қан сарысуындағы ферритин деңгейі қажетті (әдетте, 500 және 1 000 мкг/л арасындағы) деңгейге жеткен пациенттерге дозаны 3.5-тен бастап 7 мг/кг дейін біртіндеп төмендету керек. Бұл қан сарысуында ферритин деңгейін сақтап тұру және темірдің артық жүктемесінің қауіптерін барынша азайту үшін қажет.

Егер қан сарысуындағы ферритин деңгейі 500 мкг/л мөлшерінен аз мәнге дейін бірізді төмендесе, емдеуді тоқтату керек.

Трансфузияға байланыссыз талассемия синдромдары.

Хелатты емді темірмен шамадан тыс қанығу кезінде ғана бастау керек (бауырдағы темір концентрациясы [LIC] ≥ 5 мг Fe/г құрғақ салмағы [dw] немесе қан сарысуындағы ферритин деңгейлері тұрақты түрде > 800 мкг/л). LIC көрсеткіші темірмен шамадан тыс қанығуды анықтау үшін басым мән иеленеді және егер бұл мүмкін болса, пайдаланылуы тиіс. Хелаттармен шамадан тыс қанығу қаупін барынша азайту үшін барлық пациентте хелатты ем жүргізу кезінде сақ болу керек.

Ұсынылатын дозалар төмендегі кестеде көрсетілген.

Трансфузияға байланыссыз талассемия синдромында ұсынылатын дозалар.

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Бауырдағы темір концентрациясы (LIC)*

Қан сарысуындағы ферритиндеңгейлері

Бастапқы доза

Тәулігіне 7 мг/кг

≥ 5 мг темірқұрғақ салмағы

немесе

> 800 мкг/л

Бақылау

Ай сайын

Дозаны түзету сатылары

(әр 36 ай сайын)

Тәулігіне 3,57 мг/кг дозаны арттыру

≥ 7 мг темірқұрғақ салмағы

немесе

> 2000 мкг/л

Тәулігіне 3,57 мг/кг дозаны азайту

< 7 мг темірқұрғақ салмағы

немесе

≤ 2000 мкг/л

Ең жоғары доза

Ересектер үшін

тәулігіне 14 мг/кг

Ересектер үшін тәулігіне 7 мг/кг

Бағаланбады

және

≤ 2000 мкг/л

Емдеуді тоқтата тұру

< 3 мг темірқұрғақ салмағы

немесе

< 300 мкг/л

Емдеуді қалпына келтіру

Ұсынылмайды

* LIC бауырдағы темір концентрациясын анықтау темірмен шамадан тыс қанығу деңгейін анықтаудың ұтымды әдісі болып табылады.

Бастапқы дозалау.

Трансфузияға байланыссыз талассемия синдромдарымен пациенттерге ұсынылатын деферазирокстың бастапқы тәуліктік дозасы дене салмағына 7 мг/кг құрайды.

Дозаны түзету.

Пациенттің емге реакциясын бағалау және хелаттармен шамадан тыс қанығу қаупін барынша азайту үшін қан сарысуындағы ферритин деңгейін ай сайын бақылап отыруға кеңес беріледі.

Егер пациентте LIC көрсеткіші ≥ 7 мг Fe/г құрғақ салмағын көрсетсе немесе қан сарысуындағы ферритин деңгейлері тұрақты түрде > 2000 мкг/л болса және уақыт өтуімен төмендеу үрдісі анықталса, ал пациент үшін дәрілік зат жағымдылығы жақсы болса, 36 ай емделуден соң дозаны 3,5-7 мг/кг мөлшеріне сатылы арттырудың мақсатқа сай болуын қарастыру керек. Трансфузияға байланыссыз талассемия синдромдарымен пациенттерге осы деңгейден жоғары дозаларын қолдану тәжірибесі болмағандықтан, дәрілік затты 14 мг/кг мөлшерінен жоғары дозаларда тағайындау ұсынылмайды.

LIC көрсеткіші анықталмаған, ал қан сарысуындағы ферритин деңгейі ≤ 2000 мкг/л ересек пациенттерде дозалар 7 мг/кг мөлшерінен аспауы тиіс.

Доза > 7 мг/кг дейін арттырылған пациенттер үшін LIC көрсеткіші < 7 мг Fe/г құрғақ салмағын құрағанда немесе қан сарысуындағы ферритин деңгейі ≤ 2000 мкг/л болғанда, дозаны 7 мг/кг дейін немесе одан аз төмендетуге кеңес беріледі.

Емдеуді тоқтату.

Организмдегі темірдің қанағаттанарлық деңгейіне жетуден кейін (LIC көрсеткіші < 3 мг Fe/г құрғақ салмағы немесе қан сарысуындағы ферритин деңгейлері < 300 мкг/л) емдеуді тоқтату керек. Организмдегі темірдің қанағаттанарлық деңгейіне жетуден кейін темірдің қайта жиналуы байқалатын пациенттерді қайталап емдеу деректері жоқ, демек, қайтадан емдеуді ұсынуға болмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер ( 65 жастан асқан).

Егде жастағы пациенттер үшін дозалау жөніндегі нұсқаулар жоғарыда сипатталғанымен бірдей. Зерттеулер үдерісінде егде жастағы пациенттерде жағымсыз реакциялар (атап айтқанда, диарея) жиілігі, жасырақ пациенттерге қарағанда, өте жоғары болды, сондықтан дозаны түзету қажет болуы мүмкін жағымсыз құбылыстарды мұқият қадағалау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер.

Бүйрек дисфункциясы бар пациенттерге деферазирокс қолдану зерттелмеген, ал креатинин клиренсі < 60 мл/мин пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Дәрілік затты бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Бауыр функциясының орташа бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша B класы) бар пациенттерге доза одан әрі үдемелі арттырылумен 50% шегіне дейін едәуір төмендетілуі тиіс. Осындай пациенттерде дәрілік затты сақтықпен қолдану керек. Барлық пациентте алғашқы ай ішінде әр 2 апта сайын, ал одан кейін ай сайын бауыр функциясын бақылап отыру керек.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді қолдану үшін.

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды сумен іше отырып, тұтастай жұту керек. Бүтін таблеткаларды жұтуға қабілетсіз пациенттер үшін оларды ұсақтауға және жұмсақ тағамға, мысалы, йогурт немесе алма езбесіне қосуға болады. Дәрілік затты дереу және толық тұтыну керек, әрі қарай қолдану үшін сақтауға болмайды.

Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі

Күніне 1 рет, дұрысы, күн сайын белгілі бір уақытта қолдану керек, оларды аш қарынға немесе жеңіл ас ішумен қабылдауға болады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын дәрігер белгілейді

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Жедел артық дозаланудың ерте белгілері – бұл іштің ауыруы, диарея, жүрек айну және құсу сияқты ас қорыту жолы тарапынан болатын әсерлер. Бауыр ферменттері мен креатинин деңгейінің емдеуді тоқтатудан кейін қалып шегіне оралатын жағдайларын қоса, бауыр және бүйрек бұзылулары жөнінде мәлімделді. Қате енгізілген бір реттік 90 мг/кг доза емдеуден кейін басылатын Фанкони синдромына әкелді.

Деферазирокспен артық дозалану кезінде спецификалық антидот жоқ. Артық дозалануды емдеудің стандартты шараларын, сонымен қатар, егер бұл мақсатқа сай болса, симптоматикалық емдеуді пайдалануға болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Аталған дәрілік затқа қатысты емес.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Аталған дәрілік затқа қатысты емес.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Препаратты үнемі қосымша парақпен немесе емдеуші дәрігер ұсынымдарымен толық сәйкестікте қабылдаңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Қауіпсіздік бейін түйіндемесі

Деферазирокспен емдеу кезінде бәрінен жиірек АІЖ тарапынан болатын қолайсыз реакциялар: негізінен жүрек айну, құсу, диарея немесе іштің ауыруы және терідегі бөртпе хабарланды. Диарея егде жастағы адамдарда жиірек кездеседі. Бұл реакциялар дозаға тәуелді, әлсіз немесе орташа білінетін сипатта болады; жағдайлардың көпшілігінде олар тіпті дәрілік затты қолдануды жалғастыру кезінде басылады.

Дәрілік затты қолдану кезінде Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN) және эозинофилиямен әрі жүйелік көріністермен (DRESS) қатар жүретін қолайсыз реакцияны қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) туралы хабарланды.

Өте жиі:

қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

Жиі:

бас ауыру

диарея

іш қату

құсу

жүрек айну

іштің ауыруы

іштің кебуі

диспепсия

трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

бөртпе

қышыну

протеинурия

Жиі емес:

мазасыздық

ұйқының бұзылуы

бас айналу

катаракта

макулопатия

кереңдік

көмейдің ауыруы

асқазан-ішектен қан кету

асқазан ойық жарасы (көптеген ойық жараларды қоса)

он екі елі ішек ойық жарасы

гастрит

гепатит

өт-тас ауруы

пигментация бұзылуы

өзекшелер функциясының бұзылысы (жүре пайда болған Фанкони синдромы)

глюкозурия

дене температурасының көтерілуі

ісіну

шаршау

Сирек:

көру жүйкесінің невриті

өңеш қабынуы

эозинофилиямен әрі жүйелік көріністермен (DRESS) қатар жүретін қолайсыз реакция

Жиілігі белгісіз

панцитопения

тромбоцитопения

анемияның күшеюі

нейтропения

аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксия мен ангионевроздық ісінуді қоса)

метаболизмдік ацидоз

асқазан-ішек жолының тесілуі

жедел панкреатит

бауыр жеткіліксіздігі

Стивенс-Джонсон синдромы

гиперсенситивтік васкулит

есекжем

мультиформалы эритема

алопеция

уытты эпидермалық некролиз (УЭН)

бүйректің жедел жеткіліксіздігі

тубулоинтерстициальді нефрит

нефролитиаз

жедел тубулярлы некроз

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Жағдайлардың 2%-да өт тастары және олармен байланысты өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар тіркелген. Жағдайлардың 2%-да да бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы байқалды. Кейде (жағдайлардың 0,3%-ы) бауыр трансаминазалары деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 10 еседен артық жоғарылауы байқалды, бұл гепатит дамуын айғақтайды. Бауыр жеткіліксіздігінің, кейде өліммен аяқталатын түрінің, әсіресе, бауыр циррозы бұрыннан бар пациенттерде дамыған жағдайлары хабарланды. Билиарлы жүйенің құжат жүзінде расталған қатарлас ауруларынсыз күрделі жедел панкреатит дамыған жағдайлар байқалды. Темірдің басқа хелаторларын қолдану кезіндегі сияқты, естімей қалу мен көз бұршағы бұлыңғырлануының (ерте катаракта) жоғары жиілігі жөнінде мәлімделді.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 180 мг, 360 мг деферазирокс

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (101 тип), повидон К-30, кросповидон (В типі), полоксамер 188,

экстратүйіршіктелген қабат: микрокристалды целлюлоза (102 тип), кросповидон (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Үлбірлі жабын: гипромеллоза (Е 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, индигокармин алюминий бояғышы (Е 132).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

180 мг доза. Көгілдір түсті, сопақша, екі беті дөңес, бір жағында «D7FX» және екінші жағында «180» өрнегі бар үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

360 мг доза. Көк түсті, сопақша, екі беті дөңес, бір жағында «D7FX» және екінші жағында «360» өрнегі бар үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлорид/поливинилиденхлорид (PVC/PVDC) үлбірінен және алюминий фольгадан немесе полиамид/алюминий фольга/поливинилхлоридке (oPA/Al/PVC) икемделген үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 немесе 9 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Синтон Чили Лтда.

Эль Кастаньо № 145 Валье Гранде, Лампа, Сантьяго, Чили

телефон нөмірі: +34 936401516

электрондық пошта: info@synthon.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

МИСТРАЛ КЭПИТЭЛ МЭНЕДЖМЕНТ ЛИМИТЕД

9 Уитмор Мэнор Клоуз, Ковентри, Англия, CV6 2PH, Ұлыбритания

телефон нөмірі: +447872326293, +44 192 693 5385

электрондық пошта: info@mistral.capital

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Jetcross» (Джеткросс) ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ. Тимирязев көш. 42,

15/1 павильон, 1 кеңсе

телефон нөмірі: +7 708 591 0281

электрондық пошта: elmira_tavieva@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Nur Business Consulting» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Қазыбек би көш., 22,

304 кеңсе

телефон нөмірі: +7 708 930 1280

электрондық пошта: pharmacovigilancenbc@gmail.com;

nurbusinessconsulting@gmail.com

Прикрепленные файлы

ЛВ_рус_чистовой_вариант.docx 0.07 кб
Деферазирокс_ЛВ_27.05_.2024_._.docx 0.09 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники