Дефежакт (Деферазирокс)

МНН: Деферазирокс
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Deferasirox
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026016
Информация о регистрации в РК: 06.10.2022 - 06.10.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Дефежакт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Деферазирокс

Дәрілік түрі, дозалануы

Ұсақталатын таблеткалар, 125 мг, 250 мг, 500 мг.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Темірді байланыстыратын препараттар. Деферазирокс

АТХ коды V03AC03

Қолданылуы

Дефежакт 6 жастағы және одан асқан бета-талассемиясы бар пациенттерде қанның көп реттік трансфузиясы (айына ≥ 7 мл/кг эритроциттік масса) салдарынан созылмалы темірдің артық жүктелуін емдеу үшін көрсетілген.

Дефежакт дефероксаминмен жүргізілетін ем қарсы көрсетілімді немесе пациенттердің келесі топтарында талапқа сай емес болған жағдайда, гемотрансфузия салдарынан созылмалы темірдің артық жүктелуін емдеу үшін де көрсетілген:

- жиі қан құю салдарынан созылмалы темірдің артық жүктелуімен бета-талассемияға шалдыққан 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде (айына ≥7 мл/кг эритроциттік масса);

- жиі емес қан құю салдарынан темірдің артық жүктелуімен бета-талассемияға шалдыққан 2 жастағы және одан асқан пациенттерде (айына <7 мл/кг эритроциттік масса);

- 2 жастағы және одан асқан басқа анемиясы бар пациенттерде.

Дефежакт сонымен қатар кешен түзуші ем қажет болған, ал дефероксаминмен емдеу 10 жастағы және одан асқан трансфузиялық-тәуелсіз талассемиялық синдромы бар пациенттерде қарсы көрсетілімді немесе жеткіліксіз болған жағдайларда созылмалы темірдің артық жүктелуін емдеу үшін көрсетілген.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- темірдің артық жүктелу басқа хелаторлық емімен біріктіру, себебі мұндай біріктірілімнің қауіпсіздігі әлі анықталған жоқ;

- есептік креатинин клиренсі < 60 мл/мин болатын пациенттер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Деферазирокс қан сарысуындағы креатининнің бастапқы деңгейі бар пациенттерде жас қалып шегінде ғана зерттелген. Клиникалық зерттеулер кезінде сарысудағы креатинин деңгейінің >33% жоғарылауы бірізді ≥ 2 жағдайда, кейде қалыпты ауқымының жоғарғы шегінен асып кетсе, пациенттердің шамамен 36% - ында байқалды. Олар дозаға тәуелді болды. Сарысудағы креатинин деңгейі жоғарылаған пациенттердің шамамен үштен екісінде креатинин деңгейі дозаны түзетусіз 33% - дан төмен болды. Қалған үштен бір бөлігінде сарысулық креатининнің ұлғаюы дозаның төмендеуіне немесе тоқтатылуына әрдайым әсер еткен жоқ. Кейбір жағдайларда дозаны төмендеткеннен кейін сарысу креатинині мәндерінің тұрақтануы ғана байқалды. Деферазирокс маркетингтен кейінгі қолданудан соң бүйректің жедел жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды. Кейбір маркетингтен кейінгі жағдайларда бүйрек функциясының нашарлауы уақытша немесе тұрақты диализді талап ететін бүйрек жеткіліксіздігіне әкеп соқты

Сарысудағы креатинин деңгейінің жоғарылау себептері анықталған жоқ. Бүйрек функциясын тежейтін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде және Дефежакт препаратының жоғары дозаларын алатын және/немесе аз көлемде (айына < 7 мл/кг эритроциттік масса немесе ересек адам үшін < 2 бірлік/айына) қан құюды бастан өткеретін пациенттерде қан сарысуындағы креатинин деңгейінің мониторингіне ерекше назар аудару қажет. Клиникалық зерттеулерде дозаны 30 мг/кг-ға дейін арттырғаннан кейін жағымсыз реакциялардың туындау жиілігінің жоғарыламағанына қарамастан, Дефежакт препаратының 30 мг/кг-нан жоғары дозалары кезінде бүйрек жағымсыз реакцияларының туындау қаупінің жоғарылығы жоққа шығарылмайды.

Емдеуді бастамас бұрын қан сарысуындағы креатинин деңгейін екі рет тексеру ұсынылады. Қан сарысуындағы креатинин деңгейі, креатинин клиренсі (ересектердегі Кокрофт-Голт немесе MDRD формуласы бойынша және балалардағы Шварц формуласы бойынша бағаланатын) және/немесе қан плазмасындағы С цистатин деңгейі ем басталар алдында, апта сайын Дефежакт препаратымен емдеу басталғаннан немесе өзгергеннен кейінгі бірінші айда, содан кейін ай сайын бақылануы тиіс. Бүйрек аурулары бар пациенттер мен бүйрек функциясын басатын препараттарды қабылдаған пациенттер асқыну қаупіне көбірек ұшырауы мүмкін. Диареяға немесе құсуға шалдыққан пациенттерде жеткілікті гидратацияны қамтамасыз ету қажет.

Деферазирокспен емдеу кезінде пайда болатын метаболизмдік ацидоз туралы тіркеуден кейінгі хабарламалар болды. Бұл пациенттердің көпшілігінде бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек тубулопатиясы (Фанкони синдромы) немесе диарея немесе қышқылды-негізді теңгерімсіздік белгілі асқыну болған жағдайлар болды. Қышқылды-негізді теңгерімді пациенттердің осы топтарында бақылау керек. Метаболизмдік ацидозы бар пациенттерде Дефежакт препаратымен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Деферазирокс қабылдаған пациенттерде, негізінен балаларда, бүйрек тубулопатиясының ауыр түрлері (Фанкони синдромы сияқты) және гипераммониемиялық энцефалопатия аясында сананың өзгеруіне байланысты бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары хабарланды. Гипераммониемиялық энцефалопатияға күдіктену және деферазирокспен емдеу кезінде психикалық жай-күйінің түсініксіз өзгерістері дамитын пациенттерде аммиак деңгейін өлшеу ұсынылады.

Бүйрек функциясының мониторингі кезінде дозаны түзету және емдеуді тоқтату

Қан сарысуындағы креатинин деңгейі

Креатинин клиренсі

Емдеуді бастамас бұрын

Екі рет (2x)

және

Бір рет (1x)

Қарсы көрсетілімді

<60 мл / мин

Мониторинг

- Ем басталғаннан немесе доза өзгергеннен кейінгі бірінші ай (рецептураның өзгеруін қоса алғанда)

Апта сайын

және

Апта сайын

- Кейіннен

Ай сайын

және

Ай сайын

Тәуліктік дозаны тәулігіне 10 мг/кг-ға төмендету (дәрілік түрі ұсақталатын таблеткалар), егер жүйелі екі келу кезінде басқа себептерге қатысы болуы мүмкін емес бүйректің мынадай параметрлері байқалса

Ересек пациенттер

Балалар

Емдеуге дейінгі орташа деңгейден >33% жоғары

> ҚЖШ жасына сәйкес келеді *

және

және/немесе

Төмендеу <ҚТШ* (<90 мл/мин)

Төмендеу <ҚТШ* (<90 мл/мин)

Дозаны төмендеткеннен кейін емдеуді тоқтатыңыз, егер

Ересек пациенттер мен балалар

Емдеуге дейінгі орташа деңгейден >33%-ға жоғары қалса

және/немесе

Төмендеу <ҚТШ* (<90 мл/мин)

*ҚТШ: қалыпты ауқымның төменгі шегі

*ҚЖШ: қалыпты ауқымның жоғарғы шегі

Емдеу жеке клиникалық жағдайларға байланысты жаңартылуы мүмкін.

Егер бүйрек өзекшелерінің функциясы маркерлерінің деңгейінде және/немесе клиникалық көрсетілімдер бойынша ауытқулар пайда болса, дозаны төмендету немесе емдеуді тоқтатуды қарастыруға болады:

Протеинурия (тест емге дейін және одан кейін ай сайын жүргізілуі керек)

Диабетпен ауырмайтын тұлғалардағы глюкозурия және сарысудағы калийдің, фосфаттың, магнийдің немесе ураттың төмен деңгейі, фосфатурия, аминоацидурия (қажеттілігіне қарай бақыланады). Бүйрек тубулопатиясы негізінен деферазирокс қабылдаған бета-талассемиясы бар балалар мен жасөспірімдерде байқалды.

Пациенттерді нефрологқа жіберу керек және егер дозаның төмендеуіне және емдеудің үзілуіне қарамастан келесі жағдайлар орын алса, қосымша мамандандырылған зерттеулерді (бүйрек биопсиясы сияқты) жүргізу мүмкіндігін қарастыруға болады:

Сарысу креатинині айтарлықтай жоғары болып қалған және

Бүйрек функциясының басқа маркерінің тұрақты бұзылуы (мысалы, протеинурия, Фанкони синдромы).

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Деферазирокс қабылдайтын пациенттерде бауыр сынамаларының жоғарылауы жағдайлары байқалды. Кейде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігінің тіркеуден кейінгі жағдайлары деферазирокс қабылдаған пациенттерде тіркелген.

Деферазирокс алған пациенттерде функционалдық бауыр сынамалары көрсеткіштерінің жоғарылауы байқалды. Нарыққа шыққаннан кейін бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары байқалды, олардың кейбіреулері өліммен аяқталды. Гипераммониемиялық энцефалопатия тұрғысынан сананың өзгеруіне байланысты ауыр түрлері деферазирокспен емделетін пациенттерде пайда болуы мүмкін. Гипераммониемиялық энцефалопатияны ескеру және деферазирокспен емдеу кезінде психикалық жай-күйінің түсініксіз өзгерістері дамитын пациенттерде аммиак деңгейін өлшеу ұсынылады. Сусыздану (мысалы, диарея немесе құсу) байқалатын пациенттерде гидратацияның жеткілікті деңгейін ұстап тұру жайлы қамдану қажет. Бауыр функциясының бұзылуы туралы хабарламалардың көпшілігі бар бауыр циррозын қоса алғанда, ауыр ауруларға шалдыққан пациенттерге жатқызылды. Дегенмен, деферазирокс препаратының ықпал етуші немесе қоздырушы фактор ретіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды.

Сарысулық трансаминазалардың, билирубиннің және сілтілі фосфатазаның деңгейін емдеу басталғанға дейін, емдеудің бірінші айында әр 2 апта сайын, содан кейін ай сайын тексеру ұсынылады. Басқа себептермен түсіндіруге болмайтын сарысулық трансаминазалар деңгейінің тұрақты және прогрессивті жоғарылауы болған кезде Дефежакт препаратымен емдеуді тоқтату керек. Бауыр функциясын талдау нәтижелерінің ауытқу себебі анықталғаннан кейін немесе деңгейлер қалыпты мәндерге оралғаннан кейін емдеуді біртіндеп арттыра отырып, ең төменгі дозадан абайлап қайта бастау қарастырылуы мүмкін.

Дефежакт препараты бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге (Чайлд-Пью бойынша С класы) ұсынылмайды.

Қауіпсіздікті бақылау бойынша ұсыныстарға шолу

Талдау

Өткізу жиілігі

Қан сарысуындағы креатинин

Емдеуді бастамас бұрын екі рет. Апта сайын емдеудің бірінші айында және дозаны өзгерткеннен кейінгі бірінші айда, содан кейін ай сайын.

Креатинин клиренсі және/немесе қан плазмасының цистатин С

Емдеуді бастамас бұрын. Апта сайын емдеудің бірінші айында және дозаны өзгерткеннен кейінгі бірінші айда, содан кейін ай сайын.

Протеинурия

Емдеуді бастамас бұрын, содан кейін ай сайын.

Бүйрек өзекшелерінің басқа маркерлері (қант диабетіне шалдықпаған тұлғалардағы глюкозурия және қан сарысуындағы калий, фосфат, магний немесе ураттардың төмен деңгейі, фосфатурия, аминоацидурия)

Қажеттілігіне қарай.

Қан сарысуындағы трансаминазалар, билирубин, сілтілі фосфотаза

Емдеуді бастамас бұрын. Емдеудің бірінші айында әр 2 апта сайын, содан кейін ай сайын.

Есту және көру мүшелерінің талдаулары

Емдеуді бастамас бұрын, содан кейін жыл сайын.

Дене салмағы, бойы және жыныстық дамуы

Емдеуді бастамас бұрын, содан кейін жыл сайын балаларда.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы қысқа пациенттерде (мысалы, миелодиспластты синдромдардың қаупі жоғары), әсіресе қатарлас аурулар жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін жағдайларда, Дефежакт препаратының пайдасы шектеулі және қауіптерге қарағанда төмен болуы мүмкін. Осы себепті мұндай пациенттерде Дефежакт препаратымен емдеу ұсынылмайды.

Жағымсыз реакциялардың (атап айтқанда, диареяның) пайда болуының анағұрлым жоғары жиілігіне байланысты егде жастағы пациенттерді емдеу кезінде сақ болу қажет.

Қан құюға тәуелді емес талассемиясы бар балаларға арналған деректер өте шектеулі. Демек, Дефежакт препаратымен емдеу жағымсыз реакцияларды анықтау және балалардағы темірмен артық қанығуды бақылау үшін мұқият бақылануы тиіс. Сонымен қатар, қан құюға және темірдің ауыр артық жүктелуіне байланысты емес талассемиясы бар балаларды Дефежакт препаратымен емдеудің алдында дәрігер мұндай пациенттерді ұзақ мерзімді емдеудің салдары қазіргі уақытта белгісіз екенін ескеруі керек.

Асқазан-ішек жолы

Балалар мен жасөспірімдерді қоса алғанда, деферазирокс қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдерінің ойық жаралануы және қан кету байқалған. Кейбір пациенттерде көптеген ойық жаралар пайда болды. Ас қорыту жолдарының тесілуімен асқынған ойық жаралардың пайда болуы туралы хабарламалар бар. Сондай-ақ, әсіресе қатерлі гематологиялық аурулары бар және/немесе тромбоциттер саны аз, егде жастағы пациенттерде өліммен аяқталған, асқазан-ішектен қан кету туралы хабарламалар болды. Дәрігерлер мен пациенттер деферазирокспен емдеу кезінде асқазан-ішек жолынан ойық жараның және қан кетудің белгілері мен симптомдарын білуі және ауыр асқазан-ішек жағымсыз реакциясына күдік болған кезде қосымша бағалау мен емдеуді уақтылы жүргізуі тиіс. Дефежакт препаратын ішке қабылдау үшін ҚҚСП, кортикостероидтар немесе бисфосфонаттар сияқты ульцерогенді әлеуеті бар заттармен бірге қабылдайтын пациенттерде, антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде және тромбоциттер саны 50000/мм3 (50 x 109/л) төмен пациенттерде сақ болу қажет.

Тері тарапынан бұзылулар

Деферазирокспен емдеу кезінде тері бөртпесі пайда болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда бөртпе өздігінен кетеді. Емдеуді тоқтата тұру қажет болған жағдайда, оны кейіннен арттыра отырып, неғұрлым төмен дозаны қолдана отырып, бөртпе басылғаннан кейін қалпына келтіруге болады. Ауыр жағдайларда емдеуді қайта бастау пероральді стероидтерді қолданудың қысқа кезеңімен бірге жүргізілуі тиіс. Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді және өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге әкеп соғуы мүмкін эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS-синдром) дәрілік реакцияны қоса алғанда, терінің басқа да аса ауыр реакцияларының туындағаны туралы хабарланды. Терінің ауыр реакцияларына күдік туындаған жағдайда Дефежакт препаратын қолдануды дереу тоқтату және емдеуді қайта бастамау керек. Препаратты тағайындау кезінде пациенттер терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болып, оларды мұқият қадағалап отыруы керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Деферазирокс алған пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың (анафилаксия және ангионевроздық ісіну сияқты) ауыр реакцияларының жағдайлары емнің бірінші айы ішінде көп жағдайда өтетін жағдайлары туралы хабарланды. Осындай аса жоғары сезімталдық реакциялары туындаған кезде Дефежакт препаратын тоқтату және тиісті медициналық араласымды бастау керек. Анафилаксиялық шоктың даму қаупі себебінен аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттерде деферазирокс қолдануды қайта бастауға болмайды.

Көру және есту

Есту (есту қабілетінің төмендеуі) және көру қабілетінің бұзылуы (көз бұршағының бұлыңғырлануы) туралы хабарланды. Емдеуді бастар алдында және кейіннен тең уақыт аралықтары арқылы (әрбір 12 ай сайын) есту және көру қабілетін тексеруді (көз түбін қоса алғанда) жүргізу ұсынылады. Емдеу барысында бұзылулар анықталған кезде дозаны төмендету немесе емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Қан түзу жүйесінің тарапынан бұзылулар

Деферазирокс алған пациенттерде лейкопения, тромбоцитопения немесе панцитопения (немесе осы цитопения ауырлығының артуы) және анемияның ауырлығының күшеюі туралы тіркеуден кейінгі хабарламалар болды. Бұл пациенттердің көпшілігінде көбінесе сүйек кемігінің бұзылуымен байланысты бұрын гематологиялық бұзылулар болған. Алайда, деферазирокс ықпал ететін немесе ауырлататын фактор ретіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды. Түсіндірілмейтін цитопения дамыған пациенттерде емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Басқа бұзылулар

Пациенттің емге жауабын бағалау және аса жоғары хелаттануды болдырмау үшін қан сарысуындағы ферритин деңгейіне ай сайын мониторинг жүргізу ұсынылады. Дозаны төмендету немесе бүйрек пен бауыр функциясының, сондай-ақ сарысудағы ферритин деңгейінің анағұрлым мұқият мониторингі жоғары дозалармен емдеу кезеңінде және сарысудағы ферритин деңгейі нысаналы ауқымға жақын болған кезде ұсынылады. Егер сарысудағы ферритин деңгейі 500 мкг/л-ден едәуір төмен түссе (трансфузиялық темірдің артық жүктелуі кезінде) немесе 300 мкг/л-ден төмен болса (қан құюға байланысты емес талассемия синдромында), емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Қан сарысуындағы креатинин, ферритин және трансаминазалар деңгейлерін талдау нәтижелері тіркелуі және динамикада тұрақты бағалануы тиіс.

Трансфузиялық темірдің артық жүктелуі бар балаларды емдеу кезінде жалпы сақтық шарасы ретінде емдеуді бастар алдында және тұрақты уақыт аралығында (әрбір 12 ай сайын) дене салмағын, бойын және жыныстық дамуын бақылау керек.

Жүрек функциясының бұзылуы ауыр темірдің артық жүктелу белгілі асқынуы болып табылады. Дефежакт препаратымен ұзақ мерзімді емдеу кезінде ауыр темірдің артық жүктелуі бар пациенттерде жүрек функциясы бақылануы тиіс.

Қосымша заттар

Әр таблетканың құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе ауыр лактаза жеткіліксіздігі кінәраттары бар пациенттер осы препаратты қабылдамауы тиіс.

Бұл дәрілік препараттың құрамында ұсақталатын таблеткаға 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни мәні бойынша «натрийсіз».

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Деферазироксты басқа темір хелаторларымен бірге қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Осылайша, оны басқа темір хелаторлық емдермен біріктіруге болмайды.

Тамақпен өзара әрекеттесуі

Тамақ ішкенде қабылдау кезінде деферазирокс биожетімділігі әртүрлі дәрежеде артады, сондықтан Дефежакт препаратын аш қарынға және тамақ ішкенге дейін кемінде 30 минут бұрын, жақсырақ тәуліктің бір уақытында қабылдау қажет.

Деферазирокстың жүйелік экспозициясын төмендетуге қабілетті дәрілік заттар

Деферазирокс метаболизмі уридиндифосфатглюкуронилтрансфераза (УГТ) ферменттеріне байланысты. Дені сау еріктілерді зерттеуде бір мезгілде деферазирокс (бір реттік доза 30 мг/кг, ұсақталатын таблеткалар) және УГТ күшті индукторы рифампицинді (қайталама доза тәулігіне 600 мг) енгізу деферазирокс әсерінің 44% - ға (90% CI: 37% - 51%) төмендеуіне әкелді. Осыған байланысты деферазирокс препаратын УГТ күшті индукторларымен (мысалы, рифампицинмен, карбамазепинмен, фенитоинмен, фенобарбиталмен, ритонавирмен) бір мезгілде қолдану деферазирокс тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Осылайша, біріктірілім кезінде және одан кейін пациенттің қан сарысуындағы ферритинді бақылау және қажет болған жағдайда, деферазирокс препаратының дозасын түзету қажет.

Холестирамин бауыр-ішектік рециркуляция дәрежесін анықтау үшін механикалық зерттеуде деферазирокс экспозициясын едәуір азайтады.

Мидазоламмен және CYP3A4 метаболизденетін басқа препараттармен өзара әрекеттесуі.

Тиімділіктің ықтимал төмендеуіне байланысты деферазироксты CYP3A4 арқылы метаболизденетін заттармен (мысалы, циклоспорин, симвастатин, ұрықтануға қарсы гормональді дәрілер, бепридил, эрготамин) сақтықпен біріктіру керек.

Репаглинидпен және CYP2C8 метаболизденетін басқа агенттермен өзара әрекеттесу.

Деферазирокс пен репаглинид дозаларының 0,5 мг-ден асатын өзара әрекеттесуі анықталмағандықтан, деферазироксты репаглинидпен бір мезгілде пайдаланудан аулақ болу керек. Егер үйлесім қажет болса, мұқият клиникалық бақылау және қандағы глюкозаны бақылау керек. Деферазирокс пен паклитаксел сияқты басқа CYP2C8 субстраттарының өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды.

Теофиллинмен және CYP1A2 метаболизденетін басқа агенттермен өзара әрекеттесу.

Теофиллинмен Дефежакт препаратын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер Дефежакт пен теофиллин бір мезгілде қолданылса, онда теофиллин концентрациясын бақылау және оның дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек. Дефежакт пен басқа CYP1A2 субстраттарының өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды. Негізінен CYP1A2 арқылы метаболизденетін және емдік индексі тар заттар үшін (мысалы, клозапин, тизанидин) теофиллин сияқты ұсынымдар қолданылады.

Басқа ақпарат

Дефежакт және құрамында алюминий бар антацидті препараттарды бір мезгілде қолдану ресми зерттелген жоқ. Деферазирокс темірге қарағанда алюминийге жақындығы төмен болғанымен, құрамында алюминий бар антацидті препараттармен бірге Дефежакт таблеткаларын қабылдау ұсынылмайды.

Дефежактты ҚҚСП (жоғары дозаларда ацетилсалицил қышқылын қоса), кортикостероидтар немесе пероральді бисфосфонаттар сияқты белгілі ульцерогенді әлеуеті бар дәрілермен бір мезгілде қолдану асқазан-ішек уыттылығы қаупін арттыруы мүмкін. Дефежактты антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану асқазан-ішектен қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Деферазирокс осы заттармен үйлескен кезде мұқият клиникалық бақылау қажет.

Деферазирокс пен бусульфанды бір уақытта енгізу бусульфанның (AUC) әсерін арттырды, бірақ өзара әрекеттесу механизмі түсініксіз болып қалуда. Мүмкіндігінше дозаны түзету мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бусульфанның тестілік дозасының фармакокинетикасына (AUC, клиренс) бағалау жүргізу қажет.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Деферазирокс жүктілік кезінде әсері туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде ұрғашыларға уытты дозалар енгізген кезде репродуктивті функциясына аздаған уытты әсері анықталды. Адам үшін ықтимал қауіп белгісіз.

Сақтық шарасы ретінде, егер бұл үшін өмірлік маңызды көрсетілімдер болмаса, жүктілік кезінде Дефежактты қолдану ұсынылмайды.

Дефежакт гормональді контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бала туатын жастағы әйелдерге препаратты қолдану кезінде контрацепцияның қосымша немесе баламалы гормональді емес әдістерін пайдалану ұсынылады.

Лактация

Деферазироксты емізетін ұрғашылар үшін уытты емес дозаларда қолданғанда, ұрпақтарға әсер еткен жоқ. Деферазирокс ананың емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Дефежактпен емдеу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дефежакт автокөлікті және басқа механизмдерді басқару қабілетіне шамалы әсер етеді. Әдеттен тыс жағымсыз реакцияны, бас айналуды сезінетін пациенттер автомобильді басқарудан және басқа механизмдермен жұмыс істеуден қалыс қалуы тиіс.

Қолдану жөніндегі ұсынымдар

Дозалау режимі

Дефежакт препаратымен емдеуді темірдің созылмалы артық жүктелуіне қатысты емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бастауы және жүргізуі тиіс.

Созылмалы посттрансфузиялық темірдің артық жүктелуі

Дефежакт препаратымен емді 20 ӘБ (шамамен 100 мл/кг) және одан астам эритроциттік масса трансфузиясынан кейін немесе созылмалы созылмалы темірдің артық жүктелуінің дамуын куәландыратын клиникалық деректер болған кезде (мысалы, сарысудағы ферритин концентрациясы 1000 мкг/л астам болғанда) бастау ұсынылады.

Дозаларды (мг/кг) есептеу және тұтас таблетканың дозасына барынша жақын дөңгелектеу керек (125, 250, 500 мг).

Бастапқы доза. Дефежакт препаратының ұсынылатын бастапқы тәуліктік дозасы 20 мг/кг құрайды.

Эритроциттік масса трансфузиясын айына 14 мл/кг-дан артық (ересектер үшін айына шамамен 4 қан бірлігінен астам) алатын пациенттер үшін организмдегі темірдің мөлшерін азайту мақсатында 30 мг/кг бастапқы тәуліктік дозаны қолдану қарастырылуы мүмкін.

Айына 7 мл/кг-дан кем (ересектер үшін айына шамамен 2 қан бірлігі) эритроциттік масса алатын пациенттерде организмдегі темірдің қалыпты концентрациясын ұстап тұру мақсатында 10 мг/кг бастапқы тәуліктік дозасын қолдану қарастырылуы мүмкін. Пациенттің жауабын бақылау және жеткілікті әсерге қол жеткізілмеген жағдайда дозаны арттыру мүмкіндігін қарастыру қажет.

Дефежакт препаратының бастапқы дозасы дефежаминмен емдеу аясында жақсы клиникалық әсері бар пациенттерде Дефежакт препаратының бастапқы дозасы дефероксаминнің бұрын қолданылатын дозасының жартысын құрауы тиіс (мысалы, аптасына 5 күн бойы дефероксаминнің тәулігіне 40 мг/кг алған пациентте немесе баламалы мөлшерде Дефежакт препаратымен емді тәулігіне 20 мг/кг дозадан бастауға болады). Егер есептелген доза кг дене салмағына 20 мг/кг-дан кем болса, пациенттің жауабын бақылау және жеткілікті әсерге қол жеткізілмеген жағдайда дозаны арттыру мүмкіндігін қарастыру қажет.

Дозаны таңдау. Сарысудағы ферритин концентрациясын ай сайын бақылау және қажет болған жағдайда, қан сарысуындағы ферритин концентрациясының өзгеруіне негізделе отырып, Дефежакт препаратының дозасын әр 3-6 ай сайын түзету жүргізу ұсынылады. Дозаны түзету кезең-кезеңмен жүргізілуі керек; кезең 5-10 мг/кг құрайды. Дозаны түзету бағыты емдеудің жеке тиімділігімен және емдік міндеттермен (темір мөлшерін ұстап тұру немесе азайту) айқындалады. Препараттың 30 мг/кг дозада тиімсіздігі кезінде (егер сарысу ферритинінің концентрациясы тұрақты 2500 мкг/л астам деңгейде сақталса және уақыт өте келе оның төмендеу үрдісі болмаса) дозаны 40 мг/кг дейін арттыру керек. Препаратты неғұрлым жоғары дозаларда қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, 40 мг/кг артық дозаны қолдану ұсынылмайды.

Препаратты 30 мг/кг артық дозада қабылдайтын пациенттерге қан сарысуындағы ферритин концентрациясы тұрақты 2500 мкг/кг төмен болған кезде және уақыт өте келе оның төмендеу үрдісі болған кезде дозаны кезең-кезеңімен 5-10 мг/кг-нан азайту мүмкіндігін қарастыру керек.

Пациенттерге қан сарысуындағы ферритин концентрациясын осы нысаналы ауқымда ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін сарысу ферритинінің нысаналы концентрациясына (әдетте 500-ден 1000 мкг/л-ге дейін) жеткен кезде препарат дозасының біртіндеп (5-10 мг/кг сатымен) төмендеуін көздеу қажет.

Егер сарысудағы ферритин концентрациясы 500 мкг/л-ден айтарлықтай төмен болса, Дефежакт препаратымен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарау керек.

Темірдің артық жүктелу дәрежесі елеусіз немесе қандағы сарысу ферритинінің концентрациясы шамалы жоғары пациенттерде Дефежакт препаратының, сондай-ақ басқа темір хелаторларының уытты әсер ету қаупі препараттың негізсіз жоғары дозасын тағайындаған кезде артуы мүмкін.

Талассемиямен ауыратын пациенттерде созылмалы трансфузиялық емес темірдің артық жүктелуі

Пациенттердің осы тобындағы Дефежакт препаратымен хелаторлық ем дәлелденген темірдің артық жүктелуі ғана болуы мүмкін (бауырдағы темірдің мөлшері (БТҚ) ≥ 5 мг Fe/г бауырдың құрғақ заты немесе қан сарысуындағы ферритин концентрациясы > 800 мкг/л). Егер пациенттерде БТҚ бағаланбаған болса, хелаторлық емді артық хелация қаупін азайту үшін сақтықпен жүргізу қажет.

Бастапқы доза. Дефежакт препаратының ұсынылатын бастапқы тәуліктік дозасы 10 мг/кг құрайды.

Дозаны таңдау. Ай сайын қан сарысуындағы ферритин концентрациясын бақылау ұсынылады. Әрбір 3-6 айда препарат дозасын кезең-кезеңімен 5-10 мг/кг-ға арттыруға болады. Дозаны түзету БТҚ бауырдың құрғақ затының ≥ 7 мг Fe/г деңгейінде немесе сарысу ферритинінің > 2000 мкг/л деңгейінде (төмендеу үрдісінсіз) және емге жақсы жағымдылық жағдайында сақталуы мүмкін. Талассемиясы бар пациенттерде Дефежакт препаратын 20 мг/кг астам дозада қолдану ұсынылмайды (осы дозада қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректердің болмауына байланысты).

Егер БТҚ бағалау жүргізілмесе және қандағы сарысу ферритинінің концентрациясы ≤ 2000 мкг/л болса, Дефежакт препаратының дозасы 10 мг/кг-дан аспауы тиіс.

10 мг/кг астам дозада ем қабылдайтын пациенттерде бауырдың құрғақ затының < 7 мг Fe/г немесе ферритин концентрациясы = 2000 мкг/л жеткен кезде Дефежакт препаратының дозасын төмендету ұсынылады.

Емді тоқтату. Дефежакт препаратымен ем БТҚ < 3 мг Fe/г бауырдың құрғақ затына немесе ферритин концентрациясына жеткенде аяқталуы тиіс Бұдан әрі емдік қажеттілік болған кезде терапияны қалпына келтіруге болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер (65 жастағы және одан асқан)

Егде жастағы пациенттер үшін дозалау режимін түзету талап етілмейді. Егде жастағы пациенттерде клиникалық зерттеулерде жас пациенттермен салыстырғанда жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарылауы білінгендіктен (атап айтқанда, диарея), пациенттердің осы тобында жағымсыз реакцияларға мұқият мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда, препарат дозасын реттеу керек.

Балалар

Балалардағы созылмалы посттрансфузиялық темірдің артық жүктелуі

2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін дозалау режимін түзету талап етілмейді. Пациенттердің осы тобы үшін дозаны есептеу кезінде уақыт өте келе дене салмағының өзгеруін ескеру керек.

Посттрансфузиялық темірмен артық қанығуы бар 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда экспозиция ересектерге қарағанда төмен болған. Сондықтан, осы жас тобында ересектерге қарағанда жоғары дозаларды тағайындау қажет болуы мүмкін. Дегенмен, бастапқы доза ересектердегідей болуы керек, содан кейін дозаларды жеке титрлеу жүргізіледі.

Балалардағы талассемиямен созылмалы трансфузиялық емес темірдің артық жүктелуі

Педиатриялық практикада дозалар трансфузияға тәуелді емес талассемиялық синдромы бар пациенттер үшін 10 мг/кг-дан аспауы тиіс. Бұл пациенттерде БТҚ және қандағы сарысулық ферритиннің тұрақты мониторингі артық кешенді түзілуін болдырмау үшін маңызды: ай сайын сарысулық ферритинді бақылаудан басқа, әрбір үш айда БТҚ-ны сарысулық ферритин ≤ 800 мкг/л болған кезде бақылау керек.

Туғаннан 23 айға дейінгі балалар

Туғаннан 23 айға дейінгі балаларға арналған Дефежакт препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Дефежакт препаратын қолдану зерттелмеген. Препарат есептік креатинин клиренсі < 60 мл/мин болатын пациенттерге қолдануға қарсы көрсетілген.

Бауыр функциясының бұзылуы

Дефежакт препараты ауыр дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдануға ұсынылмайды (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класс). Бауыр функциясының орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класс) препаратты сақтықпен қабылдау керек және доза 50% - ға дейін азайтылуы тиіс. Барлық пациенттер үшін емді бастар алдында, емнің 1-ші айында әрбір 2 апта сайын және одан әрі ай сайын бауыр функциясына бақылау жүргізу керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Препаратты ішке, тәулігіне 1 рет аш қарынға тамақ ішуге дейін кемінде 30 минут бұрын, жақсырақ бір уақытта қабылдайды.

Ұсақталған таблеткалардан суспензия дайындалады. Таблеткаларды су немесе апельсин немесе алма шырыны (100-200 мл) құйылған стақанға салып, біртекті суспензия алынғанша сұйықтыққа араластырылады. Дайындалған суспензияны ішке қабылдайды, содан кейін стақандағы оның қалдығына аз мөлшерде су немесе шырын қосады, араластырады, содан кейін бұл сұйықтықты ішеді.

Ұсақталатын таблеткаларды шайнауға немесе тұтастай жұтуға болмайды. Газдалған сусындарда немесе сүтте ұсақталатын таблеткалар көбік қалыптастыра отырып, баяу еритіндіктен, Дефежактты газдалған сусындарда немесе сүтте сұйылту ұсынылмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы және құсу сияқты ас қорыту әсерлері жедел артық дозаланудың алғашқы белгілері. Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы, оның ішінде емдеуді тоқтатқаннан кейін бауыр ферменттері мен креатинин белсенділігінің жоғарылауы жағдайлары туралы хабарланды. Қате енгізілген 90 мг/кг бір реттік доза емдеуден кейін басылған Фанкони синдромына әкелді. Деферазирокс үшін спецификалық антидот жоқ. Артық дозаланғанда емдеудің стандартты емшаралары, сондай-ақ медициналық тұрғыдан орынды болса, симптоматикалық емдеу көрсетілуі мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерің кеңесіне жүгіну ұсынылды.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Ақпараты әртүрлі дереккөздерден алынған жағымсыз реакциялар (клиникалық зерттеулер, әдебиет және маркетингтен кейінгі тәжірибе) төменде ағзалар мен ағзалар жүйелерінің MedDRA жіктелуіне сәйкес келтірілген. Жағымсыз реакциялар әрбір класс ішіндегі жиілік бойынша жіктелген. Жиіліктің әрбір санаты шегінде жағымсыз реакциялар олардың ауырлық дәрежесінің кему тәртібімен ұсынылған.

Қауіпсіздік бейініне қысқаша шолу

Ересектер мен балаларда деферазирокспен ұзақ емдеу кезінде хабарланған ең жиі жағымсыз реакцияларға асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылуы (негізінен жүрек айну, құсу, диарея немесе іштің ауыруы) және тері бөртпесі кірді.

Диарея, әдетте, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда және егде жастағы пациенттерде кездеседі. Бұл реакциялар дозаға тәуелді болып табылады, негізінен әлсіз немесе орташа білінеді, транзиторлы сипатқа ие болады және көп жағдайда емдеуді жалғастырған кезде де жоғалады.

Клиникалық зерттеулер барысында сарысудағы креатинин мөлшерінің, негізінен қалып шектері шегінде жеңіл баспайтын дозаға тәуелді жоғарылауы пациенттердің 36% - ында дерлік байқалды. Орташа креатинин клиренсінің төмендеуі емдеудің бірінші жылы ішінде бета-талассемиясы және темірдің артық жүктелуі бар балалар мен ересектерде байқалды, бірақ клиренстің төмендеуі емнің кейінгі жылдарында одан әрі жүрмейтіні туралы дәлелдер бар. Бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Бүйрек пен бауыр үшін қауіпсіздік параметрлерін бақылау ұсынылады. Есту (есту қабілетінің төмендеуі) және көру қабілетінің бұзылуы (көз бұршағының бұлыңғырлануы) сирек кездеседі, сонымен қатар жыл сайынғы тексерулер ұсынылады.

Деферазирокс қолданған кезде Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен қатар жүретін дәрілік реакциясын (DRESS синдромы) қоса, ауыр тері реакциялары туралы хабарланды.

Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша айқындалады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100, бірақ < 1/10); жиі емес (≥1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (<1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Өте жиі

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

Жиі

- бас ауыруы

- диарея, іш қату, құсу, жүрек айну, іштің ауыруы, іштің кебуі, диспепсия

- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, қышыну

- протеинурия

Жиі емес

- мазасыздық, ұйқының бұзылуы

- бас айналуы

- катаракта, макулопатия

- естімей қалу

- жұтқыншақ пен көмейдегі ауырсыну

- асқазан-ішектен қан кету, асқазанның ойық жарасы (бірнеше ойық жараны қоса алғанда), он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит

- гепатит, өт-тас ауруы

- пигментацияның бұзылуы

- бүйрек тубулопатиясы (Фанкони синдромы), гликозурия

- дене температурасының жоғарылауы, ісіну, шаршау

Сирек

- көру жүйкесінің невриті

- өңештің қабынуы

- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен қатар жүретін дәрілік реакциясын (DRESS синдромы)

Белгісіз

- панцитопения, тромбоцитопения, анемия ауырлығының күшеюі, нейтропения

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакцияларды және ангионевроздық ісінуді қоса алғанда)

- метаболизмдік ацидоз

- асқазан-ішектің тесілуі, жедел панкреатит

- бауыр жеткіліксіздігі

- Стивенс-Джонсон синдромы, аса жоғары сезімтал васкулит, есекжем, мультиформалы эритема, алопеция, уытты эпидермальді некролиз

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, тубулоинтерстициальді нефрит, нефролитиаз, бүйрек өзекшелерінің некрозы

Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Өт қабындағы тастар және олармен байланысты билиарлық бұзылулар пациенттердің шамамен 2% - ында тіркелді. Бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы пациенттердің 2% - ында қолайсыз реакция ретінде байқалды. Қалыпты ауқымның жоғарғы шегінен 10 есе асатын трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы гепатитті көрсетеді, ол сирек кездеседі (0,3%). Маркетингтен кейінгі қолдану барысында, әсіресе бауыр циррозы бар пациенттерде, ұсақталатын түрімен деферазирокс таблеткаларын пайдалану кезінде кейде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігі туралы хабарланды. Метаболизмдік ацидоз туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар келіп түскен. Бұл пациенттердің көпшілігі бүйрек жеткіліксіздігінен, бүйрек тубулопатиясынан (Фанкони синдромынан) немесе диареядан немесе қышқылды-негізді тепе-теңдігінің бұзылуы белгілі асқыну болып табылатын жай-күйден зардап шеккен.

Панкреатиттің ауыр жедел ауру жағдайлары негізінде жатпайтын билиарлық ауруларсыз байқалды. Темір хелаторларының басқа препараттарымен емдеген кездегідей, деферазирокс қабылдаған пациенттерде жоғары жиілікті естімей қалу және көз бұршағының бұлдырауы (ерте катаракта) сирек байқалған.

Темірдің трансфузиялық артық жүктелуі кезіндегі креатинин клиренсі

Ұзақтығы бес жылға дейінгі екі рандомизацияланған және төрт ашық зерттеулерде деферазирокс ұсақталатын таблеткаларын алған, темірдің трансфузиялық артық жүктелуі бар бета-талассемияға шалдыққан пациенттердің ретроспективті мета-талдауында креатинин клиренсінің орташа төмендеуі ересек пациенттерде 13,2% құрады (95% CI: -14.4% -12.1% дейін; n=935) және 9,9% (95% СА: -11,1% -8,6% дейін; n=1142) балаларда емнің бірінші жылы ішінде байқалды. Бес жыл бойы бақылауда болған 250 пациентте орташа креатинин клиренсінің одан әрі төмендеуі байқалмады.

Трансфузияға тәуелді емес талассемия синдромы бар пациенттердегі клиникалық зерттеу

1 жылдық зерттеуде трансфузияға тәуелді емес талассемия синдромы және темірдің артық жүктелуі (тәулігіне 10 мг/кг дозадағы ұсақталатын таблеткалар) бар пациенттерде дәрілік препараттармен байланысты анағұрлым жиі жағымсыз әсерлер диарея (9.1%), бөртпе (9.1%) және жүрек айнуы (7.3%) болды. Қан сарысуындағы креатинин клиренсінің және креатининнің аномальді мәндері пациенттердің тиісінше 5.5% және 1.8% - да тіркелген. Пациенттердің 1.8% - ында бауыр трансаминазалары деңгейінің бастапқы деңгеймен салыстырғанда 2 еседен астам және қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 есе жоғарылауы байқалды.

Балалар

Диарея егде жастағы пациенттерге қарағанда 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Бүйрек тубулопатиясы негізінен деферазирокс қабылдаған бета-талассемиясы бар балалар мен жасөспірімдерде байқалды. Балаларда метаболизмдік ацидоз жағдайларының жоғары үлесі Фанкони синдромының аясында пайда болады.

Әсіресе балалар мен жасөспірімдерде жедел панкреатит туралы есептер бар.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді зат – деферазирокс 125 мг, 250 мг, 500 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, кросповидон, натрий лаурилсульфаты, повидон К30, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек, ақ немесе ақ дерлік түсті, таблетканың бір жағында «D125» бедерлемесі (өрнегі) бар (125 мг дозасы үшін) екі жақ беті дөңес таблеткалар.

Дөңгелек, ақ немесе ақ дерлік түсті, таблетканың бір жағында «D250» бедерлемесі (өрнегі) бар (250 мг дозасы үшін) екі жақ беті дөңес, шеті қиғашталған таблеткалар.

Дөңгелек, ақ немесе ақ дерлік түсті, таблетканың бір жағында «D500» бедерлемесі (өрнегі) бар (500 мг дозасы үшін) шеті қиғашталған жалпақ таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 таблеткадан ПВХ/ПЭ/ПВДХ мөлдір үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.

Мекенжайы: 15 Теммуз Мах. Джами Йолу Джад. №50 Гюнешли Багджылар / Стамбул, Түркия

+90 212 474 70 50

+90 212 474 09 01,

info@worldmedicine.com.tr

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.

Мекенжайы: 15 Теммуз Мах. Джами Йолу Джад. №50 Гюнешли Багджылар / Стамбул, Түркия

+90 212 474 70 50

+90 212 474 09 01,

info@worldmedicine.com.tr

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«РИН Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Сүйінбай даңғ, 222Б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

e-mail: rin_pharma@mail.ru

Прикрепленные файлы

Инструкция_(1).docx 0.07 кб
Инструкция.docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники